Iшкi iстер мекемелерi криминалистiк-сараптау бөлiмшелерiнiң қылмыс пен күресуде криминалистикалық әдiстер мен құралдарды толық пайдалану мәнi мен жауапкершiлiгiн арттыру және қылмыс iстерiн тергеуде сенiмдi, ғылыми тиянақты дәлелдердiң негiзiн даярлау мақсатында, бұйырамын:
1. Мыналар бекiтiлсiн:
1.1. Iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiнiң жұмысы жайлы Нұсқау.
1.2. Iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiнiң криминалистикалық сараптаулары мен зерттеулерiн жүргiзу жөнiндегi Ереже.
1.3. IIМ, IIББ, IIБ, ТIIБ-ның анықтау ақпарат қорлары мен криминалистикалық есептерiн ұйымдастыру және жүргiзу туралы Нұсқау.
1.4. Сарапшылардан емтихан алу мен оларға криминалистикалық сараптауды жеке-дара жүргiзу куәлiгiн беретiн мамандық-сараптау комиссиясы туралы Ереже.
1.5. Қылмыспен күресуде ғылыми-техникалық құралдар мен әдiстердi (ҒТКӘ) меңгеруде және қолдануда басшылар құрамына шұғыл-iс қызметкерлерiне, тергеушiлерге деген мамандық Талап.
2. Облыстар мен транспорттағы IIБ, Алматы қаласы IIББ, Ленин қаласы IIБ-i бастықтарына:
2.1. Iшкi iстер мекемелерiнiң шұғыл-басқарушы құрамы мен тергеушiлерi осы бұйрықты және оның қосымшаларын оқып-бiлетiн болсын. Iстердiң шын мәнiн есептей отырып, осы бұйрықтың талаптарын орындаудың, ұйымдастырушылық және практикалық шаралары зерттелiп iске асырылсын;
2.2. Криминалистикалық құралдар мен әдiстердiң шұғыл қызмет және тергеу жұмысында қолданылу қорытындысы жарты жылда кемiнде бiр рет шұғыл-iс жиналыстарында қаралып тұрсын. IIБ-нiң тергеу мен шұғыл-iстер қызметiнiң бiрiншi басшыларын тыңдап тұру әдетке айналсын. Кемшiлiктер мен оларды тудыратын себептер жан-жақты талдансын, оларды болдырмау шаралары қолданылсын;
2.3. Қылмыс iстерiн тергеудегi криминалистикалық-сараптау бөлiмшелердiң негiзгi мiндетi - қылмыскерлерден қалған iздер мен заттай айғақтарды түгелдей iздеп тауып алу, сапалы зерттеу, ғылыми дәлелдi айғақтардың негiзiн қалап шұғыл-iздестiру шаралары мен тергеу әрекеттерiн криминалистикалық техника жағынан толық қамтамасыз ету болып табылады;
2.4. Қалауджел IIБ-i бастықтарының қолда бар криминалистикалық техниканы тиiмдi пайдалану жауапкершiлiгi арттырылсын. Криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерi мамандарының қылмыс iздерiн iздеп-табу, орнықтыру, қылмыскерлердi iздестiру, айқындай iстерiнде шұғыл-қызмет-тергеу топтарына қосылуы қамтамасыз етiлсiн;
2.5. Ғылыми-техникалық құралдар мен әдiстердi практикалық-үйлесiмдi қолдану бағытында тергеу мен шұғыл-iстер қызметкерлерiн және сарапшыларды қызметке дайындау жүйесiнде, мамандық талаптар шеңберiнде, үздiксiз оқыту ұйымдастырылып, ол iске асырылсын. Оқытуға оқу орындарының профессорлар мен мұғалiмдер құрамы, басқа министерстволар мен ведомстволардың тәжiрибелi мамандары, IIМ-IIБ-ның басқарушы құрамы тартылсын. Әр-бiр қызметкердiң техникалық дайындық деңгейi, оның қызметте жылжыуы мен кезекті атақ аларында ескерiлiп, аттестациясында көрсетiлсiн;
2.6. Криминалистикалық сараптаулардың, зерттеулердiң және ашылмаған қылмыс орындарынан тауып алынған iздер мен заттай айғақтар картотекаларының, коллекцияларының жәрдемi мен қылмыс жасаушыларды анықтауда сарапшылардың, тергеушiлердiң және шұғыл-iс қызметкерiнiң күш-жiгерi жұмылдырылсын.
Қылмыстарды ашу бағытында мамандандырылған бөлiмшелер құрылған жағдайда, олардың құрамына сарапшылардың тиiстi мамандары енгiзiлсiн;
2.7. Криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерi, олардың бекiтiлген штаттық сан құрамына сәйкес, жергiлiктi бюджеттен қосымша бөлiнетiн сан құрамы немесе IIБ, ТIIБ-сы штаттарын қайта бөлу есебiнен кадрлармен нығайтылсын;
2.8. Криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң, олардың өздерiнiң мiндеттi iстерiнен бөлек жұмыстарға пайдалануға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынсын;
2.9. IIББ, IIБ, ТIIБ-сы криминалистикалы-сараптау бөлiмшелерi бастықтарына криминалистикалық сараптаудың барлық түрлерiнiң әдiстемелерiн меңгеру мақсатында сарапшылардың дайындығын 1994 жылға дейiн аяқтау мiндетi жүктелсiн.
3. Криминалистикалық-сараптау басқармасына:
3.1. Криминалистикалық-сараптау бөлiмшелердiң iс-әрекетiн бақылау тиiмдiлiгiн көтеру шаралары, сол мақсатта компьютер техникасын пайдалану, 1993 жылдың аяғына дейiн жүзеге асырылсын;
3.2. Iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiнiң қызметiн ұйымдастыру жайлы осы бұйрықтың талаптарының орындалуы IIБ, ТIIБ-да оқтын-оқтын тексерiлiп тұрсын;
3.3. Қылмыспен күресуде ғылыми-техникалық әдiстер мен құралдарды пайдаланудың жайы сәтсiз қалыптасқан жерлерде, қажеттiгiне қарай, сол IIБ, ТIIБ-ның бастықтарының есебi IIМ-нiң басшысында тыңдалып тұрсын;
3.4. Негiзгi бағыттағы жұмыстардан жоғарғы көрсеткiштерге жеткен, жарамды тәжiрибелi IIББ, IIБ, ТIIБ-ның криминалистикалық-сараптау бөлiмдерi кем дегенде екi жылда бiр рет анықталып, сол жерлерде криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiнiң басшыларының тәжiрибе алмасу жұмысы ұйымдастырылсын.
Аса күрделi және қайталанған сараптаулар тағайындалған кезде жоғарғы мамандығы бар сарапшылардың, сондай-ақ толық аймақтық криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiнiң тiзiмi (тергеу мен шұғыл-iс аппараттары үшiн) жыл сайын Қазақстан Республикасы IIМ-нiң "Тергеу-криминалистикалық бюллетенiнде" жарияланып тұрсын;
3.5. 1993-1994 жылдары IIБ, ТIIБ-ның барлық криминалистикалық-сараптау бөлiмдерi лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етiлсiн (хроматографтармен, спектрлық талдау аппаратурасымен, микроскоптармен, тағы басқа техникамен; ПЭВМ негiзiнде дактилоскопиялық жүйелермен; компьютерлермен және портреттiк ұқсастырудың тиiстi бағдарламаларымен, "Видеотека"; видеоаппаратураның жаңа үлгiлерiмен; фото және iздеу техникасымен).
4. ТББ (А.В.Орлик ж.) ҚIББ (Н.М.Дейхин ж.), ЭҚКББ (Р.А.Ибраимов ж.) ҰҚЖКББ (А.М.Бейсенов ж.) әр қызмет орны бойынша қылмыстарды ашу, анықтау, тергеуде криминалистикалық әдiстер мен құралдардың қолданылуына бақылау қойылсын. Осы мәселе кем дегенде жарты жылда бiр рет шұғыл-iстер жиналысында тыңдалсын.
5. КООБ (Т.С.Ермағамбетов ж.), АЖМ (Э.О.Басаров ж.), КСБ (Г.И.Поврезнюк ж.) 1993 оқу жылынан бастап, тергеушiлер даярлаудың лимитiнен жыл сайын, сарапшы-криминалистер дайындау үшiн 30 адамнан құралған тыңдаушылар тобы бөлiнiп тұрсын. Қазақстан Республикасы IIМ-нiң 1993 жылғы N 39 бұйрығына тиiстi қосымша енгiзiлсiн. 1993 жылы АЖМ-нiң криминалистика және соттық-сараптау кафедрасының жанынан криминалистикалық-сараптау лабораториясы құрылсын. Онда криминалистикалық және арнаулы зерттеулердiң кейбiр түрлерi бойынша сарапшылар даярланып, қайта даярланып, сараптауды жеке-дара жүргiзу құқы-куәлiгi берiлетiн болсын.
6. Қазақстан Республикасы iшкi iстер мекемелерiнде қолданылып жүрген ССРО IIМ-нiң мына бұйрықтары күшiн жойсын:
- "Iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiнiң қызметiндегi тиiмдiлiктi арттыру туралы" 1989 жылдың 30 қарашасындағы N 300;
- "ССРО iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық бөлiмшелерiнде сараптауды жүргiзу Ережесiн бекiту туралы" 1970 жылдың 6 наурызындағы N 65;
- "ССРО IIМ ОКЛ-да жалған құжаттардың картотекасын құру жөнiнде" 1972 жылдың 10 шiлдесiндегi N 198.
Қазақ ССР IIМ-нiң "мамандық-сараптау комиссиясын құру туралы" 1990 жылғы 12 желтоқсандағы N 297 бұйрығы күшiн жойды деп саналсын.
7. IIМ, IIББ, ТIIБ, қалауджел iшкi iстер мекемелерiнiң шұғыл-iстер, тергеу, сараптау бөлiмшелерiнiң және алдын-ала тергеу мекемелерiнiң қызметкер құрамдары бұйрықты оқып-бiлсiн.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауға алу Қазақстан Республикасы IIМ КСБ-сы мен осыған мүдделi қызмет орындарында жүктелсiн.
Министрдiң м.а.
милиция полковнигi
Қазақстан Республикасы IIМ-нiң
1993 жылғы 31 мамырдағы
N 210 бұйрығына сәйкес
Iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау
бөлiмшелерiнiң жұмыстары жайлы
Нұсқау
I. Жұмысты ұйымдастырудың негiздерi
1.1. Жалпы ереже
1.1.1. Криминалистикалық-сараптау орындары - басқармалар, бөлiмдер, бөлiмшелер, топтар, лабораториялар - iшкi iстер министерствосының, облыстардағы, қалалардағы, транспорттағы, сондай-ақ кiшi қалалардағы, аудандардағы, желiлердегi<*> iшкi iстер мекемелерiнiң <**> жеке-дара құрылым бөлшектерi болып саналады.
Ескерту. <*> Әрi қарай "қалауджел" деп оқылады.
Ескерту. <**> Бұдан былай қалалық, аудандық iшкi iстер мекемелерi мен транспорттағы iшкi iстер мекемелерi "iшкi iстер бөлiмдерi" деп аталады (егер басқаша атау ерекше берiлмесе).
1.1.2. IIМ, IIБ, ТIIБ-сы криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiнiң сан-құрамын (штатын) iшкi iстер министрi, ал қалауджел iшкi iстер мекемелерiнiң сан-құрамы - IIБ, ТIIБ-ның бастығы бекiтедi.
1.1.3. Криминалистикалық-сараптау бөлiмшелер өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын, IIМ-нiң мөлшерi актыларын және осы Нұсқауды басшылыққа алады.
1.1.4. IIБ, ТIIБ, қалауджел iшкi iстер бөлiмдерi криминалистикалық-сараптау орындарында ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты Қазақстан Республикасы IIМ-ның криминалистикалық сараптау басқармасы <***> жүргiзедi.
Ескерту. <***> Әрi қарай текст бойынша "негiзгi бөлiм".
1.1.5. IIМ-нiң белгiлеген зонаға енетiн iшкi iстер мекемелерiнiң тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етедi.
Негiзгi бөлiмдер, қызмет атқару үшiн бекiтiлген зонадағы iшкi iстер мекемелерi лабораторияларында жинақты пайдалануға қажеттi талдау аппаратурасының болмауына байланысты, сараптаулардың ең күрделi және жаңа түрлерiн толық пiшiнде жүргiзедi, сонымен қатар өздерi құрамына енетiн IIБ-сы үшiн заттарды, материалдарды, бұйымдарды сараптаудың және зерттеудiң барлық түрлерiн жасайды.
1.1.6. Iшкi iстер мекемелерiнiң ауданаралық бiрлескен криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерi бiрнеше iшкi iстер бөлiмдерiнiң тапсырмаларын орындайды. Олардың қызмет атқару зонасын IIБ-сы белгiлейдi.
1.1.7. IIМ, IIБ, ТIIБ-сы криминалистикалық-сараптау орындарының iс-әрекетi, олардың қызметкерлерiнiң немесе құрамды бөлшектемелерiнiң, сараптауды түрге бөлiп мамандандыру жолымен құрылады. Әр бөлiмшелерде сарапшылардың мамандандырылуы, олардың бiрiн-бiрi алмастыра алатындай жағдайда жүргiзiледi.
1.2. Негiзгi мiндеттер
1.2.1. Iшкi iстер мекемелерiнiң тергеу және шұғыл-iздеу орындарының тапсырулары бойынша iздердi, айғақ-дәлелдердi iздеп-табу, бекiту, iске тiркеу және зерттеу үшiн криминалистiк құралдар мен әдiстердi қолдану.
1.2.2. Iшкi iстер мекемелерi тергеу және шұғыл-iздеу орындарының жұмысына криминалистикалық құралдар мен әдiстердi сiңдiру, оларды қылмыстың алдын-алу, оны айқындау, ашу және тергеуде белсендi пайдалану қамтамасыз ету.
1.3. Негiзгi қызметтерi
1.3.1. Қылмыс iстерi бойынша криминалистикалық сараптаулар жүргiзу, сондай-ақ iшкi iстер мекемелерiнiң тексерiс материалдары бойынша зерттеулер жасау.
1.3.2. Криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң тергеу iсiне және iздеу шараларына маман ретiнде қатысу.
1.3.3. Криминалистикалық мәлiметтiк және шұғыл-iздеу картотекалары мен коллекцияларын жүргiзу, басқа бөлiмшелер мен бiрге қылмыстарды ашу бағытында оларды пайдаланудың белсендiлiгiн арттырудың шараларын өңдеп, жүзеге асыру.
1.3.4. Қылмыстарды жасауға мүмкiндiк туғызатын жағдайларды анықтау, сараптау практикасының материалдарын талдау және криминалистикалық-сараптау бөлiмшелер қызметiнiң басқада үлгiлерiнiң негiзiнде оларды жою ұсыныстарын жасау.
1.3.5. Тергеу және шұғыл-iздеу орындарымен бiрге криминалистикалық құралдар мен әдiстердiң қолдану практикасына талдау жүргiзу, осы жұмыстың ұйымдастырылуы мен сапасын жетiлдiру үшiн практикалық шараларды өңдеу мен iске асыру.
1.3.6. IIБ, ТIIБ, iшкi iстер бөлiмдерiнiң тергеу және шұғыл-iздеу бөлiмшелерiне криминалистикалық құралдар мен әдiстердi қолдануды ұйымдастыруда практикалық және әдiстеме көмегiн көрсету, олардың қызметкерлерiн қылмыспен күресудегi криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiнiң мүмкiндiктерi жайлы мәлiметтер мен қамтамасыз ету.
1.3.7. Қылмыстардың алдын-алу, оларды анықтау, ашу және тергеуде криминалистикалық әдiстер мен құралдарды пайдалануды ұйымдастырудағы алдыңғы тәжiрибенi қорыту, тарату және сiңiру.
1.3.8. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiндегi криминалистикалық техниканы пайдалану, метрология және жөндеу жайлы шараларды ұйымдастыру және iске асыру; IIМ, IIБ, ТIIБ-сы iшкi iстер бөлiмдерiне техниканы пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру жайлы ұсыныстар енгiзу; Қазақстан Республикасы IIМ-i бекiткен техниканың тиемелдi табелдерiн жасауға қатысу.
1.3.9. Iшкi iстер мекемелерiнiң қызметкерлерiн iздер мен заттай дәлелдемелердi iздеп-табу, бекiту, iске қосу тәсiлдерi мен әдiстерiн, сонымен қабат оларды, қылмыстарды ашу, тергеу мүмкiншiлiктерiне пайдалауды үйретуге қатысу.
1.3.10. Қолда бар криминалистикалық техниканы жетiлдiру, өзгерту мақсатында рационалдық және өнер тапқыштық жұмыстарын жүргiзу.
1.3.11. Қылмыстарды ашу және тергеудi техникалық-криминалистикалық бағытта қамтудың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу.
1.4. Жұмыстарды жоспарлау
1.4.1. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң жұмыстары Қазақстан Республикасы IIМ-нiң белгiлеген жолымен жоспарланады.
1.4.2. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң жұмыс жоспарлары мына бағыттағы қызметтердi қамтиды:
1.4.2.1. Қылмыстарды ашу және тергеудi техникалық-криминалистикалық жағынан қамтуды ұйымдастыру; қылмыспен күресте криминалистикалық әдiстер мен құралдарды пайдаланудың және қылмыстың жеке түрлерiнiң алдын-алу, оларды ашу, тергеу нәтижесiн зерттеу; оқиға болған жерлердi қарау iсiндегi және сараптау мен зерттеуге материалдар дайындаудағы жетiспеушiлiктердi анықтау; басқа мекемелермен қарым-қатынастағы алдыңғы тәжiрибенi қорыту және тарту; әдiстеме ұсыныстарын, бағыт-хаттарын, шолуларын, мөлшерлеу құжаттарын дайындау.
1.4.2.2. Бөлiмдердiң қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiру: мамандардың кәсiби шеберлiгiн көрсету және жұмыстың даму үлгiсiн ұйымдастыруды үгiттеу мақсатындағы iскерлiк қорытынды жиналыстар, семинарлар; кадрлармен жұмыс iстеу мәселелерiн (таңдау, орналастыру, жоғарлатуға кадр қорын құру) дайындау.
1.4.2.3. Мөлшерлеу құжаттарының орындалуын бақылау: iшкi iстер мекемелерiн тексеруге, бақылау тексерiсiне қатысу, оларға практикалық жәрдем көрсету; криминалистикалық сараптау бөлiмдерi басшыларының есептерiн тыңдау; IIМ, IIБ, ТIIБ-сы басшыларына қылмыспен күресте криминалистикалық әдiстер мен құралдарды пайдалануды жетiлдiру жайлы ұсыныстар дайындау.
1.4.2.4. Техникалық жасақтауды жетiлдiру: криминалистикалық техникаға деген сұранымды зерттеу, белгiленген тәртiп бойынша оны алудың сұранысын дайындау орындарына жiберу; iздер мен заттай айғақтарды iздеп-табудағы, орнықтырудағы, iске тiркеудегi және зерттеудегi жаңа және қолда бар криминалистикалық әдiстер мен құралдарды сiңiстiру, жетiлдiру; криминалистикалық картотекалар мен коллекциялардың жұмысын ұйымдастыру және техникалық жағынан қамтамасыз ету; криминалистикалық құралдардың техникалық (регламенттiк) күтiмi мен жөнделуiн жақсарту; кино-фотоматериалдардағы тағы басқа бұйымдарды пайдаланудан түскен қымбат металдарды жинап Мемлекет қорына өткiзу.
1.4.2.5. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң жоспарларына шұғыл-iстер ерекшелiктерiне және басқа әдiл жағдайларға байланысты қызметтiң басқа бағыты да ескерiлуi мүмкiн.
1.4.2.6. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң ғылыми-зерттеу iс-әрекеттерiн жоспарлау.
1.4.3. Жоспарлардың жобасын өңдегенде мыналар ескерiледi:
1.4.3.1. Қазақстан Республикасы IIМ, IIБ, ТIIБ, iшкi iстер бөлiмдерiнiң бұйрықтары мен сiлтемелерiнiң талаптары.
1.4.3.2. Қылмыстың деңгейi мен құрылымы, қылмыстың жеке түрлерiн ашу мен тергеу жұмысының барысы, нақтылы криминалистикалық әдiстер мен құралдардың қолданылуындағы кемшiлiктер.
1.4.3.3. Қылмыспен күрестегi криминалистикалық әдiстер мен құралдарды пайдалануды қамтамасыз етудiң ұйымдастыру қалi, бұрынғы жоспарлардағы шаралардың орындалу барысы.
1.4.3.4. Криминалистикалық-сараптау орындарының оған жүктелген мiндеттерi мен қызметтерiне сәйкес жұмыс қорытындысы.
1.5. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң iшкi iстер
мекемелерiнiң басқа қызмет орындарымен
қарым-қатынастарының негiзгi үлгiлерi
1.5.1. Қылмыспен күресудегi криминалистикалық әдiстер мен құралдарды тиiмдi пайдаланудың ұйымдастырушылық шараларын бiрге жасау.
1.5.2. Айқын емес жағдайларда iстелген қылмыстарды ашу мен тергеуде криминалистикалық-сараптау бөлiмдерi қызметкерлерiнiң криминалистикалық әдiстер мен құралдарды пайдалана отырып алдын-алу шараларға, тергеу қимылдарына, пiкiр (версия) ұсыну мен тексеруiне қатысу.
1.5.3. Нақтылы, сондай-ақ қылмыстарды жекелеген түрлерiн ашудағы сарапшылардың тергеу шұғыл-iстер топтарындағы жұмысы.
1.5.4. Қылмыс жасалған жерлерiнен iздер мен заттай айғақтар тауып алынса да, ашылмай қалған қылмыстардың iс материалдарын зерттеу, оларды мақсатты бағытта пайдаланудың шараларын қолға алу.
1.5.5. Шұғыл-iздестiру шараларында ғылыми-техникалық әдiстер мен құралдарды кең пайдалану үшiн мамандарды қатыстыру.
1.5.6. Жұмысқа ғылымның жетiстiктерi мен алдыңғы тәжiрибенi енгiзу мақсатында шолулар, мәлiметтер және әдiстеме материалдарын дайындау.
1.6. Өзге министерстволар мен ведомстволардың мамандарын,
КСБ-ның штаттан тыс қызметкерлерiнiң көмегiн пайдалану
1.6.1. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерi өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үстiнде басқа министерстволар мен ведомстволардың ғылыми-зерттеу, сараптау тағы басқа ұйымдарының, кәсiпорындарының, мекемелерiнiң көмегiне мына мақсаттарға сүйене алады:
1.6.1.1. Сараптау мен зерттеу жүргiзгенде, аппаратура мен аспаптарды пайдаланғанда, мамандарды келiсiм-шартпен кеңес алуға тарту.
1.6.1.2. Келiсiм-шарт бойынша, криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң қызметкерлерiн жаңа аппаратураны және заттай айғақтарды зерттеу әдiстемесiн меңгерту үшiн мерзiмдi сынақтан (стажировкадан) өткiзу.
1.6.1.3. Заттай айғақтарды iздеп-табу, бекiту, зерттеу тәсiлдерiн жаңа криминалистикалық әдiстердi жетiлдiру және өңдеу.
1.6.2. Өзге министерстволар мен ведомстволар тартылған мамандардың еңбегi белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасы IIМ-нiң сметасының тиiстi бабынан өтеледi.
1.6.3. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдер штаттан тыс қызметкерлердiң көмегiн белгiленген тәртiп бойынша пайдаланады. Штаттан тыс қызметкерлер бiрлесiп iстеудiң мына түрлерiне тартылуы мүмкiн:
1.6.3.1. Тергеу қимылдарына маман ретiнде.
1.6.3.2. Сараптауларды жүргiзуге.
1.6.3.3. Заттай айғақтарды зерттеуде криминалистикалық әдiстер мен құралдарды жетiлдiру мен өңдеуге.
1.6.3.4. Лаборатория жабдықтарын, криминалистикалық техниканы, iшкi iстер мекемелерiнiң криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiндегi басқа аппаратураларды жөндеу мен жөнге келтiру.
1.6.3.5. Видеофото жұмыстарын орындауға.
1.6.4. Штаттан тыс қызметке таңдау, жұмысқа алу, оның жұмысын ұйымдастыру белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.
2. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң қызметкерлерiнiң
тергеу қимылдарына маман ретiнде қатысуы. Сараптауларды
жүргiзу
2.1. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң қызметкерлерiн
тергеу қимылдарына қатысуға тарту
2.1.1. Криминалистикалық-сараптау орындарының қызметкерлерi тергеу қимылдарын жүргiзу iстерiне, әдетте, тергеушiнiң немесе тергеу орнының бастығының анықтауы мен, криминалистикалық әдiстер мен құралдарды қолдануға бiлгiр маман қажет болған жағдайда қатыстырылады.
Ескерту:
IIМ, IIБ, ТIIБ-сы криминалистикалық-сараптау орындарының сарапшылары тiкелей оқиға болған жерлердi қарау мен тергеу қимылдарына қатысып жүргендiктен және сараптаулар (зерттеулер) жүргiзгендiктен, басқару аппаратының сан-есебiне қосылмайды.
2.1.2. Криминалистикалық-сараптау орындарының қызметкерлерiн оқиғалы жерлердi қарауға уақтылы қатыстыру үшiн IIМ, IIБ, ТIIБ және iшкi iстер бөлiмдерiнiң күзетшi бөлшектерiнiң жанындағы тергеу-шұғыл-iс топтарының құрамында олардың күзетшiлiгi ұйымдастырылады.
2.1.3. Криминалистикалық-сараптау орындарының қызметкерлерiнiң күзетшiлiк тәртiбiн олардың саны мен шұғыл-iстер жағдайына қарай IIМ, IIБ, ТIIБ iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы анықтайды.
2.1.4. Күзетшiлiк мына үлгiлерде жүргiзiледi:
2.1.4.1. Iшкi iстер мекемелерiнiң күзетшi бөлшектерiнiң жанында тергеу-шұғыл-iс топтарының құрамында, тәулiк бойынша (республика мен облыс орталықтарында орналасқан криминалистикалық-сараптау орындарының штатында 15 сарапшыдан кем болмағанда).
2.1.4.2. Басқа жағдайларда - жұмыс орнында, жұмыстан тыс уақытта - үйiнде.
2.1.5. Штат мүмкiншiлiгi болуы мен шұғыл-iстер жағдайына қарай күзетшiлiкке криминалистикалық-сараптау орындарының екi (оданда көбiрек) қызметкерi бөлiнуi мүмкiн.
2.1.6. Күзетшiлiк графигiне криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң оқиға орындарын қарауға жеке-дара қатысуға құқы бар қызметкерлерi ғана қосылады.
2.1.7. Криминалистикалық-сараптау орындарының қызметкерлерi оқиға орнын қарауға қатысуға, графиктен тыс, мына жағдайларда тартылуы мүмкiн.
2.1.7.1. График бойынша күзеттегi қызметкер басқа бiр оқиға орнын қарап жатқанда.
2.1.7.2. Егер оқиға туралы мәлiметтен осы қараудың жемiстi жүргiзiлуiне бiлiмнiң тиiстi бiр саласының маманының қатыстырылуы қажет болғанда (мысалы: биология, химия, физика, баллистика т.б.).
2.1.8. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерi қызметкерлерiнiң оқиға орнына баруы және қызмет орнына қайтуы, керек жағдайда, арнайы автомобильде-жылжымалы криминалистикалық лабораторияда (ЖКЛ) iске асырылады. Бұндай автомобиль болмаса криминалистикалық-сараптау бөлiмiнiң қызметкерi тергеу қимылдарын жүргiзетiн жерге iшкi iстер мекемесi күзетшiсiнiң автотранспортымен барады. Маманды тергеу қимылдарын жүргiзетiн жерге уақытында жеткiзу мен қайтып алып келуге күзетшi жауапты.
2.1.9. Iшкi iстер бөлiмiнiң штатында сарапшы болмағанда оқиға орнын қарау үшiн басқа iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы мен келiсiм, немесе бiрлесiп, қызмет ету схемасы бойынша, соның маманы қатыстырылады.
Криминалистикалық-сараптау қызметкерiн басқа қаладағы немесе аудандағы оқиға орнына жеткiзу және алып қайту қылмыс жасалған аймақтағы iшкi iстер бөлiмiнiң транспортымен өтеледi.
2.1.10. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң қызметкерлерiне жұмыстан тыс уақытта күзеткенi үшiн Қазақстан Республикасы IIМ-гi белгiленген тәртiп бойынша демалыс берiледi.
2.2. Маманның оқиғалы жердi қарау және басқа тергеу
қимылдарын орындау кезiндегi жұмыс тәртiбi
2.2.1. Маман оқиға орнында жұмысқа кiрiсер алдында қылмыс жағдайын, ол жасалған жердi қору iсiн зерттейдi, алдағы iстелетiн мiндеттердi анықтайды.
2.2.2. Жағдаймен танысқан соң маман алда тұрған iс-әрекеттi орындаудың жоспарын белгiлейдi, қаралатын жердiң аумағын iздер мен заттай айғақтарды iздеп-табу, орнықтыру жеке iске тiркеудегi кезектi қимылдарды белгiлейдi.
Тергеушi жағынан жоспардың мәнiне қарсылық болмаса орны орындауға кiрiседi.
2.2.3. Оқиға орнын видеофотоға түсiру, солай етiлетiн нысандарды (объект) таңдау, суретке түсiру тәсiлi, тағы басқа тактикалық мiндеттердi орындау тергеушiнiң мақұлдауымен анықталады. Суретке түсiрудiң техникалық ерекшелiктерiн (ара қашықтығы, түсiрудi жақындату (ракус), жарлық түрi т.б.) маманның өзi шешедi.
2.2.4. Маман алдымен, қаралатын жерге өзгерiс жасалмай тұрғанда шолу және бағыттау, онан соң қарау тактикасына сәйкес тәртiппен, тораптау (узловая), дәлдеу (детальная) суретiне түсiредi.
Алдымен заттай ақиқаттық маңызы бар оқиға орнындағы жекелеген бөлшектер, iздер және бұйымдар, сол алғашқы көрiнген күйiнде суретке түсiрiледi. Онан соң соттық фотография ұсынған тәсiлдер қолданылады (соның iшiнде-нысандарды жылжытумен байланысты да): олардың ең толық дәл, мәлiмдегiш және жеке ерекшелiк қалпы сақталып түсiрiледі.
2.2.5. Тергеушi оқиға орнын қараудың хаттамасын (протокол) жазғанда маман iздердi бейнелеумен көмек көрсетедi, мынадай хабарлама жасайды:
- iздердi айқындауға қолданылған құралдар жайлы;
- оларды алу (құю, бұйымымен бiрге немесе бөлiп алу, т.б.) жайлы;
- iздердiң табылған орны (бұйым, зат), олар табылған үстiрттiң қалi жайлы;
- iздердiң түрлерi, саны (үстiрттi немесе көлемдi, орнықты немесе өзгермелi, түссiз немесе боялған, т.б.), үлгiсi, көлемi, жеке ерекшелiгi жайлы;
- iздердi бекiтудiң қосымша тәсiлдерi (суретке салу, схема жасау) жайлы.
