Бекiтемiн Бекiтемiн
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң орынбасары Ауыл шаруашылығы _______________ министрiнiң орынбасары 4 қараша 1993 жыл ____________________ 29 қазан 1993 жыл Келiсiлдi: Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң МАИ бас басқармасының бастығы ___________________ 1 қараша 1993 жыл Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы НҰСҚАУ 1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 тамыздағы N 735 қаулысына сәйкес әзiрленiп, тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн берудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi және Қазақстан Республикасы территориясында мiндеттi түрде iске асырылады.
1.2. Барлық тракторлар және өздiгiнен жүретiн машиналар типiне, белгiленген жұмыс қызметiне және басқару ерекшелiктерiне қарай "А", "Б", "В", "Г", "Д" және "Е" категорияларына бөлiнедi.
Тракторист-машинистердiң куәлiктерiнде тұсына рұқсат белгiлерi қойылған категорияға жататын тракторлар, өздiгiнен жүретiн машиналарды ғана жүргiзуiне құқылары бар.
"А" - класы 14 кН (1,4тс) дейiнгi доңғалақты тракторлар;
"Б" - класы 14 кН (1,4 тс) жоғары доңғалақты тракторлар;
"В" - шынжыр табанды тракторлар;
"Г" - механикалық трансмиссиялы өздiгiнен жүретiн тракторлар;
"Д" - гидростатикалық трансмиссиялы өздiгiнен жүретiн
машиналар;
"Е" - мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары, оның iшiнде
шөмiшiнiң сыйымдылығы 0,65 куб, м дейiнгi экскаваторлар.
1.3. Колхоз, совхоздардың және ведомстволық бағыныштылығы мен меншiк түрлерiне қарамай барлық басқа шаруашылықтар, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердiң тракторист-машинистерi үшiн, сонымен қатар жеке меншiгiнде тракторлары, басқа өздiгiнен жүретiн машиналары бар азаматтар үшiн сақтандыру талонымен бiрге тракторист-машинист куәлiгiнiң бiрiңғай формасы енгiзiледi (1 және 2 қосымша).
1.4. Тракторист-машинист куәлiгi мен сақтандыру талонын мемауылтехқадағалаудың облыстық және аудандық инспекциялары бередi.
1.5. Куәлiк сақтандыру талонымен бiрге тракторист-машинистерге Қазақстан Республикасының барлық территориясында тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат бередi.
1.6. Мемауылтехқадағалау инспекциясы куәлiктi сол ауданда (қалада) тұрақты немесе уақытша тұратын азаматтарға ғана бередi.
2. Тракторист-машинист куәлiгiн беру және
бiлiм тексеру жұмыстарын ұйымдастыру
2.1. Тракторист-машинист куәлiгi машиналарды техникалық пайдалану, жол жүру ережелерi мен практикалық машина жүргiзу дағдыларынан бiлiм тексерiлген соң берiледi. Бiлiм тексеру мемауылтехқадағалау инспекциясының қызметкерi, оқу орындары, шаруашылықтар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi.
2.2. Практикалық жүргiзу дағдыларын тексеру үшiн керек тракторларды және басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды, оқу орындары, шаруашылықтар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өздерi қамтамасыз етедi.
2.3. Белгiленген категориядағы машиналарды жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн алатын азаматтар төмендегiдей құжаттарды тапсыруы керек:
оқу орындары, шаруашылық, кәсiпорын және мекемелер комиссияларынан берiлген бiлiктiлiк куәлiгi;
тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиоративтiк және басқа машиналарды жүргiзуге жарамдылығы туралы белгiленген үлгiдегi медициналық анықтама;
емтихан алғаны және куәлiк берiлгенi үшiн төлеген жарнаның квитанциясы;
жеке басты куәландыратын құжат;
мөлшерi 3 х 4 см, төменгi оң жақ бұрышы ақ, бiр фотосурет;
сақтандыру талонымен тракторист-машинист куәлiгi (басқа категориялардағы машиналарды жүргiзуге рұқсат алған жағдайда).
