Түрлi түстi көбейткiш (көшipме) техникасын әкелу, өткiзу, сатып алу, сақтау, есепке алу мен пайдалану, онымен жарақталған көбейткiш учаскелерiн ашу және жұмыс iстеу тәртiбi туралы Нұсқауды бекiту туралы

Б Ұ Й Р Ы Қ Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер Министрлiгi 31 желтоқсан 1993 ж. N 473 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық нормативтік актілерді тіркеу бөлімінде 1995 жылғы 23 мамырда тіркелді. Тіркеу N 66

Қолданыстағы
      1. Түрлi түстi көбейткiш (көшiрме) техникасын әкелу, өткiзу, сатып алу, сақтау, есепке алу мен пайдалану, онымен жарақталған көбейткiш учаскелерiн ашу және жұмыс iстеу тәртiбi туралы Нұсқау бекiтiлiп, 1994 жылғы ақпанның 1-iнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Облыстар мен көлiктегi IIБ, Алматы қалалық IIББ, Ленинск қалалық IIВ бастықтары;
      2.1. Аталған Нұсқауды тиiстi қызмет қызметкерлерiнiң оқып-бiлуiн

ұйымдастырсын және олардан зачет қабылдауды қамтамасыз етсiн.
     2.2. 1994 жылдың 1 сәуiрiне дейiн түрлi түстi көбейткiш (көшiрме) 
техникасымен жарақталған көбейткiш учаскелерiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн 
тексерсiн және олардың жұмысына қатаң бақылау орнатсын.
     3. Қазақстан Республикасы IIМ 1993 жылғы қарашаның 22-iндегi
N 12/3-560 үкiмiнiң күшi жойылды деп саналсын.
     4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы IIМ ҚТОББ 
жүктелсiн.
     
     Министр
     iшкi қызмет генерал-лейтенанты
   
            Түрлi түстi көбейткiш (көшiрме) техникасын әкелу,
      өткiзу, сатып алу, сақтау, есепке алу мен пайдалану, онымен
     жарақталған көбейткiш учаскелерiн ашу және жұмыс iстеу тәртiбi 
                             туралы Нұсқауды
     
                              Келiсу қағазы
     
     Қазақстан Республикасының
     Бас Прокуратурасы

     Қазақстан Республикасының
     Әдiлет министрлiгi

     Қазақстан Республикасының
     Iшкi iстер министрлiгi
     
     Қазақстан Республикасының
     Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi

     Қазақстан Республикасының
     Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
 
     Қазақстан Республикасының 
     Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi

     Қазақстан Республикасы
     Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы
 
     "Казконтракт" Республикалық
     контракт корпорациясы

                 Түрлi түстi көбейткiш (көшiрме) техникасын
                  әкелу, өткiзу, сатып алу, сақтау, есепке 
                   алу мен пайдалану, онымен жарақталған
                 көбейткiш учаскелерiн ашу және жұмыс iстеу
                         тәртiбi туралы Нұсқау

     1. Жалпы ережелер



      1.1. Осы Нұсқау кәсiпорындардың мекемелердiң, ұйымдардың түрлi түстi көбейткiш (көшiрме) техникасын әкелу, өткiзу, сатып алу, сақтау, есепке алу мен пайдалану, онымен жарақталған көбейткiш (көшiрме) учаскелерiн ашу және жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейдi. Оның күшi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Республикалық Ұланның, Президенттiң күзет қызметiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Прокуратура, Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасының органдары мен бөлiмшелерiне қолданылмайды.
      Ескерту: Одан әрi "кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар" - "ұйымдар", "түрлi түстi көбейткiш (көшiрме) техникасымен жарақталған көбейткiш (көшiрме) учаске" - "көбейткiш учаске", ал "түрлi түстi көбейткiш (көшiрме) техникасы" - "көбейткiш техника" деп аталынады.
      1.2. Көбейткiш техникасын әкелу, өткiзу, сатып алу, сақтау, есепке алу мен пайдалану, көбейткiш учаскелерiн ашу мен жұмыс iстеуi iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
      1.3. Көбейткiш техникасын әкелу, өткiзу, сатып алу, сақтау, есепке алу мен пайдалану, көбейткiш учаскелерiн ашу және жұмыс iстеу тәртiбiн қамтамасыз ету аталған техника мен учаскелер қарауында болған ұйыммен жүзеге асырылады.
      1.4. Осы Нұсқаудың сақталуына олар қарауында болған ұйымдардың және көбейткiш учаскелерiнiң басшылары жеке жауап бередi.
      Осы Нұсқаудың талаптарын бұзуына айыпты адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