2.2.6. Қылмысты ашу және iздеу салу мақсатында маман оқиға орында iздердi алдын ала зерттейдi.
2.2.7. Алдын-ала зерттеудiң қорытындысын тергеушiге және шұғыл-iстер қызметкерiне хабарлайды, кейiнiрек оқиғалы жерге баруды есептеу журналына тiркейдi.
2.2.8. Қажет болғанда маман алынған iздердi, құйындыларды тағы басқа заттай айғақтарды буып-түйiсуде тергеушiге жәрдем бередi;
Тергеушi сараптау (зерттеу) жөнiнде қаулы шығарса (шұғыл iстер қызметкерi-жазбаша тапсырма) немесе криминалистикалық картотекадан (коллекция) тексеру керек болса, оларды криминалистикалық-сараптау орнына алып келедi. Маман бес күн iшiнде зерттеудiң қорытындысын тергеушiге жiбередi және осы жайлы шұғыл-iстер қызметiне хабарлайды. Маман оқиға болған орнын қарасуға қатыспаса онда, тергеушiлер мен алдын-ала тергеу қызметкерлерi қаралған орнынан алынған iздер мен заттай айғақтарды криминалистикалық-сараптау орнына зерттеуге үш күн iшiнде жiберуге мiндеттi.
2.2.9. Оқиға орнын қараудың хаттамасына енгiзу үшiн маман тергеушiге фотокамераның аты мен моделiн объективтiң аты мен қасиетiн, жарық сүзгiштiң таңбасын, жарық жағдайын (жасанды болса, жарық түсiргiштiң түрiн), таспаның үлгiсiн атайды.
Егер видеожазба (кинотүсiрiлiм) жүргiзiлсе, ол туралы сәйкес ақпарат пен қолданылған әдiстер және тәсiлдер хабарланады.
2.2.10. Фотография қолданылса, оның шығымынан фототаблица жасалып, түсiрушi маманның қолы қойылады.
Ескерту:
Тергеу аппараты мен криминалистикалық-сараптау орындарын фототаблицаның бланктарымен IIМ, IIБ, ТIIБ-ның Шаруашылық-басқармалары, Шаруашылық-бөлiмдерi қамтамасыз етедi.
2.2.11. Суретке, видеокиноға түсiрген маман фототаблица мен негативтердi, видеокиноаспаны (Қазақстан Республикасы ҚIПК 61-1 бабы) бес тәулiктен аспайтын мерзiмде, ал түрлi-түстi материалдар мен орындалған жұмыстарды қараудың бiтуiнен кейiн 20 тәулiк iшiнде, тергеушiге тапсырады.
2.2.12. Тергеушiнiң немесе алдын-ала тергеудiң мақұлдауымен видеожазбасы бар таспа криминалистикалық-сараптау орнының видеотекасында сақталады, солардың немесе соттың талабы бойынша көрсетуге берiледi, сол жөнiнде фотовидеоматериалдардың шығыс журналына белгi қойылады. Видеожазба жойылуы осы айғақ туралы үкiмнiң заңды күшiне енуiне байланысты орындалады.
2.2.13. Фототаблица мен негативтер тергеушiге хатпен қосылып жiберiледi немесе оған фотожұмыстары мен фото материалдардың шығысын тiркейтiн журналға қол қойдыру арқылы берiледi.
Егер фотоаппаратураның ақауына, таспаның терiс өңделуiне, т.б. жағдайға байланысты фототүсiрулер қанағаттанғысыз шықса, маман тергеушiге фотосуреттердi жiбере алмайтын себептерiн көрсетiп хатпен хабарлайды.
2.2.14. Маман басқадай тергеу қимылдарын жүргiзуге қатысқанда, нақтылы тергеу мiндеттерiн шешу үшiн, криминалистикалық әдiстер мен құралдарды тiкелей пайдаланады, қажеттi кеңестер бередi.
Маманның тергеу қимылдарына қатысуы мен оның жұмыс қорытындысы тиiстi хаттама мен 1, 2 үлгiдегi КСО-ның журналдарында көрсетiледi.
2.3. Сараптауларды жүргiзу, заттай айғақтарды
қабылдау мен қайтарудың тәртiбi
Iшкi iстер мекемелерiнiң криминалистикалық-сараптау орындарында криминалистикалық-сараптауларды жүргiзудiң тәртiбi "IIБ КСО криминалистикалық сараптауларды жүргiзу туралы Ережесiнде" көрсетiлген.
2.4. Сарапшылардың қорытындыларын сипаттамалау
2.4.1. Сарапшылардың қорытындысын сипаттамалау заттай айғақтарды зерттеудi және сарапшылардың кәсiби шеберлiктерiн жетiлдiрудi бақылау мақсатында жүргiзiледi. IIМ, IIБ, ТIIБ-ның криминалистикалық-сараптау орындары iшкi iстер мекемелерi сарапшыларының қорытындыларын бөлiмдердiң жұмыс жоспарларына сәйкес жүргiзедi. Негiзгi бөлiмдер өздерi қамтитын iшкi iстер мекемелерi лабораторияларының сарапшыларының қорытындыларын сипаттамалайды.
2.4.2. Сипаттамалау жұмыс мерзiмi 5 жылдан кем емес және сараптау жүргiзудiң тиiстi түрлерiнен құқы бар қызметкерлерге тапсырылады. Өз кезегiнде, бұл қызметкерлердiң қорытындылары Қазақстан Республикасы IIМ КСБ-да сипаттамалануы және дұрыс баға алуы шарт.
2.4.3. Сипаттамаға материалдар криминалистикалық-сараптау бөлімдерінің жазбаша немесе ауызша талаптары бойынша, әсте Қазақстан Республикасы ІІМ КСБ-ның жарлығы бойынша жiберiледi, онда қорытындының қайда, қай мерзiмге, қанша және сараптаулардың қай түрлерiнен жiберiлетiнi көрсетiледi.
Сипаттамалау үшiн сарапшылардың қорытындыларының копиясы фототаблицасы мен ең күрделi сараптаулары, зерттеулерi (көп нысанды, көбiнесе ұқсастыру жайлы) және оларды жүргiзу туралы қаулылары мен қоса жiберiледi.
2.4.4. Сипаттамалау қорытындылардың жан-жақты талданған нәтижесiн көрсетуi және оның зерттеудегi мәнi бойынша да, үлгiсi бойынша да бағасын қамтуы керек.
Сипаттамада:
2.4.4.1. Зерттеудiң сапасы, оның толықтығы, криминалистикалық әдiстер мен құралдарды таңдаудың дұрыстығы, әдiстерi қолданудың техникалық жағдайы мен реттiлiгiн сақтауы, сарапшының ұқсастыру белгiлерiн айқындауы, оны толықтап, тура бағалап баяндау қабiлетi, фотосуреттемесiнiң сапасы мен көрнектiлiгi, қорытындылардың сарапшы алдында қойылған сұрақтарға лайықтылығы, тиянақтылығы бағаланады.
2.4.4.2. Анықталған кемшiлiктердi жою, зерттеулер жүргiзудiң, оны хаттаудың сапасын арттыру жайлы ұсыныстар берiледi.
2.4.5. Сипаттама екi дана етiлiп басылады. Бiрiншiсi материал берген орынға жiберiлiп, екiншiсi-сипаттама жасаушы криминалистикалық-сараптау бөлiмiнде қалдырылады.
2.4.6. Сипаттаманы алған криминалистикалық-сараптау бөлiмше, ондағы көрсетiлген зерттеулер мен қорытындылар шығарылғанда жiберiлген кемшiлiктердi жою мақсатында қызметкерлердi дайындау жүйесiндегi сабақтарда немесе қызмет жиналыстарында талқылайды.
2.4.7. Сипаттамалау кезiнде сарапшылардың қорытындыларының қателiгi, зерттеу әдiстемесiнiң және қылмыс-iстерiн жүргiзу заңдарының талаптарының өрескел бұзылғандығы анықтала, сипаттама сарапшының сараптауды жүргiзу құқынан айыру мәселесiн шешу үшiн Қазақстан Республикасы IIМ-нiң мамандық-сараптау комиссиясына жiберiледi.
3. Iздеу орындарының тапсыруы бойынша криминалистикалық
құралдар мен әдiстердi қолдану
3.1. Криминалистикалық құралдар мен әдiстердi
қолданудың тәртiбi мен үлгiлерi
3.1. Криминалистикалық-сараптау орындарының қызметкерлерi криминалистикалық құралдар мен әдiстердi iздеу орындары бастықтарының жазбаша тапсырмалары бойынша қолданады. Маманның шұғыл-iздеу шараларына (ШIШ) қатысуы тiркеу журналында жүргiзiледi (3 қосымша).
3.1.2. Криминалистикалық құралдар мен әдiстердi қолданудың негiзгi үлгiлерi мыналар:
3.1.2.1. Қылмысты ашу және қылмыскердiң жеке басын анықтау мақсатында криминалистикалық белгiлерi бар әр түрлi заттай нысандарды зерттеу. (Зерттеуге түскен материалдар 4-қосымшада тiркеледi);
3.1.2.2. Криминалистикалық мәлiметтерге сүйену мен жеке адамдар, бұйымдар, қылмыс қарулары, т.б. туралы iздеу таблицаларын құрастыру.
3.1.2.3. Криминалистикалық техниканы пайдаланып субъективтi сурет құрастыру.
3.1.2.4. Салыстырмалы зерттеу үшiн үлгiлердi таңдап алуда жәрдем беру.
3.1.2.5. Iздер мен заттай айғақтарды криминалистикалық зерттеу негiзiнде iздеу тұжырымын (версия) талдауға қатысу.
3.1.2.6. Криминалистикалық-сараптау орындарының криминалистикалық картотекалары мен коллекцияларын пайдалану.
3.1.3. Пайдаланылатын криминалистикалық құралдар мен әдiстер: азаматтардың денсаулығына және заңды мүддесiне зиян келтiрмеуге; болашақ қорытындылардың дәлдiгiн қамтамасыз етуге; қылмыс iсi бойынша дәлелдiк маңызы болуы мүмкiн нысандарды сақтауға, мiндеттi.
3.1.4. Криминалистикалық-сараптау орнының қызметкерi криминалистикалық құралдар мен әдiстердi қолданудың нәтижесi туралы анықтама жазады. Ол алынған материалдармен бiрге тиiстi iздеу бөлiмiне жiберiледi.
Анықтаманың копиясы криминалистикалық-сараптау орнында арнаулы мұқабада сақталады.
3.2. Зерттеулердi жүргiзу
3.2.1. Iшкi iстер мекемелерiнiң криминалистикалық-сараптау орындарында iшкi iстер мекемелерi үшiн олардың iздеу материалдары бойынша зерттеулер жүргiзiледi. IIМ, IIБ, ТIIБ-сы бастықтарының рұқсаты бойынша мұндай зерттеулер ұлттық қауiпсiздiк мекемелерi үшiн де жүргiзiлуi мүмкiн. Зерттеулер жүргiзуге iздеу орындары бастықтарының жазбаша тапсырмасы себеп болып табылады.
Ескерту:
Авторы белгiсiз (анонимные) хаттарды зерттеу тек қылмыс iстерi мен материалдары бойынша жүргiзiледi.
3.2.2. Зерттеудi тиiстi сараптауды жүргiзуге құқы-куәлiгi бар қызметкер жүргiзедi. Зерттеулер мен сот сараптауларына қойылатын талаптар бірдей.
3.2.3. Егер iздеу бөлiмiнiң қызметкерiмен басқаша келiсiлмесе зерттеу жүргiзу мерзiмi 20 тәулiктен аспауға мiндеттi.
3.2.4. Криминалистикалық-сараптау орнының қызметкерi зерттеу кезiнде, тек зерттелетiн нысандардың түрi мен қасиетi өзгермейтiн, олардың жоғалмайтын және болашақта қайта зерттеу мүмкiндiгiнен айырмайтын, әдiстерi қолданады.
Нысанның сыртқы түрiн өзгертпей немесе одан бiрсыпыра шығын жасамай зерттеу жүргiзу болмайтын жағдайда, зерттеу тек зерттеудi тапсырған адаммен келiсiлгеннен кейiн орындалады.
Осы мәселе зерттеудiң нәтижесi жөнiндегi анықтамада көрсетiледi.
3.2.5. Зерттеудiң нәтижесi жайлы, зерттеу жүргiзген сарапшы анықтама жазып, қолын қояды. Анықтамада мыналар көрсетiледi:
- зерттеуге түскен нысандардың тiзiмi;
- қойылған сұрақтарға жауаптар;
- зерттеудi орындаған сарапшының фамилиясы мен аты-жөнi.
Анықтамаға фототаблицалар, схемалар, чертеждер тiркеледi.
3.2.6. Зерттеу кезiнде нысандардың сыртқы пiшiнiн өзгертуге, толық немесе бiрсыпыра бұзып-жоюға мәжбүр болған жағдайда, олардың алғашқы қалпы түзiледi, оның iшiнде суретке түсiрумен. Зерттеудiң жүргiзiлуi қолданылған әдiстерiмен, оларды бағалау нәтижелерi мен қоса баяндалады, сондай-ақ жасалған өзгерiстердiң сипаты және жаратылған материалдардың саны көрсетiледi.
3.3. IIМ-IIБ-ның криминалистикалық есептерi мен
анықтама-мәлiмет қорлары
3.3.1. IIБ, ТIIБ, Қалауджел iшкi iстер бөлiмдерiнiң криминалистикалық-сараптау орындары мына шұғыл-iс криминалистикалық картотекалары мен коллекцияларын жүргiзедi: дактилоскопиялық; микронысандық; бұзу құралдары iздерiнiң: аяқ киiм ұлтандары iздерiнiң; автотранспорт протекторлары мен шиндерi iздерiнiң; милиция есебiндегi адамдардың фото-видеотекаларының; ашылмаған қылмыстар бойынша фонотекалардың; есiрткi және күштi әсерлi дәрi препараттарын алудың медициналық жалған рецептерiнiң және оларды жасап жүрген адамдардың қол жазу үлгiлерiнiң; белгiсiз қылмыскерлердiң субъективтi суреттерiнiң; сондай-ақ отты қарудың, оқ-дәрiлердiң және суық қарулардың коллекциялары (картотекалары); аяқ киiмдердiң бұдырлы ұлтандары; бұзуға қолданылатын саймандар; лак-сыр жабдықтары; фардың шынылары; автотранспорттың протекторлары; қолдан және фабрикада дайындалған есiрткi заттар.
IIБ, ТIIБ-сы бастығының шешiмiне сәйкес аймақтық шұғыл-iстер жағдайының ерекшелiгiне байланысты басқа да коллекциялар мен картотекалар құрылуы мүмкiн.
3.3.2. Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КСБ-да мынадай Республикалық криминалистикалық есептер жүргiзiледi:
- қылмыс ашылмаған жерлерден алынған оқ, қауыз және қарудың iзi қалған патрондар коллекциясы;
- ашылмаған қылмыстар бойынша фонотека;
- жалған қағаз ақша мен құнды қағаздардың картотекасы;
- жалған металл ақшалардың картотекасы;
- полиграфиялық жолмен жасалған жалған құжаттардың картотекасы;
- қылмыс ашылмаған жерлерден алынған қол iздерiнiң картотекасы (ауыр түрлерiнен);
- суық қарулардың анықтама коллекциясы (картотекасы);
- барлық елдердiң жалған қағаз және металл ақша белгiлерiнiң анықтама коллекциясы;
- отты қарулар мен оқ-дәрiлердiң анықтама коллекциясы (картотекасы);
- есiрткi заттардың (қолдан, фабрикада жасалған) анықтама коллекциясы (картотекасы);
IIМ-i басшысының шешiмi мен басқада коллекциялар мен картотекалар құрылуы мүмкiн.
3.3.3. Криминалистикалық-сараптау орындары криминалистикалық шұғыл-iздеу картотекаларының (коллекцияларының құрылуы мен жүргiзiлуiн шұғыл-iздеу және тергеу орындары мен қарым-қатынаста атқарады. Осы мақсатта олар сол орындармен қылмыстарды ашудағы криминалистикалық картотекалардың (коллекциялардың) қалiн және тиiмдiлiгiн талдайды, нәтижесiнде олардың, техникалық жабдықталуын жақсарту, нәтижелiгiн арттыру және iс жүйесiн жетiлдiру жайында iшкi iстер мекемесi басқармасының шешуi үшiн ұсыныстар енгiзедi. Криминалистикалық есептер мен анықтау-мәлiмет қорларын iстету тәртiбi "IIМ, IIББ, IIБ, ТIIБ-ның анықтау-ақпарат қоры мен криминалистикалық есептерiн ұйымдастыру және жүргiзу туралы Нұсқауда" көрсетiлген.
4. Криминалистикалық-сараптау орындары қызметкерлерiнiң
қылмыстардың жасалуына мүмкiндiк тудыратын жағдайларды
анықтау және болдырмау iсiне қатысуы
4.1. Криминалистикалық-сараптау орындарының алдын-алу жұмыстарының негiзгi бағыттары мыналар:
4.1.1. Сараптау жүргiзудiң практикасын талдау мен қорытындылау негiзiнде, тергеу қимылдарына қатысу мен шұғыл-iздеу орындарының тапсырмасы бойынша криминалистикалық құралдар мен әдiстердi қолдану арқылы қылмыстардың жасалуына мүмкiндiк тудыратын жағдайларды анықтау.
4.1.2. Материалдық және ақшалай қаражаттар сақталатын орындардың конструкторлық кемшiлiктерiн ескерiп, қылмыскерлердiң техникалық құралдарын пайдалана отырып, қылмыстарды жасау тәсiлдерiнiң мүмкiншiлiктерiн анықтау.
4.1.3. Жалған құжаттар мен құнды қағаздарды жасау, пломбалар мен құлыптау жабдықтарын ашу, тағы басқалар мен байланысты қылмыскерлердiң шын ниетiн айыра бiлу тәсiлдерiне мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қызметкерлерiн үйретуге қатысу.
4.2. Қылмыстардың жасалуына мүмкiндiк тудыратын жағдайлар сараптаулар жүргiзу үстiнде анықталуға тиiстi, мейлi олар қызметкер адамның немесе мекеменiң тапсырмасы бойынша жүргiзiлсiн, мейлi сарапшының ынтасымен болсын. Соңғы жағдайда бұл қорытындыда көрсетiледi.
4.3. Қылмыстардың алдын-алу мақсатында криминалистикалық-сараптау орындарының сараптауларды жүргiзуi мен тергеу қимылдарына қатысу практикасын талдау және қорыту мына бағытта өтедi;
4.3.1. Зерттеудiң нысандары (заттай айғақтардың түрi) бойынша-бiлiктiлiгi ұлғайтылатын, қорғанысы күшейтiлетiн нысандар шеңберiнде анықтау мақсатында.
4.3.2. Қылмыстарды жасаудың тәсiлдерi бойынша-сәйкес тәсiлдермен жаңа қылмыстарды жасауды қиындататын немесе сол мүмкiндiктi болдырмайтын, сонымен қатар сондай қылмыстардың ашылу мүмкiндiктерiн арттыратын құралдарды қолдану үшiн, оларды зерттеу және жасау мақсатында.
4.3.3. Қылмыстардың түрлерi бойынша - қылмыстардың белгiлi категорияларының алдын-алуға маңызы бар ұсыныстар жасау мақсатында.
4.4. Криминалистикалық-сараптау орындары мүдделi қызмет орындарымен бiрге сараптау практикасының материалдарын қорытындылау нәтижесi бойынша қылмыстарды жасауға мүмкiндiк беретiн жағдайларды болдырмау туралы ұсыныстар жасайды. Ал ұсынылатын шаралар мына талаптарға жауап беруге тиiстi:
4.4.1. Шын мәнiндегi материалға негiзделiп, керек болса зерттеу тәжiрибелерiмен (эксперимент) расталуы керек.
4.4.2. Экономикалық тұрғыдан қолайлы, ғылым мен техниканың қазiргi өсу деңгейiне сай орындалуы керек.
4.4.3. Өз күшiндегi, әйтсе де орындалмайтын актылардың, жөн-жобалардың, нұсқаулардың, ГОСТ-дың, техникалық жағдайлардың және т.б. талаптарын қайталамау керек.
4.4.4. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз болу керек.
4.5. Ұсыныстар жазғанда қылмыстардың жасалуына мүмкiндiктер тудыратын жағдайлардың анықталғаны жайлы жете дәлелденген мәлiметтер мен ұсынылатын шаралар тиянақты етiлiп, керек болса схемалар, чертеждер, суреттер қоса берiледi.
4.6. Криминалистикалық-сараптау орнының бастығы қол қойған ұсыныстар iшкi iстер мекемесiнiң бастығына, оның республика көлемiне шешiлетiндерi - Қазақстан Республикасы IIМ КСБ-на жiберiледi.
5. Криминалистикалық-сараптау орындарының
кадрларын даярлау басқа қызметкерлердi
оқытуға қатысу
5.1. Криминалистикалық-сараптау орындарының
қызметкерлерiн iрiктеу және оқыту
5.1.1. IIМ, IIБ, ТIIБ-сы криминалистикалық-сараптау бөлiмдерi бастықтарының орнына жоғарғы бiлiмдi, сараптау жұмысында бес жылдан кем iстемеген, криминалистикалық-сараптаудың барлық түрiн жеке-дара жүргiзуге құқы бар адамдар қойылады.
IIМ, IIБ, ТIIБ-ның аға сарапшы қызметiне жоғарғы бiлiмдi және сараптаудан дайындығы бар адам қойылады. IIБ, ТIIБ-ның сарапшы қызметiне, iшкi iстер бөлiмдерiнiң аға сарапшы, сарапшы қызметтерiне жоғарғы бiлiмдi немесе арнаулы орта бiлiмдi және сараптаудан дайындығы бар адамдар тағайындалады.
Ерекшелiк ретiнде қалауджел iшкi iстер бөлiмдерiне аға сарапшылар және сарапшылар, сараптау дайындығынсыз-ақ, жоғарғы немесе арнаулы орта бiлiмi болса тағайындалуы мүмкiн. Бұл жағдайда олар бiр жыл iшiнде дайындықтан өтiп, белгiленген тәртiп бойынша, кем дегенде сараптаудың екi түрiн (дактилоскопия мен суық қару) жүргiзуге құқық алуға мiндеттi.
Криминалист-техниктер қызметiне орта бiлiмдi және Қазақстан Республикасы IIМ-гi бекiткен бағдарлама бойынша алғашқы дайындықтан өткен адамдар қойылады.
Ескерту:
Қалауджел iшкi iстер мекемелерiнде сараптаудан дайындығы жоқтар, сараптау жүргiзудiң құқын алғанға дейiн, аға сарапшылар немесе сарапшылар есебiнен сарапшыға жәрдемшi қызметiне қойылуы мүмкiн.
5.1.2. Сараптау жүргiзу құқын Қазақстан Республикасы IIМ-нiң мамандық-сараптау комиссиясы мен криминалист-сарапшылар дайындайтын Қазақстан Республикасы IIМ-гi жоғарғы оқу орнының Мемлекеттiк емтихандау комиссиясы бередi.
5.1.3. Қазақстан Республикасы IIМ-нiң мамандық-сараптау комиссиясы криминалистикалық-сараптау орындарына сарапшы және басқару қызметiне тағайындалған қызметкерлерге, олар сынақтан өтсе және осы Нұсқауда көрсетiлген тәртiп пен емтихан тапсырса, сол орындарда жүргiзiлетiн сараптаулардың барлық түрiнен құқық бередi.
5.1.4. Қазақстан Республикасы IIМ-гi жоғарғы оқу орындарында мамандығын көтерген және емтиханды табысты тапсырған сарапшыларға сараптауды жүргiзу құқы, сол оқу орындарының ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы IIМ-гi мамандық-сараптау комиссиясының шешiмiмен берiледi.
5.1.5. Криминалистикалық-сараптау орындарының қызметкерлерiн оқыту Қазақстан Республикасы IIМ-гi мөлшерлеу актыларының талабына сәйкес iшкi iстер мекемелерiнiң қатарындағы және басқарушы құрамдағы кәсiби дайындау жүйесi бойынша жүргiзiледi.
5.1.6. Аға сарапшы (сарапшы) қызметiне тағайындалғандар, әйтседе дайындығын немесе криминалистикалық-сараптау орындарындағы жұмыстан практикалық тәжiрибесi жоқтар, мiндеттi түрде сарапшылық немесе алғашқы дайындықтан өткiзiледi. Ол былай iске асырылады:
5.1.6.1. Өз қызмет орнында бастығының немесе тәлiмгердiң тiкелей басшылығымен өзiнше оқу жолымен.
5.1.6.2. Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КСБ-да немесе IIМ-нiң оқу орындарында.
5.1.7. Өзiнше Қазақстан Республикасы IIМ-нiң бекiткен сарапшыларды дайындау бағдарламасына сәйкес криминалистикалық-сараптау орнының бастығы ұсынған жеке-дара жоспармен iске асырылады. Жоспарда оқып-үйренетiн тақырыптар мен практикалық жұмыстар көрсетiлуге тиiстi. Сондай-ақ жоспардың әрбiр тарауының нақтылы орындалу мерзiмi белгiленедi.
5.1.8. Сараптаушылық дайындығы жоқ қызметкерге тәжiрибелi қызметкерлердiң iшiнен тәлiмгер-сарапшы бекiтiледi. Тәлiмгер бекiтiлген қызметкердiң жеке-дара оқып-үйрену жоспарын жасауға мiндеттi; оның теориялық курсты меңгеруiне және криминалистикалық техникамен жұмыс iстеуге дағдылануына көмек көрсетедi; үйретудiң жеке-дара жоспарының орындалуына бақылау жасайды; оның жүрiсi жайлы бастыққа баяндап тұрады. Тәлiмгер үйренушiнi сараптауларды жүргiзуге және басқа жұмыстарға баулыйды.
Ескерту:
Осы жағдайларда сарапшы қорытындыларының копиясына қолды тәлiмгер мен үйренушi сарапшы-сыналушы қояды.
5.1.9. Сарапшыларды қайта дайындау КСБ-сы мен Қазақстан Республикасы IIМ-гi оқу орындарының негiзiнде жүзеге асырылады. Ол Қазақстан Республикасы IIМ-гi КСБ-сы мен КООББ-сы бiрiгiп бекiтетiн оқу бағдарламалары бойынша iстеледi.
5.1.10. Кәсiби бiлiмдi көтеру заттай айғақтарды зерттеуге жаңа әдiстемелердi үйрену немесе сараптаулардың басқа түрлерiн жүргiзуге құқық алу үшiн ұйымдастырылады. Осы мақсатта сарапшылар Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КСБ-ны немесе IIБ, ТIIБ-ның криминалистикалық-сараптау орындарына, басқа министерстволар мен ведомстволардың курстарына жiберiледi.
5.1.11. Мерзiмдi сынақ (стажировка) жеке-дара түрде Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КСБ-да немесе осы басқарманың белгiлеуi бойынша IIБ, ТIIБ-ның криминалистикалық-сараптау орындарында өтедi (5, 5 а қосымша). Негiзгi бөлiмдерде солардың үлесiндегi iшкi iстер мекемелерiнiң арнаулы лабораторияларының сарапшылары сыналады. Мерзiмдi сынаққа аға сарапшы (сарапшы) қызметiне жаңадан алынғандар, сараптау жүргiзу құқы жоқтар-жiберiледi.
Сараптау қызметiне жаңадан алынғандар мерзiмi сынаққа тек жеке-дара дайындықтан өткеннен кейiн жiберiледi.
5.1.12. Мерзiмдi сынақтың мазмұны Қазақстан Республикасы IIМ-гi КСБ-сы сомадағы сарапшыларды жеке-дара дайындау үстiндегi бағдарламада анықталады. Сынақ мерзiмi - 30 күнге дейiн.
Сынақты ұйымдастыру сынақ өтетiн криминалистикалық-сараптау орнының бастығына жүктеледi.
5.1.13. Азық-түлiктi зерттеу лабораториясына сарапшы қызметiне тағайындалған, сараптау жүргiзуден практикалық дағдысы жоқ адам үшiн, сынақ екi рет ұйымдастырылады.
Бiрiншi сынақты ол жергiлiктi тазалық сақтау - iндет станциясының азық-түлiктердi зерттеу лабораториясында, екiншiсiн - Қазақстан Республикасы IIМ-гi КСБ-ның криминалистикалық-сараптау бөлiмiне өтедi.
5.1.14. Криминалистикалық-сараптау орындарының басшылары оқу орындары мен мерзiмдi сынақтарға шақыру туралы тапсырысты Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КСБ-сы жылына бiр рет 1 шiлдеге қарсы жiберiп тұрады.
5.1.15. Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КСБ-сы түскен тапсырыстар негiзiнде мерзiмдi сынақтың жоспарын жасап оны iшкi iстер министрлiгiнiң басшысына бекiттiредi. Жоспардың копиясы барлық мүдделi IIБ, ТIIБ-на жiберiледi. Ол қызметкерлердi сынаққа жiберудiң арқауы болады.
5.1.16. Мерзiмдi сынақтың жоспарына лайық криминалистикалық-сараптау орнының басшысы сынақтан өткiзетiн орынға жолдама жiбередi. Онда сарапшының аты-жөнi, атағы, қызметi, оны iстеу мерзiмi және ол орындаған сараптаулардың түрлерi көрсетiледi. Жолдамаға сынақтан өтушi жүргiзген зерттеулердiң копиялары (фототаблицасымен бiрге) тiркеледi. Жолдаушы бастық осы қорытындылардың копиясын куәландыруға тиiс.
Сараптау жүргiзуден құқық алушы қызметкер орындаған сараптаулардың әрбiр түрiнен кем дегенде бес қорытындының копиясын жiбередi.
5.1.17. Сыналушыға басшылық етуге сараптау жұмысында бес жылдан артық жұмыс iстеген қызметкер тағайындалады. Ол сыналушы меңгеруге тиiстi сараптаулардың түрлерiмен маман болуы керек.
5.1.18. Басшылық етушi:
5.1.18.1. Сыналушымен бiрге оның жеке дара жоспарын түзедi, онда жұмыс мазмұны, оның орындалу мерзiмдерi көрсетiледi. Жоспар криминалистикалық-сараптау орнының бастығы бекiткен соң орындалу бақылауына алынады (6 қосымша).
5.1.18.2. Сыналушыға тиiстi практикалық және әдiстеме көмегiн көрсетедi, оның қорытындыларының копиясын сипаттайды, жұмысын бағалап, мерзiмдi сынақтан нәтижесi бойынша қорытынды шығарып, сараптаулардың қайсы бiр түрлерiн жүргiзуге рұқсат бередi (7 қосымша).
5.1.19. Сыналушы сынақтан өтер мерзiмде өзi хұқық алатын түрлерi бойынша бестен артық зерттеу жүргiзедi, оқиға орындарын қарауға және тергеу қимылдарына қатысады.
Сынақ мерзiмi бiткен соң сыналушы бiтiрген жұмыстарының есебiн және Қазақстан Республикасы IIМ-гi бекiткен жеке-дара үйрету жоспарының тиiстi тарауының көлемiнде емтихан тапсырады.