Емтихан және сақтандыру талонымен тракторист-машинист куәлiгi үшiн шаруашылық, кәсiпорын, ұйымдар мен мекемелер жiберген азаматтарға жарнаны бюджеттiң 12 бөлiмi 32 параграфындағы табысына қосу үшiн олардың бухгалтериясы Ұлтбанк мекемелерiне, ал жекелеген азаматтар - Халық банк мекемелерiне төлейдi.
2.4. Тапсырылған құжаттар туралы мәлiметтер мен бiлiм тексеру қорытындысы ведомостке (3 қосымша) түсiрiледi, оған бiлiм тексеруге қатынасқан адамдар қол қояды.
2.5. Өз күшiмен машина құрастырып, даярлаған азаматтарға арнаулы даярлық курстарынсыз жол жүру ережелерiмен машина жүргiзудiң практикалық дағдыларынан емтихан тапсырған соң тракторист-машинист куәлiгi берiлуiне болады.
2.6. Жеке меншiгiнде тракторлары, басқа өздiгiнен жүретiн машиналары және автомобиль жүргiзу, механик-жүргiзушi немесе басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды жүргiзуге рұқсат беретiн куәлiктерi бар (бұл куәлiктердi алу үшiн жол жүру ережелерiн бiлу керек) азаматтарға тракторист-машинист куәлiгi даярлық курстарынсыз, өз меншiгiндегi машиналарды жүргiзудiң практикалық дағдыларынан емтихан тапсырған соң берiлуiне болады.
Жол жүру ережелерiнен емтихан тапсырудан босату тек олардың манишаларда жұмыс iстеген уақытындағы үзiлiс бiр жылдан аспаған уақытта ғана болады. Бұл жағдайда тракторист-машинист куәлiгiн алушы азаматтардың бiлiм деңгейiн тексеру ведомосiнiң 6 графасына автомобиль жүргiзу және басқа куәлiктердiң аты, сериясы, реттiк саны және берiлген уақыты толтырылады.
2.7. Жоғарғы немесе орта ауыл шаруашылық оқу орындарын "ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша бiтiрген азаматтарға тракторист-машинист куәлiгi дипломның көшiрмесiн және жол жүру ережелерiмен машина жүргiзудiң практикалық дағдыларынан емтихан тапсырған соң берiледi.
2.8. Жол жүру ережелерiнен қанағаттанарлықсыз бiлiм көрсеткен немесе машина жүргiзудiң практикалық дағдыларын игермеген кiсiлер, қайта емтиханға 5 күннен соң ғана жiберiледi.
2.9. Сақтандыру талонымен бiрге тракторист-машинист куәлiгi берiлген кезде олардың сериясы және реттiк саны, реттiк сан тәртiбi бойынша куәлiк тiркелiнетiн Кiтапқа (4 қосымша) және бiлiктiлiк куәлiгiне түсiрiледi. Олар мемауылтехқадағалау инспекциясының мөрiмен куәландырылады. Бiлiктiлiк куәлiгi иесiне қайтарылады.
2.10. Тракторист-машинист куәлiгiмен сақтандыру талонына мемауылтехқадағалау қызметкерi қол қойып, инспекцияның мөрiмен куәландырылады.
2.11. Берiлген тракторист-машинист куәлiгiнiң жүргiзуге рұқсат берiлген трактор (машина) категорияларының графасының тұсына штамппен "Рұқсат" деген белгi соғылады. Басқа категориялардың графаларына қиғаш белдеу сызығы бар штамп басылмайды, сақтандыру талонының жүргiзуiне рұқсат берiлмеген машиналардың категориясының графалары дөңгелек формалы компостермен тесiледi.
Тракторист-машинистер басқа категориядағы машиналарды жүргiзуге рұқсат алған жағдайда, осы категориядағы машиналарды оқығаны туралы бiлiктiлiк куәлiгi негiзiнде емтихан тапсырған соң, жаңа сақтандыру талоны берiлiп, тракторист-машинист куәлiгiнiң тиiстi жаңа категориясының графасына штамппен "Рұқсат" деген белгi соғылады.
2.12. Жеке меншiгiнде тракторлары, басқа өздiгiнен жүретiн машиналары бар азаматтарға берiлген тракторист-машинист куәлiгiнiң машиналар категориясының графаларына рұқсат етiлетiн белгi соғылмайды. "Ерекше белгiлер үшiн" графасына "Рұқсат, жекеменшiктiк" немесе "Рұқсат. Қолдан жасалған" деген штамп соғылып, машинаның аты мен маркасы көрсетiледi. Куәлiктiң барлық машиналар категориясы қиғаш белдеу сызығы бар штамппен, ал сақтандыру талонының дөңгелек формалы компостермен өшiрiледi.