      2. Көбейткiш учаскелерiн ашуға iшкi iстер
         органдарынан рұқсат алу

      2.1. Облыстардағы IIБ, Алматы қалалық IIББ, Ленинск қалалық IIБ орналасқан жерi бойынша көбейткiш учаскелерiн ашуға рұқсатты дәлелдi хат негiзiнде бередi. Оған:
      2.1.1. Көбейткiш учаскесiн ашуға және жұмыс iстеуiне Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгінiң келiсiмi.
      2.1.2. Көбейткiш техникасын сатып алу, есепке алу, сақтау, пайдалану және аудандық (қалалық) iшкi iстер бөлiмiнде уақтылы тiркеу ережелерi сақтауға жауапты адамды (ашылатын көбейткiш учаске қарамағында болған ұйым басшыларының бiрiн) тағайындау туралы бұйрықтың көшiрмесi.
      2.1.3. Санитарлық, өрттi қадағалау, iшкi iстер бөлiмiнiң және мүдделi ұйымдардың өкiлдерi кiретiн ведомство аралық комиссияның құралдарды, техниканы пайдалану және оларды сақтаудың белгiленген талаптарына жауап беретiн өндiрiстiк жайлардың сәйкес келуi туралы акты.
      2.1.4. Атауы, маркасы мен саны көрсетiлген орналастыруға белгiленген көбейткiш техникалардың тiзiмi.
      2.1.5. 2.1.2. тармағында аталған адам толтырған анкета (N 1 қосымша) және оның осы нұсқау талаптарын оқып - үйренгенiн, сондай-ақ оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi ескертiлгендiгi туралы жазбаша дәлелдi қағаз тiркеледi.
      Хатта көбейткiш учаске ашуға белгiленген ұйымның толық атауы және ұйым немесе учаске орналасқан почта адрестерi көрсетiледi.
      Шартты атаулы ұйымдар үшiн бұл деректер белгiленген талаптарға сәйкес көрсетiледi.
      2.2. Көбейткiш учаскесiн ашу жөнiндегi мәселенi қарауда IIБ, IIББ өтiнiш берушi ұйымның материалдарын жақын орналасқан басқа учаскелерде көбейту мүмкiндiгiн ескередi.
      2.3. Көбейткiш учаскесiн ашуға рұқсат (N 2 қосымша) ұйым басшысының немесе оның орынбасарының атына үш жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      2.4. Жауапты адам алмасқан немесе ұйымның атауы өзгертiлген кезде, көбейткiш учаскесiн ашуға рұқсат ұйымның өтiнiшi бойынша болған өзгерiстерге қарай осы Нұсқаудың 2.1.2. және 2.1.5. тармақтарын сақтаумен IIББ, IIБ 10 күндiк мерзiмде қайта ресiмделуi керек.
      2.5. Көбейткiш учаскесiн басқа мекен-жайы бойынша ауыстырған кезде, ұйым осы Нұсқаудың 2.2-2.4 тармақтарында жазылған тәртiппен ашуға жаңа рұқсат ресiмдейдi.

      3. Көбейткiш учаскесiнiң жұмыс iстеуiне iшкi iстер органынан
         рұқсат алу және оның қолданылатын мерзiмiн ұзарту

      3.1. Көбейткiш учаскесiнiң жұмыс iстеуiне рұқсат және оның қолданылатын мерзiмiн ұзарту учаске орналасқан жерi бойынша аудандық (қалалық) iшкi iстер бөлiмiнде ұйымның хаты негiзiнде ресiмделедi. Онда ашуға немесе жұмыс iстеуiне қолданылатын рұқсаттың нөмiрi мен датасы, кiм берген және оның қолданылатын мерзiмнiң аяқталуы көрсетiледi.

      Хатқа:
      3.1.1. Учаскенiң жұмыс iстеуiне жалпы бақылау жасау жүктелген лауазымды адамды (көбейткiш учаске қарауында болған ұйым басшыларының бiрi) және жұмыс iстеуiне тiкелей жауап беретiн сол учаскенiң басшысын тағайындау туралы бұйрық. Осы бұйрықта демалыс, iс сапар, ауырып қалған және басқа кезеңде оның мiндеттерін атқаратын адам жазылады.
      3.1.2. 3.1.1. тармағында аталған адам толтырған анкета (N 2 қосымша) және осы Нұсқаудың талаптарын оқып-үйренгенiн, сондай-ақ оны бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi ескертiлгенi туралы дәлелдi қағаз.
      3.1.3. Көбейткiш техникасымен жұмыс iстейтiн, құралдарға, техниканы жөндейтiн, оларды сақтау мен пайдалануға жауапты адамдардың, соның iшiнде қосымша жұмыс ретiнде алынған адамдардың тiзiмi, сондай-ақ көбейткiш техника қойылған ұйым күзетi жеке құрамының тiзiмi (N 3 қосымша).
      Аудандық (қалалық) iшкi iстер бөлiмiмен келiсiлген осы тiзiмнiң екiншi данасы әрдайым учаскенiң жұмыс iстеуiне жауапты адамда болады.
      3.1.4. Қолда бар көбейткiш техникалардың атауы, маркасы мен зауыт нөмiрi көрсетiлген тiзiм.
      3.1.5. 2.2.2. тармағында көрсетiлген ведомство аралық комиссияның одан әрi кезеңде объектiнiң жұмыс iстеуiне өндiрiс жайлардың белгiленген талаптарға сәйкес келуi туралы актысы тiркеледi.
      3.2. Жұмыс iстеуiне рұқсат және оның қолданылатын мерзiмiн ұзарту (N 4 қосымша) ұйым басшысының немесе оның орынбасарының атына ресiмделiп, үш жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      Ескерту: Iшкi iстер органдарының қолданылатын рұқсат мерзiмi аяқталғаннан кейiн көбейткiш техникасын пайдалану көбейткiш учаскесiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн бұзу болып табылады және ол қолданылатын заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
      3.3. Көбейткiш учаскесiнiң жұмыс iстеу рұқсатына басқа министрлiктердiң, ведомстволардың ұйымдарынан, заңды мекемелер мен адамдардан тапсырыс қабылдау шарттары жазылады, ал қажет кезде олардың тiзiмi рұқсатқа қосымша ретiнде тiзiммен ресiмделедi.
      3.4. Егер көбейткiш учаске болған ұйымның атауы, мекен-жайы, көбейткiш техникасына жауапты адамдардың құрамында рұқсат етiлген жұмыс iстеу мерзiмi кезеңiнде өзгерiстер болмаған жағдайда (атауларында, санында, маркалары) iшкi iстер органдарының жаңа жұмыс iстеу мерзiмiне рұқсаты қолданылып келген рұқсатқа штамп (5 қосымша) қою арқылы ресiмделуi мүмкiн.

