Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы желтоқсанның 17-сiндегi N 1270 P931270 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiнiң және ведомстволарының қатысуымен Еңбектi қорғау департаментi талдап жасаған Ассоциациялардағы, корпорациялардағы, компаниялардағы және басқа бiрлестiктердегi еңбектi қорғау қызметi туралы үлгi ереже қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Ассоциациялардың, корпорациялардың, компаниялардың және басқа бiрлестiктердiң басшылары саланың нақты жағдайлары мен ерекшелiктерiн есепке ала отырып, Үлгi ереже негiзiнде еңбектi қорғау қызметi туралы өздерiнiң ережелерiн бекiтетiн болсын, бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының Еңбектi қорғау департаментiмен алдын ала келiсiп алуы тиiс.
Министр
Қазақстан Республикасы
Еңбек министрлiгiнiң
1994 жылғы 30 наурыздың
N 53 қаулысымен
Бекiтiлген
Ассоциациялардағы, корпоррациялардағы,
компаниялардағы және басқа бiрлестiктердегi
еңбектi қорғау қызметi туралы
Үлгi ереже
I. Жалпы ережелерi
1.1. Ассоциациялардың, корпорациялардың, компаниялардың және басқа бiрлестiктердiң 1)<*> орталық аппараттарының ұйымдық құрылымдарында еңбектi қорғау қызметi (бөлiмi) құрылады, бұл дербес құрылымдық бөлiмше болып есептеледi және тiкелей бiрiншi басшыға бағынады.
1.2. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z933000_ 16-бабына сәйкес еңбектi қорғау қызметi мәртебесi жөнiндегi негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңеледi және еңбектi қорғау қызметi 2) <*> қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары тиiсiнше соларға теңестiрiлуi тиiс.
1.3. Қызмет өзiнiң жұмысында Қазақстан Республикасының конституциясын, "Еңбектi қорғау туралы", "Ұжымдық шарттар туралы" Заңдарды және басқа да заң актiлерiн, нормативтiк құжаттарды, сондай-ақ осы Үлгi ереженi басшылыққа алады.
1.4. Қызмет өзiнiң жұмысын бiрлестiктiң құрылымдық бөлiмшелерiмен, кәсiпорындарымен және басқа да ұйымдармен, Еңбектi қорғаудың мемлекеттiк инспекциясымен, Еңбек министрлiгiнiң Еңбектi қорғау департаментiмен Мемкентехқадағалаумен, Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автоинспекциясымен (МАИ), Мемлекеттiк өрттi қадағалау органымен, Бiлiм министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының прокуратурасымен және кәсiподақтармен тығыз байланысты жүргiзедi.
<*> 1) Бұдан былай "ассоциация, корпорация, компания және басқа бiрлестiктер" "бiрлестiктер" деп аталады.
<*> 2) Бұдан былай "еңбектi қорғау" деген сөздер түсiп қалады.
II. Негiзгi мiндеттерi
2. Бiрлестiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып саналады:
2.1. Бiрлестiктiң кәсiпорындары мен ұйымдарының еңбектi қорғау саласындағы қызметiн ұйымдық-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету және өндiрiсте еңбектi қорғау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруда және жүзеге асыруда олардың бiрыңғай тәртiптi қамтамасыз етуiне бақылау жасау, сондай-ақ "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру.
2.2. Жұмыс iстеушiлердiң салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау, өндiрiстiк зақымданудың және кәсiби аурулардың алдын алу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды сондай-ақ ведомстволық бақылауды үнемi жетiлдiре беру.
2.3. Салада еңбектi қорғау жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестiру, нормативтiк, оқу-әдiстемелiк құжаттарды талдап жасауды қамтамасыз ету. Осы мәселелер бойынша озат тәжiрибе мектептерiн, семинар-кеңестердi, көрмелер мен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру және олардың жұмысын жүргiзу.
2.4. Барлық кәсiпорындардың өндiрiстегi кездейсоқ оқиғаларды тексеру және оларды есебiн жүргiзу ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету. Бiрлестiктiң кәсiпорындары мен ұйымдарында еңбектi қорғаудың жағдайына үнемi талдау жасап отыру.
III. Мiндеттi қызметтерi
3. Қызмет оған жүктелген негiзгi мiндеттерге сәйкес:
3.1. Бiрлестiктiң және Еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының шешiмдерiнiң орындалу барысына үнемi бақылау жасап отырады.
3.2. Кәсiпорындарда салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту жөнiндегi ұсыныстарын талдап жасап, бiрлестiк басшысына енгiзiп отырады.
3.3. Кәсiпорындардағы еңбектi қорғау қызметiне әдiстемелiк басшылық жасайды және олардың қатысуымен сала жүйесiнде еңбектi қорғаудың бiрыңғай саясатын жүргiзедi.
3.4. Кәсiпорындардағы өндiрiстiк зақымданудың және кәсiби аурулардың ахуалы мен олардың пайда болу себептерiне талдау жасайды және бiрлестiктiң басқа бөлiмшелерiмен бiрлесе отырып олардың алдын алу шараларын талдап жасайды.
3.5. Бiрлестiк басшылығының тапсыруы бойынша құрылысы аяқталған немесе қайта құрылған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның жұмысына қатысады.