2.13. Сақтандыру талоны тек өзiнде реттiк саны көрсетiлген тракторист-машинист куәлiгiмен ғана жарамды.
2.14. Куәлiк және сақтандыру талоны жеке кiсiлерге паспорты және басқа оны алмастыратын құжаттар бойынша, куәлiк тiркелетiн Кiтапқа қол қойылған соң берiледi.
2.15. Куәлiк сақтандыру талонынсыз жарамсыз болып табылады.
2.16. Тракторист-машинистердiң куәлiгi алынған жағдайда, сақтандыру талонымен сол күннен бастап 15 тәулiк iшiнде рұқсат берiлген категориялардағы машиналарды жүргiзуiне болады. Қажет болғанда сақтандыру талонының күшiнiң мерзiмiн ұзартуға болады.
3. Тракторист-машинист куәлiгiн алмастыру тәртiбi:
3.1. Тракторларды және басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiнiң күшiнiң мерзiмi шектелмейдi және олар қолдануға жарамсыз болған жағдайда алмастырылады.
3.2. Куәлiктердi алмастыру, тракторист-машинистердiң тракторларды басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды басқаруға денсаулығының жарамдылығы туралы медициналық анықтамасы және бiлiктiлiк куәлiгi бойынша тек мемауылтехқадағалау инспекцияларында жүргiзiледi.
3.3. Тракторларда, басқа өздiгiнен жүретiн машиналарда тұрақты жұмыс iстеп, соңғы 12 ай мерзiм iшiнде жол жүру, машиналарды техникалық пайдалану ережелерiн бұзбаған кiсiлерге куәлiк бiлiмi тексерусiз алмастырылады.
Тракторист-машинист болып тұрақты жұмыс атқарғанын дәлелдейтiн құжат жұмыс орнынан берiлген анықтама болып табылады.
Сақтандыру талонында күшi сақталған компостерлiк тесiк (белгi) болса, куәлiк жол ережелерiн бұзғаны үшiн белгi соғылған талаптар бойынша бiлiмi тексерiлгеннен кейiн алмастырылады. Бұл жағдайда компостерлiк тесiк (белгi) жаңа сақтандыру талонына түсiрiлмейдi.
3.4. Тракторист-машинист болып соңғы 12 ай iшiнде тұрақты жұмыс iстемегендерге куәлiк жол жүру ережелерiнен бiлiмi тексерiлгеннен кейiн алмастырылады, ал бiр жылдан артық жұмыс iстемегендер оған қосымша практикалық машина жүргiзу дағдыларынан емтихан тапсырады.
3.5. Алмастырылған жаңа тракторист-машинист куәлiгiнiң "Ерекше белгiлер үшiн" графасына бұрынғы куәлiктiң сериясы, реттiк саны және берiлген уақыты көрсетiледi.
3.6. Куәлiк жоғалған жағдайда жаңа куәлiк "Дубликат" деген белгiмен механизатордың арызы, бiлiктiлiк куәлiгi және медициналық анықтама негiзiнде, ал кейбiр жағдайларда - куәлiктiң жоқтығын басқа мемауылтехқадағалау инспекциялары және МАИ органдарында анықталғаннан кейiн мемауылтехқадағалау инспекциясынан берiледi. Мемауылтехқадағалау инспекциясы барлық қажеттi құжаттар болған жағдайда арыз түскен күннен бiр ай мерзiм iшiнде механизаторлардың жол жүру және машиналарды техникалық пайдалану ережелерiнен бiлiмiн тексерiп, куәлiк беруiне мiндеттi.
3.7. Жоғалған сақтандыру талонының орнына жаңасы жол жүру және машиналарды техникалық пайдалану ережелерiнен бiлiм тексерiлген соң берiледi.