5.1.20. Емтиханның құрамын Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрi бекiткен үздiксiз iстейтiн емтихан комиссиясы қабылдайды.
Комиссия криминалистикалық-сараптау орнының басшысы (бастық) және үш қызметкерi (мүшелерi) кiредi.
Емтихан комиссиясы емтиханның нәтижесiн хаттамамен бекiтедi (8 қосымша).
5.1.21. Қазақстан Республикасы IIМ-гi мамандық-сараптау комиссиясының шешiмi сараптаулардың бiр немесе барлық түрлерiн жүргiзу хұқынан олардың өрескел бұзған мына жағдайларда ғана айырады:
- қылмыс-iсiн жүргiзу заңдылығын бұзса;
- заттай айғақты зерттеу әдiстемесiнен қателiк жiберсе.
5.1.22. Қазақстан Республикасы Жоғарғы мектебiнiң криминалистикалық-сараптау бөлiмшесiн бiтiрiп, криминалистикалық-сараптау орнына қызметке келгендер, оқиға орындарын маман ретiнде жеке-дара қарауға қатысуға, жұмыс орнында сынақтан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.
5.1.23. Арнайы дайындықсыз сарапшы қызметiне тағайындалғандар оқиға орындарын маман ретiнде қарауға, тергеу iс-қимылдарына, iздеу орындарының тапсырмасы бойынша криминалистикалық әдiстер мен құралдарды қолдануға жеке дара қатысуға тек заң негiздерi мен осы жайлы әдiстеме материалдарын оқып-үйренген соң және практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында сынақтан өткен соң ғана жiберiледi. Емтихан нәтижелерi хаттамаға (9 қосымша) түсiрiлiп қызметкердiң iс-папкасына тiгiледi.
5.1.24. Емтиханды ойдағыдай тапсырған қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi (10 қосымша).
5.2. Iшкi iстер мекемелерiнiң қызметкерлерiн
оқытуға қатысу
5.2.1. Криминалистикалық-сараптау орындарының қызметкерлерi iшкi iстер мекемелерi қызметкерлерiнiң техникалық-криминалистикалық дайындық деңгейiн көтеру мақсатында олардың жеке құрамын оқытуға қатысады. Сабақ Қазақстан Республикасы IIМ-гi дайындаған әдiстеме ұсыныстарына лайық тақырыптама бойынша жүргiзiледi. Криминалистикалық-сараптау орындарында, осы мақсатта, iшкi iстер мекемесi басшысы бекiткен жоспар бойынша тергеу мен шұғыл-iстер орындарының қызметкерлерi мерзiмдi сынақтан (3-5 күндiк) өткiзiледi. Криминалистикалық-сараптау органдарының мүмкiншiлiгiне байланысты топтама немесе жеке-дара сынақтар жүргiзiлуi де мүмкiн.
5.2.2. Оқытудың негiзгi үлесi криминалистикалық әдiстер мен құралдарды қолдануды шын-мәнге жақын жағдайда практикалық үйрету болмақ.
5.2.3. Сабақ беруге басқа министерстволар мен ведомстволардың мамандары да жегiлуi мүмкiн. Өткiзiлген сабақтар журналда тiркеледi (11 қосымша).
6. Криминалистикалық-сараптау орындарының
жұмыс жағдайын қамтамасыз ету. Тексеру
мен көмек беру, есепке алу және есептiлiк
6.1. Криминалистикалық-сараптау орындарының
материалдық-техникалық қамтылуы
6.1.1. Криминалистикалық-сараптау орындарын криминалистикалық техникамен, тұтыну материалдарымен, құрастыру, бұйымдарымен, жөндеу және құрастыруға арналған қосымша бөлшектермен, арнайы киiмдермен және қосымша киiм-кешекпен жабдықтауды белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасы IIМ-нiң Әскери және арнаулы жабдықтау басқармасы iске асырады.
Физикалық-химиялық, биологиялық және басқа арнаулы лабораториялардың жабдықтары мен аспаптары тиiстi мамандықтағы сарапшылары бар және құрамында оларды пайдалану үшiн қажеттi техникалық жағдайлар жасаған орындарға жеткiзiлiп тұрады.
6.1.2. Табельдiк тиесiлiкте көрсетiлген құрал-жабдықтар, аспаптар және құрастырғыш заттар Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КСБ-сы мен келiсiп жергiлiктi жерден тауып алынуы да мүмкiн.
Криминалистикалық-сараптау орындарына тұтыну материалдарын және химиялық ыдыстарды, осы мақсат үшiн бөлiнген қаржы көлемiнде жергiлiктi сауда ұйымдары арқылы сатып-алуына рұқсат етiледi.
6.1.3. Криминалистикалық-сараптау орындары IIМ-не, IIБ, ТIIБ-на, келетiн криминалистикалық техниканы, лаборатория жабдықтарын және тұтыну материалдарын бөлу iсiне араласады. Оларды алып келудi, сақтауды және берудi тиiстi шаруашылық орындары жүргiзедi.
6.1.4. Криминалистикалық-сараптау орындары қалауджел iшкi iстер мекемелерiнiң криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiндегi криминалистикалық техниканың пайдаланылуын ұйымдастыруды, түзулiгiн және әр уақытта пайдалануға дайындығын қамтамасыз етедi, техниканың сақталуы, техникалық күтiмнiң уақтылы жүргiзiлуi, жөнделуi, шығынға жiберiлуi, есеп және пайдалану құжаттар жайлы шаралар қолданады.
6.1.5. Қалауджел iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау орындарына тиiстi әрбiр техникалық құралдарға IIМ-де, IIБ-да, ТIIБ-да екi данадан есеп карточкасы толтырылады (12 қосымша). Оның бiреуi IIМ-нiң, IIБ-ның, ТIIБ-ның криминалистикалық-сараптау орнында сақталады, екiншiсi техникалық құралмен бiрге қалауджел мекемесiне берiледi.
6.1.6. Сарапшыға өзiнiң кәсiби мiндетiн атқару үстiнде химиялық, фотографиялық ыдыстарды және тетiктердi жуғаны үшiн IIМ-гi мекемелерi сметасынан криминалистикалық техниканың күтiлуiне бөлiнген қаржыдан, оның лайық еңбек ақысының 10% мөлшерiнде төленедi. Арнайы киiмдердiң, еңбек келiсiмi бойынша немесе тұрмыстық ұжымдарда жуылуы, Қазақстан Республикасы IIМ-гi мекемелерiнiң сметасы бойынша бөлiнген қаражат есебiнен өтеледi.
Сараптаулар мен зерттеулер қажетiне әрбiр алынатын қан үшiн мөлтекдонорларға төлем Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлiгiнiң хатына лайық өтеледi.
Анықтамалардың, оқулықтардың төлемi Қазақстан Республикасы iшкi iстер мекемелерiнiң сметасынан арнайы кiтаптар алуға бөлiнген қаржы есебiнен өтеледi.
6.1.7. Анықтама коллекциялары үшiн алынатын нысандарға - отты және суық қаруларға, оқ-дәрiге, аяқ киiмге, полиграфиялық тәсiлмен жасалған құжаттар бланктарына және т.б. деген шығын Қазақстан Республикасы IIМ мекемелерi сметасының қаражатына жатқызылады.
6.2. Еңбек жағдайлары, лабораторияларды жабдықтау
талаптары және қауiпсiздiк техникасы
6.2.1. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң жабдықтары қауiпсiздiгi мен бұзылмауын қамтамасыз ететiн, тиiстi құрылыс мөлшерлерi мен жол-жобасының талаптарын қанағаттандыратын жайларға орналастырылады.
6.2.2. Фотолаборатория үшiн және химиялық, азы-түлiктiк, биологиялық, тағы басқа арнайы зерттеулер жүргiзу үшiн бөлек жайлар бөлiнедi. Шын мәнiндегi қажеттiлiкке сәйкес олардың iшiнде сыналар ескерiледi.
- энергожабдық (ауыспалы және тұрақты ток);
- сығымдалған ауаны вакуум мен газды, суық және ыстық суды енгiзу;
- электромагниттiк қоршаудан, дiрiлдеуден, шудан сақтау;
- электрдi жерге қосу;
- жергiлiктi желдеткiш, ауа тартатын шкафтан ауаны сорғызу үшiн (жалпы тартқыштан бөлек).
Рентген аппараттары мен физикалық-ядроны зерттеу жабдықтары жұмыс iстейтiн жайларда сәуледен қорғау қамы жасалады.
6.2.3. IIМ, IIБ, ТIIБ-сы криминалистикалық-сараптауға түскен отты қарулардан тәжiрибелiк атқылау үшiн тирмен қамтамасыз етiледi. Ол үйдiң астында немесе баса бөлiгiнде, терезелерi жоқ оқшау орналасқан жайда жабдықталады.
Тир салынғанда мыналар қамтылады:
- оқтың тайғақтауын болдырмау үшiн дуалдары ағашпен қаптау;
- құрылыс мөлшерiне және жөн-жобасына лайық бөлменi акустикалық өңдеу;
- бөлменi оқ-дәрiнiң газынан тазарту енгiзе-тартатын желдеткiш орнату;
- қорғау мен өрттен сақтауды хабарлау жүйесiн, өрт өшiру құралдарын орналастыру.
Тирдiң жабдықтары: атыс қондырғысы, оқ-қабылдайтын, оқ ұстағыш, қару бөлшектейтiн және тазалайтын стол, сарапшы столы, телефон, МБС-2 үлгiлi микроскоп, дәрi-дәрмек құрамы.
6.2.4. Транспорт құралдарын, олардың агрегаттарын, механизмдерiн, ара-байланыстарын, бөлшектерiн зерттеу үшiн автотехникалық сараптаулар жүргiзiлетiн қосымша жайлар бокстар қарастырылады. Бокстың құрылысы транспорт құралының кез-келген үлгiсiнiң (тiркеме мен қалалық электротранспортсыз еркiн енуiн және орналасуын, жинау, бөлшектеу жұмыстарын жүргізу мүмкiншiлiгiн қамтамасыз етуi керек. Бокске электроэнергия, су, жылу жүргiзiледi.
Табель тиесiлiгiне лайық боксты жабдықтауға арнайы диагностикалық, көтерiп тасу тағы басқа саймандар кiредi.
6.2.5. Әрбiр криминалистикалық-сараптау орындарында жалпылама белгiлi жерде мыналар сақталады:
- дәрi-дәрмек пен таңып байлау заттары салынған қобдиша;
- өрт өшiру құралдары;
- электр тоғы ұрудан сақтандыру құралдары (айырушы төсегiштер, кiлемдер, резинкалы қолғаптар, калоштар);
- әрбiр жеке жабдықта iстеуде сақтандыру техникасы жайлы нұсқау және қауiпсiздендiру техникасы мен тазалық сақтаудың анықтамасы.
Химиялық заттар, иондалған сәуле көздерi мен жұмыс iстейтiн арнайы физикалық-химиялық және физикалық-ядролық лабораториялар жекелеген құралдармен жабдықталады.
6.2.6. Криминалистикалық-сараптау орындары қызметкерлерiнiң мiндетi:
6.2.6.1. Электр саймандарын, рентген жабдықтарын және басқа аппаратураны пайдаланғанда химиялық, оның iшiнде улы, жарылғыш және өртке қауiптi заттармен сайман, сығымдалған немесе сұйытылған газы бар баллондармен сол сияқтыларды пайдаланғанда, сақтандыру техникасының күшiнде тұрған мөлшерлерiн және жөн-жобасын бiлу және орындау.
6.2.6.2. Мемлекеттiк немесе ведомстволық, сондай-ақ метрологиялық тексеруден өтпеген саймандармен, жабдықтармен және басқа аппаратурамен жұмыс iстеуге кiрiспеу. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi ақаулар байқалған жағдайда қауiпсiздендiру техникасының жөн-жоба көлемiнде оларды жою шараларын қолдану.
6.2.6.3. Өрттен сақтанудың жөн-жобасын сақтау, өрт өшiру саймандарын пайдалана бiлу.
6.2.6.4. Сәтсiздiк жағдайда бiрiншi, дәрiгерге дейiнгi, көмектiң тәсiлдерiн үйрену.
6.2.6.5. Қауiпсiздендiру техникасы, еңбек тазалығы, өрттен сақтау жөнiнде жүйелi нұсқау алып тұру.
6.2.7. Криминалистикалық-сараптау орындарының қызметкерлерi техникалық құралдармен жұмыс iстеуге қауiпсiздiк техникасын бiледi деп есептегеннен кейiн ғана жiберiледi.
Әрбiр криминалистикалық-сараптау орында қауiпсiздендiру техникасы бойынша шараларды есепке алу журналы жүргiзiледi.
6.2.8. Қызметкердi еңбекке жарамсыз еткен өндiрiстiк жарақат жөнiнде тездетiп Қазақстан Республикасы КСБ-на хабарланады.
6.3. Криминалистикалық-сараптау орындарының жұмысын
тексеру және оларға көмек көрсету
6.3.1. Iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау орындарының жұмысын тексеру және көмек көрсету мақсатында IIМ, IIБ, ТIIБ-ы криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң қызметкерлерi жұмыс жоспарына сәйкес сол жерлерге шығып тұрады.
6.3.2. Тексеру кезiнде мыналарды зерттеп бiледi:
6.3.2.1. Бұйрықтар мен жарлықтардың талаптарының орындалуы жайлы жұмыстың, қылмыстардың алдын-алу, оларды анықтау, ашу және тергеуге соңғы нәтижеге жету үшiн криминалистикалық әдiстермен құралдарды тиiмдi пайдалануды ұйымдастырудың қалi.
6.3.2.2. Криминалистикалық-сараптау орындарында жұмыстың тиiмдiлiгi мен сапасы жайлы мәлiметтер: тергеу iс-әрекетiн жүргiзуде қызметкерлердiң маман ретiнде қатысуларының нәтижелiлiгi; криминалистикалық картотекалар мен коллекцияларды пайдаланудың тиiмдiлiгi; сараптаулар мен зерттеулердiң нәтижелiлiгi; орындалу мерзiмi, сапасы; алдын-алу жұмыстарының мазмұны мен нәтижелiлiгi; өзге криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң озық тәжiрибесiн үйрену мен қабылдаудың қалi.
6.3.3. Кемшiлiктер анықталса олардың себептерi ашылады, тексерiлген бөлiмнiң бастығына оларды жоюдың көмегi көрсетiледi.
6.3.4. Тексеру қорытындысы жайлы мәлiмет жазылады, онда мыналар көрсетiледi:
6.3.4.1. Криминалистикалық-сараптау бөлiмшесiнiң тексерiлген мерзiмдегi жұмысының нәтижесi туралы мәлiмет.
6.3.4.2. Тексеру барысында анықталған кемшiлiктер және олардың себептерi.
6.3.4.3. Криминалистикалық-сараптау бөлiмшесi мен басшысының жұмысты ұйымдастыруы жайлы баға.
6.3.4.4. Жұмысындағы озық тәжiрибе және оны тарату жайлы ұсыныстар.
6.3.4.5. Сол жерде қолданылған шаралар және кемшiлiктердi болдырмау бағыттағы iстелген жұмыстар.
Мәлiметке iшкi iстер мекемесiнiң басшысымен келiсiлген-анықталған кемшiлiктердi жою жайлы ұсыныстар тiркеледi.
6.3.5. IIМ, IIБ, ТIIБ-ның тергеу мен шұғыл-iздеу орындарына және iшкi iстер бөлiмдерiне криминалистикалық әдiстер мен құралдарды пайдалануды ұйымдастыру жайлы көмек желiлiк-зоналық көзқарас бойынша iшке асырылады. Тиiстi бөлiмшенiң немесе iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiн, оған бекiтiлген сарапшы қылмыспен күрестегi криминалистикалық-сараптау орындарының мүмкiндiктерi жайлы хабардар етiп тұруды, оларды криминалистикалық-техникалық жағынан дайындауға қатысады, заттай айғақтарды iздеп-табу, бекiту, зерттеудегi озық тәжiрибенi олардың жұмысына сiңiруге жәрдемдеседi.
Ескерту:
Сан-құрамында үштен кем адамы бар криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерiне ондай сарапшы бекiтiлмейдi.
6.3.6. Тексерiлетiн бөлiмшелерге жәрдем сол жердiң өзiнде мына бағытта жүргiзiледi:
6.3.6.1. Криминалистикалық картотекалар мен коллекциялар бойынша тексерулер ұйымдастыру.
6.3.6.2. Аса күрделi сараптаулар мен зерттеулердi жүргiзу.
6.3.6.3. Бақылаушы ретiнде оқиға орнына бару, жергiлiктi маманның әрекеттерiн талқылау.
6.3.6.4. Сарапшылардың қорытындыларын сипаттамалау.
6.3.6.5. Заттай айғақтарды iздеп-табудың, орнықтырудың, iске тiркеудiң және зерттеудiң жаңа тәсiлдерiн, криминалистикалық құралдар мен әдiстердi пайдаланудың озат тәжiрибелерiн үйрету үшiн сабақтар өткiзу.
6.3.6.6. Криминалистикалық-сараптау бөлiмшесiнiң жұмысты ұйымдастыруды жақсарту жайлы шараларын сомдау.
6.3.7. Көрсетiлген жәрдем туралы мәлiметте жолсапарда iстелген iстер, сондай-ақ криминалистикалық-сараптау бөлiмшесiнiң жұмысын жандандыру шараларының тiзiмi көрсетiледi.
6.4. Жұмысты есептеу
6.4.1. Криминалистикалық-сараптау орындарында жұмысты есептеу үшiн мынадай тiркеу журналдары жүргiзiледi:
6.4.1.1. Криминалистикалық сараптау бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң оқиға орнын қарауға маман ретiнде қатысуы (1 қосымша.)
6.4.1.2. Криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң тергеу қимылдарына қатысуы, шұғыл-iздеу орындарының тапсырмасы бойынша криминалистикалық құралдар мен әдiстердi қолдануы (2,3 қосымшалар).
6.4.1.3. Сараптауға, зерттеуге түскен материалдар (4 қосымша).
6.4.1.4. Картотекаға, коллекцияға салынған нысандар (есептеу жұмысы жайлы Нұсқауды қараңыз).
6.4.1.5. Криминалистикалық картотека және коллекция бойынша тексеру. Онда iстiң қысқаша мән-жайы, қашан, қайдан, қандай, қанша нысан, тексерудiң қорытындысы көрсетiледi (әр есеп түрi бойынша еркiн үлгiде жүргiзiледi).
6.4.1.6. Фотожұмыстары мен фотоматериалдардың шығыны. (13 қосымша).
7. Криминалистiк-сараптау орындарының
ғылыми-зерттеу iстерi
7.1. Қылмыстың алдын-алу, оны ашу және тергеуде айғақ-дәлелдердi iздеп-табу, бекiту, iске тiркеу және зерттеу үшiн криминалистикалық әдiстер мен құралдарды қолдану проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер мен талдау жүргiзудi ұйымдастыру.
7.2. Соттық, криминалистикалық-сараптаулардың, жаңа әдiстерiн және соттық дәлелдердi зерттеу әдiстемелердiң теориялық проблемаларын талдап-сомдауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстар.
7.3. Iздеу және жанама ғылыми-зерттеулердi орындау бағыттары:
- қылмыстарды ашуда криминалистикалық картотекалар мен коллекцияларды жүргiзу және пайдалану;
- тергеу әрекеттерi мен шұғыл-iздеу шараларын криминалистикалық-техникалық жағынан қамтудағы криминалистикалық сараптау үлгiлерi мен әдiстерiн жетiлдiру.
7.4. Iшкi iстер мекемелерiнде, қылмыспен күресудi криминалистикалық-техникалық жағынан қолдану үшiн әдiстер мен құралдар жасауға қажет ғылыми-зерттеулер және конструкторлық-тәжiрибе жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестiру.
7.5. Iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау орындарында дайын болған ғылыми-талдауларды автордың қатысуымен практикаға енгiзу.
7.6. Криминалистикалық-сараптау орындарының жұмыс бағыттары бойынша ғылыми кадрлар дайындауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының өзге министрлiктерiнiң, ведомстволарының ғылыми-зерттеу институттарымен, мекемелерiмен және лабораторияларымен, сондай-ақ шетел ұйымдарымен өз көрiнiстерi бойынша, ғылыми-техникалық қызметтестiктi жүзеге асыру.
7.7. Соттық сараптау және тергеу қимылдары мен шұғыл-iздеу шараларын криминалистикалық-техникалық қамту мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесi жайлы әдiстеме-оқулық, ұсыныстар, мақалалар, ақпарат материалдарын шығару.
Конференциялар, ғылыми-практикалық семинарлар, жиналыстар өткiзу.
Нұсқауға
1 қосымша
Криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң
оқиға орындарын қарауға маман ретiнде қатысуын тiркейтiн
Журнал
_________________________________________________________________
Рет |Қарау жүргi.|Қарау жүргi.|Қатысқан тергеу|Қылмыстың құрамы
NN |зiлген күн, |зiлiген орын|шұғыл-iс топта.|немесе оқиғаның
|ай, жыл | |рының фамилия. |мән-жайы, қылмыс
| | | лары |iсiнiң NN
_________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қандай зат. |Қылмыс|Заттай айғақтар.|КСБ бастық.| Тергеу |Ескерту
тай айғақтар|iсiнiң|дың зерттелу нә.|тарының ба.|нәтижелерi
тәргiлендi |реттiк|тижесi қорытын. |қылауға шы.|қылмыс |
(алынды) |саны |дының(анықтама. |ғуы.Қарау. |ашылды, |
| |ның) N және оның|дың сапасы |қылмыс iс|
| |қылмыс тергеу. |жайлы пiкiрiқозғалма.|
| |дегi маңызы | | ды |
_________________________________________________________________
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11
_________________________________________________________________
Нұсқауға
2 қосымша
Криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерi
қызметкерлерiнiң тергеу қимылдарын жүргiзуге
маман ретiнде қатысуын тiркейтiн
Журнал
_________________________________________________________________
Рет |Тергеу қимылы.|Тергеу қимылы|Тергеу қимылы |Тергеу қимылын
NN |ның аты |жүргiзiлген |жүргiзiлген |жүргiзуге жауапты
| |күн, ай, жыл | орын |мен қатысқан
| | | |маманның фамилия.
| | | |лары
________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қылмыстың құра.|Тергеу қимыл.|Қандай зат.|Заттай айғақтар.|Ескер.
мы немесе оқи. |дарының бары |тай айғақ. |дың сараптауға |ту
ғаның мән-жайы,|сында маман |тар тәргi. |немесе зерттеуге|
қылмыс iсiнiң N|қандай әрекет|лендi және |түскенi жайлы |
|тер жасады |кiмге жiбе.| мағлұмат |
| |рiлдi | |
_________________________________________________________________
6 | 7 | 8 | 9 | 10
_________________________________________________________________
Нұсқауға
3 қосымша
ҚҰПИЯ
(толтырылғанда)
Криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң
шұғыл-iздеу шараларына қатысуын тiркейтiн
Журнал
_________________________________________________________________
Рет |Шұғыл-iздеу шарасы.|Шұғыл-iздеу есебiнiң|Шұғыл-iздеу шарасын
NN |ның жүргiзiлген күнi iс N, iстiң аты |жүргiзуге жауапты
|айы, жылы |немесе шұғыл-iздеудiң кiсi мен қатысқан
| |мәнiсi |маманның
| | |фамилиялары
_________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Iске асырылатын | Iздеу шарасының |Маманның шұғыл-iздеу|Ескерту
шұғыл-iздеу |барысында маман |шарасына қатысқандығы
шарасының |қандай әрекеттер | нәтижесi |
мән-жайы |жасады | |
_________________________________________________________________
5 | 6 | 7 | 8
_________________________________________________________________
Нұсқауға
4 қосымша
Сараптауға және зерттеуге түскен материалдарды
тiркейтiн
Журнал
_________________________________________________________________
Рет NN Сарап.|Түскен күнi|Материал.|Қылмыстың|Сараптаудың|Сарап.
тау мен зерт.|айы, жылы |дар қайдан құрамы, |(зерттеудiң)тауға
теудiң қатар | |келдi |iс нөмерi|түрi |не түстi
саны | | |(қылмыс. | |(зерт.
| | |тың шұғыл. |теуге)
| | |iс есебi.| |
| | |нiң) | |
_________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Сараптауды|Қысқаша| Қылмыс |Сараптау нәти.|Шығатын құжат.|Ескерту
(зерттеудi)қорытын.жасауға |жесi қылмысты |тың N күнi,айы,
орындаған |дылар |қатысты |ашуға мүмкiн. |жылы немесе |
сарапшының| |адамдар |дiк бердi ме |қорытындыны |
аты-жөнi, | |анықтал.| әлде жоқ па |(мәлiметтi) |
фамилиясы | |ды | |заттай айғақты|
| | | |алғаны жайлы
| | | | қолы |
_________________________________________________________________
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12
_________________________________________________________________
Нұсқауға
5 қосымша
Сараптау жүргiзудiң құқын алуға дайындау
үшiн сарапшыларды мерзiмдi сынақтан өткiзуге
рұқсат берiлген iшкi iстер мекемелерiнiң
Тiзiмi
________________________________________________________________
Рет N | IIМ-нiң аттары | Сараптаудың түрлерi
________________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасы IIМ Криминалистикалық және арнайы
сараптаулардың барлық түрi
2. Алматы қаласының IIББ Оқиға орындарын қарау, суық
қаруды зерттеу, дактилоскопиялық,
трасологиялық, баллистикалық,
физикалық, химиялық
3. Ақмола облысы IIБ Оқиға орындарын қарау, суық
қаруды зерттеу, дактилоско.
пиялық, биологиялық
4. Батыс-Қазақстан облысы IIБ Оқиға орындары қарау, суық
қаруды зерттеу, дактилоко.
пиялық физикалық-химиялық
5. Қарағанды облысы IIБ Оқиға орындарын қарау, суық
қаруды зерттеу, дактилоско.
пиялық, химиялық, азық-
түлiктiк
6. Павлодар облысы IIБ Оқиға орындарын қарау, суық
қаруды зерттеу, дактилоско.
пиялық трасологиялық
7. Шығыс-Қазақстан облысы IIБ Оқиға орындарын қарау, суық
қаруды зерттеу, дактилоско.
пиялық, трасологиялық,
азық-түлiктiк
8. Шымкент облысы IIБ Оқиға орындарын қарау, суық
қаруды зерттеу, дактилоско.
пиялық, трасологиялық
Нұсқауға
5а қосымша
IIМ, IIБ бiрлескен (негiзгi) криминалистикалық-сараптау
бөлiмдерiнiң және олар қызмет көрсететiн iшкi iстер
мекемелерiнiң
Тiзiмi
_________________________________________________________________
РетNN| Бiрлескен лабораториялар | Қызмет көрсетiлген
1. Қазақстан Республикасы IIМ, Қазақстан Республикасы IIМ
техникалық жару лабораториясы Алматы қаласының IIББ
Ақтөбе облысының IIБ
Алматы облысының IIБ
Атырау облысының IIБ
Жамбыл облысының IIБ
Қызыл-Орда облысының IIБ
Маңғыстау облысының IIБ
Талдықорған облысының IIБ
Батыс Қазақстан облысының IIБ
Оңтүстiк Қазақстан облысының
IIБ
2. Қарағанды облысының IIБ, Қарағанды облысының IIБ
техникалық жару лабора. Шығыс-Қазақстан облысының IIБ
ториясы Жезқазған облысының IIБ
Көкшетау облысының IIБ
Қостанай облысының IIБ
Павлодар облысының IIБ
Солтүстiк-Қазақстан облысының
IIБ
Семей облысының IIБ
Торғай облысының IIБ
Ақмола облысының IIБ
3. Қазақстан Республикасы IIМ, Қазақстан Республикасы IIМ:
бiрлескен: ботаникалық, Барлық IIБ-лары, ТIIБ.
топырақтану, дыбыс жазу
лабораториялары
Нұсқауға
6 қосымша
_____________________________________________________________
(министерствоның немесе iшкi iстер басқармасының аты)
Криминалистикалық бөлiмде ___________________________________
_____________________________________________________________
(атағы, фамилиясы, аты-жөнi)
Сынақтан өткiзу______________________________________________
Жоспары
Сынақ мерзiмi 19___ж. __________________19___ж____________
дейiн
_______________________________________________________________
Рет| Жұмыстардың | Сағат саны | Жұмыстың орындалуы және оның
NN| мазмұны | (шамамен) |бағасы туралы сынақ жүргiзуге
| | |жауапты кiсiнiң белгiсi
_______________________________________________________________
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
| | |
Сынақ жүргiзуге жауапкер__________________________
Сыналушы___________________
"Келiсемiн"
Бастық_____________19__ж________________________
Нұсқауға
7 қосымша
Сынақ нәтижелерiнiң
Қорытындысы
19__ж______________________ ________________________қаласы
_____________________________________________________да(де)
19__ж_______________нан(нен)19__ж___________________дейiн
____________________________________________________________
(жұмыс орны, қызметi, атағы, фамилиясы, аты-жөнi)
_______________________________________________сынақтан өттi.
Сынақ кезiнде _______________________жолдас ________________
____________________________________________________________
(сараптаулар мен зерттеулер көрсетiледi)
____________________________________________________________
__________________________________________________жүргiздi
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
__________________________жолдас сараптаулардың мына түрлерiн
жүргiзуге теориялық бiлiмi және практикалық қабiлетi жетедi:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Ескертулер мен ұсыныстар:______________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Сынақ жүргiзуге жауапкер____________________
Келiсемiн
Бастық_____________ 19__ж___________________
Нұсқауға
8 қосымша
Емтихан комиссиясы мәжiлiсiнiң
Х А Т Т А М А С Ы
19__ж_____________________ ___________________________қаласы.
Емтихан комиссиясы:______________________________________
(бастық)
______________________________________________________________
(мүшелерi)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(жұмыс орын, қызметi, атағы, фамилиясы, аты-жөнi)
______________________________________________________________
жолдастан емтихан қабылдады.__________________________________
_____________________________________жолдастың бiлiмi мынадай:
Соттық фотографиядан_____________________________________
Дактилоскопиядан_________________________________________
Қолжазба сараптаудан_____________________________________
Құжаттарды техникалық зерттеуден_________________________
Трасологиядан (iз жүргiзуден)____________________________
Соттық баллистикадан_____________________________________
Емтихан комиссиясының бастығы____________________________
Мүшелерi:_________________
_________________________
_________________________
_________________________
_________________________
Нұсқауға
9 қосымша
Емтихан комиссиясының
Х А Т Т А М А С Ы
19___ж__________________________
Емтихан комиссиясы:_____________________________________
(криминалистикалық-сараптау бөлiмiнiң
аты)
______________________________________________________________
(бастық - оның фамилиясы, аты-жөнi, атағы)
______________________________________________________________
(мүшелер - фамилиялары, аттары, жөндерi, атақтары)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
__________________________________________________жолдастан
(қызметi аты-жөнi, фамилиясы, атағы)
құқықтық курс, криминалистикалық-мамандық теория, практикалық
жағынан дайындау жайлы емтихан алды.