      4. Ұйымның атауы өзгергенде, жаңа мекен-жайы бойынша ауысқан
         жағдайда, жауапты адам алмасқан кезде көбейткiш учаскесiнiң
         жұмыс iстеу рұқсатын қайта ресiмдеу, сондай-ақ көбейткiш
         учаскесiн жабуды және оның жұмыс iстеуiн тоқтатуды ресiмдеу
         тәртiбi

      4.1. Көбейткiш техника қарауында болған ұйымның атауы өзгертiлген кезде, жұмыс iстеу рұқсатын аудандық (қалалық) iшкi iстер бөлiмiнде ұйымның тиiстi хаты бойынша қайта ресiмдеу қажет. Бұл жағдайда рұқсат бұрын көрсетiлген мерзiмге берiледi.
      4.2. Көбейткiш учаске жаңа мекен-жайы бойынша ауыстырылған кезде, оның жұмыс iстеуiне жаңа рұқсатты ұйым осы Нұсқаудың 2.2 - 2.4 тармақтарында жазылған тәртiпте ресiмдейдi.
      4.3. Жауапты адам алмасқан кезде 3.1.1., 3.1.2. тармақтарындағы талаптарды ескере отырып бұрынғы көрсетiлген мерзiмге жұмыс iстеу рұқсатын аудандық (қалалық) iшкi iстер бөлiмiнде 10 күндiк мерзiмде қайта ресiмдеу қажет.
      4.4. Көбейткiш учаскесiн жабу кезiнде ұйым ол жөнiнде 10 күндiк мерзiмде кәсiпорын ашу мен жұмыс iстеуiне рұқсат берген IIББ, IIБ, қалалық (аудандық) iшкi iстер бөлiмiнде жабуды дәлелдейтiн құжаттың көшiрмесiн жiберiп, хабардар етуi керек.
      Сонымен бiрге уақытта көбейткiш учаске қарауында болған ұйым жұмыс iстеуi рұқсатын оны берген iшкi iстер органына қайтарады.

      5. Көбейткiш техникасын сатып алу, сақтау, есепке алу, беру
         мен есептен шығару және оны жөндеуге тапсыру тәртiбi