3.6. Өндiрiстiк бөлiмшелердi, кәсiпорындарды еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк-техникалық әдебиеттермен қамтамасыз ету, кабинеттердi қажеттi оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиетпен, плакаттармен, жабдықтау жөнiнде шаралар қабылдайды.
3.7. Еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы мәселелерi жөнiнде басшылар құрамы мен мамандарды оқытуды, мамандықтарын арттыруды, аттестациядан өткiзудi ұйымдастырады.
3.8. Қызметтiң құзырына жататын мәселелер жөнiнде еңбекшiлердiң хаттарын, мәлiмдемелерi мен арыздарын қарайды.
3.9. Бiрлестiктiң басқа бөлiмшелерiмен бiрлесе отырып мына мәселелер бойынша кәсiпорындардың жұмысын тексерудi ұйымдастырады немесе тексеру жүргiзiледi:
"Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру;
еңбектi қорғау жөнiндегi заңдардың сақталуы;
бiрлестiктiң бұйрықтары мен өкiмдерiнiң орындалуы;
еңбек жағдайларын жақсарту, еңбектi қорғау және санитарлық-сауықтыру шараларын жетiлдiру бағдарламаларының, сондай-ақ еңбектi қорғау жөнiндегi келiсiмдердiң орындалуы;
еңбек қауiпсiздiгi стандартарын енгiзудi;
еңбек жағдайлары жөнiнде цехтардың санитарлық-техникалық ахуалын паспорттандырылған және жұмыс орындарын аттестациядан өткiзудi;
жұмыс iстеушiлердi оқытуды, еңбектi қорғау кабинеттерiнiң жұмысын ұйымдастырады, жұмыстың озат тәжiрибесiн енгiзудi;
Өндiрiстегi кездейсоқ оқиғаларды тексеру және есепке алу туралы ереженiң сақталуын;
арнаулы киiмдердi, арнаулы аяқкиiмдердi және адамның жеке басын қорғаудың басқа да құралдарын жуудың, химиялық тазартудың, кептiрудiң, шаңын кетiрудiң, зиянсыз болуының және жөнделуiнiң ұйымдастырылуын.
IV. Негiзгi құқықтары
4. Қызмет атқарушылардың мынадай құқықтары бар:
4.1. Бiрлестiктiң қарауындағы кәсiпорындарға кедергiсiз баруға, өндiрiстiк, қызмет және тұрмыс үйлерiн қарауға, еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi есептермен, статистикалық және басқа құжаттармен танысуға.
4.2. Құрылымдық бөлiмшелердiң, кәсiпорындардың, шаруашылықтардың, еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi қызметiн, жол қатынасы қауiпсiздiгi мен өрттен қорғау шараларын тағайындалған тәртiп бойынша тексеруден өткiзуге, орындалуы мiндеттi болып саналатын қажеттi жарлықтар беруге және оларға жауап алуға.
4.3. Басшылықпен келiсе отырып бiрлестiк аппаратының мамандарын, сондай-ақ кәсiпорындар қызметкерлерiн тексеру жүргiзуге қатыстыруға.
4.4. Бiрлестiк басшылығына мынадай ұсыныстар енгiзуге:
- өндiрiсте салауаты және қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау жұмыста жақсы нәтижелерге қол жеткiзген кәсiпорындар ұжымдарын, жекелеген қызметкерлердi көтермелеу туралы;
- еңбек заңдарын, ережелердi, нормаларды, нұсқауларды бұзуға кiнәлi лауазымды адамдарды тағайындалған тәртiп бойынша жауапқа тарту туралы;
- кәсiпорындардың (шаруашылықтардың) басшыларының еңбектi қорғау, транспорт құралдарын қауiпсiз пайдалану жөнiндегi және өртке қарсы шаралардың қолданылып жүрген заңдарға, стандарттарға және басқа да нормативтiк актiлерге қайшы келетiн бұйрықтары мен өкiмдерiн бұзу туралы;
- басқарма (кеңес) мәжiлiстерiнде және тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияда еңбектi қорғау, жол қатынасы қауiпсiздiгi және өртке қарсы мәселелердi қарау туралы.
4.5. Бiрлестiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнен, сондай-ақ кәсiпорындардан қызметтiң құзырына жататын мәселелер жөнiнде тағайындалған тәртiп бойынша ақпараттар және басқа да материалдар сұратуға және алуға.
4.6. Мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарда қызметтiң құзырына қатысты мәселелер қаралған жағдайда бiрлестiк атынан өкiл болуға.
5. Салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау жөнiнде ведомстволық бақылауды ұйымдастырудың тиiмдi болуы үшiн қызмет кәсiпорындардың (шаруашылықтардың) басшыларымен бiрге жауап бередi.
6. Қызметтiң құрылымы мен штаты белгiленген тәртiп бойынша бекiтiледi. Еңбектi қорғау қызметi қызметкерлерiнiң жоғары техникалық бiлiмi және тиiстi саладағы өндiрiсте жұмыс стажы кемiнде __________ жыл болуы тиiс.
7. Қызмет жұмысын бастық басқарады, оны бiрлестiктiң бастығы өзiнiң бұйрығымен тағайындайды және босатады.
8. Еңбектi қорғау қызметiнiң бастығы қызметтiң жұмысын ұйымдастырады, қызметкерлердiң атқаратын мiндеттерiнiң шеңберiн белгiлейдi және Қызмет туралы ережеде белгiленген мiндеттердiң орындалуына жауап бередi.