жолдас мынадай бiлiмдiлiк көрсеттi: _________________________
Қылмыс iстерiн жүргiзу заңдарының
негiзiнен _________________________
(бағасы)
Оқиға орындарын қарауға, басқадай
тергеу қимылдарына теориялық
және практикалық қатысудан _________________________
Шұғыл-iздеу бөлiмдерiнiң тапсыруы
бойынша криминалистикалық әдiстер
мен құралдарды теориялық және
практикалық қолданудан _________________________
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Емтиханның нәтижесiне сүйенiп, _________________________
жолдасқа оқу орындарын қарауға, басқадай тергеу қимылдарына
жеке-дара қатысуына, шұғыл-iздеу бөлiмдерiнiң тапсыруы бойынша
криминалистикалық әдiстер мен құралдарды қолдануға рұқсат
етiледi.
Комиссия бастығы ___________________
Комиссия мүшелерi ___________________
Нұсқауға
10 қосымша
К У Ә Л I К
Қазақстан Республикасының IIМ
К У Ә Л I К
N
Жолдас
Қазақстан Республикасының IIМ мамандық-сараптау
комиссиясының шешiмiмен мына ______________________________
___________________________________________________________
__________________________сараптауды жүргiзуге ерiк берiлдi.
Комиссия төрағасы
М.О.
Хатшы
19__ж.____________________
Алматы қаласы Тiркеу N_______________
_______________________________________________________________
____________________________сараптауды жүргiзуге ерiк берiлдi.
Комиссия төрағасы
М.О.
______________________19__ж.г.
Алматы қаласы Тiркеу N____________
_______________________________________________________________
____________________________сараптауды жүргiзуге ерiк берiлдi.
Комиссия төрағасы
М.О.
Хатшы ______________________19__ж.г.
Алматы қаласы Тiркеу N____________
Нұсқауға
11 қосымша
Iшкi iстер мекемелерiнiң қызметкерлер құрамы
мен өткiзiлген сабақтарды тiркеу
Журналы
_________________________________________________________________
Рет | Сабақ өткiзiл.|Сабақ өткiзiл.| Сабақ | Сабақ | Жұмсалған
NN |ген күн, ай,жыл|ген орын |тақырыбы| өткiзу |сағат саны
_________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
_________________________________________________________________
_________________________________________________________
Сабақ кiмдер |Сабаққа | Сабақты өткiзушiнiң | Ескерту
үшiн жүргi. |қатысқан.|фамилиясы, аты-жөнi |
зiлдi |дар | |
_________________________________________________________
7 | 8 | 9 | 10
_________________________________________________________
Нұсқауға
12 қосымша
_______________________________________________________________
(iшкi iстер мекемесiнiң аты)
Есеп карточкасы
_______________________________________________________________
(техникалық құралдардың аттары - аспап, аппарат,
_______________________________________________________________
машина, жабдық)
_______________________________________________________________
(техникалық құралдың нөмерi)
_______________________________________________________________
(техникалық құралдардың құрамына кiретiн түйiндер)
_______________________________________________________________
мен сәйкестiргiштердiң тiзiмi - объектив, штатив, саптама,
_______________________________________________________________
микрофон, т.с. олардың номерлерi)
_______________________________________________________________
(техникалық құралдардың, олардың құрамына кiретiн
_______________________________________________________________
түйiндер мен сәйкестiргiштердiң бағасы)
_______________________________________________________________
(iске қосылған күнi, айы, жылы)
_______________________________________________________________
(техникалық құралдың есептен шығарылған күнi, айы, жылы:
_______________________________________________________________
есептен шығару құжаттарының аты, номерi, күнi, айы, жылы)
Техникалық құралды
алушының қолы_______________
19____ж.________________
(Есеп карточкасының сыртқы жағы)
Техникалық құралдардың қимылы туралы мәлiмет
________________________________________________________________
Рет|Техникалық құрал.|Техникалық құрал.|Техникаға жауап.|Құралды
NN |дарды алған күнi,|ды алған мекеме.-|кер қызметкерлер.алушының
|айы, жылы |нiң аты |дiң фамилиясы, | қолы
| | |аты-жөнi, қызметi
_________________________________________________________________
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
Техникалық құралды жөндеу жайлы мәлiмет
_________________________________________________________________
Рет | Не жөнделдi | Кiм жөнделдi (күнi | Жөндеуге жауапты
NN | | айы, жылы) |қызметкердiң қолы
_________________________________________________________________
| | |
| | |
| | |
| | |
Нұсқауға
13 қосымша
Фотожұмыстар мен фотоматериалдардың шығынын тiркейтiн
Журнал
_________________________________________________________________
Рет NN (нега.|Тапсырманың түс.|Тапсырманы жiбер.|Жұмыстың мазмұны,
тивтiң архив.|кен күнi, айы, |ген iшкi iстер |шараның аты,
тiк N) |жылы және құжат.|мекеменiң аты, |(сараптау,тергеу
|тың кiрiс номерi|оның iшiнде жеке.|қимылы,шұғыл-іздеу
| |легенде кримина. |шарасы, шұғыл-іс
| |листика, милиция,|мақсатында көшір.
| |тергеу, МАИ, т.б.|мелер жасау т.б.)
_________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Жұмыс көлемi | Фотоматериалдар |Жұмыстың орындал.|Ескерту
_____________________|_________________|ған күнi,айы,жылы|
нысан.|жасал.|шыға. |фото.|фото. |қа. |(шығыс құжатының |
дардың|ған не|рылған |таспа|табақ.|ғаз |номерi немесе |
саны |гатив.|көшiр. | |ша | |алушының қолы |
| |мелер | | | | |
_________________________________________________________________
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12
_________________________________________________________________
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Қазақстан Республикасы IIМ-нiң
1993 жылғы 31 мамырдағы
N 210 бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы iшкi iстер мекемелерiнiң
криминалистикалық-сараптау орындарының
криминалистикалық-сараптаулар мен зерттеулер
жүргiзуi туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Iшкi iстер мекемелерiнiң криминалистикалық-сараптау орындарында <*> жүргiзiлетiн криминалистикалық-сараптаулар мен зерттеулер заңдылықты қатал сақтау негiзiнде қылмыстарды анықтау, ашу, тергеу және болдырмау мiндеттерiн атқарады.
Ескерту. <*> Әрi қарай "криминалистикалық орындар" деп аталады.
Ғылым мен техника саласында арнайы бiлiмдi меңгергендер сарапшы бола алады.
Iшкi iстер мекемелерiнiң криминалистикалық орындарында соттық сараптауларды жүргiзу құқын Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы iшкi iстер мекемелерi туралы" 1992 жылғы маусымның 23-гi N 1405-ХII заңы берген.
2. Iшкi iстер министрлiгi мекемелерiнiң жүйесiндегi криминалистикалық-сараптаулар мен зерттеулердi министрлiк аппаратындағы, iшкi iстер басқармаларындағы, қалалық, аудандық, желiлiк iшкi iстер бөлiмшелерiндегi криминалистикалық орындар (басқармалар, бөлiмдер, бөлiмшелер, топтар, лабораториялар) қылмыс iстер жүргiзу заңы, "Қазақстан Республикасы iшкi iстер мекемелерi туралы" заңы, Қазақстан Республикасы IIМ бұйрықтары және осы Ереже негiзiнде өзгерiссiз жүргiзедi.
Биологиялық автотехникалық, топырақтану, өрт-техникалық, жарылыс-техникалық, фонбейнетүсiру, азық-түлiк зерттеулерi бойынша материалдарды, заттарды, бұйымдарды және т.б., құрылымында осындай лабораториялары бар криминалистикалық орындар ғана жүргiзедi.
3. Қайталанған криминалистикалық-сараптаулар <**> IIМ-нiң криминалистикалық-сараптау басқармасында және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң соттық-сараптау Қазақ Ғылыми-зерттеу институтында жүргiзiледi.
Ескерту. <**> Келешекте тексте "сараптау" деп көрсетiледi.
4. Сараптаулар тергеушiнiң, прокурордың, алдын-ала тергеушiнiң қаулысы және соттың анықтамасы негiзiнде қылмыс iстерi бойынша жүргiзiледi.
5. Сараптауды тағайындаушы сараптау үстiнде нысанның алғашқы қалпы өзгерiлуi, едәуiр зақымдалуы, әлде бұзылып-жойылуы мүмкiн-ау десе, осыған жазбаша келiсiм беруге мiндеттi. Бұлай болмағанда сарапшы 3 күн iшiнде сараптауды тағайындаушыға хабарлауы, сараптауды тоқтата тұруы керек. Бiр ай мерзiмде жауап келмесе материалдар орындалмай керi қайтарылады.
6. Егер сараптауды тағайындаған кiсiнiң бiр қаулыдағы (анықтамадағы) сұрақтары әр түрлi сараптауларды қажет етсе, немесе сараптауға көп санды нысандар келiп түссе, криминалистикалық-сараптау бөлiмiнiң бастығы бiрнеше сараптаулар жүргiзудi ұйымдастырады. Белгiлi нысандарды бөлек зерттеу мақсатында бiрнеше сарапшыға тапсырады.
Зерттеу нәтижесi бойынша әр сарапшы бөлек актi жазады, топшылау мүмкiндiгiнiң жоқтығы жайлы да актi жазылады.
7. Тағайындалған сараптаудың түрi криминалистикалық-сараптау бөлiмiнде жүргiзiлмейтiн болса, немесе оны жүргiзушi маман, жабдық болмаса, бұл туралы оны тағайындаған кiсiге жедел хабар берiлiп, сараптау материалдары керi қайтарылады. Мұндай сараптаулар қай мекемеде жүргiзiлетiнi қоса хабарланады.
8. Егер сарапшы қосымша материалдардың қажеттiлiгi жайлы тоқтамаға келсе, криминалистикалық-сараптау бөлiмiнiң басшысымен келiсiп сараптауды тағайындаған жаққа сұрау салынады, ал сараптау мерзiмi қосымша материалдар келiп түскенше тоқтатыла тұрады. Олар бiр ай мерзiмде жеткiзiлмесе қолдағы материалдар орындалмай керi қайтарылады.
9. Сараптауларды IIМ-гi және Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгi мамандық-сараптау комиссияларының берген, осыларды жүргiзу құқы туралы куәлiктерi бар қызметкерлер жүргiзедi.
10. Сараптаулар, кешiктiрудi төзбейтiн жағдайдан бөлек уақытта, материалдардың келiп түсуiне қарай кезегi мен 20 күн iшiнде орындалады. Сараптауды тағайындаушы мен алдын-ала келiсiлген соң криминалистикалық-сараптау бөлiмiнiң басшысы бұл мерзiмдi ұзартуы мүмкiн.
Сараптауды жүргiзу мерзiмi деп криминалистикалық бөлiмге материалдардың түскен күнi мен қорытындының сараптауды тағайындаушыға жiберiлген күнi аралығы есептеледi.
Сараптауды тездетiп орындау мүмкiншiлiгiн криминалистикалық бөлiмнiң басшысы сараптауды тағайындаушымен келiсiп анықтайды.
11. Сараптау бiткен соң заттай айғақтар және басқа материалдар сарапшының актiсi мен бiрге сараптауды тағайындаушыға қайтарылады немесе шабарманға табыс етiледi.
Заттай айғақтарды криминалистикалық бөлiмдердiң коллекциялары мен картотекаларына салу Қазақстан Республикасы КПК-нiң 60 б. 11 т.-да көрсетiлген тәртiп бойынша жүргiзiледi.
2. Сарапшының мiндеттерi мен құқықтары
12. Қазақстан Республикасы IIМ-гi криминалистикалық бөлiмнiң сарапшысының мiндеттерi мен құқықтары, сондай-ақ оны мен алдын-ала тергеу жүргiзушi, тергеушi, прокурор және сот арасындағы сараптаулар жүргiзу үстiнде пайда болатын қарым-қатынас Қазақстан Республикасы қылмыс-iс жүргiзу заңының мөлшерiмен анықталады.
13. Сарапшының мiндеттерi:
а) алдын-ала жүргiзушiнiң, тергеушiнiң, прокурордың, соттың шақыруы мен барып өз алдына қойылған сұрақтар бойынша тура да, ғылыми тұжырымдалған қорытынды беру (Қазақстан Республикасы КПК-нiң 55 б);
ә) криминалистикалық бөлiм бастығы тапсырған сараптауды орындау;
б) алдын-ала тергеу жүргiзушiге, тергеушiге, прокурорға, сотқа, криминалистикалық бөлiм бастығына заңды көрсетiлген жағдайларға сәйкес, оның осы іс бойынша сарапшы ретiнде қатыспау мүмкiншiлiгi жайлы хабарлау (Қазақстан Республикасы ҚПК-нiң 40б);
в) егер қойылған сұрақ сарапшының арнаулы бiлiмiнен тыс қалып немесе жiберiлген материалдар топшылама жасауға жеткiлiксiз болып, қорытынды шығарылмаса ҚПК-де көрсетiлген үлгi мен сараптауды тағайындаушыға хабарлау (Қазақстан Республикасы ҚПК-нiң 55б);
г) өзi берген қорытындыны толықтыру немесе түсiндiру үшiн тергеушiнiң немесе сот мәжiлiсiнiң шақыруына бару (сол бап);
ғ) алдын-ала тергеу жүргiзушiнiң, тергеушiнiң, прокурордың талабы бойынша алдын-ала тергеу мәлiметтерiн жарияламау туралы қолхат беру (сол бап);
д) криминалистика iлiмi нұсқаған әдiстер мен сарапшының қол астындағы техникалық құралдарды, өзiнiң алдына қойылған сұрақтарға әдiл де, ғылыми тұжырымда жауап беру үшiн қолдану.
е) сараптаулар үстiнде қылмыс жасауға мүмкiндiк беретiн жағдайларды анықтау, оларды болдырмау жайлы өз ұсыныстарын тапсыру.
14. Сарапшының құқықтары:
а) iстiң сараптау тақырыбына жататын материалдарымен танысу (сол бап);
ә) сарапшының алдына қойылған сұрақтарды топтау, олардың тұжырымдалуын анықтау керек болғанда, мазмұндарын түсiну үшiн сараптау тағайындаған кiсiмен сөйлесу;
б) қорытындылау үшiн оған қажет болған қосымша материалдарды талап ету (сол бап);
в) жiберiлген материалдарды қорытындылау үшiн жеткiлiксiздiгiне, немесе қойылған сұрақтардың сарапшының арнаулы бiлiмiнен тыс жатуына байланысты, сараптаудан бас тарту;
г) алдын-ала тергеудiң, тергеушiнiң, прокурордың, соттың рұқсаты мен жауап алу және басқа тергеу қимылдары кезiнде қатысып отыру, сондай-ақ, сараптау тақырыбына лайық, жауапкерлерге сұрақтар қою (сол бап);
ғ) егер сараптау бiрнеше сарапшыға тапсырылса қорытынды шығарылғанға дейiн басқа сарапшылармен ақылдасу;
д) сараптау үстiнде сарапшы өзiне сұрақ қойылмаса да iске маңызы бар кейбiр жағдайларды анықтаса, оларды қорытындыға бөлек тiркеп ұсынады;
е) жауап беру керек болса өз пiкiрiн өз қолымен жазады (Қазақстан Республикасы ҚПК-нiң 149, 151, 173 б.б.);
ж) сарапшының құқын бұзған алдын-ала тергеудiң, тергеушiнiң, прокурордың, соттың әрекетiне немесе шешiмiне белгiлi тәртiп бойынша арызданады. Криминалистикалық бөлiмше басшысының осыған ұқсас әрекетiне, шешiмiне деген арыз жоғарғы криминалистикалық-сараптау орнына немесе Қазақстан Республикасы IIМ-нiң ҚПК-на жiберiледi.
15. Сарапшының құқы жоқ:
- заң мәнiсiндегi, сондай-ақ сарапшының арнайы бiлiмiнен тыс, басқа сұрақтарды шешуге;
- өз топшылауын тұжырымдау үшiн, осы iс бойынша заңсыз белгiлi болған хабарлар мен материалдарды пайдалануға;
- заңды түрде тапсырылмаған материалдарды өзiнше iздеп-тауып, тәргiлеп, сараптауда пайдалануға;
- заң көздерiнен алынған мен өзiнiң арнайы бiлiмiне жатпайтын мәлiметтердi зерттеуге.
16. Сарапшы топшылауды өз атынан жасайды, оған жеке өзi жауап бередi. Сараптауды бiр мамандықтағы сарапшылар жүргiзiп жалпы бiр қорытындыға келсе, оған барлығы қол қояды. Сарапшылар арасында айырмашылық болса әр сарапшы өз қорытындысын бөлек бередi (сонда 56б).
17. Криминалистикалық бөлiмшелердiң қызметкерлерi өз мiндеттерiн орындауға ықылассыз, салқын қарағанды, сараптау жүргiзудің мерзiмiн бұзғаны, зерттеу нысандарын сақтауға ұқыпсыздық жасағаны үшiн, ақырында олар бүлiнсе материалдық жауапкершiлiкке, ал айыптауға негiз болған жағдайда, қылмысқа тартылады.
3. Сараптауларды жүргiзу тәртiбi
18. Сараптауды жүргiзуге алдын-ала тергейтiн кiсiнiң, тергеушiнiң, прокурордың қаулысы немесе соттың анықтамасы арқау болып саналады. Олар Қазақстан Республикасы қылмыс iстерiн жүргiзу заңына сәйкес мөлшерде шығарылады.
19. Сараптау қайталанып жүргiзiлгенде сарапшының қолында қаулы мен зерттелетiн материалдарға қоса алғашқы сараптау актiсiнiң түпнұсқасы немесе копиясы болуы мiндеттi.
20. Сараптауды тағайындаған қаулыны немесе соттың анықтамасын алған соң криминалистикалық бөлiмнiң бастығы оны жүргiзудi сараптаушылардың мамандық бағытына қарай бiрекеуiне немесе бiрнешеуiне тапсырады.
Сараптау екi яки көп сарапшыға мынадай жағдайда тапсырылады:
а) сараптауды тағайындау қаулысында немесе соттың анықтамасында тiкелей көрсетiлсе Қазақстан Республикасы (ҚПК 57б);
ә) қойылған сұрақтарға жауап беру үшiн әр түрлi мамандығы бар сарапшыларды тарту керек болғанда;
б) ерекше жағдайда, бұл туралы қаулыда немесе соттың анықтамасында көрсетiлмесе, криминалистикалық бөлiм бастығы қажет деп тапқанда.
21. Алдын-ала тергейтiн кiсiнiң, тергеушiнiң, прокурордың, соттың тапсыруы бойынша криминалистикалық бөлiмнiң бастығы сарапшыларды, олардың Қазақстан Республикасы ҚПК-нiң 56б, көрсетiлген құқтары мен мiндеттерiн таныстырады; Қазақстан Республикасы ҚПК-нiң 187б 1 т. және 193б 11т бойынша сараптаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн жауапкершiлiгiн ескертедi; осы жайлы қолхат алады, ол сарапшының актiсiмен бiрге сараптауды тағайындаушыға жiберiледi (Қазақстан Республикасы ҚПК-нiң 95б).
22. Қосымша сараптау сол сарапшының өзiне немесе басқасына, ал қайталанған сараптау-сарапшылар комиссиясына тапсырылады (Қазақстан Республикасы ҚПК-нiң 56б).
23. Зерттеуге жiберiлген материалдар мен танысу үстiнде сарапшы, олардың құндақталу қалiне, бүтiндiгiне, көлемiне, жазуына, мөр мен штамптың басылуына көңiл бөледi, құндақтың iздер мен заттай айғақтарды сақтау алу мүмкiншiлiгiн анықтайды. Құндақтың iшiндегi нысандары шығарып алуға мүмкiндiк беретiн зақымдар немесе қайтадан құндақтаудың iздерi криминалистикалық бөлiмнiң басқа қызметкерлерiнiң қатысуымен актiде көрсетiледi. Актiнiң бiр данасы сарапшының қорытындысына тiркеледi.
24. Құндақты ашқан соң сарапшы ондағы нысандардың қаулыда көрсетiлген тiзiмi мен сәйкестiгiн салыстырады, ұқыптылықпен қарап шығып, түгелдiгiне көз жеткiзедi; келген материалдар көлемiнiң қорытынды жасауға жетiстiгiн анықтайды.
Жiберiлген материалдар жеткiлiксiз болғанда сарапшы қосымша материалдар берудi сұрайды. Сұрақты қанағаттандыра алмауы жайлы хабардар болған сарапшы, қолдағы материалдарды зерттейдi немесе қорытынды шығару мүмкiндiгi болмауы себептi, оларды керi қайтарады.
25. Заттай айғақтардың бүтiндiгiн сақтау мақсатында зерттеудiң алғашқы кезеңiнде олардың түгелдiгiн және түр-түсiн өзгертпейтiн әдiстеме қолданылады. Сарапшы зерттеу үстiне заттай айғақтардың материалдық шығынын үнемдеуге тиiстi. Оларды түгелдей шығындау, сарапшы алдына қойылған сұрақтарға жауап беруге болмайтын және сараптауды тағайындаушы мен келiсiлген жағдайда ғана мүмкiн.
Заттай айғақтардың үнемделген бөлiгi құндақталып, мөр мен бекiтiлiп сараптауды тағайындаушыға немесе соның мекемесiне қайтарылады.
26. Заттай айғақтар жоғалмайтын, бүлiнбейтiн жағдайда сақталады, даралағанда:
- бағалы металдар мен тастар, олардан жасалған бұйымдар, мемлекеттiк құнды қағаздар мен ақшалар мөр басылған сейфте сақталады;
- есiрткi, улы, әсерi күштi, тез тұтанғыш заттар өзге заттай айғақтардан бөлек мөр басылған арнайы темiр сейфте сақталады; оларға жол тек осы сараптауды жүргiзу тапсырылған сарапшыға ғана ашық;
- отты қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар арнайы жабдықталған, есiгi темiр мен қапталған, берiк, iлмегi мен құлпы түзу, терезесi ашылмайтын жайда сақталады; бөлме өртке қарсы құралдар мен, қорғау хабаршысы мен жабдықталуға тиiстi. Терезе тесiктерiне көзi 150х150 мм, шыбығының диаметрi 10 мм-ден кем емес темiр тор берiк бекiтiледi; көзi 15х15 мм, сымының жуандығы 2,5 мм-ден кем емес темiр тор қоса орнатылады;
- отты қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар бiр бiрiнен бөлек темiр шкафта сақталады.
Отты қару мен оқ-дәрiнiң есебiн жүргiзу, пайдалану, сондай-ақ оларды белгiленген тәртiпте сақтау жауапкершiлiгi криминалистикалық-сараптау бөлiмiнiң бiр қызметкерiнiң кәсiби мiндеттерi қатарына енгiзiледi.
Отты қару, оқ-дәрiлер және жарылғыш заттар криминалистикалық-сараптау бөлiмi бастығының жарлығы бойынша тек осы нысандарды зерттеу тапсырылған сарапшыларға берiледi. Олар зерттелiп бiтпесе де сол күнi өзi орындарына қайтарылады.
Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды жұмыстағы үзiлiс кезiнде жұмыс орнында қалдыруға, қаруды бөлiмнен тысқа шығаруға (тәжiрибелiк орнынан басқа жаққа), тыйым салынады.
Аталған қарулар мен басқа заттай айғақтар ұрланған немесе жоғалған жағдайда криминалистикалық-сараптау бастығы осы жайлы жедел түрде iшкi iстер мекемесiнiң басшысына және сараптауды тағайындаушыға хабарлауға мiндеттi.
27. Сараптау актiсiн жазған соң:
Заттай айғақтар және басқа материалдар сарапшының қорытындысымен бiрге почта арқылы қайтарылады немесе мiндеттi түрде, материалдарды тiркеу журналында көрсетiлiп өзiн анықтап қол қойған шабарманға берiледi.
Құнды материалдар мен тастардан жасалған бұйымдар, бағалы заттар, улы, есiрткi, әсерi күштi, тез тұтанғыш, жарылу қауiпi бар заттар, көлемдi және сынғыш заттай айғақтар почта мен жiберiлмейдi, аталған журналға қол қойдыру арқылы қайтарылады.
Қару мен оқ-дәрiлер Қазақстан Республикасы IIМ-нiң актiлерде мөлшерлеп белгiленген тәртiп бойынша сараптауды тағайындаған кiсiнiң қолына берiледi.
Тез бүлiнетiн азық түлiктер сараптау тағайындаушымен келiсiлiп, жойылады. Ол туралы сарапшы қорытындысында көрсетiледi.
Барлық қайтарылатын бұйымдар (заттай айғақтар, үлгiлер) құндақталады, сарапшының өзiнiң немесе бөлiмнiң мөрi басылып бекiтiледi.
Заттай айғақтарды почта мен жiберуге болмайтын жағдайда, сараптауды тағайындаушы, оларды алып кетудi өзi қамтамасыз етедi.
Заттай айғақтарды криминалистикалық-сараптау орындарының мәлiмет коллекциялары мен қорына қосу қылмыс iстерiн қараған соттың шешiмiне сәйкес iстеледi. Соттың шешiмiне дейiн, тергеушi немесе сот қажет етсе, олар тоқтаусыз қайтарылып берiледi.
4. Сараптау актiсi
28. Сарапшы өзiне қойылған сұрақтарға зерттеудiң топшыламалары бойынша дәлелдi қорытынды актiсiн жазбаша түрде бередi (Қазақстан Республикасы ҚПК-нiң 173б).
Актiнiң әрбiр бетiне сарапшының қол қойылып криминалистикалық бөлiмнiң дөңгелек мөрi басылады.
29. Актiде мыналар көрсетiлуi мiндеттi:
Кiрiспе бөлiгiнде:
а) сараптау жүргiзген криминалистикалық бөлiмшенiң аты, актi жазылған күнi, айы, жылы;
ә) сараптауды орындаған сарапшының фамилиясы, аты-жөнi, оның қызметi, бiлiмi, ғылыми дәрежесi, атағы, мамандығы, сараптаушылық жұмыс мерзiмi;
б) сараптау жүргiзудiң арқауы (алдын-ала тергеу жүргiзушiнiң, прокурордың қаулысы, соттың анықтамасы);
в) қылмыс iсiнiң номерi, сараптау тақырыбына жататын, iстелген қылмыстың қысқаша мән-жайы;
г) сараптауға жiберiлген нысандардың тiзiмi;
ғ) сараптау шешiмiне қойылған сұрақтар тiзiмi.
Қайталанған сараптауда актiнiң кiрiспесiнде алғашқы сараптауды жүргiзген сарапшы жайлы мәлiмет, оның топшыламасы және сараптаудың қайталану себептерi көрсетiледi.
Зерттеу бөлiгiнде:
а) зерттеу үстiнде қолданылған криминалистикалық құралдар, ғылыми әдiстер және алынған нәтижелер;
ә) жүргiзiлген тәжiрибелер: олардың мақсаты, мазмұны, жағдайы, саны, олардың нәтижелерiн бекiту үшiн пайдаланылған құралдар мен әдiстер;
б) зерттеу нәтижесiнде анықталған нысандардың ерекше белгiлерiмен қасиеттерi;
в) анықталған белгiлердiң салыстырмалы зерттеудегi айла-тәсiлдерi, олардың арасынан табылған ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бағалау нәтижесi.
Сарапшы алдына қойылған әрбiр сұрақтың зерттелу жүрiсi жеке тарауда жазылады. Екi немесе өзара тығыз байланысты сұрақтарды шешкенде, немесе бiр түрлi нысандарды зерттегенде (мыс. көп нысанды сараптауда), зерттеу нәтижесi бiр тарауда жазылады. Көп нысанды сараптаулар кезiнде осы тарауда зерттеу жүрiсiн толық қамтып жазудың түрлi үлгiлерi қолданылады.
Соңғы бөлiгiнде:
Сарапшының топшыламалары заттай айғақтарды зерттеудiң жан-жақты, терең және әдiл негiзде талданған және жинақталған нәтижелерiнен тұжырымдалады. Ұқсастық сараптаудың жағымды тұжырымдарын дәлелдеген кезде, айырмашылығында бары аталып, олардың болу себептерi түсiндiрiледi.
Тұжырымдарда сарапшы алдына қойылған сұрақтарға анық, қысқа, әрi түрлi түсiнiске жiбермейтiн үлгiде жауап берiледi.
Олар мыналар:
а) тиянақты (жағымды, терiс);
ә) болжамалы (жағымды, терiс);
б) сұрақтың шешiлуiнiң мүмкiнсiздiгi туралы тұжырым.
Сарапшы (сарапшылар тобы) қайталанған сараптауда керi тұжырымға келсе, актiнiң қорытындысында алғашқы сараптаудың тұжырымы мен келiспейтiндiгiне дәлелдер келтiредi.
30. Зерттеудiң нәтижесi фототаблица, схема, график, чертеж т.б. қосымшалармен көрнектiленедi. Актiнiң текстiнде оларға сiлтеме жасалады. Әр қосымшаға жазбаша түсiнiктеме берiлiп, сарапшының қолы қойылады, криминалистикалық бөлiмнiң мөрi басылады.
5. Сараптауды бақылау, оларды есептеу
31. Криминалистикалық бөлiмдердiң және оларға бағынышты лабораториялардың сарапшыларының жүргiзген сараптаулары мен зерттеулерiнiң сапасын бақылау криминалистикалық бөлiмдердiң бастықтарына жүктеледi.
Олардың мiндеттерi:
а) сараптау жүргiзудiң мерзiмiн бақылау;
ә) сараптауды бiлгiрлiк деңгейде жүргiзушi үшiн қажеттi жағдай жасау;
б) сарапшы таңдаған әдiстемемен танысып, зерттеу үстiнде техникалық құралдар мен ғылыми әдiстердi жете, толық пайдалануға қажеттi ұсыныстар беру;
в) сарапшыға практикалық көмек беру, қажет болған өзге ведомстволардың ғылыми-зерттеу институттарының, лабораторияларының және мекемелерiнiң мамандарының кеңесiн ұйымдастыру;
г) сараптаушылардың актiлерiн тексерiп тұру, зерттеудiң жан-жақтылығына, толықтығына көңiл аудару, тұжырымдардың дәлелдiгiн, нанымдылығын және көрнекiлеушi материалдардың сапасын бақылау;
ғ) дұрыс жазылмаған немесе дәлелделмеген актiнi, кемшiлiктердi жою үшiн сарапшыға қайтарып беру;
д) бағынышты криминалистикалық лабораториялардың сарапшыларының актiлерiн әр мезгiл сипаттамалау.
32. Криминалистикалық бөлiм бастығының құқықтары:
а) криминалистикалық бөлiмшелердiң сарапшыларының алдына қойылған сұрақтар, олардың арнайы бiлiмiнен тыс жатқан жағдайда, сараптауға түскен материалдарды орындамай керi қайтару;
ә) сараптау тағайындаған қаулыда (анықтамада) сарапшының фамилиясы көрсетiлмесе, жүргiзушiнi өзi таңдау;
б) сарапшының ауырып қалуына немесе жедел iс-сапарына шығып кетуiне байланысты сараптауды тағайындаушы мен келiсiм бойынша, сараптау материалдарын басқа сарапшыға беру;
в) кешiктiруге болмайтын басқа сараптауды жүргiзу қажеттiгiне байланысты қолдағының мерзiмiн тоқтата тұру.