      5.1. Көбейткiш техникасын сатып алуға рұқсатты (N 6 қосымша) шығарушы немесе өткiзушi ұйымның атауы, көбейткiш учаскесiн ашуға немесе жұмыс iстеуiне рұқсаттың қолданылатын мерзiмi мен нөмiрi және кiм бергенi көрсетiлген ұйымның жазбаша арызы бойынша облыстардағы IIБ, Алматы қалалық IIББ, Ленинск қалалық IIБ бередi.
      Рұқсат үш айлық мерзiмге берiледi.
      5.2. Ұйым сатып алған көбейткiш техниканы тиiстi аудандық (қалалық) iшкi iстер бөлiмiнде 10 күндiк мерзiмде тiркеуге және оларды сақтауға немесе пайдалануға, 3.1.4. тармақта көрсетiлген құжаттарды арызға тiркеу арқылы рұқсат алуға мiндетi, ал орнатылған техниканың жалпы саны көбейтiлген кезде арызға санитарлық және өрттi қадағалау орындарының оңды тұжырымдамасы тiркеледi.
      5.3. Министрлiктердiң, ведомстволардың жабдықтаушы ұйымдары ведомствоға қарасты ұйымдарға көбейткiш техниканы алу үшiн оларды сатып алуға, ал кейiннен оларды алғаны жөнiнде (атауы мен саны көрсетiлген) құжаттың көшiрмесiн көрсеткеннен кейiн, оны сақтауға IIББ, IIБ рұқсат ресiмдейдi.
      5.4. Министрлiктер, ведомстволар көбейткiш техниканы ведомствоға қарасты ұйымға, оларды сатып алуға iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз бөлуге құқы жоқ.
      5.5. Шет мемлекеттерден көбейткiш техниканы әкелу ұйымның жазбаша өтiнiшi мен оны сатып алуға IIББ, IIБ рұқсаты (N 6 қосымша) негiзiнде Қазақстан Республикасының IIМ беретiн рұқсат (N 7 қосымша) бойынша жүзеге асырылады.
      5.6. Жасаушы-зауыттар мен өткiзушi ұйым көбейткiш техниканы сатып алуға iшкi iстер органдарының рұқсаты негiзiнде жеткiзiп бередi.
      5.7. Көбейткiш техника есепке алу кiтабында (N 8 қосымша) есепке алынады (алу, беру, есептен шығару) ол кiтап нөмiрленiп, тiгiлiп, мөрленiп, қатаң есептегi құжат ретiнде сақталуы керек.
      Аталған материалдық құнды заттарын түгендеу жыл сайын, сондай-ақ көбейткiш учаскесiне жауапты адам алмасқан кезде жүргiзiлiп отыруы керек.
      5.8. Жұмыс iстейтiн көбейткiш учаскелер мен жаңа құрылыстарда, сондай-ақ жасаушы - зауыттарда, жөндеу-механикалық зауыттарда (цехтарда, шеберханаларда) белгiленбеген көбейткiш техника комплектi түрде ұрланудан, пайдалану мүмкiндiгiнен, механикалық зақымдалудан, атмосфералық ықпал етуден сақтайтын және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн қоймаларда сақталуы керек.
      5.9. Көбейткiш техниканы бiр ұйымнан екiншiсiне беру, жаңасын сатып алу тәртiбi (осы Нұсқаудың 5.1 тармағы) ретiндегiдей жүргiзiледi.
      5.10. Көбейткiш учаске жабылған кезде жарамды көбейткiш техниканы ұйым бiр айдың iшiнде сол ұйымның басқа көбейткiш учаскелерiне немесе олардың келiсiмiмен осы Нұсқаудың 5.1 тармағында көзделген тәртiппен сатып алуға рұқсаты бар басқа ұйымдарға олардың рұқсатымен бередi (өткiзедi).
      5.11. Жасаушы - зауыт пен арнаулы кәсiпорындар көбейткiш техникаға техникалық, соның iшiнде кепiлдi қызмет көрсетудi, оны жөндеу мен жөндеуден кейiн қайтаруды көбейткiш учаскенiң жұмыс iстеу рұқсатын көрсетумен жүргiзедi. Бұл ретте алдын-ала жөндеу жұмысы басталғанға дейiнгi және ол аяқталғаннан кейiнгi көрсеткiш саны журналға (N 9 қосымша) жазылады.
      Қызмет көрсету мен жөндеуге шарт жасасқан кезде ұйым көбейткiш учаскесiн ашу немесе жұмыс iстеуiне рұқсаттың қолданылатын мерзiмi мен датасын, нөмiрiн және оны берген iшкi iстер органының атауын көрсетедi.
      5.12. Жарамсыз күйге ұшырған құралдар мен техника белгiленген тәртiпте есептен шығарылып (оларды жөндейтiн ұйыммен келiсiм бойынша), жойылады.
      5.13. Көбейткiш техника есептен шығарылғандығы туралы ұйым есепке алу кiтабына тиiстi жазу жазады және 10 күндiк мерзiмде актының көшiрмесiн аудандық, (қалалық) iшкi iстер бөлiмiне жiбередi.
      5.14. Есептен шығарылған көбейткiш техниканы, сондай-ақ оның тораптары мен бөлшектерiн басқа ұйымдардың немесе жеке азаматтардың пайдалануына беруге қатаң тиым салынады. Тораптары мен бөлшектерi белгiленген тәртiпте өз қоймалары арқылы басқа көбейткiш учаскелерге олардың жұмыс iстеу рұқсаты болған кезде берiледi.
      5.15. Көбейткiш учаскелерiне арналған материалдар көбейткiш

учаскелерiнiң жұмыс iстеуiне iшкi iстер органдарының рұқсатын көрсету 
бойынша өткiзушi (сатушы) ұйымдарға босатылады.

     6. Көбейткiш техникасын пайдалану тәртiбi

     6.1. Көбейткiш техника осы Нұсқауды қатаң сақтаған кезде ғана
пайдаланылады.
     Жабық басылымдарды басу үшiн ұйымдар құпия режимi жөнiндегi 
нұсқауларды басшылыққа алады.
     6.2. Көбейткiш техникасын:
     6.2.1. Тiкелей елшiлiктерден, миссиялардан, өкiлдiктерден және басқа 
шетел ұйымдарынан түсетiн тапсырыстарды орындау.


      6.2.2. Қызмет көрсетiлгенi үшiн халықтың есептерiне арналған басқа тапсырыстарды, билеттердi, талондарды көбейтуге тапсырыстарды орындау.
      6.2.3. Егер ол iшкi iстер органдарының рұқсатында арнайы айтылмаса, басқа ұйымдардан тапсырыстар орындау үшiн пайдалануға тиым салынады.
      6.3. Тапсырыстарды көбейту ұйымдар бойынша бұйрықта аталған адамның жазбаша рұқсаты бойынша ғана, ал ерекше жағдайларда, олармен бiрге, режимдi бөлiмшелер басшыларының рұқсатымен жүргiзiледi.
      6.4. Көбейтуге материалдарды ұйымдар бойынша бұйрықпен ресiмделген және көбейткiш учаске үшiн жауапты немесе осы мақсаттар үшiн арнайы бөлiнген адам қабылдайды. Ол адамға тапсырыстар көбейтуге рұқсат беретiн адамдар қолының үлгiсi тапсырылады.
      6.5. Материалды көбейтуге дейiн тапсырыстар кiтабына (N 10 қосымша) тиiстi жазу жазылып, шығыс деректерi қойылады, содан кейiн тапсырыс өндiрiс орнына берiледi. Дайындалған материалдар түпнұсқасымен бiрге тапсырыстар кiтабына қол қоюмен берiледi.
      6.6. Ұйым шығатын қағаздардың қатаң есебiн және оның көбейткiш учаскесiнде үнемделуiн жүргiзедi. Көбейткiш аппараттарында жиналу есеп санауыштары болған кезде қағаздарды жұмсау санауыштарының күнделiктi көрсету кiтабына бойынша жүргiзiледi (N 9 қосымша).

