"Халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық санаттарына арналған бiрыңғай тарифтiк кестенiң негiзiндегi еңбекке ақы төлеудiң жаңа шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің келiсуiмен Қазақстан Республикасының Еңбек министрiгi қаулы етедi:
Бiрыңғай тарифтiк кестеге сәйкес облыстардың еңбек жағдайларына Мемлекеттiк сараптама жүргiзу жөнiндегi басқармасының Алматы қаласындағы аспаптық өлшеу және еңбек жағдайларына талдау бөлiмiнiң басшылары мен мамандары үшiн еңбекке ақы төлеудiң разрядтары қосымшаға орай бекiтiлiп, 1993 жылдың 1 сәуiрiнен қолдануға енгiзiлсiн.
Министрдiң бiрiншi
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Еңбек министрлiгiнiң
1993 жылғы 15 шiлдедегi
N 36 қаулысына
N 1 қосымша
Бiрыңғай тарифтiк кестеге сәйкес облыстардың еңбек
жағдайларына Мемлекеттiк сараптама жүргiзу жөнiндегi
басқармасының Алматы қаласындағы аспаптық өлшеу және еңбек
жағдайларын талдау бөлiмiнiң басшылары мен мамандары үшiн
ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУДIҢ РАЗРЯДТАРЫ
---------------------------------------------------------------
Лауазымдардың атауы | Тарифтiк разряд
---------------------------------------------------------------
Басқарманың бөлiм бастығы 15
Бас маман 14
Жетекшi маман 13
I санаттағы маман 12
II санаттағы маман 11
Маман 10