33. Қазақстан Республикасы IIМ-нiң криминалистикалық орындарының жұмыс есебi сараптау жүргiзу журналына тiркеледi (2 қосымша).
6. Iшкi iстер мекемелерiнде орындалатын
сараптаулардың түрi
Iшкi iстер мекемелерiнiң криминалистикалық-сараптау орындарында мына түрлi криминалистикалық сараптаулар мен зерттеулер жүргiзiледi:
а) дактилоскопиялық - қол iздерi бойынша олардың иелерiн анықтау мақсатында;
ә) трасологиялық - қалған iздер бойынша адамдарды, малдарды, көлiк құралдарын, өндiрiс механизмдерiн, сондай-ақ саймандарды және бұйымдарды ұқсастыру; iздердiң пайда болу механизмiн, жабық құлыптардың өзге кiлт пен немесе басқа зат пен ашылуын, пломбаның алғашқы қалпының бұзылуын анықтау; бөлектерден бүтiндi жинау және iздермен байланысты басқа да зерттеулер жүргiзу, мақсатында;
б) қол жазуын зерттеу - қол жазуын және қол таңбасын орындаушыларды анықтау мақсатында;
в) авторлығын зерттеу - жазудағы сөзi бойынша құжаттың егесiн және оны орындаушының сауаттылық деңгейiн анықтау мақсатында;
г) құжаттарды техникалық зерттеу - құжаттардағы қосып жазуды, түзетудi, өшiрудi, химиялық жоюды; құжаттар мен олардың бөлшектерiнiң орындалу мерзiмiн; көрiнбейтiн және әлсiз көрiнетiн текстердi анықтау; құжаттарды, олардың кейбiр анықтауыштарын жасау кезiнде қолданылған бұйымдарды, механизм мен тетiктердi; материалдарды ұқсастыру; басылған мөр мен штамптың дақтарын, машина жазуларын т.с.с. зерттеу мақсатында;
ғ) баллистикалық - отты қарудың түрiн, жүйесiн, моделiн анықтау; атылған оқ пен қауыз арқылы қаруды ұқсастыру; қару мен оқ-дәрiнiң техникалық қалiн анықтау; ақ пен қауыздың бiр патронды қарауын, отты қаруды қолдануға байланысты тағы басқа жағдайда анықтау мақсатында;
д) суық қаруды зерттеу - зерттелетiн бұйымның белгiлi бiр суық қару түрiне немесе ұрып-сындыратын аспапқа жататындығын анықтау мақсатында;
е) адамды сырт-бет келбетi бойынша салыстыру - екi немесе оданда көп фотоға бiр адам әлде әркiм түсiрiлгендiгiн; бас сүйектiң немесе оның рентгеннограммасының, киiмдердiң аяқ киiмдердiң, әсемдiк тағы басқа бұйымдардың фотодағы кiсiге тиiстiлiгiн анықтау мақсатында.
Материалдарды, заттарды және олардан
iстелген өнiмдердi криминалистикалық
сараптау
Заттай айғақтық мәлiмет орнына жүретiн әр түрлi материалдар, заттар және солардың өнiмдерi, сондай-ақ топшылама жасауға септiгiн тигiзетiн мәлiметтерi бар тиiстi материалдар мен iстер (тергеу қимылдарының хаттамалары, оқиға орындарының чертеждерi, медицина-сот сараптауларының қорытындылары т.б.), сарапшы зерттеуiнiң нысандары болып саналады.
Материалдарды, заттарды, олардың өнiмiн криминалистикалық-сараптау, негiзгi мына мiндеттердi шешу үшiн жүргiзiледi:
- жұқтырушы бұйымдағы немесе алып-келiнген бұйымдағы мөлтек бөлшектер мен мөлтек iздердi iздеп-табу, олардың белгiлi бiр материалдың және өнiмнiң түрiне жататынын анықтау;
- жалпы түрде немесе топқа жатуын анықтау;
- нақтылы нысанды, жеке-дара бөлшектерiн немесе iздердi бiр-бiрiне қондыру арқылы салыстыру;
- нақтылы бұйымдарды өзара жанастыру тәртiбiмен табу;
- материалдардың, заттардың немесе өнiмдердiң жасалу тәсiлiн, ауқымымен қолдану мақсатын анықтау.
Лак пен сыр материалдарын және бояу-жапқышты
сараптау
Зерттеу нысандары:
- нақтылы зат немесе үстi боялған заттар құрамы (автокөлiк құралы, аспап, есiк, қару, құрал, пышақ т.б.), әсте солардан бөлiнiп түскен бөлшектер;
- нақтылы көлемдегi лак пен сыр материалдары (шөлмектегi ақ бояу, көркемдiк немесе тұрмыстық сыр);
- нақтылы құралым көлемiндегi лак-сыр материалдары (жалған құжаттар жасау үшiн пайдаланылған акварель бояулар);
- лак пен сырды жағу, өңдеу үшiн қолданылатын материалдар, аспаптар мен саймандар (бояу жаққыштар т.б.);
- сыр шығатын нақтылы орын (дайындаушы-завод).
Маталарды, талшықтарды және солардың
бұйымдарын сараптау
Зерттеу нысандары:
- маталар, тоқыма талшықтар, жiптер;
- талшықты материалдардан жасалған бұйымдар (киiм, киiм құрамы, бiлтелер, арқандар т.б.);
- талшықты материалдардың нақтылы көлемдерi (буылған мақта, бума кендер т.б.).
Топырақтану - соттық сараптау
Зерттеу нысандары:
- белгiлi орынның нақтылы бөлшегi;
- жұқтырушы-бұйымдардағы жабысқан топырақ-балшықтар (көлiк құралдары, киiм, аяқ киiм, бұзу саймандары, күректер т.б.);
- құйылған дуалдар, үйдiң төбелерi тағы басқа құрылыс материалдары;
- салыстырып зерттеу үлгiлерi.
Есiрткi, әсерi күштi және улы заттарды сараптау
Өсiмдiк-шикiзатынан (кендiр, көкнәр) қолдан жасалатын және дәрi-дәрмек өнеркәсiбi шығарылатын, сондай-ақ өсімдiктердiң есiрткi бөлшектерi зерттеу нысандары болып саналады.
Металдарды, ертiндiлердi және олардың
бұйымдарын сараптау
Зерттеу нысандары:
- болаттан, мыстан, алюминиядан және олардың ерiтiндiлерiнен жасалған бұйымдар, бөлшектер;
- асыл металдардан (алтын, күмiс) жасалған бұйымдар және қаптаулар;
- қорғасыннан, қалайыдан, мыстан, болаттан және асыл металлды бұйымдардан басқа заттарға ауысқан жұғындылар;
Металдарды, ерiтiндiлердi, солардан жасалған заттарды сараптау мынадай негiзгi мiндеттердi шешу үшiн жүргiзiледi:
- металдардың түр-түсiн, атқаратын мiндетiн тауып - анықтау;
- металдардың және солардың жасалған заттардың туыстық (топтық) қатынасын анықтау;
- металдардан жасалған нақтылы бұйымдар мен олардың шығатын өндiрiс көздерiн ұқсастыру.
Шыныдан, керамикадан және силикатты құрылыс
материалдарынан жасалған заттарды сараптау
Зерттеу нысандары:
- техникалық-жарық шынылары (автокөлiк құралдарының ыдыратқыш фарлары, электр шамдарының сауыты);
- көлiк құралдарының шанақтары мен кабиналарының желдеткiш және маңдайша әйнектерi, терезелердiң және тұрмыстық бұйымдардың әйнектерi, тұрмыстық әр қалай шыны ыдыстар;
- жақсы сортты шыныдан жасалған бұйымдар (ыдыс, хрусталь);
- керамикадан жалпылама өндiрiстiк бұйымдар;
- әр түрлi құрылыс материалдары (гипстен, әк пен құмнан, асбест пен цементтен жасалған бұйымдар, цемент, бетон, құрылыс езiндiлерi).
Азық-түлiк пен арақ-шараптарды сараптау
Зерттеу нысандары:
- ет-сүт тағамдары, шұжықтар мен сурленгендер, сары май, ара балы, құмшекер;
- жүзiмдiк және жемiс-жидек шараптары, коньяктар мен арақтар, тұнбалар мен бальзамдар;
- азаматтардың жеке шаруашылығында iстелетiн брага, самогон, чача, арака.
Арнайы химиялық заттарды сараптау
Мұндағы нысандар әр түрлi бояулар, белгiлегiш заттар (химиялық "қақпан үшiн").
Биологиялық - (ботаникалық) соттық сараптау
Зерттеу нысандары:
- өсімдiктер мен олардың бөлшектерi (жапырақтары, сабақтары, гүлдерi, ұрықтары, дәндерi, қабықтары, тамырлары);
- малдар мен құстардың жемi (шөп, сабан, силос, сенаж, аралас жем, кебек, дән, дән қалдықтары);
- өсiмдiк iшкi затының бұйымдары (мақта, ағаш зығыр, кендiр т.б.);
- малдың жүндерi, түбiттерi;
- терiлер мен терi бұйымдары;
- құстың қанаттары мен мамықтары.
Биологиялық - (медициналық) соттық сараптау
Зерттеу нысандары:
- қан, шаш, адам ағзасынан шығатын сұйықтар (түкiрiк, сiдiк, былазық, тер т.б.);
- танылмаған өлiктiң қол саусақтарының сыртқы терiсi (кейiнiрек оны ұқсастыру үшiн).
Автотехникалық сараптау
Зерттеу нысандары:
- автомобильдер, мотоциклдер, мотороллерлер, мопедалар, мотобесiктер, тракторлар, өзi жүретiн механизмдер, тiркеуiштер, жартылай тiркеуiштер, көлiк-жол оқиғасына қатысты велосипедтер;
- көлiк-жол оқиғасының орны;
- сарапшыға тапсырылатын материалдар (құжаттар, заттай айғақтар, бөлшектер, механизмдер т.б.);
Криминалист-сарапшының құзырына мына мiндеттердi шешу енедi:
а) оқиғаға қатысы бар көлiк құралдардың техникалық қалiн анықтау мақсатындағы:
- техникалық ақаулардың пайда болу уақыты мен себептерi;
- көлiк-жол оқиғасы болғанға дейiнгi техникалық ақауларды табу мүмкiншiлiгi;
- көлiк құралынан табылған техникалық ақаулар мен көлiк-жол оқиғасының (қағу, соқтығысу, аударылу т.с.с.) арасындағы байланыс себебi;
- оқиға кезiндегi көлiк құралының техникалық қалiнiң оқиғаны болдырмау мүмкiндiгi;
- көлiк құралының техникалық қалiне байланысты көлiк-жол оқиғасының болуына мүмкiндiк берген немесе беруi мүмкiн жағдайлар;
ә) көлiк-жол оқиғасы болған жердегi жағдайды дәлдеп, анықтап зерттеу мақсатындағы:
- көлiк құралдарының және басқа нысандарының оқиға орнындағы қозғалуын сипаттайтын (iлiнгiштiк коэффициентi, шайқау коэффициентi т.б.) коэффициенттердiң маңызы;
- көлiк-жол оқиғасы сәтiндегi жол жағдайын ескеру арқылы жүргiзушiнiң орнынан шолып-қарау мүмкiндiгi;
- көлiк-жол оқиғасы алдындағы оның болуына мүмкiндiк берген немесе бiреуi мүмкiн жағдайлар;
б) тергеу жолымен, оқиға орнын қарау және кейiнгi зерттеулер үстiнде сарапшы жинаған мәлiметтер бойынша көлiк-жол оқиғасының механизмiн немесе оның жеке бөлiктерiн мыналарды анықтау мақсатында зерттеу:
- көлiк құралының қозғалу жылдамдығын;
- көлiк құралдарының тежеу және тоқтау iздерiн;
- соқтығысқан екi көлiк құралының арасындағы күш қимылының бағытын (трасолог-сарапшымен бiрге);
- көлiк құралдарының өзара орналасуын және көлiк-жол оқиғасының әр түрлi сәттерiн (трасолог-сарапшымен бiрге);
- тергеу мен сот анықтаған жол жағдайының даму сәтiнде оқиғаны техникалық болдырмау мүмкiншiлiгiн;
- көлiк құралының жолдың белгiлi бiр шебiн басып өту уақытын және с.с;
- жүргiзушiнiң әлде болса көлiк-жол оқиғасын техникалық болдырмау мүмкiншiлiгiнiң сәтiн; осы сәттегi кедергiнiң орналасуын.
Өрттi техникалық сараптау
Зерттеу нысандары:
- өрт орнынан табылған заттар материалдар;
- электр сымдары, электр қорғау аппараты, электр аспаптары;
- үстiнде жанатын, тез тұтанатын заттардың iзi бар-ау дерлiк жұқтырғыш-бұйымдар;
- өрт ошағы және жаңа бастаудың техникалық себептерi.
Фоновидеоскопиялық сараптау
Сараптау нысандары:
- дыбыс және дидар материалдары (адамды дауысы мен сөзi бойынша ұқсастыру және диагноздау мақсатында);
- дыбыс пен дидар жазу жүргiзiлген аппаратура.
Техникалық-жарылысты сараптау
Зерттеу нысандары:
- жарылғыш заттар;
- жарылыс орнынан тауып алынған заттай материалдар;
- жару құралының тетiктерi электродетонаторлар, бiлте бауы және с.с.);
- үстiнде жарылғыштың iзi бар-ау деуге болатын әр-түрлi бұйымдар.
Материалды-техникалық қор және тиiстi мамандар бар жағдайда тағы басқа сараптаулар да жүргiзiлуi мүмкiн.
Ережеге
1 қосымша
Қазақстан Республикасы IIМ
_______________________________________________________________
(криминалистiк бөлiмнiң аты)
Тел. N___________________ г._____________________________қал.
Сараптау актiсi
N______________ ___________________________19__ж. г.
Сараптау жүргiзу сарапшы(ларға) тапсырылды____________________
_______________________________________________________________
(қызметi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы)
_______________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөнi)
бiлiмi(дерi) және сараптау жұмысында
_________________________________________жыл стажы (дары) бар.
Қазақстан Республикасы ҚПК 171 ст. сәйкес, ҚР ҚПК 55 ст.
көрсетiлген сарапшының еркi мен мiндеттерi түсiндiрiлдi.
Қазақстан Республикасы ҚК 187 және 193 ст.ст. бойынша
сарапшы(лар) әдейi жалған қорытынды шығарғаны үшiн, бас
тартқаны немесе жалтарғаны үшiн қылмысқа тартылатыны ескертiлдi.
_______________________________________________________________
(қолдары)
Сарапшы тағайындау жөнiндегi қаулысына (соттың ұйғарымына)
сүйене отырып,
_____________________________19__ж.г.__________________________
________________________________________________________________
(қаулы шығарушының қызметi, бөлiмнiң аты)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(қаулы шығарушының фамилиясы, аты-жөнi)
________________________________________________________________
қозғалған N _________________iс ______________________бойынша
________________________________________________________________
(iстелген қылмыстың ақиқаты, үстiнен қылмысты iс қозғалған
кiсiнiң аты-жөнi)
________________________________________________________________
(қылмыстың түрi)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
сараптау_______________________________________жүргiздiм (дiк).
(сараптаудың түрi)
Сарапшы__________________
Нұсқауға
2 қосымша
Жүргiзiлген сараптауларды тiркейтiн
Журнал
________________________________________________________________
РетNN(сарап.|Материалдар.|Материал |Қылмыстың|Сараптау.|Сараптауға
таудың рет |дың сарап. |жiберген |түрi,қыл.|дың түрi | не түстi
номерi |тауға түскен|мекеменiң|мыс iсi. | |
|күнi, айы, |аты |нiң N | |
| жылы | | | |
_________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Зерттел.|Сараптау.|Сараптауды|Алғашқы са.|Құжаттың шығыс|Ескерту
ген ны. |дың қыс. |жүргiзген |раптауды |номерi, күнi, |(қылмыс.
сандардың қаша нә.|сарапшының|жүргiзген |айы,жылы немесе тың
саны |тижесi |фамилиясы,|мекеменiң |қорытындыны ал.ашылғаны
| |аты-жөнi |аты, жүргiз. ған кiсiнiң |жайлы
| | |ген күнi, |қолы |белгi)
| | |айы, жылы | |
________________________________________________________________
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12
________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы IIМ
1993 жылғы 31 мамырдағы
N 210 бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы IIМ, IIББ, IIБ, ТIIБ-ның
анықтау-ақпарат қорлары мен криминалистикалық есептерiн
ұйымдастыру және жүргiзу туралы
Нұсқау
1. Жалпы ережелер
1.1. Криминалистикалық-сараптау орындарындағы криминалистикалық есептер қылмыстың алдын-алу, анықтау және тергеу үшiн iздер мен басқа да криминалистикалық мәлiмет көздерiн жете, толық пайдалану мақсатында жүргiзiледi.
Анықтау-ақпарат қорлары тергеу, шұғыл-iстер және криминалистикалық-сараптау орындарының керектi анықтамалық мәлiметтердi мына жағдайда алып тұруына арналған:
- қылмыс iсi, iздеудегi адамдар, iздеу бағыттары туралы пiкiр (версия) құрастырғанда;
- сараптау мен зерттеу жүргiзгенде;
1.2. Мәлiметтердi сақтау әрбiр нақтылы жағдайда картотекалар, өз бейнесiндегi нысандар коллекциялары, фототекалар, бейнефонограммалар, фонотекалар, альбомдар, журналдар, планшеттер, атластар, каталогтар, электрондық-есептеу негiзiнде мәлiметтер iздеу жүйелерi, т.б. түрiнде iске асырылуы мүмкiн.
1.3. IIМ, IIББ, IIБ, ТIIБ-ның криминалистикалық-сарапаттау орындарында мынадай криминалистикалық-сараптау есептерi жүргiзiледi:
Қазақстан Республикасы IIМ-де:
- қылмыстары ашылмаған орындардан алынған, қарудың iздерi бар оқтар, қауыздар, патрондардың коллекциясы;
- ашылмаған қылмыстар бойынша фонотека;
- барлық елдердiң жалған қағаз ақшаларының және құнды қағаздарының картотекасы;
- полиграфия құралдарымен жасалған жалған құжаттар картотекасы;
- ашылмаған қылмыстардың (ауыр түрлерi бойынша) орындарынан алынған қол iздерiнiң картотекасы;
- суық қарулардың анықтағыш коллекциясы;
- отты қарулар мен оқ-дәрiлердiң анықтағыш коллекциясы;
- есiрткi заттардың (қолдан және фабрикада жасалған) анықтағыш коллекциясы;
- барлық елдердің дәл-өзіндік қағаз және метал ақшаларының анықтағыш коллекциясы.
IIМ-гi басқармасының шешiмi бойынша басқа да картотекалар мен коллекциялар құрылуы мүмкiн.
IIББ, IIБ, ТIIБ-да:
- дактилоскопиялық;
- мөлтек нысандардың;
- сындырғыш құралдар iздерiнiң;
- аяқ киiм табандарының;
- автокөлiк шиндерi протекторлары iздерiнiң;
- милиция есебiнде тұрған адамдардың фото және бейнетекаларының;
- ашылмаған қылмыстар бойынша фонотекаларының;
- анықталмаған қылмыскерлердiң субъективтi портреттерiнiң;
- әсерi күштi және есiрткi дәрi-дәрмектердi алуға жасалған жалған медициналық рецептер және оларды жасаушылардың қолжазбаларының үлгiлерi.
Шұғыл-iстер жағдайында, сондай-ақ оқиға орындарын қарау үстiнде табылған iздер мен нысандардың мән-жайына қарай криминалистикалық-сараптау бөлiмiндегi тиiстi лабораториялардың және аталған есептердiң мәлiметтер банктерiнiң құрылуын қамтамасыз етуi керек.
1.4. Криминалистикалық-сараптау орындарының анықтау-ақиқат қорларына мәлiметтер банктерiндегi заттар мен бұйымдарының қасиеттерi, көлемi, үлгiсi, тағы басқа мiнездемелерi мен қоса, әдетте, өз бейнесiндегi мәлiмет коллекциялары мен картотекалары кiредi. Олар мыналар:
- отты қарулар мен оқ-дәрiлердiң;
- бұзып-сындыру мағынасында пайдаланылатын кең тараған бұйымдар мен саймандардың;
- аяқ киiмнiң табаны мен үстiнiң;
- автокөлiктiң шин протекторлары дақтарының;
- ыдыратқыш фарларының;
Бұлардан басқа да анықтаушы картотекалар мен коллекциялар құрылуы мүмкiн. Мыс: шет ел iстеген пломбалардың, талшықты материалдардың, мал жүндерiнiң, жағу-майлау материалдарының, есiрткiлердiң және әсерi күштi көп тараған дәрi-дәрмектердiң, суық қарулардың, жарылғыш заттардың, құжаттар жасау үшiн пайдаланылатын материалдардың; мөр мен штамп басылымдарының т.б.
1.5. Егер криминалистикалық-сараптау есептерi мен өз бейнесiндегi анықтаушы нысандардың сақтау тәртiбi арнайы белгiленбесе, олардың сақталуы сейфтерде, шкафтарда, витриндерде, қобдишада атқарылады. Есеп мәлiметтерiнiң сақталуы нысандарының физикалық және химиялық қасиеттерiнiң сыртқы түрлерiнiң табиғи өзгерiстерiне жол бермеуi керек.
1.6. Сараптауды уақтылы тағайындау және оқиға орындарынан алынған тиiстi нысандардың криминалистикалық-сараптау есебiне қоюды бақылауды iшкi iстер мекемелерiнiң шұғыл-iстер мен тергеу аппараттары атқарады. Криминалистикалық-сараптау орындарында жiберiлген нысандардың сақталуы, уақтылы және сапалы тексерiлуi криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң басшыларына жүктеледi.
1.7. Тексеру нәтижесi бойынша белгiлi немесе еркiн үлгiде анықтама жазылады, криминалистикалық-сараптау бөлiмi бастығының қолы қойылып тексерiлген нысандармен бiрге тексерушiге - ынтагерге қайтарылады.
1.8. Қылмыстарды ашу және тергеуде криминалистикалық есептердi пайдалану мәселелерi бойынша хат жазысу "Қызметте пайдалану үшiн" деген грифпен жүргiзiледi.
2. Қару iздерi қалған оқтар, қауыздар, патрондар
коллекциясы
2.1. Қару iздерi қалған оқтар, қауыздар, патрондар коллекциясы мына жағдайда құрылады:
а) қылмыскердiң бiрнеше қылмыс жасағанда отты қарудың жеке бiр ғана данасын қолданғанын анықтау үшiн;
ә) тәргiленген, табылған немесе өз еркiмен өткiзген отты қару қылмыстар жасауда қолданылдыма, жоқпа деген сұрақтарды шешу үшiн.
2.2. Коллекцияны жүргiзу криминалистикалық бөлiмнiң сот баллистикасымен маманданып жүрген бiр немесе бiр топ қызметкерлерiне тапсырылады. Коллекцияны бiрнеше сарапшы жүргiзсе олардың бiреуiне жауапкершiлiк жүктеледi.
2.3. Коллекция нысандары арнайы iстелген шкафта немесе қобдида сақталады, жұмыстан тыс уақытта жабылып, мөрмен бекiтiледi. Нысандарды сақтау тәсiлi олардың ұзақ мерзiмдiлiгiн қамтуы қажет.
2.4. Тергеу жүргiзушi мекеме, IIБ, қалауджел криминалистикалық бөлiмшелерi арқылы, қарудың iзi қалған оқтарды, қауыздарды және патрондарды коллекциядан тексеру үшiн қылмыс iсi қозғалғаннан кейiн 10 күн iшiнде (жасалған қылмыс ашылсын, ашылмасын) жiбередi.
2.5. Қарудың iзi қалған оқтардың, қауыздардың, патрондардың коллекциясы үш бөлiмнен құралады:
а) қылмыс орнынан табылған, мәйiттiң немесе жәбiрленушiнiң денесiнен алыған оқтардан;
ә) қылмыс орнынан табылған қауыздар, патрондардан;
б) мәлiмет карточкаларының картотекасынан.
2.6. Коллекцияның әрбiр нысанында тiркеу журналындағы номермен сай келетiн өз номерi болады.
Коллекцияға түскен оқтарды, қауыздарды, патрондарды тәжiрибелiк нысандармен ауыстырып алмас үшiн олардың қару iзi жоқ жерлерiне қызыл нитролакпен белгi салынады.
2.7. Қарудың iзi қалған оқтар, қауыздар, патрондар коллекцияға мынадай тәртiппен орналастырылады:
а) оқтар-қарудың калибрi, жүйесi, iз ойықтарының саны, бағыты бойынша; егер қарудың жүйесi анықталмаса оның түрi бойынша орналастырылады;
ә) қауыздар мен патрондар оларға тән қарудың түрi, қарудың патрон тiрегiшiнен қалған iздер және шаппа iздерiнiң орналасуы бойынша.
Коллекцияның осы бөлiмiне қарудың басқа түрiнен атуға бейiмделген патрондардың қауызы және әдеттен тыс iздерi бар қауыздарда орналастырылады.
2.8. Аймақтық коллекцияға түскен оқтар, қауыздар, патрондар:
а) тiркеу журналына тiркеледi (1 қосымша);
ә) олар қандай жүйедегi және үлгiдегi қарудан атылды немесе түстi деген мақсатта зерттеледi;
б) коллекция бойынша тексерiледi, соңынан оның тиiстi бөлiмiне орналастырылады.
2.9. Нысандар коллекцияға келiп түскен уақыттан бастап 10 күн мерзiм iшiнде тексерiледi.
Нысандар iздерi бойынша бiрнеше қылмысты жасауға қатысқан қарудың ұқсастығы анықталса, олар бiрiктiрiледi. Осы туралы журналдың "Ескерту" графасына тиiстi белгi соғылады (1 қосымша).
Тексерудiң нәтижесi анықтама мен мүдделi мекемеге хабарланады (2 қосымша). Сондай-ақ анықтамада коллекцияға түскен қауыздар мен патрондардағы олардың бiр жерден шыққандығын куәлендiретiн таңбалы белгiлердiң ұқсастығы жайлы да көрсетiледi.
2.10. Нысандардың аймақтық коллекциядан алынатын кездерi:
а) оқтың, қауыздың немесе патронның қай отты қарудан атылған немесе түсiп қалғаны анықталғанда;
ә) тергеушi немесе сот сұратқанда;
б) 20 жылдық сақтау мерзiмi өткенде;
Соңғы жағдайда нысандар, қылмыс iстерiнде сақталу үшiн, оларды жiберген мекемеге қайтарылады.
Оқтың, қауыздың, патронның коллекциядан қай уақытта, не себептi алынғаны, сондай-ақ қайда жiберiлгенi жөнiнде журналға белгi соғылады (1 қосымша).
2.11. Оқтың, қауыздың, патронның қай қарудан атылғанын немесе түсiп қалғанын анықтау үшiн аймақтық коллекция бойынша тексеруге мыналар жатады:
а) күдiктi немесе айыпты адамнан тәргiленген отты қару;
ә) табылған отты қару;
б) өз еркiмен өткiзiлген отты қару.
Отты қаруды коллекция бойынша тексеруге жiберу, оны мүдделi мекемеге қайтару, жоғалған және анықталған ойықты отты қарудың жедел есебiнiң тәртiбi туралы Нұсқауына сәйкес жүргiзiледi.
2.12. Техникалық жағынан бұзық қару коллекция бойынша тексеру үшiн оның сынған немесе жоғалған бөлшектерiн айырбасталмаған бөлшектерiнiң iздерi пайдаланылады. Қарудың бөлшектерiнiң тәжiрибелiк атқылау кезiнде айырбасталғаны тиiстi құжаттарда (сарапшының қорытындысы, зерттеу анықтамасы) көрсетiледi. Техникалық жағынан бұзық қару үшiн, бөлшектер анықтау коллекцияларының нысандарынан таңдап алынады.
2.13. Қарудың тергеу орнында болмауы тергеуге терiс әсер ететiн жағдайда, аймақтық коллекцияға осы қарудан тәжiрибелiк атылған оқтар мен қауыздар жiберiледi.
2.14. Аймақтық коллекция бойынша тексеруге жiберiлген отты қару:
а) журналға тiркеледi (3 қосымша);
ә) оның техникалық қалiн, атуға жарамдылығын және ату үстiндегi қауiпсiздiгiн анықтау мақсатында зерттеледi;
б) тәжiрибелiк оқтар мен қауыздар алу үшiн атқыланады.
Тәжiрибелiк оқтар мен қауыздар коллекция бойынша тексерiледi. Тексеру нәтижесi мүдделi мекемеге анықтамамен хабарланады (4 қосымша).
2.15. Тергеушiнiң немесе алдын-ала тергеу мекемесiнiң тапсырысы бойынша тәжiрибелiк оқтар мен қауыздар ТМД елдерi IIМ-нiң аймақтық коллекцияларына да жiберiлуi мүмкiн.
Мұндай тексерiс қажет болмағанда тәжiрибелiк оқтар мен қауыздар бiр ай сақтау мерзiмi өткен соң жойылады.
3. Жалған ақшалар картотекасы
3.1. Жалған ақшаның, қазына мен банк билеттерiнiң жалпылама шығуын, олардың жасалу тәсiлдерiн және технологиясын анықтау үшiн Қазақстан Республикасы IIМ-нiң Криминалистикалық-сараптау басқармасында жалған ақшалардың картотекасы құрылады.
3.2. Картотека сараптаулар жүргiзетiн IIБ-нiң криминалистикалық бөлiмдерiнен түсетiн материалдар есебiнен құрылады. Ол жағынан ақшалардың, банк пен қазына билеттерiнiң оң және сырт жағының суреттерiнен және әртүрлi жалған ақшалардың үлгiсiнен тұрады.
Жасалған ақшалар, банктiң, қазынаның билеттерi қай жерден тәргiленсе де, Ресей Федерациясы IIМ-нiң ҚСО-ның жалған ақшалар картотекасында тексерiлуге тиiстi. Оларды криминалистикалық бөлiмдер көрсетiлген Орталыққа сараптау бiтiсiмен үш тәулiктен кешiктiрмей жiбередi.
Жалған ақша мен бiрге олардың оң және сырт жағының суреттерi (масштаб: 3:1 - тиындар үшiн; 1:1 - банк пен қазна билеттерi үшiн), сарапшы қорытындысының копия, негiзгi сызықтары белгiленген спектрограмма (3:1 масштабта) қоса жiберiледi.
3.3. Жалған тиындар мен қағаз ақшалардың фотосуреттерi карточкалары желiмделiнедi. Карточкаға жалған ақша белгiсiнiң өткiзiлген немесе табылған жерi және уақыты туралы, қылмыс iсiнiң номерi, жалған ақша жасаушы жайлы, сараптау мен картотекадан тексерудiң нәтижесi туралы мәлiметтер жазылады.
3.4. Тиын ақшаның, қазына мен банк билеттерiнiң жалғандығын немесе дәлдiгiн анықтау мақсатындағы зерттеулердi әр аймақтағы криминалистикалық бөлiмдер жүргiзедi.