      7. Көбейткiш учаскелерге қойылатын режмидi талаптар

      7.1. Көбейткiш учаскелерiнiң жайлары күзет-өрттен сақтайтын дабыл беру құралдарымен, датчиктерi терезелерде, есiктерде (күзет), там төбелерiнде (өрттен сақтау) орнатылып, дабыл беру құралы күзет постына немесе iшкi iстер органдарының орталықтандырылған күзет басқаруына шығарылып жабдықталады.
      7.2. Бiрiншi қабаттардағы терезелерде екi жақты (ашылмалы) iшiнен ашылатын торлар орнатылады. Жанындағы үйлер күнқағарлары, шатырлары немесе өрт баспалдақтары болған кезде торлар оған жақын терезелерге орнатылады (терезе тұратын орындардағы торлар кем дегенде диаметрi 12 мм. темiр шыбықтарына пiсiрiлiп жасалады, олар кем дегенде 150 х 150 мм. ойық тәрiздi етiп келтiрiлiп, әрбiр қосылған жерi дәнекерленедi).
      Жеке жағдайларда "фигуралы" торларды жасауға болады, бiрақ ол өндiрiс жайына кiруге берiк бөгет жасайтындай болуы керек.
      7.3. Көбейткiш учаскелерiнiң кiретiн есiктерi бiр тақтайдан (қалыңдығы кем дегенде 40 мм.) жасалып, мықты және берiк құлыптармен (кем деген екi iшкi құлыптарымен) немесе шифр құлыптарымен жабдықталып, екi жағынан асбет бойынша мырыш-қаңылтыр темiрмен, бұрыштары есiк тұтқасына қарай майыстырылып қапталуы керек. Есiктерде бөгде адамдардың кiруiн шектейтiн трафареттер орнатылады.
      7.4. Көбейткiш учаскелер, сондай-ақ көбейтуге тапсырыс қабылдау және дайын болған материалдарды беру жөнiндегi жұмыс орындары бөгде адамдардың кiру мүмкiндiгiн болдырмайтын қабырғалармен және қоршаулармен жекеленген жайларда орналасуы керек.
      7.5. Жұмыс аяқталуына қарай көбейткiш техника тұрған жай пломбаланады (мөрленедi), ал олардың кiлттерi арнаулы журналға датасы мен уақыты көрсетiлiп, сақталуына жауапты адамға тапсырылады. Кiлттердi беру кезiнде уақыты, оларды қабылдап алған адамның аты-жөнi мен қолы қойылады.
      Дайын өнiмдi қабылдау мен беру жөнiндегi арнаулы бөлме болмаған кезде, көбейткiш учаскелердегi кiретiн есiк дабыл беретiн датчик орнатылған тереземен жабдықталады немесе кiретiн жерге бөгет орнатылады.
      7.6. Көбейткiш учаскесiнде басқа адамдардың жұмыс iстеуi көбейту кезiнде қатаң бақылауды ұйым басшылары қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүргiзiледi.
      7.7. Көбейткiш техниканы басқа жұмыс орындалатын ұйымдардың жалпы жайларында орнатуға болмайды. Ерекшелiк ретiнде техникалық, ғылыми конференциялар, сипозиумдар халықаралық көрмелер және т.с.с. болған кезде жұмыс iстеуiне тиiстi рұқсатты IIББ, IIБ ресiмдеумен жалпы жайларда уақытша орнатылуы мүмкiн. Бұл ретте көбейткiш техниканы мақсатты пайдалану үшiн арнайы адам тағайындалады.
      7.8. Санауыштары бұзылған көбейткiш техникасымен жұмыс iстеуге тиым салынады. Санауыштардағы ақаулықтар жөнделген соң, ол жөнiнде жиналу есебiнiң күнделiктi көрсету санауыштары кiтабына тиiстi жазу жазылады.
      7.9. Көбейткiш техника орнатылған бөлменi тазалау ондағы жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң қатысуымен жұмыс уақытында жүргiзiледi.

      8. Бақылау органдарының көбейткiш учаскелерi дұрыс жұмыс
         iстеуiн тексеру

