Осы Нұсқау Қазақ КСР Министрлер Кабинеті 1991 жылғы 25 қазанда N 637 бекіткен "Қазақ КСР-ындағы мемлекеттік экологиялық сараптама туралы Ережелер" қаулының 15 және 17 пункттеріне сәйкес әзірленді және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру барысында немесе оның нәтижелері бойынша тапсырыс берушілер, құжаттама әзірлеушілер мен Қазақстан Республикасы Экобиоресурстарминінің сараптық органдары арасында туындайтын алауыздықтарды қарау тәртібін реттеуге арналады. Нұсқау Қазақстан Республикасы Экобиоресурстарминінің мамандары сияқты барлық өзге де мүдделі министрліктердің ведомстволардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың немесе ұжымдардың да мамандарына арналады.
1. Жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына: Қазақстан Республикасы аумағында өндіргіш күштер мен экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының жобалары, су, орман, жер және басқа табиғи ресурстарды қорғау мен пайдаланудың кешенді схемаларының жобалары, телімдер немесе аумақтарға кешенді экологиялық зерттеу жүргізу материалдары, қалалар мен аумақтарды құрылыстық көркейтудің /дамытудың/ бас жоспарларының жобалары, қалалар мен елді мекендерді инженерлік дамытудың /жылумен жабдықтау, көгалдандыру, көліктік/ схемалары, техникалық-экономикалық негіздеулер /есептеулер/ және кәсіпорындардың, объектілер мен кешендердің, үйлер мен ғимараттардың орналастырылуының құрылысынан жаңғыртылуының жобалары, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануды биологиялық тұрғыдан негіздеулер, жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға қойылатын экологиялық талаптарды негіздейтін материалдар; табиғи ортаның жай-күйіне зиянда ықпал ететін жұмыс істейтін кәсіпорындардың құжаттамасы, оның ішінде, атмосфераға зиянды заттар шығарудың шектеулі жол берілген /ШЖН/ және уақытша келісілген /УКН/ нормаларының, сондай-ақ су тоғандарына зиянды заттар тастау /ШЖТ/ нормаларының ведомстволық жобалары жатады.
2. Жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының тапсырыс берушісі - жобалауға және оны қаржыландыруды жүзеге асыруға тапсырма берген тұлға /орган/. Жобалау алдындағы және жобалау құжаттаманы әзірлеуші - жобалауды жүзеге асырушы тұлға /орган/.
Сараптық органдар - Қазақстан Республикасы Экобиоресурстарминінің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырушы құрылымдық бөлімдері /Бас мемлекеттік экологиялық Сараптама және оның жергілікті органдары/.
3. Тапсырыс берушінің болмаса жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеушінің мемлекеттік экологиялық сараптаманың сараптаманы жүргізу процесіндегі әдістемелері немесе шешімдері сияқты сараптамалық қорытындыда баяндалған тұжырымдарымен де келіспеушілігі алауыздықтар деп саналады.
Алауыздықтар белгіленген нысан бойынша /тіркеліп беріліп отыр/ өтініш түрінде хатталады. Алауыздықтар себептеріне байланысты үш түрге бөлінеді:
А. Экологиялық сараптама процесін ұйымдастыру жөніндегі алауыздықтар:
а/ сарапшы мамандардың кәсіби құрамы бойынша;
ә/ сараптаманы жүргізудің әдістемелері мен құрал-саймандары бойынша;
б/ сараптаманы жүргізудің мерзімдері бойынша;
Ә. Экологиялық сараптаманы жүргізу жөніндегі алауыздықтар:
а/ сараптамаға берілген материалдардың комплектілігі мен толықтылығы бойынша;
ә/ экологиялық сараптаманы уақытаралық жекелей қорытындылары бойынша;
б/ экологиялық сараптамаға қосымша материалдар ұсыну туралы талаптар бойынша;
Б. Экологиялық сараптаманың түбегейлі нәтижелері /тұжырымдары/ жөніндегі алауыздықтар:
4. Алауыздықтарды қарау тәртібі.
4.1. Экологиялық сараптаманы ұйымдастыру жөніндегі алауыздықтарды қарау тәртібі:
4.1.1. Сарапшылардың кәсіби құрамы жөніндегі талап қарауға келіп түскен құжат /материал/ жөніндегі Комиссия бекітілгеннен кейін 10 күннен кешіктірілмей берілуі және 7 күн аралығында шешілуі мүмкін. Талап сарапшыны қоспау туралы қажетті фактілері мен дәлелденген егжей-тегжейлі сипатталуға тиіс.
4.1.2. Сараптама жүргізудің әдістемелері мен құрал-саймандары жөніндегі талаптардың оларды қолданудың жарамсыздығын толық дәлелдейтіндей айғақтары болуға тиіс.