Ақша белгiлерi, зерттеуге, iшкi iстер мекемесi бастығының немесе тергеу орнының хаты мен жолданады, онда күмәндi ақшаның табылу жайы көрсетiледi.
3.5. Түскен белгiлердiң тексерiлуi бес тәулiк iшiнде атқарылады. Тексеру нәтижесi бойынша анықтама жазылып, тексерiлген нысанмен бiрге ынтагерге қайтарылады (5 қосымша). Тексерiлген нысанның картотекада бұрын тiркелген жалған ақшамен бiр жерден шыққаны анықталса, анықтаманың копиясы алғашқы ақша табылған жерге - IIБ-на жiберiледi.
3.6. Металл ақшаның дәлдiгi аспаптарды қолданумен, ал қағаз ақшаның дәлдiгi - дәл өзiндiк қазына және банк билеттерiнiң үлгiсiмен көзбен (визуально) салыстыру арқылы анықталады. Дәлдiгi анықталған ақша, зерттеуден кейiн, тексертушi-мүддегерге қайтарылады.
3.7. Жалған ақша мен дәлдiгi анықталмаған ақшалар (полиграфиялық тәсiлмен жасалған қағаз ақшалардан басқалары) криминалистикалық бөлiмнiң анықтамасы мен бiрге сараптау жүргiзу үшiн iшкi iстер министрлiгiне жiберiледi.
Полиграфиялық тәсiлмен жасалған қағаз ақшалар анықтама мен бiрге Ресей Федерациясы IIМ-нiң криминалистикалық сараптау Орталығына жiберiледi. Онда олардың жасау тәсiлдерi мен технологиясы бойынша жалпылама шығуы анықталады. Анықтаманың копиясы ақша белгiлерiн тексерушi мекемеге немесе тергеушiге жолданады.
3.8. Криминалистикалық бөлiмнiң физикалық-химиялық лабораториясының сарапшысы ақша белгілерiн сараптаудың нәтижесi бойынша қорытынды шығарады. Ақшалардың картотекада тексерiлгенi жайлы қорытындыда көрсетiлмейдi. Ақша белгiлерiнiң жалғандығы анықталса сарапшы қорытындысының копиясы Қазақстан Республикасы IIМ-нiң экономикалық қылмыспен күрес бас басқармасына (ЭҚКББ) жiберiледi.
4. Дактилоскопиялық есептер
4.1. Iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң дактилоскопиялық есептерi мыналарды айқындау үшiн құрылған:
- оқиға орнында қол iздерi қалдырғандарды;
- бiр адамның бiрнеше оқиға орнында қол iздерi қалдыру жайын;
- егер бұрын милиция есебiнде тұрса, мәйiттiң жеке басын анықтау үшiн.
4.2. Дактилоскопиялық есептер ашылмаған қылмыстардың орындарынан тауып алынған қол iздерiнiң фотосуреттерiнiң картотекасынан (iзтека) және iшкi iстер мекемелерiнiң шұғыл-iстер мүддесiне қажет адамдардың дактилоскопиялық карталарынан (дактилокартотека) тұрады.
4.2.1. Iзтекалар барлық IIББ, IIБ, ТIIБ-да және қалалық, аудандық желiлiк (қалауджел) iшкi iстер мекемелерiнде, ал Қазақстан Республикасы IIМ-де қылмыстардың ауыр түрлерi бойынша жүргiзiледi.
4.2.2. Дактилокартотекалар криминалистикалық-сараптау орындары бар қалауджел iшкi iстер мекемелерiнде ғана құрылады.
4.2.3. Аймақтағы шұғыл-iстер жағдайының ерекшелiктерiне орай, қажет болғанда, IIББ, IIБ, ТIIБ-сы бастығының шешiмi мен олардың криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнде кейбiр қатардағы адамдардың (пәтер ұрлаушылар, нашақорлар және с.с.) дактилокартотекалары құрылуы мүмкiн.
4.3. Iзтекалардың жұмысын ұйымдастыру
4.3.1. Ізтекалары екi бөлiмнен құрылады. Iзтекалардың бiрiншi бөлiмi қол iздерiнiң фотосуреттерiнен тұрады. Дактилоскопияда қабылданған жiктеу тәртiбi бойынша жүйеленген олардың папилляр (дөңес) өрнектерiнiң түрi мен үлгiсi анықталады. Iзтека бойынша дактилокарталарды тексерудi жеңiлдету мақсатында осы бөлiмде бөлiмшелер болуы мүмкiн, олар қылмыстың жасалу уақыты, тәсiлi және басқа белгiлерi бойынша құрылады.
Iзтеканың бiрiншi бөлiмi бойынша тексеруге дактилокартотекаға салынған дактилокарталар және шұғыл-iстер орындары мен тергеушiлер жiберген қылмыста күмәндi адамдардың дактилокарталары жатады.
Iзтеканың екiншi бөлiмi дөңес өрнектерiнiң түрi мен үлгiсi анықталмаған қол мен алақан iздерiнiң фотосуреттерiнен құрылады.
4.3.2. Криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiне оқиға орнын қарау кезiнде тауып алынған қол iздерi мен қоса қылмыс жағдайына қатысы жоқ адамдардың (жәбiрленушiнiң, қойма ұстаушының және с.с.) қол дақтары да жiберiледi. Олар қылмыс iсiн тергеудi жүргiзушi шұғыл-iс қызметкерлерiнiң немесе тергеушiнiң қаулысы мен қоса қылмыстан кейiн 10 күн өтпей тапсырылады.
4.3.3. Криминалистикалық-сараптау бөлiмiне түскен, адамның жеке басын ұқсастыруға жарамды деп табылған қол iздерi ең алдымен қылмыс жағдайын қатысы жоқ адамдардың қолдарының дақтарымен салыстырылады. Барлық iздер адамның жеке басын ұқсастыруға жарамсыз деп табылса немесе қылмыс жағдайына қатысы жоқ адамдардiкi болып шықса, онда криминалистикалық-сараптау орны бұл жөнiнде тергеушiнi сарапшының қорытындысымен хабардар етедi.
4.3.4. Ұқсастыруға жарамды, сондай-ақ қылмыс жағдайына қатынассыз адамдар қалдырған iздер дактилокартотекадағы барлық қол саусақтарының дақтары мен iзтеканың бiрiншi бөлiмiндегi iздер мен салыстырылады. Егер iзтекаға бұрын түскен iздер мен немесе дактилокартотекадағы қол дақтары мен ұқсастығы анықталса, криминалистикалық-сараптау орны бұл жөнiнде тергеушiге және өз аймағында қылмыс жасалған iшкi iстер мекемесiнiң қылмыс зерттеу орны бастығына сарапшының қорытындысын хабарлайды.
Дактилокарталық есептердегi тексеру терiс нәтиже берсе келген iздер бөлшектеу тәртiбiмен 1:1 масштабта фотоға түсiрiледi, мәлiмет картасына желiмделедi, журналға тiркеледi (6 қосымша), соңында iзтекаға салынады.
4.3.5. Егер iздердiң зерттелуi қылмыс жасалған аймақтағы қалауджел iшкi iстер мекемесiнiң криминалистикалық-сараптау орнынан басқа жерде жүргiзiлсе, ұқсастыруға жарамды қол iздерiнiң фотосуреттерi, сараптау жүргiзу аяқталған соң, тоқтаусыз екi дана күйiнде iзтекаларға салу үшiн мүдделi қалауджел iшкi iстер мекемесiне немесе IIБ-на жiберiледi.
4.3.6. Қол iздерiнiң фотосуреттерiн iзтекасына салған қалауджел iшкi iстер мекемесiнiң криминалистикалық-сараптау бөлiмшесi олардың екiншi данасын 15 күн мерзiмге дейiн өзi бағынатын IIБ-ның криминалистикалық-сараптау бөлiмiне жiбередi. Транспорттағы сараптау орны аймақтағы iшкi iстер мекемелерiнiң криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiндегi iзтекаларға қол iздерi суреттерiнiң екiншi даналарын қосымша жiбередi.
4.3.7. Iзтекадағы бiр адамның саусақтары қалдырған алтыдан кем емес iздердiң дөңес өрнектерiнiң үлгiсiн анықтауға болса, олардың суреттерi дактилобланкiсiне желiмделiнедi, онсаусақтық жүйе бойынша ықтимал дактилоскопиялық формуласын шығару үшiн IIББ, IIБ, ТIIБ-ның мәлiмет орталығына тапсырылады. Iшкi iстер басқармалары мәлiмет орталықтарының (МО) барлық дактилокарталары бойынша iздердi тексеру криминалистикалық-сараптау бөлiмдерi қызметкерлерiнiң еншiсiнде. Iзтекада осындай iздердiң сегiзi болса, онда олар, Қазақстан Республикасы IIМ КСБ-сы арқылы Республика IIМ МО-ның орталықтандырылған дактилоскопиялық есебi бойынша тексеруге жiберiледi.
4.3.8. Тексерушiнiң (қылмыс зерттеу орны бастығының) тапсырысы бойынша криминалистикалық-сараптау бөлiмдерi қол iздерi суреттерiнiң екiншi даналарын тексеру және iзтекасына салу үшiн басқа iшкi iстер мекемелерiнiң криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiне жiбередi. Мақсат-қылмыс жасаудағы күмәндi адамдар сол жақтарға баруы немесе сонда болуы мүмкiн. Бұлай болғанда жолдама хатта қылмыс қай iшкi iстер мекемесiнiң аумағында жасалған, қылмыс iстiң номерi, қылмыстың жасалған уақыты, орны және тәсiлi, сараптаудың уақыты, номерi, сондай-ақ iздер туралы мәлiметтер (қандай заттан, қалай тауып алынды, қай қолдың қай саусақтарынан қалған) толық көрсетiледi.
4.3.9. Қол iздерiнiң суретiн алған криминалистикалық-сараптау бөлiмi, олардың өзiндегi барлық iзтека мен дактилокартотека бойынша 15 тәулiк iшiнде тексеруге, нәтижесiн тапсырушы-ынтагерге хабарлауға мiндеттi. Жағымды нәтиже шықса ынтагерге қол iздерiнiң суретiмен бiрге анықталған адамның дактилокартотекасының фотокопиясы қайтарылады.
4.3.10. Iшкi iстер мекемелерi шұғыл-iздестiру орындары және тергеушiлер тапсырма-хатпен iздер бойынша материалдардың саусақ және алақан дақтарын тексеруге жiбередi:
- қылмысқа күдiктiлiгi үшiн ұсталғандардың;
- абақтыға жабылғандардың;
- қылмыспен айыптаушылардың;
- әдейi жасалған қылмыспен сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босағандардың;
- милиция әкiмшiлiк бақылауына жататындардың;
- тұрмыс қатынастары айналасында құқық бұзушылардың;
- спирт iшiмдiктерiн терiс пайдаланушылар мен маскүнемдердiң;
- ұсақ сатқарлық мен ұсақ ұрлық жасаушылардың;
- дәрiгердiң рұқсатынсыз елiткiштер (наркотики) пайдаланатындардың;
- ұры-қары қордаларын ұстайтындар және соларға баратындардың;
- қоғамға қарсы тұрмыс қалпын ұстаушылардың.
(1992 жылғы 23 маусымдағы "Қазақстан Республикасының iшкi iстер мекемелерi туралы" заңы).
4.3.11. Криминалистикалық-сараптау орындарына жiберiлетiн iзтеке бойынша дактилокарталарды тексеру тапсырмасы мынадай ақпардан құралады: қай iшкi iстер мекемесi қамтыйтын аймақта, қай уақыт мерзiмiнде шүбәлi адамдар қылмыс жасауы мүмкiн және оларды қылмыстың қай түрi бойынша тексеру қажет.
4.3.12. Дактилокарталардың тексерiлу нәтижесi алфавиттiк журналда (7 қосымша) белгiленедi, ынтагерге хатпен хабарланады.
4.3.13. Қол iздерiнiң фотосуреттерi iзтекадан мына жағдайда бөлiнiп алынады және жойылады:
а) егер iздердi қалдырған кiсi анықталса;
ә) осы қылмыс бойынша жауапқа тарту мерзiмi өтсе;
б) егер iзтекаға құйылған қол iздерi табылған қылмыс бойынша нақтылы адам қылмысқа тартылса (iздердiң кiмге тиiстi екенi анықталмасада).
4.3.14. Қол iздерiнiң фотосуретiн iзтекадан бөлiп алғанда iздердi тiркеу журналында олардың алыну себебi және уақыты туралы белгi жазылады.
4.4. Дактилокартотеканың жұмысын ұйымдастыру
4.4.1. Дактилокартотекалар қалауджел iшкi iстер мекемелерiнiң шұғыл-iстер назарындағы адамдардың дактилокарталарынан құралады. Бұлар бойынша тексерiске iзтеканың бiрiншi бөлiмiндегi iздер жатады. Картотекаға, әдетте, жасы 45-ке дейiнгi адамдардың дактилокарталары құйылады.
4.4.2. Қалауджел iшкi iстер мекемелерiнiң криминалистикалық-сараптау орындарында дактилокартотекалардың қорын құрастыру шұғыл-iстер қызметкерлерiнiң шешiмiмен iске асырылады. Бұл жұмыс шұғыл-iстер назарындағы адамдарға қалауджел iшкi iстер орындарында алфавиттiк-мәлiмет карточкасы толтырылғаннан бастап 15 тәулiк iшiнде есепке алумен орындалады.
Дактилокартотекаларды ұйымдастыру, олардың тексерiс қал-ахуалын қамтамасыз ету, картотекаларға дактилокарталардың уақтылы құйылуы мен алынуын қадағалау жауапкершiлiгi қалауджел iшкi iстер мекемелерi бастықтарының шұғыл-iстер бойынша орынбасарларына жүктеледi. Олар бөлiмшеден нақтылы кiсiлердi тағайындайды, бұлардың қызметтiк мiндетiне дактилокартотекалардың қорларын толықтыруды бақылау енедi.
4.4.3. Шұғыл-iстер назарындағы, бұрын сотталған адамдардың дактилокарталарының копиясын шұғыл-iстер қызметкерлерi дайындайды. Копиялары алынған дактокарталар IIМ, IIББ, ТIIБ-ның мәлiмет орталығына қайтарылады.
4.4.4. Дактилокартотекаға түскен саусақтар мен алақандардың дақтары (дактокарталар) журналға тiркеледi (8 қосымша), iзтеканың бiрiншi бөлiмi бойынша тексерiлiп, қорға құйылады.
4.4.5. Криминалистикалық-сараптау бөлiмi қол iздерiн қалдырған адам анықталған жағдайда тездеп дактокартаны жiберген шұғыл-iстер орнына хабар бередi және қылмыс iстi жүргiзушi тергеушiге 7а қосымша, ал тексерiс терiс шыққанда 7б қосымша бойынша хабарлайды.
4.4.6. Күдiктi адам басқа аймақтарда қылмыс жасауы мүмкiн деген дәлелдi мәлiметтер болған жағдайда, шұғыл-iстер бөлiмшесi бастығының немесе тергеушiнiң жазба нұсқауы бойынша дактилокартаның копиясы сол аймақтардағы криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң iзтекаларына тексеруге жiберiледi.
4.4.7. Қалауджел iшкi iстер мекемесi бастығының жарлығы бойынша кем дегенде жылына бiр рет дактилокартаның қоры қалауджел iшкi iстер орнының назарындағы адамдардың картотекасымен салыстырылып тексерiледi.
Әрбiр салыстырмалы тексерiс дактокарталардың есеп журналына (8 қосымша) тiркеледi, онда тексеру уақыты, тексерушiнiң аты-жөнi, сондай-ақ адамды дактилоскопиялық есептен шығару себептерi көрсетiледi.
4.4.8. Картотекадан дактилокарталар мына жағдайларда шығарылады (алынады):
а) шұғыл-iздеу немесе алдын алу есебiнен шығарылғанда;
ә) басқа қалаға, ауданға орын ауыстырғанда (бұл жағдайда дактилокарта есепте тұрған адамның барған жерiндегi милицияға жiберiледi);
б) еркiнен айырылып сотталғанда;
в) өлгенде.
5. Субъективтi портреттердiң картотекасы
5.1. Субъективтi портреттердiң картотекасы жасырынып жүрген қылмыскерлердi iздеу және анықтау мақсатында құрылады.
5.2. Картотека IIББ, IIБ, ТIIБ-сы криминалистикалық-сараптау бөлiмiнде дайындалған субъективтi портреттерден құрастырылады. Дайын сурет жапсырылған карталар (9 қосымша) бiркелкi үлгiде толтырылады.
Субъективтi суреттер қалауджел iшкi iстер орындарында немесе криминалистикалық-сараптау маманынсыз дайындалған жағдайда, ынтагер үш тәулiк iшiнде осы суреттердi IIББ, IIБ, ТIIБ-ның криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнде тексеру және картотекаға салу үшiн жiберуге мiндеттi.
5.3. Әрбiр дайындалған субъективтi портрет мiндеттi түрде қылмыстардың осы жылы жасалған барлық және соңғы екi жылдағы нақтылы түрi бойынша (күдiктi, iздеуде жүрген адам) тексерiледi.
5.4. Тексеру нәтижесi жағымды болғанда 10 қосымшадағы үлгiде субъективтi портреттер картотекасы бойынша бейне ұқсастығы жайлы анықтама жазылып, тапсырыс ынтагерiне сурет құрастыру үшiн жiберiледi.
5.5. Тексеру нәтижесi терiс шықса картаға тиiстi белгi соғылып, субъективтi суреттi құрастырушы телефонмен хабарланады.
5.6. Қылмыс ашылған жағдайда немесе субъективтi сурет куәгердiкi немесе қылмысқа қатысы жоқ кiсiнiкi болса, сурет құрастырушы 10 тәулiк iшiнде, белгiлi үлгiде (11 қосымша), IIББ, IIБ, ТIIБ-ның криминалистикалық-сараптау бөлiмiн ескертуге мiндеттi.
5.7. Қылмыс ашылған немесе осы қылмыс бойынша қылмысқа тарту мерзiмi өтiп кеткен жағдайда, тиiстi карта картотекадан алынып, архивке өткiзiледi.
5.8. Қажет болғанда шұғыл-iс орнының хатына сүйенiп субъективтi суреттер картотекасы бойынша қылмыскер жасауда күдiктi адамдардың суреттерi тексерiлуi мүмкiн. Тексерiлу нәтижесi 5.4. және 5.5. тарауларға сәйкес атқарылады.
6. Криминалистикалық "видеотека" есебi
Қазақстан Республикасы iшкi iстер мекемелерiнiң қылмыскер қатарына жататындардың, дидаржазғыш аппаратура ("Видеотека") пайдалану арқылы, криминалистик есебi құрылады. "Видеотеканы" құруда криминалистикалық-сараптау және шұғыл-iздестiру орындарының қызметiн реттейтiн құқық негiзгi қылмыс iстерiн жүргiзу заңы, қалыпты актiлер болып саналады.
"Видеотека" шұғыл-iстер ауқымен қызықтыратын кiсiнiң бейнесiн монитор экранынан толық көрсетедi, оның аяқ басын, және бет қимылын (ымдауын), сөйлеу ерекшелiгiн тап басып жазып алады. Осының бәрi нақты кiсiнi тануда аса маңызды және фотосуретке қарағанда талассыз артықшылық. "Видеотека" қорын құру үшiн IIББ, IIБ, ТIIБ-ның бұйрығымен осы жұмысқа маманданатын топтың құрамы белгiленедi, жұмыс орын-жайы бөлiнедi және материалды техникалық қамту жағы анықталады.
Криминалистикалық "Видеотека" есеп тобы
мүшелерiнiң мiндеттерi
Криминалистикалық "Видеотека" есебi жұмысының жауапкершiлiгi IIБ қылмыс зерттеу бөлiмiнiң (ҚЗБ) бастығына жүктеледi, ал шұғыл-мәлiметтер мен толықтыру шұғыл-iстер қызметiне тиiстi.
Техникалық жағын IIБ-сы криминалистикалық-сараптау бөлiмiнiң бастығы қамтамасыз етедi.
I. Шұғыл-iс қызметкерi, тергеушi:
- тiркелуге жататындарды алып келедi;
- қамауға уақытша ұсталғандар (ҚУҰ), тергеу қамау (ТҚ), қабылдау-тарту (ҚТ), арнайы қабылдау (АҚ) үйлерiнде және с.с. тiркеудiң күнiн уақытын анықтайды;
- тiркелуге тиiстi кiсiге видео есепке қою себебiн түсiндiредi;
- қылмыскердiң (күмәндi адамның) белгiлерi туралы алынған жауаптарға сәйкес видеотеканың қорынан жәбiрленгендерге және куәгерге көрсету үшiн қажеттi сырт бейнелердi таңдап алады.
II. КСБ-нiң маманы:
- техникалық құралдарды түсiру iсiне дайындайды және олардың түзулiгiн бақылайды;
- тiркелетiндердiң бейнежазуын жүргiзедi;
- тiркелгендердiң есебiн, видеомагнитофонның есеп көрсеткiшiн, видеокассеттiң номерiн жазып тiркейдi;
- видеотека қорын жүйелейдi;
- тергеушiнiң немесе шұғыл-iс қызметiнiң тапсыруы бойынша видеотека қорындағы, алдын-ала түр-сипат белгiлерi бойынша таңдап алынған, адамдар бейнежазуын түстеп-танушыларға көрсетедi.
Техникалық қамту
Бейне түсiрiмге мыналар қажет:
1. Бөгде дыбыссыз (көше шуы, телефон сылдыры, радио және с.с.) кең үй-жай.
2. Видеокамералы кассеттi бейнемагнитофон.
3. Телевизиялық қабылдағышы немесе көру мен жалғауға арналған бейнемониторы бар тұрақты бейнемагнитофон.
4. Видеокамераның штативi.
5. Қосымша жарықтандыру аспаптары.
6. Қорды жүйелеу үшiн кем дегенде 20 видеокассеттер.
Бейнежазуды жүргiзу
Тiркелушiнi жазу үшiн КСБ-нiң маманы бейнекамераны адамның бойын түгелдей (алдынан, жанынан) қамтитындай етiп орналастыруға тиiстi. Қозғалыста түсiру үшiн тiркелушiге шеңбер қуалап және қиғаш бағытта жүру ұсынылады. Зерттеу үстiнде сөзден ұқсастыру белгiлерiн тауып айқындау үшiн микрофон алдында анкеттiк мәлiметтердi оқытады. "Бастыру" тәсiлiн қолданып, iрi нұсқада бетi және ерекше белгiлерi (тыртықтар, тәндегi нақыштар және с.с.) түсiрiледi. Күмәндi адамның денесiндегi ерекше белгiлерде осы тәсiлмен түсiрiледi.
Бейнетека қорын ұйымдастыру
Ерлер және әйелдер:
а) сырт бейнесi бойынша:
- европалықтар;
- монголдықтар (қазақтар, қызғыздар, корейлер т.б.);
- азиялықтар (ұйғырлар, өзбектер, тәжiктер т.б.);
- кавказдықтар (грузиндер, армяндар, түрiктер т.б.);
ә) жас топтамалары бойынша:
- 18 жасқа дейiнгiлер;
- 18-ден 30 жасқа дейiнгiлер;
- 30-дан 50 жасқа дейiнгiлер.
Бейнетеканың қоры жергiлiктi жағдайға және жазудың ыңғайына қарай басқа көзқараста да құрылуы мүмкiн.
Бейнежазу бойынша тану
Қылмыстық процессуалдық кодексi мен IIМ-нiң мөлшерлеу актiлерiнде жеке адамды таныту үшiн фотосурет, киносурет түрiнде ұсыну көрсетiлген; осыған байланысты таныту әрекетi бейнежазу бойынша да жүргiзiлуi мүмкiн.
Бейнетеканың қоры бойынша тексерiс тергеушiнiң немесе шұғыл-iстер аппараты бастығының жазбаша нұсқауына сүйенiп жүргiзiледi. КСБ-ның маманы тергеушi немесе шұғыл-iс қызметкерi мен бiрге қылмыс iстегi күмәндiнiң белгiлерi жайлы жауаптар негiзiнде қордан жеке адамның бейнетаспаларын iрiктеп алады, оларды көрсетуге дайындайды. Әрi қарай бейнесуреттi таныту үшiн ұсыну Қазақстан Республикасы ҚПК-де көрсетiлген үлгi бойынша атқарылады.
Бейнефильмдi мiндеттi түрде дыбыссыз көрсетедi. Қылмыскер даусының ерекшелiгi таңдаушының есiнде қалған жағдайда, бейнежазу дыбыспен қоса көрсетiледi.
Бейнежазу бойынша таныту ұсыну Қазақстан Республикасы ҚПК-сi 154 бабының талабына сай хаттама жазылу мен бiтуi тиiс. Хаттамаға танылушының фототаблицаға жапсырылған фотосуреттерi және кем дегенде үш кiсiнiң бейнетаспаға түсiрiлiп, танушыға көрсетiлген бейнежазу тiркеледi. Сурет телевизордың (монитордың) экраннан "Тұрған-кадр" тәсiлiмен, ГОСТ бойынша 65 ед. сезгiштiк фототаспаға ГЕЛИОС-44" объективпен, қол жағдайында, 1 секундттық уақытпен, 5,6 диафрагмада түсiрiледi.
7. Сындырғыш құралдар iздерiнiң, аяқ киiм ұлтандары
iздерiнiң, автокөлiк шиндерi протекторлары iздерiнiң
картотекалары мен коллекциялары (iзтекалары)
7.1. Iзтекалар, iздердiң бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасағанда тек сол бiр сындырғыш құралдан, аяқ киiмнен немесе автокөлiктен қалған шығындығын анықтау мақсатында құралады.
7.2. IIББ, IББ, ТIIБ-ның шешiмi бойынша шұғыл-iстер жағдайына сай, iзтекалар, солардың криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiне немесе қалауджел iшкi iстер мекемелерiнде құрылуы мүмкiн.
7.3. Тергеушi немесе алдын-ала тергеу орны, оқиға орнын қараудан кейiн 10 тәулiктен кешiктiрмей, тауып алынған сындырғыш құралдың, табанның, автокөлiктiң iздерiн сараптауды тағайындау туралы қаулымен қосып криминалистикалық-сараптау бөлiмiне жөнелтедi.
7.4. Сараптаудан кейiн iздер (бойында сындырғыш құралдың, табанның, автокөлiктiң iздерi бар бұйымдар немесе iз көшiргiш материалдардың көмегi мен жасалған олардың копиялары) тиiстi iзтекаға салынады. Iзтекаға 1:1 масштабта орындалған ұлтан және автокөлiк iздерiнiң фотокөшiрмесiн де салуға болады. Iздердiң iзтекада қалдырылғаны жайлы сарапшының қорытындысын жолдайтын хатта тергеушiге немесе шұғыл-iстер орнына хабарланады. Iзтекаға салынған нысандар журналда (12 қосымша) тiркеледi.
7.5. Iзтекаға түскен iздер журналға тiркеледi, онда олардың қылмыс жайлы мәлiметтерi мен бiрге түр-сипаты, үлгiсi, көлемi, орын-жайы және iзқұрайтын нысанның жеке белгiлерi жазылады. Содан кейiн олар iзтекадағы iздермен салыстырылады. Мақсат бiрнеше қылмыс жасауға бiр ғана нысанның шын қатыстығын анықтау.
7.6. Iздiң басқа iздермен ұқсастығы анықталған жағдайда криминалистикалық-сараптау бөлiмi қылмыс жасалған аймақтағы қылмыс зерттеу басшысына және сол iстi тергеушiге тездеп хабар бередi. Әрi қарай осы оқиға бойынша сараптау жүргiзiледi.
7.7. Ашылмаған қылмыстардың iздерi (iздер түскен бұйымдар) iзтекада 2 жыл бойы жатады, осы мерзiмнен кейiн тергеу жүргiзушi бөлiмiмен келiсiм бойынша iздер одан да ұзақ жатуы мүмкiн.
7.8. Егер қылмыс ашылса, немесе қылмыс iс тоқтатылса тергеушi немесе алдын-ала тергеушi осы жайлы криминалистикалық-сараптау бөлiмiне хабар бередi. Осыған байланысты iздер iзтекадан алынып сараптау тағайындаушыға қайтарылады.
7.9. Оқиға орнынан немесе қылмыс жасауда күмәндiлерден алынған нысандар (сындырғыш қару, аяқ киiм, автокөлiктiң шиндерi) 15 тәулiк iшiнде iзтека бойынша тексерілуге криминалистикалық-сараптау бөлiмiне жеткiзiлуге тиiстi.
7.10. Нысандарды iзтека бойынша тексеру сараптау тағайындай қаулысына немесе қызмет бабындағы хатқа сүйенiп 15 тәулiк iшiнде атқарылады.
7.11. Тексеруге түскен нысандар журналда (12 қосымша) тiркеледi, онда оқиға орнының мекен жайы, оның мәнiсi, күдiктi адамның фамилиясы, аты-жөнi, қылмыс iсiнiң номерi және нысанның түр сипаты жазылады.
7.12. Тексеру жағымды нәтиже берсе криминалистикалық-сараптау бөлiмi осы жайлы нысанды жiберушiге тез хабар бередi.
7.13. Ұқсастық жоқ жағдайда зерттеушi осы жайлы тексерудi тағайындаушыға хатпен хабарлап, нысанды керi қайтарады.
8. Ашылмаған қылмыстар бойынша фонотека
Фонотека дегенiмiз фонға немесе бейнекассетаға жазылған белгiсiз кiсiлердiң сөзi мен даусының есебi. Дауыс тiкелей дыбысжазғыш аспапқа микрофон арқылы немесе телерадиоаппаратура арқылы жазылуы мүмкiн. Фонотека Қазақстан Республикасы IIМ-гi криминалистикалық-сараптау басқармасының фоновидеоскопиялық зерттеу бөлiмiнде ұйымдастырылады.
Iшкi iстер мекемелерiнiң практикалық жұмысында бейне-дыбысжазу құралдарын пайдалану жөнiндегi ұсыныстар Қазақстан Республикасы IIМ-гi КСБ-ның шұғыл-істер қызметкерлерiне жiберiлген хатта көрсетiлген.
Тергеу жұмысында дыбысжазуды қолдану (iс жүргiзу, дыбысжазу техникасы, дыбысжазу тәсiлi, дыбысжазудың өзi, оның нәтижесiн хаттау, дыбысжазуды қолданудың тактикалық тәсiлдерi) Корнеев Л.М., Ратинов А.Р., Холобок М.П. сынды авторлардың "Тергеу жұмысында дыбысжазуды қолдану" атты оқу құралында (Мәскеу -1967 ж.) баяндалған.
9. Әсерi күштi және есiрткi дәрi-дәрмектердi алуға
жасалған жалған медициналық рецептер және оларды
жасаушылардың қолжазбалары үлгiлерiнiң коллекциялары
9.1. Коллекцияларды ұйымдастыру мен жүргiзудi IIББ, IББ қылмыс зерттеу аппараттары мен криминалистикалық-сараптау бөлiмдерi жүзеге асырады.