      8.1. Осы Нұсқаудың талаптары орындалуын тексеру iшкi iстер органдарымен, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiмен сондай-ақ қарауында көбейткiш учаскелерi болған министрлiктермен, ведомстволармен жүзеге асырылады. Бұл ретте, олар өз құзыры шеңберiнде мыналарды тексередi:
      8.1.1. Көбейткiш учаскелерiнiң жұмысын реттейтiн осы Нұсқау және басқа нормативтiк құжаттардың талаптары орындалуы.
      8.1.2. Бақылаушы органдардың өкiмдерiнде және тиiстi актiлерде, сондай-ақ өткен кезеңдегi басқа құжаттарда белгiленген анықталған кемшiлiктер мен ескертулердi жою жөнiнде ұйымның қолданған шаралары.
      8.1.3. Көбейткiш техникасын пайдалану тәртiбi мен тиiмдiлiгi,
      8.1.4. Көбейткiш техникасын есепке алу мен сақталуы, қағаздың жұмысалуы.
      8.1.5. Жұмыс орындарында режимдi талаптардың сақталу тәртiбi мен ұйымдастырылуы.
      8.1.6. Көбейткiш учаске орналасқан үйлер мен жайлардың, сондай-ақ маңайындағы аумақтың өрт қауiпсiздiк күйi, оларда белгiленген режимдi ережелер мен нормалардың сақталуы және күзет пен өрт дабыл беру құралдарының болуы мен күйiн.
      8.1.7. Техника қауiпсiздiгi мен еңбек сақталу күйi.
      8.2. Министрлiктер мен ведомстволар өздерiне қарасты ұйымдардың көбейткiш учаскелерiнiң есебiн жүргiзедi, белгiленген тәртiпте олардың осы Нұсқау талаптарын сақтауын, штаттық тәртiбiн және көбейткiш өндiрiс орындарына қатысты еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi қолданылатын ережелерге сәйкес келу бөлiгiндегi қаржы қызметiн тексередi. Олар:
      8.2.1. Көбейткiш учаскелерде, ашуға немесе жұмыс iстеуiне iшкi iстер органдарының рұқсаты болуына.
      8.2.2. Көбейткiш техника тиiмдi пайдаланылуына.
      8.2.3. Нормативтiк құжаттармен қамтамасыз етiлуi ұйымдастырылуына.
      8.2.4. Iшкi iстер органдарының тапсырмалары мен өкiмдерiн ескере отырып, ведомстволарға қарасты көбейткiш өндiрiс орындарын үлкейту (орталықтандыру) жөнiндегi шаралар дайындалуына және жүзеге асырылуына жауап бередi.
      8.3. Iшкi iстер органдары белгiленген үлгiдегi есепке алу журналдарында көбейткiш учаскелердiң есебiн жүргiзедi.
      8.4. Көбейткiш учаскелердiң ашылуына және жұмыс iстеуiне, көбейткiш техниканы сатып алуына, өткiзуiне, пайдалануына, есепке алынуына және сақталуына бақылау жасаудағы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары:
      8.4.1. Қызметтiк куәлiгi бойынша көбейткiш учаскелерге кiру.
      8.4.2. Лауазымды адам немесе көбейткiш техника пайдаланылуына жауапты адам жасаған анықталған әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы хаттама жасау.
      8.4.3. Ұйым басшыларына орындауға мiндеттi көбейткiш учаскелердiң жұмыс iстеу, көбейткiш техникасын сатып алу, өткiзу, пайдалану, есепке алу мен сақтау тәртiбiн бұзуды тоқтату жөнiнде орындалу мерзiмi көрсетiлген өкiм беру. Көбейткiш техникасын пайдаланудың белгiленген ережелерiн әрдайым бұзушы адамдарды жұмыстан аластатуды талап ету.
      8.4.4. Заңсыз көбейтiлген материалдарды кейiннен белгiленген тәртiпте жоюмен сондай-ақ сатып алуға IIББ, IIБ рұқсаты жоқ көбейткiш техниканы акты бойынша алу немесе оны пайдалануға тиым салу.
      8.4.5. Iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз ашылған көбейткiш учаскелердiң жұмыс iстеуiне, айыпты лауазымды адамдарды қолданылатын заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартумен тиым салу.
      Бұл жағдайда ұйым басшылығы 2 айлық мерзiмде осы Нұсқауға сәйкес осы уақытта көбейткiш техниканың толық сақталуын қамтамасыз ете отырып, көбейткiш учаскесiн ашуға IIББ, IIБ рұқсат алу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеуге мiндеттi. Ал рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, ұйым бiр айдың iшiнде белгiленген тәртiпте оны өткiзуi керек.

                               Қазақстан Республикасы IIМ қоғамдық
                               тәртiптi сақтау Бас басқармасы
                                                                1 қосымша



             Көбейткiш учаскесiне жауапты адамның

                    Анкетасы
1. Фамилиясы, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
____________________________________________________________________
      
2. Лауазымы_________________________________________________________

3. Ұйымның (кәсiпорынның) атауы ____________________________________
____________________________________________________________________

4. Туған жылы _________________ 5. Туған жерi ______________________
____________________________________________________________________
   (село, қала, аудан, облыс, өлке, республика)
6. Ұлты ____________________________________________________________

7. Паспорт _________________________________________________________
             (сериясы, нөмiрi, қашан және кiм бердi)
8. Қызметi мен үйiнiң адресi, телефон нөмiрi _______________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мен, _______________________________________________________________
        (полиграфиялық, кәсiпорынға, көбейткiш учаскеге
___________________________________________________________________
    жауапты адамның фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)

     "Көбейткiш учаскелерiн ашу және жұмыс iстеу тәртiбi туралы
Нұсқаудың" талаптарын оқып-бiлiп, меңгердiм және оларды бұзғаным
үшiн жауапкершiлiк жөнiнде ескертiлдiм.

                                       _____________________________
                                                  (қолы)
"____" ________________19____ж.

                                                                  2 қосымша
     
            Қазақстан Республикасының IIМ

____________________________________________________________________
              (iшкi iстер органының атауы)
     Р Ұ Қ С А Т _______ "____" ____________________19____ ж.