4.1.3. Сараптама жүргізудің ұзақтығы жөніндегі талаптар сараптық органдар ұзақтығы "Қазақ КСР-ындағы мемлекеттік экологиялық сараптама туралы Ережелердің" 12 пунктімен немесе оларды жүзеге асыратын объектілік бекітілген жоспарлар-графиктермен реттеліп, белгіленген мерзімдерді арттырып жіберген жағдайда ғана қойылады.
Аталған блоктар жөніндегі алауыздықтардың барлық талаптары Министрдің орынбасары - Бас мемлекеттік экологиялық сараптама бастығының алдына қойылады және барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап бір ай аралығында қаралады.
4.2. Экологиялық сараптаманы жүргізу процессі жөніндегі алауыздықтарды қарау тәртібі:
4.2.1. Сараптамаға ұсынылған материалдардың комплектілігі мен толықтығы жөніндегі талаптар, әдетте экологиялық сараптама алдыңғы деңгейінде қаралады. Жобалық құжаттама экологиялық сараптама алдыңғы деңгейінде қаралады. Жобалық құжаттама экологиялық сараптама органдарын қанағаттандырмайтындай көлемде ұсынылған жағдайда оның ақырғы қаралуы жүргізілмейді, бұл туралы сараптамаға ұсынылған материалдың тапсырыс берушісіне /жобалаушыға/ дереу хабарланады.
4.2.2. Экологиялық сараптаманың уақытаралық жекелеген нәтижелері жөнінде алауыздықтар туған жағдайда алауыздықтар пәні бойынша жазбаша түсіндірмелер, ескертпелер мен толықтырулар баяндалған өтініш экологиялық сараптаманың құрылымдық бөлімі бастығының атына беріледі. Оларды шешу өтініш түскен күннен бастап 7 күн аралығында жүзеге асырылады.
4.3. Экологиялық сараптама қорытындысының ақырғы нәтижелері /тұжырымдары/ жөніндегі алауыздықтарды қарау тәртібі.
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары жөніндегі талаптар экологиялық сараптаманы жүзеге асырушы органның бірінші бастығының немесе Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрі орынбасарының - Бас мемлекеттік сараптама бастығының атына "Алауыздықтар" мәлімдемесі бар өтініш түрінде беріледі.
Алауыздықтарды қарау барысында барлық мүдделі жақтар ресми өкілдерінің қатысуы немесе олардың пікірлерінің есепке алынуы міндетті.
Алауыздықтарды шешу айлық мерзімде жүргізіледі, алайда қосымша сәйкестік бақылаулар, зерттеулер немесе консультациялар жүргізу қажет жағдайда бұл мерзім тікелей мүдделі жақтардың келісімімен ұзартылуы мүмкін.
Экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары жөніндегі алауыздықтарды қарау туралы шешім турасында белгіленген тәртіп бойынша арбитражға немесе сотқа арыздануға болады.
5. Экобиоресурстарминінің Бас сараптамасы жобалау және жобалық құжаттаманың /ШЖТ/ /УКТ/ нормативтері жобаларымен бірге/ және ШЖС іріктемелі экологиялық сараптамаларын жүргізеді. Қазақстан Республикасы Экобиоресурстармині облыстық /қалалық/ бөлімдерінің сараптық қызметтері іс-қимылдарының тиімділігін сараптық қорытындыларда баяндалған тұжырымдар мен рекомендациялардың, табиғат қорғау заңдары талаптарының, табиғи ортаны қорғау нормалары мен ережелерінің сәйкестілігін жүзеге асыратындай сондай-ақ алауыздықтар туындауы мүмкіндігін төмендететіндей бақылау мақсатында іріктемелік экологиялық сараптаманың екі-жоспарлы және жоспардан тыс түрлері белгіленеді.
Оның нәтижесі бұрынырақ берілген шешімді дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын ресми сараптық қорытынды түрінде хатталады.
5.1. Жоспарлы іріктемелік экологиялық сараптама облыстық /қалалық/ экологиялық сараптама қызметтерінің есепті жыл ішіндегі жұмысы нәтижелері бойынша жасалған және Басмемсараптама бастығы жоспарланған жылдың қаңтарынан кешіктірілмей бекіткен жылдық объектілік жоспар-графигі бойынша жүргізіледі.
Жоспар-график қарау үшін бұрынырақ облыстық /қалалық/ экобиоресурстары басқармасы қараған және сараптық қорытындысы бар іске асырылған жағдайда табиғи ортаға ықпалы жөнінен неғұрлым маңызды жобалық құжаттаманы қамтиды.
Жоспарлы іріктемелік сараптаманы жүргізу мерзімі, әдетте, 45 күннен аспайтындай етіліп белгіленеді.