Медициналық жалған рецептер мен қолжазба үлгiлерiнiң коллекциялары мыналарға арналған:
а) Медициналық жалған рецептердiң қолжазбаларының орындаушысын анықтау үшiн;
ә) қолжазуы бойынша бiрнеше рецептi қолжазбалардың орындаушыларын бiрiктiру үшiн;
б) рецептер бланктерiн техникалық жағынан сақтау жайлы ұсыныстар мен iшкi iстер және медициналық мекемелерге мәлiмет хабарламаларын дайындау мақсатында, жалған рецептер жасау тәсiлi мен оларды пайдаға асыру әдiстерiн талдау үшiн.
9.2. Медициналық жалған рецептердi және күмәндi кiсiлердiң қолжазба үлгiлерiн жинақтап криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiне жiберудi IIББ, IIБ-ның қылмыс зерттеушi орындары және қалауджел iшкi iстер мекемелерi iске асырады.
9.3. Iшкi iстер орындарында кәсiпорындар, мекемелер, ұжымдар және жеке адамдар тапсырған, сондай-ақ;
- шұғыл-iстер әрекетi бойынша дәрiханалар мен басқа да медициналық мекемелерi тексергенде;
- медициналық рецептердi жалған жасаумен айналысатындардан немесе соған қақысы барлардан, сондай-ақ күдiкпен ұсталғандардан, тәргiленген медициналық жалған рецептерде есепке алынады.
9.4. Медициналық жалған рецептер қолжазба үлгiлерi осы аттағы журналдарда (13,14 қосымшалар) тiркелiп, жолдама хатпен қоса криминалистикалық-сараптау бөлiмiне жiберiледi.
9.5. Криминалистикалық-сараптау бөлiмiне түскен жалған медициналық рецептер және қолжазба үлгiлерi тиiстi журналдарда (15,16 қосымшалар) тiркеледi. Бiр жолдама хатпен бiрнеше медициналық жалған рецептер немесе қолжазба үлгiлерi түскен жағдайда, олардың әрқайсысы журналға жеке тiркеледi. Рецептер мен қолжазба үлгiлерiнiң оң бетiндегi жоғарғы оң бұрышына тiркеу номерi қойылады.
9.6. Жалған медициналық рецептер мен қолжазба үлгiлерi тiркелгеннен кейiн қабылданған топтау тәртiбi бойынша кодталады және қолдағы есеп қорына қосылады.
9.7. Кодтар өзара ұқсаса, жалған рецептiң орындаушысын анықтау немесе қолжазбасы бойынша рецептердi бiрiктiру мақсатында, қолжазба зерттеуi жүргiзiледi.
9.8. Коллекция бойынша тексерiс және ынтагерге оның нәтижесiн хабарлау 10 күн мерзiмiнде атқарылады. Тексеру нәтижесi жалған рецептер мен қолжазба үлгiлерiнiң есеп журналында (15, 16 қосымша) көрсетiледi.
9.9. Жыл сайын 1 желтоқсанға қарсы қылмыс зерттеу орындары криминалистикалық-сараптау бөлiмiне, коллекция қорынан шығарылатын жалған рецептер мен қолжазба үлгiлерiнiң тiзiмiн жiберiп тұрады.
9.10. Қордан жалған рецептер мына жағдайда шығарылады:
а) орындаушылары анықталғанда;
ә) қылмысқа тарту мерзiмi өтiп кетуiне байланысты.
Қолжазба үлгiлерi қордан мына жағдайларда шығарылады:
а) егер жалған рецептер жасаушы бұл iстi тоқтатса;
ә) егер тұрақты орнын басқа аймаққа ауыстырса (бұл жағдайда, бұл кiсi туралы анықтама, ол барған жердегi iшкi iстер мекемесiне жiберiледi, ал қолжазба үлгiсi криминалистикалық-сараптау бөлiмiнiң архивiне өткiзiледi).
10. Мөлтек нысандар картотекалары
10.1. Мөлтек нысандар картотекалары IIББ, IIБ, ТIIБ-сы криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiндегi физика-химиялық лабораторияларда құрылады, 12 қосымша бойынша журналға тiркеледi.
10.2. Картотекалар ауыр қылмыстар жасалуына байланысты оқиға орындарын қарау кезiнде тауып алынған мөлтек нысандар жайлы жүйеленiп жиналған мәлiметтер, қылмыскердiң сырт пiшiнi, қылмысты жасағанда қолданылған қарулар мен бұйымдар, қылмыс жасаудағы жағдайлар, т.б. жайлы мәлiметтер болып есептеледi.
10.3. Картотекалар оқиға орындарынан табылған мөлтек нысандар мен қылмыс жасауда күдiктi кiсiден алынған (үлгi ретiнде) нысанның шыққан тегiнiң бiркелкiлiгiн анықтауға арналған.
10.4. Тергеушi немесе алдын-ала тергеу жүргiзушi мекеме оқиға орнын қараудан кейiн 10 тәулiктен кешiктiрмей табылған мөлтек нысандарды қаулы мен бiрге криминалистикалық-сараптау бөлiмiне жiбередi.
10.5. Сараптау бiткеннен кейiн зерттеу нәтижелерi туралы мәлiметтер (суреттер, спектрограммалар, графиктер, құрылысы туралы анықтамалар, құрамы мен пайда болу механизмi, схемасы мен бұйым үстiндегi орны) қылмыстың жалпы мәлiметтерi мен бiрге картотекаға орналастырылады және журналға тiркеледi.
Сараптауды тағайындаушы мен келiсiм бойынша, картотекада мөлтек нысандардың өздерiне қалдырылуы мүмкiн.
10.6. Шығу тегiн анықтау мақсатында, картотекаларға түскен мағлұматтар немесе мөлтек нысандар банктағы мәлiметтер мен салыстырылады. Салыстырғанда iздеу немесе айғақтық маңыздағы шындық анықталса, криминалистикалық-сараптау бөлiмi, осы жайлы аймағында қылмыс жасалған қылмыс зерттеу орнының бастығы мен сараптауды тағайындаған тергеушiге хабар бередi.
10.7. Қылмыс ашылса немесе осы iс тоқтатылса тергеушi немесе алдын-ала тергеу орны осы туралы криминалистикалық-сараптау бөлiмiне хабар жеткiзедi. Осыған сәйкес, әлде картотекада бiр жыл тұруына байланысты мөлтек нысандар сараптауды тағайындаушыға қайтарылады, ал олар туралы мағлұматтар белгiлi тәртiп бойынша жойылады.
10.8. Қылмыс жасауда күмәндi кiсi анықталса тергеушi әлде алдын-ала тергеу орны мөлтек нысандар денелерiне даруы мүмкiн болған, сол кiсiден тәргiленген бұйымдарды криминалистикалық-сараптау бөлiмiне жолдайды.
11. Мәлiметтiк-анықтау қорлары
11.1. Криминалистикалық-сараптау орындарының мәлiметтiк-анықтау қорлары қылмыстарды ашу және тергеу кезiнде сараптау, зерттеу және есеп жүргiзуде, оқиға орындарын алдын-ала зерттеуде, шұғыл-iздестiру шаралары мен тергеу қимылдарын атқаруда белсендi түрде пайдаланылатын және анықтамалық маңызы бар жүйелеген мәлiметтер жиынтығы болып саналады. Анықтау картотекалар мен өз бейнесiндегi коллекциялар мәлiметтiк-анықтау қорларының құрамды бөлшегi болмақ.
11.2. Өз бейнесiндегi анықтау коллекцияларын құру-iстеп шығарушы кәсiби орындардан, өнiмдер мен шикiзаттарды пайдаланытандардан, сауда орындарынан, дәрiханалардан, емдеу мекемелерiнен т.б. алынған нысандар мен мәлiметтерден, шығын материалдарын сатып алуға бөлiнген қаржының есебiнен, сондай-ақ басқа аймақтардағы криминалистикалық-сараптау бөлiмдерi мен мәлiметтер алмасу жолымен, iске асырылады.
11.3. Анықтағыш коллекциялар өз бейнесiндегi нысандардан да және олардың дақтарынан да (құйынды, фотосуреттер т.с.с.) құралуы мүмкiн. Копиялар құйындыдан дайындалады, фотосуреттер криминалистикалық-сараптау тәртiбi бойынша орындалады.
11.4. Анықтағыш коллекцияға салынатын нысандар журналда тiркеледi. Онда: нысанның аты, ондағы белгiлердiң түр-сыйпаты, iстеп шығарушы жайлы мәлiметтер және шыққан уақты т.с.с. көрсетiледi. Журналдағы рет саны, нысанның коллекциядағы номерi болып саналады.
11.5. Суық қарудың, оқ-дәрiнiң, жарылғыш заттардың, есiрткiлердiң, химфармдәрiлердiң коллекциялары Рұқсат беру жүйесiнiң тәртiбiне сәйкес сақталуға және бұл коллекцияларға қатысы жоқтарға жол бостық болмауға тиiстi. Бұл коллекцияларды жүргiзу және олардың нысандарының қозғалысын есептеу министрдiң, IIББ, IIБ, ТIIБ-сы бастығының бұйрығы мен криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң нақтылы қызметкерлерiне жүктеледi.
11.6. Әлемдiк барлық елдердiң ақшаларының дәл-өздерiнiң (подлинных) коллекциясы Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КСБ-да жүргiзiледi. IIБ, ТIIБ-сы бастығының шешiмi бойынша ол жергiлiктi орындарда да құрылуы мүмкiн.
Коллекцияларға арналған ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi арқылы сатып алынады. Бұл мақсат үшiн шығынды белгiлi тәртiп бойынша iшкi iстер мекемелерiнiң қаржы бөлiмдерi өтейдi.
11.7. Нысандарды босатуды және олардың қажетсiз болуына байланысты керi қайтарылуын нақтылы анықтағыш коллекциясын жүргiзушi маман бақылап отырады.
11.8. Анықтағыш коллекциясын пайдаланудан алынған мәлiмет, мүдделi қызмет орындарына, олардың жазбаша талабына сәйкес немесе коллекцияның жауапкерi, криминалистикалық-сараптау бөлiмi маманының ынтасы бойынша берiледi.
11.9. Талапқа жауап iздеу тек осы криминалистикалық-сараптау бөлiмiндегi коллекциялар мен басқа банктардағы мәлiметтiк-анықтау қорлары мен шектелмеуге тиiс, қажет болған жағдайда аймақтық криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiндегi әйтпесе Ресей Федерациясы IIМ-нiң Криминалистикалық-сараптау Орталығындағы мәлiметтiк-анықтау қорларындағы ақпараттарды пайдалануға болады.
11.10. Тексерудiң нәтижесi жазбаша талап етушiге еркiн үлгiдегi анықтама мен хабарланады. Анықтаманы мәлiмет iздеушi маман қолын қойып, криминалистикалық-сараптау бөлiмiнiң бастығы растап жiбередi.
12. Отты қару мен оқ-дәрiлердiң анықтағыш
коллекцияларын жүргiзудiң тәртiптерi
IIМ, IIБ-ның криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнде отты қару мен оқ-дәрiлердiң коллекциялары мына мақсаттарда құрылады:
а) оқиға орындарынан табылған оқтар, қауыздар, патрондар, сондай-ақ мәйiттердiң және жәбiрленушiлердiң денелерiнен алынған оқтар атылған (немесе оқтаған) қарудың жүйесiн және үлгiсiн анықтау үшiн;
ә) кейбiр бөлшектерi жоқ немесе сынған қарудан тәжiрибелi атқылау жасағанда коллекциядағы қарудың тиiстi бөлшектерiн пайдалану үшiн;
б) сараптау және тексеру үстiнде ашылған басқада сұрақтарды шешу үшiн.
Қазақстан Республикасы IIМ-нiң КСБ-да орталық анықтағыш коллекциясы жұмыс iстейдi, оған айналадағы iшкi iстер мекемелерiндегi коллекциялардың жұмысын үйлестiру жүктелген.
Коллекция мен қару және оқ-дәрiлердiң қозғалысының есебiн жүргiзу министрдiң немесе iшкi iстер басқармасы бастығының бұйрығы мен криминалистикалық бөлiмнiң бiр қызметкерiне жүктеледi.
Отты қарудың анықтағыш коллекциясына қарудың әр түрлi жүйедегi, үлгiдегi, калибрдегi техникалық жағынан түзулерi, ал олар болмағанда түзу еместерi де (оның iшiнде атуға жарамсыз да) қабылданады. Отты қарудың анықтағыш коллекциясымен қатар, әр түрлi себептерге байланысты, анықтағыш коллекциясына түспейтiн қарулардан атылып-алынған оқтар мен қауыздардың да коллекциясы құрылуы мүмкiн.
Оқ-дәрiлердiң анықтағыш коллекциясы ойық (нарезной) тегiсүңгiлi (гладкоствольный) қарулардың әр түрлi үлгiлi және калибрлi патрондарынан тұрады.
Отты қарулар мен оқ-дәрiлердiң анықтағыш коллекциялары мына қарулардан және оқ-дәрiлерден құрылып және толтырылып тұрады:
а) iшкi iстер мекемелерi шаруашылық орындарының қоймаларына өткiзiлетiндерден;
ә) сараптауға немесе тексеруге түсетiндерден (алдын-ала тергеу, тергеу немесе сот мекемелерi мен келiсiлгеннен кейiн).
Коллекцияға, криминалистикалық бөлiмде үлгiлерi бар, шет елдерде жасалған отты қарулар түсе қалған жағдайда, осы бөлiм осы жайлы орталық коллекцияға хабарлайды және оның көрсетуi бойынша қаруларды басқа коллекцияға жiбередi.
Анықтағыш коллекцияда қарудың нақтылы үлгiдегi тек бiр ғана данасы сақталуы мүмкiн. Қарудың құрылысында өзгеше түр немесе iз қалдыратын бөлшектерiнiң өңделуiнде айырмашылық (ойықтар саны әртүрлi, патрон тiрегiш өзгеше өңделген, т.с.с.) болған жағдайда, коллекцияға, оның бiр үлгiдегi бiрнеше данасы орналастырылуы мүмкiн.
Коллекциядағы қаруды техникалық жағынан түзуiрек, сараптауға немесе тексеруге кейiнiрек түскен қару алмастыруы мүмкiн. Бұл жағдайда айырбасталатын қару белгiленген тәртiп бойынша IIМ, IIБ-сы шаруашылық аппаратының қоймасына өткiзiледi.
Анықтағыш коллекциясына түскен отты қару 17 қосымша, оқ-дәрiлер 18 қосымша бойынша журналдарға тiркеледi. Коллекцияның жұмысы ыңғайлы болу үшiн қарудың әрбiр данасына тiркеу карточка толтырылады (19 қосымша).
Анықтағыш коллекциялардағы қарулар мен оқ-дәрiлер, олардың түгелдiгiн қамтамасыз ететiн, құлыптанып жабылатын темiр шкаф қойылған жайда сақталады. Шкафтар, оларда сақталатын қаруларды алып-салуға ыңғайлы ұялары бар әдейi жасалған арматурамен жабдықталады. Әрбiр ұя жанына қарудың инвентарлық номерi көрсетiлген жапырақша жапсырылады.
Коллекция қойылатын қару оқтан ада болуы, тазалануы, майлануы қажет.
Шкаф кiлтiнiң бiр данасы коллекция жүргiзуге жауапты кiсi де, екiншiсi (осы кiсiнiң мөрiмен бекiтiлген қобдишада) КСБ-ның бастығында болуға мiндеттi.
Қарулар коллекцияға олардың жүйесiне, үлгiсiне, калибрiне қарай орналастырылады. Әрбiр қаруға тақтайша iлiнедi, онда қарудың инвентарлық номерi көрсетiледi.
Коллекциядағы оқ-дәрiлер планшет бетiне патрондардың түрiне, үлгiсiне, калибрiне қарай орналастырылады. Аңшы мылтығы мен жанынан тұтандырылатындардың патрондары бөлек жайғастырылады. Оқ-дәрiлер коллекцияларында, бұнымен бiрге, патрондар ашылып-жiктелген және келiсiп-жарылған күйде қойылуы мүмкiн.
Анықтағыш коллекцияға салмастан бұрын атуға жарамды қарудан атқыланып оқтар мен қауыздардың үлгiлерi алынады, олар планшеттерге орналастырылады. Әрбiр үлгi-нысанның астына қарудың жүйесi мен үлгiсiнiң аты жазылады.
Отты қарулар коллекциядан мына жағдайларда шығарылады:
а) сот немесе тергеу мекемесi талап еткенде;
ә) басқа бiр данаға алмастырылғанда;
б) әрi қарай сақтаудың қажетi болмағанда.
Отты қару криминалистикалық бөлiмдердiң қызметкерлерiне журналға өздерi қол қойғанда ғана берiледi (20 қосымша).
Коллекцияға түскен қарулар уақытша пайдалану үшiн басқа криминалистикалық бөлiмдерге, олардың жазбаша сұранымына лайық берiлуi мүмкiн. Бұндай қарулар Қазақстан Республикасы IIМ-де белгiленген тәртiптер бойынша жөнелтiледi.
Анықтағыш коллекциясына салынған отты қаруларға, олардың мақсатының ерекшелiктерiне орай, табельдi қаруларға тән техникалық талаптар қойылмайды.
13. Сараптау жүргiзгенде криминалистикалық-сараптау анықтағыш коллекциясының пайдаланылғаны сарапшының қорытындысында көрсетiлуге тиiстi, ал егер басқа мәлiметтер-анықтағыш қорларындағы банктарда жатқан мәлiметтер пайдаланылса (мәлiмет-оқулықтар, каталогтар, тағы басқа осындай көздер), онда оларға сiлтеме жасау керек (мыс: баспаның аты, шыққан жылы т.с.).
Қазақстан Республикасы IIМ
Нұсқауға
1 қосымша
Аймақтық коллекция түскен отты қарудың iздерi
бар оқтарды, қауыздарды және патрондарды тiркеу
Журналы
_________________________________________________________________
Рет|Түскен күнi,|Не түстi |Қай мекеме|Қай қылмыс |Оқ немесе қауыз
N |айы, жылы |(оқ,қауыз|жiбердi |iсi бойынша|қай жүйедегi
| |патрон) | |(iс номерi |қарудан атыл.
| | | |және қыл.- |ған, сарапшының
| | | |мыстың түрi)қарудың жүйесiн
| | | | |анықтағаны
| | | | |жайлы қорытын.
| | | | |дысының N
________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Оқты, қауызды, | Қару ұқсастырылды|Оқтың, қауыздың, |Ескерту
патронды басқа |(сарапшы қорытын.-|патронның коллек.|
коллекция бойынша|дысының N, күнi, |циядан шығарылған|
терксеруге жiбе. |айы, жылы) |күнi, айы, жылы |
рiлген жайлы белгi | және себебi |
________________________________________________________________
7 | 8 | 9 | 10
________________________________________________________________
Нұсқауға
2 қосымша
____________________________________________________
____________________________________________________
______________________________бастығына (тергеушiге)
_________________________________қаласы (ауыл, пос)
Анықтама
Сiздiң 19__ж._______________________________N __________
жолдамаңызбен жiберiлген оқтар, қауыздар, патрондар қару iздерi
қалған оқтардың, қауыздардың, патрондардың коллекциясы бойынша
тексерiлдi.
1. Бұлардың және___________________________________________
(қашан, қай орган қозғаған)
қозғалған N__________ қылмыс iсi бойынша айғақты заттар ретiнде
алынған оқтардың, қауыздардың, патрондардың (керексiзi сызып
тасталады) бiр қарудан атылғандығы анықталды.
2. Жағымды нәтиже анықталмады.
Сiздер жiберген нысандар осында сақталады.
Тексеру жүргiзушi
Бастық
19___ж.__________________
Шығыс N__________
Нұсқауға
3 қосымша
Аймақтық коллекция бойынша тексеруге түскен
отты қаруды тiркеу
Журналы
________________________________________________________________
Рет|Түскен күнi,| Отты қарудың түрi|Қайдан келiп|Тәжiрибелiк
N | жылы | жүйесi, үлгiсi, | түстi |атқылау саны
| |калибрi және номерi |
________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Тәжiрибелiк оқтар мен|Қару ұқсастырылды|Тәжiрибелiк оқтар|Ескерту
қауыздар қай аймақтық|(күнi, айы,жылы, |мен қауыздардың |
коллекцияға тексеруге|қорытындының |жойылған күнi,айы|
жiберiлдi |номерi) | жылы |
_________________________________________________________________
6 | 7 | 8 | 9
_________________________________________________________________
Нұсқауға
4 қосымша
________________________________________
________________________________________
__________________бастығына (тергеушiге)
_____________________қаласы (ауыл, пос.)
Анықтама
Сiздiң 19__ж._____________________________N_______________
жолдамаңызбен жiберiлген ______________________________________
_______________________________________________________________
(отты қарудың түрi, жүйесi, үлгiсi, калибрi, номерi)
қару iздерi қалған оқтардың, қауыздардың, патрондардың коллек-
циясы бойынша тексерiлдi.
1. Тексерiлген қарудан __________________________________
қозғалған N___________қылмыс iсi бойынша айғақты заттар ретiнде
алынған оқтардың, қауыздардың, патрондардың (керексiзi сызылып
тасталады) атылғандығы анықталды.
2. Қарудың қылмыстар жасауға қатыстығы жайлы мәлiметтер жоқ.
Тексеру жүргiзушi
Бастық
19___ж.___________________
Шығыс N _______________
5 қосымша
Нұсқауға
Анықтама
Зерттеуге ________________________________________________
_______________________________________________________________
(мекеменiң аты)
_________________________________________________жолдама мен
(жолдаушы, құжаттың номерi, күнi, айы, жылы)
_______________________________________________________түскен,
________________________________________________________________
(тәргiленген жерi, күнi, айы, жылы)
____________________________________________________тәргiленген
ақша белгiлерi__________________________________________________
(металл ақша, билет)
жалған болып шықты.
_______________________________________________________жасалған
__________________және_________________________________бойынша
(басылу, көлем ерекшелiгi)
_________________________________________________________ұқсас.
(картотека бойынша тексеру нәтижесi)
________________________________________________________________
(монета, билет)
_________________________________сараптау жүргiзу үшiн жiберiлдi.
(күнi, айы, жылы)
________________________________________________________________
(IIБ-сы криминалистiк бөлiмнiң аты)
________________________________________________________________
Тексеру мен зерттеудi жүргiзген____________________________
19___ж.______________________
Нұсқауға
6 қосымша
Iзтекаға құйылған қол iздерiн тiркеу
Журналы
_________________________________________________________________
Рет|Iздердi жiберген|Түскен күнi,|Қылмыстың түрi,|Жәбiрленушiнiң
NN |мекеме | айы, жылы |қылмыс iсiнiң N|фамилиясы,
| | | | аты-жөнi
_________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Сараптау N, күнi | Iздердiң саны | Iздердiң фотоко. |Ескерту
айы, жылы. Кiм | саусақ.| алақан. |копиялары қашан |
жүргiздi |тардың | дардың |және кiмге жiберiлдi
_________________________________________________________________
6 | 7 | 8 | 9 | 10
_________________________________________________________________
Нұсқауға
7 қосымша
Iзтека бойынша тексеруге түскен
дактилокарталардың тiркеу
Журналы
_________________________________________________________________
Рет|Фамилиясы, |Дактилокар.|Түскен күнi,|Iзтеканың|Нәтиже.|Ескерту
NN | аты-жөнi |таларды жi.|айы, жылы |қай бөлігi сi |
| |берген | |бойынша | |
| |мекеме | |тексерiлдi |
_________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
_________________________________________________________________
Нұсқауға
7а қосымша
Қылмыс iсiне тiркелмесiн
_______________________________________________
_______________________________________________
______________________________________бастығына
_________________________________қаласы (ауылы)
Сiздiң 19__ж.__________________________ N ________________
жолдамаңызбен ашылмаған қылмыстардың орындарынан тауып
алған қол саусақтары iздерiнiң картотекасы бойынша
тексеруге_____________ адамның, оның iшiнде ___________________
(саны)
_______________________________________________________________
(фамилиясы, аты-жөнi)
__________________________________дактокартасы түскен едi.
Тексергенде 19__ж.______________________________жасалған
_______________________________________________________________
(қылмыстың түрi)
орнынан табылған қол саусақтарының iздерiн (N __________________
_______________________________________________________________
(мекеме органның аты)
қылмыс iс, ____________________________________________________
___________________________мекеме өндiрiсiнде)_________________
_______________________________________________________________
(анықталған кiсiнiң фамилиясы, аты-жөнi)
қалдырғандығы анықталды.
Қосымша: _______________________________________________
Тексерудi жүргiзген
Бастық
19__ж.__________________________ Шығыс N _________________
Нұсқауға
7б қосымша
Қылмыс iсiне тiркемесiн
__________________________________________
__________________________________________
_________________________________бастығына
_________________________қаласы (ауылы)
Сiздiң 19__ж.________________________ N ________жолдамаңыз
бен ашылмаған қылмыстардың орындарынан тауып алынған қол
саусақтары iздерiнiң картотекасы бойынша тексеруге_____________
_________________адамның дактилокартасы түскен едi.
(саны)
Тексергенде 19__ж. _____________________дейiн келiп түскен
қол саусақтарының iздерiн дактилокарталары жiберiлген адамдардың
ешқайсысы қалдырылмағандығы анықталды.
Қосымша: ________________________________________________
Тексерудi жүргiзген
Бастық
19__ж________________ Шығыс N _________
Нұсқауға
8 қосымша
Картотекаға салынған дактокарталардың есеп
Журналы
_____________________________________________________________
Рет|Фамилиясы, аты-жөнi|Туған жылы мен |Есепке алынған күнi,
N | | жерi | айы, жылы
_____________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Қылмыс жасауға бейiм.|Дактокарталардың |Есептен шыға.|Ескерту
дiлiгi немесе бұрынғы|копиялары қашан, |рылу себебi |
бояуы (окраска) | кiмге жiберiлдi | |
_____________________________________________________________
5 | 6 | 7 | 8
_____________________________________________________________
Нұсқауға
9 қосымша
___________________________________________
___________________________________________
(қашан, кiм дайындаған)
дайындаған субъективтi портреттiң
N_________ Картасы
_________________________________________
6 х 9 см _________________________________________
(шартты белгi, суб. порт. индексi)
Қылмыс жасалған ауданы, уақыты_____________________________
________________________________________________________________
қылмыс түрi_____________________________________________________
________________________________________________________________
Iздеушiнiң суретте байқалмайтын сыртқы белгiлерi
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(шашының, көзiнiң түсi, ерекше белгiлерi)
Киiмдерiнiң суреттемесi____________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Картаны құрастырушы ________________________
(қолы)
19__ж ______________________
СП-тi картотека бойынша тексеру нәтижесi жайлы белгiлер
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Нұсқауға
10 қосымша ______________________________________
______________________________________
_____________________________бастығына
Субъективтi портрет кортотекасы бойынша
бейне ұқсастығын анықтау жайлы
N _________ Анықтама
______________________________________________________нен (нан)
19__ж. __________________ N ______________түскен, қылмыс түрi
_______________________________________________________________
өз көзiмен көрушiнiң жауабына сай _____________________________
(фамилиясы, аты-жөнi)
19__ж. _________________________ N__________
Субъективтi портрет ____________________құрастырылды.
(СП-ң түрі)
Портреттi (тердi) картотека бойынша тексеру нәтижесiнде
19__ж._____________________, қылмыс түрi______________________
бойынша құрастырылған портрет (тер) мен бейне ұқсастығы анықталды.
Көрсетiлген сәйкес қылмыстар бойынша шұғыл-iздестiру
шараларын ___________________________________________________
______________________________________________________________
(бөлiмше аты)
бiрлесiп жүргiзiңiздер.
(сыртқы бетi)
____________________ _____________________
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
____________________ _____________________
19__ж._____________ 19__ж.____________
N ______ СП-iң N ________ СП-iң
фотосуретi фотосуретi
Тексерудi жүргiзген (қолы)
КСБ-нiң Бастығы (қолы)
19__ж.___________
Нұсқауға
11 қосымша
__________________________________
__________________________________
__________________КС-нiң бастығына
Қылмыс түрi _______________________________________________
бойынша құрастырылған __________________________________________
________________________________________________________________
(қашан, КСБ-нiң аты, маманның, суретшiнiң фамилиясы, аты-жөнi)
________________________________________________________________
N ______ субъективтi портреттi (тердi), қылмыстың
ашылуына байланысты, картотека есебiнен шығаруды сұраймын.
Портреттi пайдалану үстiнде қолданылған техникалық
құралдар _______________________________________________________
________________________________________________________________
(теледидар, фототелеграф, iздестiру плакаттары т.б.)
Субъективтi портрет бойынша iздеудегi _____________________
___________________________________________________анықталды.
(фамилиясы, аты-жөнi, туған жылы)
________________
| |
| Іздеудегінің |______________________________________________
| анфастық | (iздеушiнi анықтаған қызметкердiң
| фотосы |_____________________________________________
________________ жұмыс орны, қызметi, фамилиясы, аты-жөнi)
Бастық ______________________________________
(шұғыл-iстер бөлiмiнiң аты)
19__ж. ____________________
Нұсқауға
12 қосымша
_____________________картотекаға (коллекцияға)
(аты)
салынған нысандардың тiркеу
Журналы
________________________________________________________________
Рет|Түскен күнi,|Нысанды жiберген|Нысандардың|Қылмыстың түрi,
N | айы, жылы | iшкi iстер | саны |оның жасалған уақыты
| | мекемесi | |қылмыс iсiнiң номерi
_________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
Нысанның тiрке.|Нысан тексе.|Анықтаманың |Нысанды карто. |Ескерту
лу формуласы, |руге қайда |номерi,күнi,|текадан (коллек.
индексi,калибрi| жiберiлдi |айы, жылы |циядан) шығару |
т.с.с. | | тексеру |себебi, күнi, |
| | нәтижесi | айы, жылы |
_________________________________________________________________
6 | 7 | 8 | 9 | 10
_________________________________________________________________
Нұсқауға
13 қосымша
Криминалистикалық-сараптау бөлiмiне тексеру
және қорға қосу үшiн жiберiлген медициналық
жалған рецептердiң есептеу
Журналы
________________________________________________________________
Рет|Рецептi КСБ-не |Рецепт қай меди.|Дәрiгердiң фами.|Аурудың
N |жiберген күнi, |циналық мекеме |лиясы, аты-жөнi |фамилиясы
| айы, жылы |атынан жазылған | |аты-жөнi
________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Рецептi тәргi.| Тексерудiң нәтижелерi |Рецептiң қор.|Ескерту
леудiң қысқаша|____________________________|дан шығарылу |
мән жайы,тәр. |рецептi жаз. |қордағы(рет N |себебi, айы, |
гiленушiнiң |ған кiсi анық.рецептiң қол. | жылы |
фамилиясы, |талды (фами. |жазбасымен | |
аты-жөнi |лиясы,аты-жөнi бiрiктiрiлдi | |
________________________________________________________________
6 | 7 | 8 | 9 | 10
________________________________________________________________
Нұсқауға
14 қосымша
Криминалистикалық-сараптау бөлiмiне қолжазба
үлгiлерi жiберiлген адамдардың есеп
Журналы
________________________________________________________________
Рет | Фамилиясы, |Адам жайлы қысқаша|Жiберiлген уақыты және
N | аты-жөнi |мәлiметтер (нашашы|құжаттардың тiзiмi (өз
| |полинашашы,есiрткi|өмiрбаяны, түсiнiктемесi
| |заттарды пайдалан.| т.с.с.)
| |байды) |
________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Тексерудiң нәтижелерi |Үлгiлердi қордан шығару | Ескерту
(анықталған рецептiң, рет|себебi, күнi, айы, жылы |
N және ол кiм атына тол. | |
тырылған) | |
_______________________________________________________________
5 | 6 | 7
_______________________________________________________________
Нұсқауға
15 қосымша
Криминалистикалық-сараптау бөлiмiне түскен
медициналық жалған рецептердiң есеп
Журналы
________________________________________________________________
Рет|Рецептi жiберген|Дәрiгердiң фами.|Аурудың фами.|Дәрi-дәрмек.