____________________________________________________________________
                   ұйымның атауы,
____________________________________________________________________
               ведомстваға қарастылығы,
____________________________________________________________________
             почталық индексi мен мекен-жайы)
____________________________________________________________________
    (көбейткiш техниканың атауы, маркасы мен 
______________________________________________________орнатумен және
          саны
____________________________________________________________________
      (лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
жеке жауапкершiлiгiмен _____________________________________________
                            (көбейткiш учаскесiн)
_____________________________________________________ашуға берiледi.

19______ ж. "____" ______________________ дейiн жарамды.

Қосымша; көбейткiш техника тiзiмi _________________ бетте.
Iшкi iстер
органының бастығы

М.О.                         _______________________________________
                             фамилиясы, аты, әкесiнiң аты және қолы

                Рұқсаттың сырт жағы
     Ескерту;
     1. Рұқсат қағазы әрдайым тiкелей көбейткiш учаскеде сақталып,
iшкi iстер органдарының талап етуi бойынша көрсетiлуi керек.
     2. Ұйымның мекен-жайы, атауы, бар көбейткiш техникасының саны
өзгергенде немесе жауапты адам алмасқан кезде осы рұқсатты тиiстi
iшкi iстер орнында 10 күндiк мерзiмде қайта ресiмдеу қажет.


                                                                  3 қосымша
____________________________________________________________________
                        (ұйымның атауы)
_____________________________________орнатылған көбейткiш техникамен
жұмыс iстейтiн адамдардың, сондай-ақ осы
объектiнi күзетудегi 19_____ ж. "____" _____________________________
жеке құрамның

                                 Т I З I М I
____________________________________________________________________
 N   ! фамилиясы    ! туған ! Үйiнiң  ! атқаратын  ! Жауаптылығы
бойын! аты, әкесiнiң! жылы  ! адресi  ! қызметi    ! жөнiндегi қолы
ша   ! аты          !       !         !            !
--------------------------------------------------------------------
  1  !       2      !   3   !    4    !     5      !        6
--------------------------------------------------------------------

     Көбейткiш учаске жұмыс
     iстеуiне жауапты адамның лауазымы _____________________________
                                       (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)      
 



      Ескерту. 6. Графада көбейткiш техниканы мақсаттылы пайдаланбағаны

немесе объектiнi күзету жөнiндегi талаптарды сақтамағаны үшiн 
жауапкершiлiгi жөнiнде ескертiлген адамның қолы.

     Ескерту:
     1. Рұқсат әрдайым тiкелей көбейткiш учаскеде сақталып, iшкi iстер 
органдарының талап етуi бойынша көрсетiлуi керек.
     2. Мекен-жайы, ұйымның атауы бар көбейткiш техниканың саны өзгергенде 
немесе жауапты адам алмасқан кезде осы рұқсатты 10 күндiк мерзiмде тиiстi 
iшкi iстер органында қайта ресiмдеу қажет.
     Рұқсат түбiршегi N ___________ "____" ________________19_____ж.
____________________________________________________________________
                          (ұйымның атауы,
____________________________________________________________________
                 ведомствоға қарастылығы,
____________________________________________________________________
               почталық индексi мен мекен-жайы)
____________________________________________________________________
                  (көбейткiш техниканың атауы, маркасы,
____________________________________________________________________
                           зауыт нөмiрi
____________________________________________пайдаланумен (сақтаумен)

және _______________________________________________________________
                 (лауазымы, фамилиясы, аты,
______________________________________________жеке жауапкершiлiгiмен
            әкесiнiң аты)
_____________________________________________________________________
                         көбейткiш техника
_________________________________________ашуға берiлдi.

19 ________ ж. "____"_________________________________дейiн жарамды.

Тапсырыс қабылдауға шектеу _________________________________________
Қосымша: көбейткiш техника тiзiмi ________________ бетте.


                                  __________________________________

(рұқсатқа қол қойған бастықтың фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)

                                                                 4 қосымша




             Қазақстан Республикасының IIМ

____________________________________________________________________
             (iшкi iстер бөлiмiнiң атауы)
     РҰҚСАТ N _______ "____" _________________________19_____ ж.
____________________________________________________________________
                        (ұйымның атауы,
____________________________________________________________________
                   ведомствоға қарастылығы,
____________________________________________________________________
                  почталық индексi мен мекен-жайы)
____________________________________________________________________
                (көбейткiш техниканың атауы, маркасы, 
___________________________________________пайдаланумен (сақтанумен)
                 зауыт нөмiрi
және_________________________________________________________________
           (лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
_____________________жеке жауапкершiлiгiмен__________________________

________________________________________________________________жұмыс
     (көбейткiш учаскесiн)
iстеуiне берiледi.
19__ж. "____" ______________дейiн жарамды.

Тапсырыс қабылдауға шектеу __________________________________________     

Қосымша; көбейткiш техника тiзiмi _______________________________бетте

Iшкi iстер бөлiмiнiң
   бастығы
 
   М.О.                           ___________________________________
                                    ( фамилиясы, аты, әкесiнiң аты,
                                        қолы)
                  Рұқсаттың сырт жағы 

     Рұқсат түбiршегi N____ "___" ___________________________19____ж.

