Еңбектi қорғау жөнiндегi бас техникалық жетекшi туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi 1994 жылғы 25 шiлде N 9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық нормативтік актілерді тіркеу бөлімінде 1994 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 9. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасының "Еңбектi қорғау туралы" Заңының 16-бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi қаулы етедi:
     1. Басшылардың мамандар мен қызметшiлер лауазымдарының "Жетекшiлер" атты Бiлiктемелiк анықтамалығының I- бөлiмiне "еңбектi қорғау жөнiндегi бас техникалық жетекшi лауазымы" енгiзiлсiн.
     2. Еңбектi қорғау жөнiндегi бас техникалық жетекшiнiң берiлiп отырған бiлiктемелiк сипаттамасы бекiтiлсiн.
     3. Еңбектi қорғау жөнiндегi бас техникалық жетекшiнiң еңбегiне ақы 12-15 разрядтар аралығында тарифтелетiн болсын.
     4. Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 /қаулысына /3-бабына/ сәйкес орынбасардың ставкасы жетекшiден 10-20 процент төмен болып белгiленсiн.    

     Министр

                                                         Қосымша                     Еңбектi қорғау жөнiндегi бас
техникалық жетекшi

     Лауазымдық мiндеттерi: Кәсiпорында еңбектi қорғау жүйесiн әзiрлеу, жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Әдiстемелiк басшылық жасайды және кәсiпорынның барлық бөлiмшелерiнде еңбектi қорғау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырудың бiрыңғай тәртiбiн қамтамасыз етедi. Еңбек туралы заңдардың, қауiпсiздiк жөнiндегi стандарттардың, ережелер мен нормалардың, жоғарыда тұрған органдардың қаулылары мен өкiмдерiнiң, мемлекеттiк қадағалау органдарының нұсқауларының сақталуын ұйымдастырып, бақылау жасайды. Бөлiмдер мен қызметтердiң басшыларына қауiпсiздiк ережелерi мен нормаларды байқалған бұзуларды және жұмысты ұйымдастырудағы кемшiлiктердi, болдырмау жөнiнде нұсқау бередi. Жұмыс iстеушiлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайларда жекелеген учаскелерде, машиналарда, тетiктер мен станоктарда жұмыс iстеуге тиым салады. Қауiпсiздiк ережелерi мен нормаларын бұзған адамдарды /тиiстi бөлiмшелердiң басшылары арқылы/ жұмыстан шығарады. Бақытсыз жағдайларды зерттеп-тексеруге қатысады, олардың алдын алу жөнiнде шаралар әзiрлейдi. Осы шаралардың орындалуына бақылау жасайды. Еңбек жағдайын жақсартудың кешендi жоспарын әзiрлейдi және оның орындалуына бақылау жасайды. Еңбектi қорғау жөнiндегi кәсiпорынның жұмысы туралы жиынтық есептер, ақпараттар, анықтамалар дайындайды. Жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құжаттардың, ереже стандарттар мен нұсқаулардың жобаларын әзiрлеуге қатысады. Оларды өзгерту мен толықтыру жөнiнде ұсыныс дайындайды. Кәсiпорынның еңбек жағдайларын жақсартатын жабдықтармен және тетiктермен, сол сияқты ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарымен жарақатталуына бақылау жасайды. Өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелерге байланысты қызметкерлердiң ұсыныстары мен өтiнiштерiн қарайды.
     Бiлуi тиiс: Қазақстан Республикасының "Еңбектi қорғау туралы" заңын, жоғарыда тұрған органдардың қаулы, өкiм, бұйрықтарын, еңбектi қорғау, техника қауiпсiздiгi, өндiрiстiк санитария мен өрттен қорғану жөнiндегi әдiстемелiк және басқа да басшылықты материалдарды; кәсiпорынның өнiм өндiрiсiнiң негiзгi техникалық процестерiн; жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдiстерiн; еңбектi қорғау, техника қауiпсiздiгi, өндiрiстiк санитария мен өртке қарсы қорғаныс жұмыстарын ұйымдастырады; жұмыс ауырлығының санатын ескере отырып, қызметкерлерге психофизиологиялық талаптарды, жеңiл жұмысқа көшiрiлген әйелдердiң, жасөспiрiмдердiң, жұмысшылардың еңбегiн пайдалануды шектеудi; қанағаттанғысыз еңбек жағдайларында жұмыс iстеушiлерге тиесiлi жеңiлдiктер мен өтемақыларды; кәсiпорында қолданылатын жабдықтардың пайдалану ерекшелiктерiн; жұмысты қауiпсiз жүргiзу талаптарына орай жабдықтың техникалық жай-күйiне сәйкес ережелер мен бақылау құралдарын; еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi бойынша отандық және шетелдiк озық тәжiрибенi; еңбектi қорғау, техника қауiпсiздiгi жөнiндегi насихат пен ақпараттың әдiстерi мен нысандарын; еңбектi қорғау, техника қауiпсiздiгi өндiрiстiк санитария мен өртке қарсы қорғаныс жөнiндегi шаралардың орындалуы туралы есептемелер жасасудың тәртiбi мен мерзiмдерiн; Экономиканың негiздерiн, еңбектiң, өндiрiс пен басқарудың ғылыми ұйымдастырылуын; еңбек заңдарының негiздерiн;
     Бiлiктiлiк талаптары: Жоғары арнаулы бiлiм және еңбектi қорғау жөнiндегi инженерлiк лауазымда жұмыс стажы 5 жылдан кем болмауы.