NN|мекеме күнi,айы,|лиясы, аты-жөнi |лиясы аты-жөнi тiң аты
| жылы | | |
________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Кодтың |Тексерiлген|Қолжазба. |Тексерудiң|Рецептi қолдан|Ескерту
рет N |күнi, айы, |ның коды |нәтижелерi|шығару себебi,|
| жылы | жылы | | айы, жылы |
________________________________________________________________
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11
_________________________________________________________________
Нұсқауға
16 қосымша
Медициналық жалған рецептер жасап жүргендердiң
криминалистикалық-сараптау бөлiмiне түсетiн
қолжазба үлгiлерiн есептеу
Журналы
_______________________________________________________________
Рет |Қолжазба үлгiлерiн|Қолжазба үлгiсiнiң|Қордың |Қолжазбаның
NN |жiберген мекеме |егесi (фамилиясы, |рет N | коды
|күнi, айы, жылы |аты-жөнi) олардың | |
| | тiзiмi | |
_______________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________
Тексерiлген күнi,| Тексерудiң | Қолжазба үлгiлерiнiң |Ескерту
айы, жылы |нәтижелерi |қордан шығарылу себебi|
| | күнi, айы, жылы |
_____________________________________________________________
6 | 7 | 8 | 9
_____________________________________________________________
Нұсқауға
17 қосымша
Анықтағыш коллекцияға түскен отты
қаруларды тiркеу
Журналы
_______________________________________________________________
Инвентарь N|Қарудың түрi, үлгiсi | Коллекцияға түскен|Қайдан
|калибрi және зауыттық|күнi,айы, жылы жол.|келiп
| номерi |дама құжаттың кiрiс|түстi
| | номерi |
_______________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Қарудың техни.|Қаруды коллекциядан|Коллекциядан шыға. |Ескерту
калық қал-жайы|шығару себеi, күнi,|рылған қару қайда |
| айы, жылы |жiберiлдi, жолдама |
| |құжаттың шығыс N |
_______________________________________________________________
5 | 6 | 7 | 8
_______________________________________________________________
Нұсқауға
18 қосымша
Оқ-дәрi анықтағыш коллекциясына түскен
патрондарды тiркеу
Журналы
________________________________________________________________
Рет |Патрондардың түрi |Коллекцияға түскен |Оқ-дәрiлер қайдан
N | жүйесi, калибрi |күнi, айы, жылы |келiп түстi
________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Коллекцияға салын.|Патрондардың коллек.|Патрондар қайда |Ескерту
ған патрондар саны|циядан шығарылу се. |жiберiлдi, шығыс|
|бебi,күнi,айы,жылы |құжатының N |
________________________________________________________________
5 | 6 | 7 | 8
________________________________________________________________
Нұсқауға
19 қосымша
(145х200 мм көлемде)
Анықтағыш коллекцияға түскен қарудың
Тiркеу карточкасы
инвентарь N ___________
1.______________________________________________________________
(қарудың түрi, жүйесi, үлгiсi, калибрi, зауыттық номерi)
2. Ойықтарының бағыты, саны_____________________________________
3. Қарудың техникалық қал-жайы__________________________________
4. Коллекцияға қойылды__________________________________________
(күнi, айы, жылы)
5. Келiп түстi__________________________________________________
(қай жерден түстi)
жолдама құжатпен_____________________________________________
(кiрiс N, қайда тiгiлдi)
6. Қару коллекциядан шықты______________________________________
(күнi, айы, жылы)
себебi_______________________________________________________
қайда жiберiлдi______________________________________________
________________________________________________________________
шығыс құжаты________________________________________________
(номерi, күнi, айы, жылы)
Карточканы толтырушы_____________________
Нұсқауға
20 қосымша
Анықтағыш коллекцияға түскен қаруды беру
Журналы
________________________________________________________________
Рет|Берiлген күнi,|Қарудың аты (түрi|Қандай мақсат|Қаруды алушы
NN | айы, жылы |жүйесi, үлгiсi, |үшiн берiлдi |(қызметi, фами.
| |калибрi, зауыттық| |лиясы, аты-жөнi)
| | номерi) | |
_________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қаруды алушының | Қару қайтарылды (коллекцияларға| Ескерту
қолы |жауапкердiң қолы, күнi, айы,жылы|
__________________________________________________________________
6 | 7 | 8
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы IIМ-нiң
1993 жылғы 31 мамырдағы
N 210 бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы IIМ
мамандық-сараптау комиссиясы туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Мамандық-сараптау комиссиясы <*> Қазақстан Республикасы Криминалистикалық-сараптау басқармасының (КСБ) жанынан құрылады.
Ескерту. <*> Әрi қарай комиссия
1.2. Комиссияның бастығы - Қазақстан Республикасы IIМ Криминалистикалық-сараптау басқармасының бастығы болады. Ол комиссияның құрамын белгiлейдi және министрдiң кураторлық етушi орынбасарына бекiтуге ұсынады.
1.3. Комиссия өз жұмысында қылмыс iстер жүргiзу заңын, iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң жұмысы жайлы Нұсқауын (Қазақстан Республикасы IIМ-нiң 1993 ж. N 210 бұйрығындағы, Қазақстан Республикасы IIМ-нiң мөлшерлеу актiлерiн (бұның iшiнде ТМД мемлекеттерi мен шарттарын), сондай-ақ Ереженi басшылықа алады.
1.4. Комиссияның iс жүргiзуiн оның хатшысы атқарады.
1.5. Комиссия жұмысын материалдық-техникалық жағынан қамтуды Қазақстан Республикасы IIМ-нiң Криминалистикалық-сараптау басқармасы iске асырады.
2. Негiзгi мiндеттер
2.1. Iшкi iстер мекемелерi үшiн сарапшы кадрларын даярлау.
2.2. Iшкi iстер мекемелерiнiң сарапшыларының кәсiби шеберлiктерiн арттыру.
2.3. Сараптау орындарының жұмысына енгiзiлген, айғақты заттарды сараптау мен зерттеу практикасындағы қазiргi ғылыми-дәлелденген әдiстемелердi тура пайдалануды қадағалау.
2.4. Сарапшы кадрларына деген бiлгiрлiк талаптарды қалыптастыру.
3. Мiндеттi iстерi
3.1. Сарапшылардың кәсiби дайындық халдерiн бақылау.
3.2. Аймақтық (негiзгi) криминалистикалық-сараптау орындары мен Қазақстан Республикасы IIМ-нiң криминалистикалық-сараптау басқармасында мерзiмдi сынақтан өтуге талапкер сарапшылардың сараптау жүргiзу хұқын алуын ұйымдастыру жайлы ұсыныстар енгiзу.
3.3. IIБ, ТIIБ-сы криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiне, олардың сараптау жүргiзу құқын алуға талапкер сарапшылардың оқыту жиындарын өткiзiп тұруына көмектесу.
3.4. Сарапшыларға сараптау жүргiзу құқын беру жайлы мәселелердi шешу үшiн жергiлiктi мәжiлiстерде емтихандар алу.
3.5. Сарапшыларды мерзiмдi сынаққа шақыру мен сараптау жүргiзу құқын беру мәселелерiн шешу үшiн, комиссияға жiберiлген сараптау актiлерiнiң копияларын сипаттауды ұйымдастыру.
3.6. Сарапшыларға сараптау жүргiзу құқын берудi шешу үшiн криминалистикалық-сараптау орындары басшыларының комиссияға жiберген сипаттамасын, өтiнiшiн және басқа материалдарын талқылау.
3.7. Сарапшыларға сараптаулар мен зерттеулердiң мына рұқсат етiлген түрлерiн жүргiзуге құқық пен белгiленген үлгiдегi куәлiктер беру: суық қарулық, дактилоскопиялық, трассологиялық, баллистикалық, қолжазбалық, құжатты портреттiк, құжаттарды техникалық зерттеулiк, құжаттар материалын зерттеулiк, авторлық, өрт-техникалық, жарылыс-техникалық, биологиялық, автотехникалық, азық-түлiктiк, бұйымдардағы өзгертiлген және жойылған номерлердi, нашақорлық және әсерi күштi құралдарды, арнайы химиялық заттарды, талшық пен талшықты материалдарды, лак-бояу материалдарды және бүркеме-бояуды, металдар мен ерiтiндiлердi, нефтөнiмдердi, атыс продуктыларын, әйнек пен керамика, пластмасса мен резина, фоноскопиялық (сөз фонограммасы бойынша жеке кiсiнi ұқсастыру), магниттi фонограмманы техникалық зерттеу, видеофоноскопиялық, жарылғыш заттарды, белгiлi құрылымдағы зиянсыздалған жарылғыш жабдықтар .<*> Сарапшылар осыдан,өзiне тиiстiлерiн Қазақстан Республикасы IФIМ-нiң КСБ-да мерзiмдi сынақтан өткенде үйренуi және меңгеруi шарт.
Ескерту. <*> Сараптау мен зерттеу түрлерiнiң тiзiмi шектелмейдi, заттай айғақтарды зерттеудiң жаңа әдiсiн меңгерген сайын кеңейтiлуi мүмкiн.
3.8. Сарапшыларды сараптау жүргiзу құқынан айыру туралы мәселелердi қарау.
3.9. Iшкi iстер мекемелерiнiң сарапшылары дайындықпен және қайта дайындықтан өтiп жатқан оқу орындарына ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылық көрсету.
4. Комиссияның жұмыс тәртiбi
4.1. Комиссия бастығының немесе оның орынбасарының басшылығымен жүйелi түрде (әр тоқсанда кем дегенде бiр рет) мәжiлiс өткiзiп тұрады.
4.2. Комиссия мәжiлiсi өз құрамының жартысынан кем болмағанда ғана заңды деп саналады.
4.3. Комиссия шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданып, хаттамамен бекiтiледi, оған басқарушы мен комиссияға қатысқан мүшелер қолдарын қояды.
4.4. Комиссия мәжiлiсiне дайындалған материалдар, оның мүшелерiне мәжiлiстен бес тәулiк бұрын танысуға жiберiледi. Бұл мiндеттi комиссия хатшысы атқарады.
5. Сарапшыны комиссияға шақырып, оған сараптау
жүргiзу құқын беру жайлы комиссия қарауына
жiберiлетiн материалдар тiзiмi
5.1. IIБ, ТIIБ-сы криминалистикалық-сараптау бөлiмшелерi басшыларының өтiнiшi.
5.2. Сараптау жүргiзу құқын алудан үмiткер сарапшы туралы мәлiметтер.
5.3. Сарапшының IIБ, ТIIБ-ның КСБ-нен алғашқы мерзiмдi сынақтан өткенi жайлы қорытынды.
5.4. IIБ, ТIIБ-сы КСБ-мi емтихандау комиссиясының мәжiлiсiнiң хаттамасы.
5.5. Сарапшы құқық алудан үмiттенген сараптаулардың әрбiр түрi бойынша актiлерiнiң бестен кем емес копиялары (суреттаблицаларымен бiрге).
5.6. Сараптау жүргiзуге құқық берген бұрынғы куәлiк (егер ол бар болса).
6. Сараптау жүргiзу хұқын беру туралы
мәселенi қарағанда ескерiлетiн мәлiметтер
6.1. Сараптау қызметiндегi жұмыс мерзiмi.
6.2. Бiлiмi туралы мәлiметтер.
6.3. Сараптаудың осы түрi үшiн ұсынылған заттай айғақтарды зерттеу әдiстемелерiнiң дағдыларын меңгергендiгi.
6.4. Тиiстi сараптауларды жүргiзу үшiн техникалық құралдарды пайдалана бiлуi.
6.5. Сараптау актiсiн жазғанда зерттеу нәтижелерiн баяндау сапасы (толықтығы, бiр iздiлiгi, сауаттылығы).
6.6. Сараптау актiлерiне қосылып жiберiлген көрнекi материалының сапасы.
7. Комиссия хұқықтары
7.1. Сарапаттау жүргiзудiң бiр немесе бiрнеше түрiнен құқық беру.
7.2. Сараптау жүргiзудiң бiр немесе бiрнеше түрiнен құқық беруден бас тарту.
7.3. Шешiм қабылдауға қажеттi құжаттар болмаған жағдайда, материалдарды қарауды кейiнге қалдыру.
7.4. Сараптаудың бiр немесе бiрнеше түрiн жүргiзу құқынан айыру.
8. Сараптау жүргiзу құқы жайлы куәлiктi
дайындау
8.1. Сараптау жүргiзу құқын беру туралы куәлiк белгiлi үлгiдегi бланкке толтырылады. Сараптау жүргiзу құқын беру туралы жазулар Комиссия бастығы мен хатшысының қолы қойылып расталады, Қазақстан Республикасы IIМ-нiң елтаңбалы мөрi басылып бекiтiледi.
8.2. Куәлiктер мен олардағы жазуды тiркеудi арнайы журналда Комиссия хатшысы жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
мамандық-сараптау комиссиясының
Құрамы
1. Төрағасы:
Қазақстан Республикасы
IIМ криминалистикалық-сараптау
басқармасының бастығы.
2. Төрағасының орынбасарлары:
Қазақстан Республикасы IIМ
криминалистикалық-сараптау
басқармасы бастығының
орынбасары (әдеттегi
криминалистикалық-сараптаулар бойынша);
Қазақстан Республикасы IIМ
КСБ-сы бастығының орынбасары.
3. Комиссия мүшелерi:
Қазақстан Республикасы IIМ КСБ-сы
анықтау, бақылау және хабарлама
бөлiмiнiң бастығы;
Қазақстан Республикасы IIМ КСБ-сы
химия-биологиялық зерттеу бөлiмiнiң
бастығы;
Қазақстан Республикасы IIМ КСБ-сы
физика-техникалық зерттеу бөлiмiнiң
бастығы;
Қазақстан Республикасы IIМ КСБ-сы
баллистикалық, трассологиялық және
дактилоскопиялық зерттеу бөлiмiнiң
бастығы;
Қазақстан Республикасы IIМ КСБ-сы
ғылыми-зерттеу бөлiмiнiң бастығы;
Қазақстан Республикасы IIМ Алматы
Жоғарғы мектебiнiң криминалистикалық
және соттық-сараптау кафедрасының бастығы;
4. Комиссияның хатшысы:
Қазақстан Республикасы IIМ
КСБ-сы бақылау және хабарлама, анықтау
бөлiмнiң бастығының орынбасары.
Қазақстан Республикасы IIМ-нiң
1993 жылғы 31 мамырдағы
N 210 бұйрығына сәйкес
Қылмыспен күресте ғылыми-техникалық құралдар мен
әдiстердi (ҒТҚӘ) меңгеру және қолдану жайлы басқарушы
құрамдары, шұғыл-iс қызметкерлерi және тергеушiлерi үшiн
Мамандық талаптар
1. Қалауджел мекемелерiнiң тергеу бөлiмшелерiнiң
бастықтары, олардың орынбасарлары мыналарды
Бiлуге мiндеттi:
- кезекшi бөлiмшесiне хабар түскен сәттен бастап оқиға орынын қарауды ұйымдастыру мен керектi әдiстемелердi, криминалистикалық және басқа техниканы, қолда бар байланыс құралдарын пайдаланып, кiдiртуге болмайтын тергеу қимылдары мен шұғыл-iздестiру шараларын iске асыруды;
- криминалистикалық-сараптау лабораторияларының, мәлiмет орталықтарының, автоматты мәлiмет iздеу жүйелерiнiң, шұғыл-анықтаудың, криминалистикалық есептер мен коллекциялардың, оларды қылмыстың алдын-алуға, ашуға және қылмыскердi iздеуге пайдалану мүмкiндiктерiн;
- қылмыстарды алдын-ала тергеу мен тергеу кезiнде ҒТҚӘ-дi пайдалану практикасын, осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы IIМ-нiң талаптарын дәл орындаудың бақылау жүйесiн;
- Қазақ КСР-сы ҚПК-нiң 58;61-1;61-2 баптарын.
Iстей алуға мiндеттi:
- оқиға орнын қору және тиiсiнше техника мен жабдықталған тергеу-шұғыл-iс топтарының уақтылы шығуын қамтамасыз етудi; кiдiруге болмайтын тергеу қимылдары мен iздестiру шараларын жүргiзудi; барлық шұғыл және криминалистiк құралдарды, iстеп тұрған автоматтық мәлiметтiк iздестiру жүйенi (АМIЖ-нi) және есептер жүйесiн iске жегудi;
- тергеу-шұғыл-iс тобының құрамында оқиға орнын қарауды жеке-өзi ұйымдастыруды, қылмыскерлердi анықтау үшiн жинақы күштер мен құралдарды iске қосуды, құзырындағыларға жедел және криминалистикалық техниканы қолдану мәнiсiн көрсетудi.
2. Тергеу аппараты қызметкерлерi мыналарды
Бiлуге мiндеттi:
- оқиға орындарын қарау үшiн ыңғайландырылған чемодандағы бұйымдар мен құралдарды оқиға орындарындағы iздердi iздеп-табу-алу үшiн қолданылатын әдiстемелердi; тiнту мен тағы басқа тергеу қимылдарын жүргiзгенде басқа да техниканы пайдалануды;
- мамандануларымен санаса тұрып толық құрамдағы тергеу шұғыл-iс тобының жұмысын ұйымдастыру жүйесiн; тiкелей оқиға орнында шұғыл-iздестiру мәлiметтерiн алу мақсатында iздердi, мөлтек нысандарды және басқа заттай аймақтарды алдын-ала зерттеу жүргiзудегi КСБ-рi қызметкерлерiнiң мүмкiншiлiктерiн;
- оқиға орындарын қарау үшiн чемоданға салынған бұйымдарды; жылжымалы криминалистикалық лабораторияның арнайы техникалық құралдарын, олардың практикалық қолданылуын;
- оқиға орнындағы суретке түсiру тәсiлдерiн; фототаблицаларды жасауды; суреттердiң дәлдiк маңызын;
- iздердiң, мөлтек нысандардың және басқа заттай айғақтардың сақталу ережесiн; оларды тиiстi картотекалар мен коллекцияларға салу үшiн жiберу және АМIЖ-нiң қорын құру тәртiбiн;
- криминалистикалық есептер мен коллекциялардың, сондай-ақ АМIЖ-нiң түрлерiн, олардың мақсатын және қылмыстарды ашу мен тергеудегi практикасын;
- сараптаулардың түрлерiн, олардың мақсаттарын, қылмыс iстерiн атқару заңының талаптарына сәйкес жүргiзiлуi мен айғақтық (дәлелдiк) маңызын;
- сараптау мекемелерiнiң аймақта бар болуын, тиiстi зерттеулердiң басқа мекемелер мен ұжымдарда жүргiзiлуi мүмкiндiктерiн;
- Қазақ ҚСР-сы ҚПК-нiң 58; 61-1; 61-2 баптарын,
Iстей алуға мiндеттi:
- мамандануларымен санаса тұрып толық құрамдағы тергеу-шұғыл-iс тобында қатысушылардың жұмысын ұйымдастыруды, оқиға орнында iздер мен басқадай заттай айғақтардың алдын-ала зерттелу мiндеттерiн және нысандарын анықтауды;
- оқиға орнын қарағанда iздердi және заттай айғақтарды iздеу-табу-алу үшiн ыңғайландырылған чемодандағы техникалық құралдарды пайдалануды, қылмыс-iстерiн жүргiзу заңының талабына сәйкес заттарды бұйып-түюдi;
- криминалистикалық фотографияның ережесi бойынша оқиға орнының жағдайын, табылған iздер мен заттай айғақтарды суретке түсiрудi;
- ұрланған заттарды, қылмыс қаруларын тағы басқа iздердi iздеп-табу, сондай-ақ осы қимылдардың барысын, нәтижесiн бекiту мақсатында, тiнту, тәжiрибе тағы басқа тергеу қимылдарын жүргiзгенде криминалистикалық техниканы пайдалануды;
- жауап алғанда және басқа тергеу қимылдарын жүргiзгенде магнит таспасына жазуды;
- тауып алынған iздер мен заттай айғақтар бойынша сараптаудың қай түрiн тағайындау керектiгiн анықтауды; сарапшы зерттеуi арқылы шешiлетін сұрақтарды жұптауды.
3. Шұғыл-iс қызметкерлерi мыналарды
Бiлуге мiндеттi:
- iшкi iстер мекемелерi шұғыл-iс қызметi қолындағы шұғыл-iс және криминалистикалық техниканың тактикалық-техникалық мәнсипатын, оның жедел-iздестiру шараларында қолданылу есебiн;
- iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң мәлiмет орталықтарының, АМIЖ-ның, жедел-анықтаулардың, криминалистикалық есептер мен коллекциялардың мүмкiншiлiктерiн, олардың қылмыстарды анықтаудағы, ашудағы және қылмыскерлердi iздестiрудегі құрылу мен пайдалану тәртiбiн;
- оқиға орнын қараудың тактикасын; iздердi iздеп-табуға, бекiтуге және алып-кетуге арналған ыңғайландырылған чемодандағы техникалық құралдарды; тiкелей оқиға орнында iздердi, мөлтек нысандарды, тағы басқа заттай айғақтарды маманның алдын-ала зерттей алу мүмкiндiктерiн;
- шұғыл-iс қызметкерлерiнiң тапсырмалары бойынша орындалатын криминалистикалық зерттеулердiң түрiн;
- елiтетiн заттарға шапшаң талдау жасау тәсiлдерiн және оларды жасайтын құралдарды;
- ұрлықтың әр түрiмен күресте арнайы химиялық заттарды (АХЗ) қолдану мүмкiншiлiктерiн;
- Қазақ КСР-сы ҚПК-ның 58, 61-1;61-2 баптарын.
Iстей алуға мiндеттi:
- iшкi iстер мекемелерi шұғыл-iс қызметтерi өз қолдарындағы жедел және криминалистикалық техниканы қылмыстарды анықтау, ашу және қылмыскерлердi iздестiру шараларында қолдануды;
- оқиға орнын қарағанда iздердi, мөлтек нысандарды, тағы басқа заттай айғақтарды iздеп-табу, бекiту және алып-кету үшiн техникалық құралдар мен криминалистикалық әдiстердi пайдалануды, сол орынды суретке түсiрудi.
- қылмыскерлердi iздестiруде iздердiң оқиға орнында алдын ала зерттелу нәтижелерiн пайдалануды;
- iзделiнушiнiң субъективтiк портретiнiң жасалуын ұйымдастыруды және сыртқы белгiлерiнiң сипаты, суреттерi; субъективтiк портреттерi бойынша адамдардың iзделуiн жүргiзудi;
- құжаттардың жалған белгiлерiн (өшiру, химиялық өңдеу, қосып жазу, фотокарточканы алмастыру, жалған мөр мен штамп дақтарын) ажырата бiлудi;
- шұғыл-iздеу және басқа iстер бойынша, криминалистикалық зерттеулердiң сұрақтарын жұптауды, олардың нәтижелерiн жедел-iздестiру жұмысында пайдалануды;
- құнды материалдар шоғырланған нысандарды АХЗ қойылған арнайы жабдықтар орнату мен бекiтудi (блокировка) ұйымдастыруды.
4. МАИ қызметкерлерi мыналарды
Бiлуге мiндеттi:
- автотранспорт жүргiзушiлерiнiң елiтетiн заттан және алкогольден масаңдығын алдын-ала анықтауға арналған техникалық құралдарды және оларды пайдаланудың мүмкiндiктерiн; шапшаң-талдау жасаудың тәртiбiн, оның нәтижелерiн өз жұмысына өзек етудi;
- автотранспортқа егелiк ету, оны жүргiзу мен пайдалану құқы жайлы құжаттардың жасанды белгiлерiн, жүктердi тасу құжаттарын тексеру әдiсiн;
- криминалистикалық-сараптау бөлімдерiнiң, шұғыл-анықтамалардың, криминалистикалық есептердiң лак-сыр жапқыштар, фар шынылары тағы басқа нысандар коллекцияларының мүмкiндiктерiн, оларды жол-транспорт оқиғаларына, автотранспорт құралдарын ұрлау, айдап кетулерiне байланысты iстердi тергеуде пайдалануды;
- автоинспектор чемоданындағы, жылжымалы криминалистiк лабораториядағы әдейi арналған техникалық құралдар мен бұйымдарды; тергеу-шұғыл-iс тобы келгенше жол-транспорт оқиғасы (ЖТО) болған жердегi iздер мен басқадай заттай айғақтарды сақтау ережесiн;
- адам шығыны болмаған жол-транспорт оқиға орнын, сондай-ақ шанақ пен қозғалтқыштағы таңба-белгiлерiн анықтау мақсатында автотранспорт құралдарын қарау тәртiбiн;
- жол-транспорт оқиғалары орындарындағы iздердi, басқа заттай айғақтарды iздеп-табу, бекiту, алып-қайту үшiн маи автоинспекторының чемоданындағы техникалық құралдарды қолдану әдiстемелерiн; ЖТО-ның әйгiлi жағдайларында пайда болған iздер жиынтығын, олардың орналасуын және оқиғаны зерттеудегi маңызын.
Iстей алуға мiндеттi:
- автотранспорт жүргiзушiлерiнiң алкогольден және елiтетiн заттан масаңдығын алдын-ала анықтау үшiн техникалық құралдарды қолдануды;
- автотранспортқа егелiк ету, оны жүргiзу мен пайдалану құқы және тасылатын жүктер жайлы құжаттарды жасандылық белгiлердi криминалистикалық құралдардың жәрдемi мен анықтауды;
- криминалистикалық фотография ережелерiне сәйкес жол-транспорт оқиға орындарының жай-жапсарын суретке түсiрудi;
- қылмыс iсiн жүргiзу заңының талаптарына сәйкес, ЖТО-ын қарауды атқарғанда iздердi, тағы басқа заттай айғақтарды тауып-алу, және алып-қайту үшiн техникалық құралдарды қолдануды;
- автотехникалық сараптау жүргiзудi тағайындауды.
5. Милицияның учаскелiк инспекторлары
мыналарды
Бiлуге мiндеттi:
- тергеу-шұғыл-iс тобы келгенше оқиға орнын сақтау жайын ұйымдастыруды; кейбiр қатардағы қылмыстар бойынша оқиға орындарын өзiнше қараудың тәртiбiн;
- оқиға орнын қарау үшiн ыңғайландырылған чемоданның iшiндегi бұйымдарын;
- үйде өндiрiлген спирт iшiмдiктерi жайлы сараптау мен зерттеудi тағайындау жүйесiн;
- ұрлықтар мен күресте пайдаланылатын АХЗ-дың құрылыс түрлерiн;
- құжаттарды жалғандық белгiлерiн, олардан қорғаудың маңызын;
- iшкi iстер мекемелерi криминалистикалық-сараптау бөлiмдерiнiң заттай айғақтарды зерттеу мен криминалистикалық есептердi жүргiзу мүмкiндiктерiн;
- соттық сараптаудың заттай айғақтарды зерттеудегi мүмкiндiктерiн.
Iстей алуға мiндеттi:
- тергеу-шұғыл-iс тобы келгенше оқиға орнын қоруды қамтамасыз етудi;
- оқиға орнын қарауды, ондағы жағдайларды суретке түсiрудi, iздер мен заттай айғақтарды iздеп-табу, бекiту, тауып-алу үшiн техникалық құралдарды пайдалануды;
- үйде өндiрiлген спирт iшiмдiктерi бойынша зерттеу (сараптау) тағайындалатын тұста сұрақтар жұптауды;
- құнды материалдар тоғайласқан әрбiр нысандарға АХЗ құрылымындарын орналастыруды;
- АХЗ-дың әрекетiне ұшыраған адамдардан, iздерiн табу үшiн ультракүлгiн сәуле түсiргiштi iске қосуды;
- паспорттар мен басқа құжаттардағы өшiру, химиялық өңдеу (жуу), қосып жазу, фотокарточканы алмастыру, жалған мөр мен штамптың дақтарын ажырата бiлудi.
6. Кезекшi бөлiмшелер қызметкерлерi мыналарды
Бiлуге мiндеттi:
- маман-криминалистердiң оқиға орындарын қарауға қатысуы мiндеттi деп табылған қылмыс бойынша тiзiмдi;
- оқиға орнын қарауды және барлық шұғыл-қимылдар мен криминалистикалық құралдарды, iстеп тұрған АМIЖ-дi, басқадай есептердi iзді суытпай қылмысты ашуға жұмылдыру үшiн тергеу-шұғыл-iс тобының толық құрамда аттануын қамтамасыз ету тәртiбiн;
- оқиға орнын қоруды ұйымдастыру талаптарын;
- шұғыл-анықтамалардың, криминалистикалық есептердiң және коллекциялардың түрлерiн, олардың мақсатын және қылмыстарды ашу мен тергеуде пайдалану тәртiбiн;
- әр сала қызметкерлерiне жедел және криминалистикалық техниканы беру жолын, оның тергеу және шұғыл-шараларға жегiлу есебiн;
- АХЗ-тар мен бекiтiлген нысандардың есебiн жүргiзудi; АХЗ-нтың әрекетiне ұшыраған адамдарды iздеудi ұйымдастыру.
Iстей алуға мiндеттi:
- оқиға орнын қоруды, оқиға орнын қарау және қылмысты ашу үшiн тергеу-шұғыл-iс тобын толық құрамда аттандыруды ұйымдастыруды; сырт пiшiндерiнiң сипаты, фотосуреттерi, субъективтi портреттерi бойынша күдiктiлердi iздеу үшiн күш-құралдарды жұмылдыруды;
- жедел және криминалистикалық техниканың iске дайындығын тексерудi;
оның жеңiл ақауларын түзетудi;
- заңда белгiленген тәртiпке сай күдiктiлердi суретке түсiрудi және дактилоскопиялауды (саусақ бедерлерiн түсiрудi);
- тiрi жандағы және бұйымдағы АХЗ-дың iздерiн iздеу үшiн ультракүлгiн сәуле түсiргiштi пайдалануды;
- дүкендерден тағы басқа құнды материалдар шоғырланған орындардан ұрлық жасалғанда АХЗ-дың әрекетiне ұшыраған адамдарды iздестiрудi;
- кiсiнiң денесiндегi және киiмдерiндегi металл бұйымдарды тауып алу үшiн ықшамды металл iздегiштi iске қосуды.
Қазақстан Республикасы IIМ
криминалистикалық-сараптау
басқармасы