3.8. Сақтандыру талоны мына жағдайларда алмастырылады:
- басқа категориялардағы машиналарды жүргiзуге рұқсат алғанда;
- пайдалануға жарамсыздыққа жетсе;
- куәлiк алмастырылағанда;
- сақтандыру салоны жойылғанда;
- салон иесiнiң сұрауы бойынша сақтандыру талонында екi немесе одан артық белгiлер болып, оның соңғысына бiр жылдан артық уақыт өткен болса.
3.9. Жүргiзу құқынан бiр жылға дейiн мерзiмге айырылып, мерзiмi бiткен кiсiлерге тракторист-машинист куәлiгi шаруашылық, мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың өтiнiшi, трактор, басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды жүргiзуге жарамдылығы туралы медициналық анықтама және бiлiктiлiк куәлiгiн тапсырып, жол жүру, машиналарды техникалық пайдалану ережелерiнен бiлiмi тексерiлген соң берiледi, ал жүргiзу құқынан айыру мерзiмi бiр жылдан артық болған жағдайда жоғарыдағыларға қосымша - машиналар жүргiзудiң практикалық дағдыларынан емтихан тапсырылады.
4. Куәлiктердi жасау, жабдықтау және сақтау тәртiбi
4.1. Тракторист-машинист куәлiктерi және сақтандыру талондарының бланкалары облыстық мемауылтехқадағалау инспекциясының мәлiмдемесi негiзiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң тапсырысы бойынша жасалынады.
4.2. Тракторист-машинист куәлiктерi және сақтандыру талондарының бланкалары аса құнды құжаттар есебiнде сақталуы тиiстi.
4.3. Мемауылтехқадағалау инспекцияларында алмастырылған, бұрын пайдаланылған куәлiк, сақтандыру талондарының бланкалары және толтырылған кезде бүлiнген, сонымен қатар құқынан айырылып 12 ай мерзiм iшiнде қайта алынбаған куәлiктен сақтандыру талондарының бланкалары жиналу санына байланысты, қайта пайдалануға жарамсыз түрге келтiрiлiп жойылады. Ол туралы тиiстi акт жасалады.
4.4. Сақтандыру талоны мен куәлiк алуға негiз болған құжаттар бөлек iске тiгiлiп, белгiленген тәртiп бойынша сақталады. Куәлiк тiркелетiн Кiтап 45 жыл, қалған басқа құжаттар - 5 жыл сақталуы керек.
4.5. Медициналық анықтамалардың керектi көрсеткiштерi ведомостке түсiрiлгеннен кейiн бiлiктiлiк куәлiгiмен бiрге иесiне қайтарылады.
Тракторлар, басқа өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүруге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы Нұсқаудың 1 қосымшасы
ТРАКТОРИСТ-МАШИНИСТ
КУӘЛIГI Тракторист-машинист куәлiгi Фамилиясы_______________________________________________________ Аты_____________________________________________________________ Әкесiнiң аты____________________________________________________ Күнi және туған жерi____________________________________________ _________________________________________________________________ | Көлемi 3 х 4 см. | Сериясы және | сурет жапсырылатын | реттiк саны | орын | |---------------------| ---------------------- (облысы, ----------------------- ауданы) Мемауылтехқадағалау М.О. инспекциясынан берiлдi. " "_________________________19 жыл ________________________________ (куәлiк берген инспекцияның өкiлiнiң қолы) ____________________________ (куәлiк иесiнiң қолы) ________________________________________________________________ Тракторлар және басқа өздiгiнен | Рұқсат берiлгенi жүретiн машиналар категориялары | туралы белгi ---------------------------------------------------------------- А. 14 кН (1,4 тс) дейiнгi доңғалақты тракторлар Б. 14 кН (1,4 тс) жоғарғы доңғалақты тракторлар В. Шынжыр табан тракторлар Г. Механикалық трансмиссиялы өздiгiнен жүретiн машиналар Д. Гидростатикалық трансмиссиялы өздiгiнен жүретiн машиналар Е. Мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары, оның iшiнде шөмiшiнiң сыйымдылығы 0,65 куб м. дейiнгi эксковаторлар ---------------------------------------------------------------- Ерекше белгiлер үшiн
Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы Нұсқаудың 2 қосымшасы