_____________________________________________________________________
                    (ұйымның атауы,
_____________________________________________________________________
                   ведомствоға қарастылығы,
______________________________________________________________________
          почталық индексi мен мекен-жайы)
______________________________________________________________________
       (көбейткiш техниканың атауы, маркасы мен
______________________________________________________________орнатумен
                    саны
және___________________________________________________________________
             (лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
жеке жауапкершiлiгiмен_________________________________________________
                           (көбейткiш учаскесiн)
ашуға берiлдi.
19___ж."___"______________дейiн жарамды.
қосымша; көбейткiш техника тiзiмi ___________бетте.  
 
                            ____________________________________________
                            (рұқсатқа қол қойған бастықтың фамилиясы, 
                             аты, әкесiнiң аты)

                                                                 6 қосымша

        Қазақстан Республикасының IIМ    
___________________________________________________________________
          (iшкi iстер органының атауы)
РҰҚСАТ N___"____" __________________________________________19____ж.

___________________________________________________________________
       (ұйымның атауы, 
____________________________________________________________________
     ведомствоға қарастылығы,
____________________________________________________________________
    почталық индексi мен мекен-жайы)
____________________________________________________________________
    (техниканың атауы, маркасы мен
________________________________________________көбейткiш техникасын
                    саны) (жазумен)
____________________________________________________________________
                   (жасаушы немесе босатушы 
___________________________________________арқылы сатып алу құқықымен
      ұйымның атауы)
берiлдi.
Рұқсат берiлген күннен кейiн бастап алты ай бойы жарамды.
                              

Iшкi iстер органының
бастығы
 
М.О.                                        ________________________

     Ескерту:
     1. Рұқсат нөмiрiн, берiлу уақытын және оны берген iшкi iстер 
органының атауын, көбейткiш техникасын есепке алу кiтабының 8 графасына 
жазу керек.
     2. Көбейткiш техникасын алғаннан соң 10 күн iшiнде қалалық, аудандық 
iшкi iстер органында оны сақтауға немесе пайдалануға рұқсат ресiмдеу керек.

Рұқсат түбiршегi N _______ "_____" ________________________19____ ж.
____________________________________________________________________
                              (ұйымның атауы,
____________________________________________________________________
                   ведомствоға қарастылығы
____________________________________________________________________
                      почталық индексi мен мекен-жайы)
____________________________________________________________________
              (техниканың атауы, маркасы мен
________________________________________________көбейткiш техникасын
              саны (жазумен)
____________________________________________________________________
                         (жасаушы немесе босатушы ұйымның
____________________________________________________арқылы сатып алу
                         атауы)
құқымен берiлдi.
     Рұқсат берiлген күннен бастап алты ай бойы жарамды.
                    
                                      ______________________________       


                                      (рұқсатқа қол қойған бастықтың 

фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)

                                                                8 Қосымша



          ______________________________________________
                         (ұйымның атауы)
             орнатылған көбейткiш техникасын есепке алу
                                  Кiтабы
____________________________________________________________________
  !     !     !     !      !      !        !      !       !        !
____________________________________________________________________
1 !  2  !  3  !  4  !   5  !  6   !   7    !   8  !    9  !   10   !
____________________________________________________________________

     1. N  рет бойынша
     2. Көбейткiш техниканың атауы
     3. Маркасы мен түрi
     4. Зауыт нөмiрi
     5. Шыққан жылы
     6. Сатып алу уақыты
     7. Қайдан әкелiндi
     8. Техниканы сатып алуға iшкi iстер органының қызмет көрсеткен
        рұқсат нөмiрi мен берген уақыты
     9. Басқа ұйымға (қай ұйым екенiн көрсет) беруге немесе оны 
        есептен шығаруға актi нөмiрi мен бекiткен уақыты, ол ұйымның
        қарастылығы
     10. Басқа ұйым берген техниканы сатып алуға iшкi iстер органының
         (қай орган екенiн көрсет) Рұқсат нөмiрi мен берген уақыты

Есепке алу кiтабын жүргiзуге жауапты адамның лауазымы ________________
                                 (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, қолы)

                                                               9 Қосымша
            ___________________________________орнатылған
                    (ұйымның атауы)

            Көбейткiш техникасының жиналу есебiн күнделiктi 
                           көрсететiн есеп
                              Кiтабы
____________________________________________________________________
   !     !      !       !      !      !      !      !       !      !
--------------------------------------------------------------------
 1 !  2  !   3  !   4   !   5  !   6  !   7  !   8  !   9   !  10  !
--------------------------------------------------------------------
   
     1. Жұмыс уақыты мен сменасы
     2. Орындаушы (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
     3. Көбейткiш аппаратының маркасы зауыт нөмiрi
     4. Тапсырыс нөмiрi N бастап N бойынша
     5. Бет (көшiрме) жасалады
     6. Бұзылған қағаздардың (көшiрмелердiң) саны
     7. Жасалған барлық беттер (5 + 6 гр)
     8. Есеп көрсетуi (Жұмыс басында және аяғында)
     9. Макулатураға немесе жоюға тапсыру туралы актi нөмiрi мен 
        уақыты
     10. Ескерту

     Күнделiктi көрсету есебiнiң кiтабын
     жүргiзуге жауапты адамның лауазымы ____________________________
                                   (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, қолы)