"Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 138/НҚ бұйрығына және "Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 166/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 302/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 маусымда № 38936 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 138/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32271 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тізілімін жүргізу және "Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне (тізілімнен) қосу (алып тастау)" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "Е-лицензиялау "мемлекеттік деректер базасы" цифрлық объектісі арқылы www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша құжаттар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) баяндалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып жібереді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына, бірыңғай байланыс орталығына (3) үш жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      5-қосымшада:

      1-реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      ";

      2-реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Е-лицензиялау "мемлекеттік деректер базасы" цифрлық объектісі арқылы www.elicense.kz немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

      ";

      4-реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған), қағаз түрінде.

      ";

      7-реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа;
2) портал – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда.

      ";

      10-реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушы өзінде ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу үшін сұрау салу жібереді.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген moap@mdai.gov.kz.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері - 1414, 8-800-080-7777.

      ".

      2. "Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 166/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнинг пулдарының кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларға салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2) және 3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2) цифрлық майнер – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкері немесе заңды тұлғасы;

      3) цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде пайда болған (жасалған) цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган және (немесе) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган цифрлық майнингтік пулдың мәліметтерді ұсынбау, уақтылы, дәйексіз және (немесе) толық ұсынбау фактілерін анықтаған кезде көрсетілген бұзушылықтар анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде майнингтік пулға хабарламаны цифрлық жүйе арқылы жолдайды;

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын, сондай-ақ 2-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және он үшінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 10 маусымдағы
№ 302/НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
  Салық салу мақсаттары үшін
цифрлық майнерлер мен
цифрлық майнингтік пулдардың
кірістері туралы мәліметтерді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну туралы өтініш

      ___________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
___________________________________________________________________
(цифрлық майнингтік пул атауы, бизнес сәйкестендіруші нөмірі)
Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың
202__ жылғы _________(ай) кірістері туралы мәліметтерді қабылдауды сұраймын.
Қоса беріледі _____ парақ.
Осымен расталады:
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады;
өтініш беруші заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелердегі қолжетімділігі
шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы ____________________ __________________________________________
(электрондық-цифрлық (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған қолтаңба) жағдайда)
Толтыру күні: 202__ жылғы "__" ______

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 10 маусымдағы
№ 302/НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
  Салық салу мақсаттары үшін
цифрлық майнерлер мен
цифрлық майнингтік пулдардың
кірістері туралы мәліметтерді
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне.

      Әкімшілік деректер нысаны мына интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai?lang=ru&ysclid=loiggo5o679664098.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 1-ЦМ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20 __ жылғы _________ ай.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: цифрлық майнингтік пулдар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын 25 (жиырма бесінші) күннен кешіктірмей.

Р/с №

Цифрлық майнердің және цифрлық майнингтік пулдың атауы

Цифрлық майнердің және цифрлық майнингтік пулдың бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмірі және оның берілген күні

Цифрлық электрондық әмиянның деректемелері (мекенжайы)

Цифрлық активті тарату күні

Цифрлық майнерге бөлінген цифрлық активтің атауы

Цифрлық майнерге берілген цифрлық активтің саны, бірлік

Цифрлық майнингтік пулдың комиссиясы 9-цифрлық активтерде көрсетіледі

цифрлық активтің атауы

Саны, бірлік

1

2

3

4

5

6

7

8

9.1

9.2











      Атауы _________________________________ Мекенжайы_________________
Телефон ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды
қоспағанда) _______________________