Іріктемелік сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу формасы 1989 жылғы 18 қазанда Қазақ КСР Табиғат қорғаукомы бекіткен "Құжаттамалардың және материалдардың мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастыру тәртібіне" сәйкес жүзеге асырылады.
5.2. Жоспардан тыс іріктемелік экологиялық сараптама мына жағдайда жүргізіледі:
а/ сарапталатын құжаттаманың тапсырыс берушісі /жобалаушысы/ мен облыстық /қалалық/ сараптық орган арасындағы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нәтижелері /тұжырымдары/ бойынша алауыздықтар жағдайында. Аталған алауыздықтарды қарау осы Нұсқаудың 4 тарауының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады;
ә/ жаңадан анықталған объективті жағдайлар /жобалау қызметі белгілеген аймақтағы экологиялық ахуал-өзгерісін қоса қамтығанда/, бірқатар себептер салдарынан бұрынырақ мемлекеттік экологиялық сараптаманың келісімі берілген материалдардағы техникалық және өзге де жобалық шешімдер өзгерістері жағдайында. Бұл жағдайда "Қазақ КСР-ындағы мемлекеттік экологиялық сараптама туралы Ереженің" 15 пунктіне сәйкес тапсырыс беруші қосымша ақпарат берген тұста Басэкосараптаманың немесе оның жергілікті органдарының шешімі бойынша жалпы қабылданған тәртіпке сәйкес қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізіледі;
б/ сараптаманың қажеттілігі жөнінде Экобиоресурстарминінің құрылымдық бөлімдері, қоғамдық немесе өзге де ұйымдар, жекелеген азаматтар ұсыныстар енгізген жағдайда. Бұның барысында іріктемелік сараптама жүргізудің бастамашысы пайдаланылған әдістемелік және өзге де нормативті құжаттардың құқықтылығы туралы пікірді қамти отырып, тиісті негіздеме /өзінің дәлелді ескертпелерінің тізбелерімен бірге/ ұсынады. Бұл жағдайда ұсыныстарды қарау тәртібі мен мерзімдері туралы шешімді Экобиоресурстарминінің Басэкосараптамасы қабылдайды;
в/ жоғары және директивті басқару органдарының тапсырысы жағдайында. Бұның барысында жоспардан тыс іріктемелік экологиялық сараптама белгілеген тәртіпке сәйкес тапсырмада белгіленген мерзім аралығында жүргізіледі.
5.3. Іріктемелік экологиялық сараптаманың қорытындысы қаралатын объектінің және оның орналасуы ауданының жалпы сипаттамасынан, орын алып отырған алауыздықтар /жоспардан тыс сараптама жағдайында/ сарапталатын құжаттама жөніндегі ескертпелерден "Құжаттамалар мен материалдарын мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастыру тәртібінің" 2.4. пунктіне сай келетін тұжырымдар мен ұсыныстардан тұруға тиіс.
5.4. Бекітілген мерзімі екі жылдан аспайтын ШЖШ /УКШ/ нормативтері жобалары жөніндегі іріктемелік сараптама тек 5.1. және 5.2. /в/ пункттері бойынша жүргізіледі.
Қосымша
Өтініш
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігі
жүйесі сараптық органы мен жобалау алдындағы және жобалау
құжаттамасына тапсырыс берушінің /әзірлеушінің/ арасындағы
алауыздықтар туралы
____________________________________________________________________
|NN|Өтініш берушінің |Алауыздықтардың |
|рс|наразылығының |себептері мен | Ұсыныстар
| |мазмұны |түсініктемелері |
| | |/мәлімет/ |
________________|____________________________
|
| | |Өтініш|Сараптық |Өтініш жасаушы |Сараптық
| | |жасау-|органның |нікі |органдікі
| | |шының | | |
|__|_________________|______|_________|_______________|_____________
|1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |__|_________________|______|_________|_______________|_____________
Қолдары
Жобаға тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы
/әзірлеуші/ ұйым бастығы Экобиоресурстармині жүйесі
сараптық органының бастығы
Республикалық шаруашылық есептегі "Қазэкоэксо" экологиялық-экономикалық талдау және лицензияландыру ғылыми-өндірістік орталығы әзірленген.
Бекітуге ұсынған Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінің Бас мемлекеттік экологиялық сараптамасы.
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінің ҒТК секциясының мәжілісінде қаралған және қабылдауға ұсынылған. /1993 жылғы 9 қараша N 3 хаттама/.
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігі ҒТК Президиумы мақұлдаған /1993 жылғы 10 желтоқсан, N 8 хаттама/.
Күшіне ену мерзімі - 1994 жылғы 01 сәуірден бастап.
Министрдің орынбасары