1 1 1 2 2 2 3 3 3 САҚТАНДЫРУ ТАЛОНЫ сериясы ______________________N_______________А Сериясы ____________N _______ тракторист-машинист куәлiгiне. Фамилиясы_______________________________________________________Б Аты ____________________________________________________________ Әкесiнiң аты ___________________________________________________ В ________________________________________________________________ (мемауылтехқадағалау инспекциясының ресми аты) Берiлдi " " __________________ 19 жыл Г __________________________________________________ (қолы) Д М.О. Е Талон куәлiк алынған соң 15 күн iшiнде жұмыс iстеуге рұқсат бередi. Жоғалған жағдайда жол жүру және машиналарды техникалық пайдалану ережелерiнен бiлiм тексерiлгеннен кейiн жаңартылады. 4 4 4 5 5 5 САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ БЕЛГI ЖАСАЛАТЫН, ТӘРТIП БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТIЗIМI 1. Жолдама қағазсыз, техникалық талонсыз, нөмiрлiк белгiсiз жұмыс iстеу және машиналарды ретсiз, басқа жұмыстарға пайдалануы. 2. Техникалық қызмет көрсету ережелерiнiң бұзылуы. 3. Техниканы сақтау ережелерiнiң бұзылуы. 4. Басқа техникалық пайдалану ережелерiнiң бұзылуы. 5. Жол жүру ережелерiнiң бұзылуы. " " __________________________________________19 жыл, Куәлiк ________________________________________________________________ (тәртiп бұзушылықтың түрi көрсетiлуi ________________________________________________________________ керек) алынды. ________________________________________________________________ (куәлiктi алушының қызметi және фамилиясы) Iстi қарау үшiн " " _________________________________19 жылы ________________________________________________________________ (инспекцияның аты көрсетiлуi ________________________________________________________________ керек) келуi керек. Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы НҰСҚАУДЫҢ 3 қосымшасы Тракторист-машинист куәлiгiн алатындардың бiлiмiн тексеру ведомосы N ______________________________ облысы,_________________аудандық мемауылтехқадағадау инспекциясы " "_______________________19 жыл 1. Реттiк саны 2. Фамилиясы, аты, әкесiнiң аты 3. Туған уақыты 4. Емтихан тапсырушының оқу бiтiрген жерi 5. Бiлiктiлiк куәлiгiнiң реттiк саны және оның берiлген уақыты 6. Медициналық анықтаманың реттiк саны, берiлген уақыты және берген мекеменiң аты 7. Категориясы 8. Бiлiм тексеру қорытындысы (тапсырды, тапсырмады) а) Жол жүру ережесi ә) Машина жүргiзу дағдылары б) Техникалық пайдалану ережелерi Мемауылтехқадағалау инспекциясы, сонымен қатар бiлiм тексеруге қатынасқан басқа қызметкерлердiң лауазымы, фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, қолдары қойылады. Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы НҰСҚАУДЫҢ 4 қосымшасы Тракторист-машинист куәлiктерi, сақтандыру талондары тiркелетiн және берiлетiн КIТАП 1. Реттiк саны 2. Фамилиясы, аты, әкесiнiң аты 3. Туған жерi мен уақыты (күнi, айы, жылы) 4. Жұмыс iстейтiн жерi (тұратын орыны) 5. Емтихан тапсырған күнi және ведомостың реттiк саны 6. Куәлiктiң берілген күнi 7. Берiлген куәлiктiң а) категориясы ә) сериясы және реттiк саны 8. Талонның реттiк саны мен сериясы 9. Алғандығы туралы қолы
Тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беретiн тракторист-машинист куәлiгiн беру туралы НҰСҚАУДЫҢ 5 қосымшасы
Куәлiктер, сақтандыру талондары және нөмiрлiк
белгiлер түсiмi және шығындарын есептеп, тiркейтiн ЖУРНАЛ I. Кiрiс 1. Түскен күнi 2. Бiрге келген құжаттың реттiк саны 3. Сериясы 4. Реттiк сандары а) N ден ә) N-ге дейiн 5. Саны II. Ш ы ғ ы с 6. Шығынға шыққан күнi 7. Қайда берiлдi 8. Сериясы 9. Реттiк сандары а) N -ден ә) N -ге дейiн 10. Саны 11. Қалдығы Ескерту: Бланктер мен белгiлердiң әр түрiне Журналда жеке бөлiмдер берiледi.