Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 282 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 сәуірде № 38574 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағының жүз отыз бесінші және жүз алпыс төртінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғары аудиторлық палатасы

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№ 282 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) және 2)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесі, ол мемлекеттiк сатып алудың және "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Занына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынады;

      2) камералдық бақылау – цифрлық жүйелер деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстырып тексеру негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектісі) бармай ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын бақылаудың өзге нысаны;";

      8)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) цифрлық жүйе-ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және камералдық бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган пайдаланатын, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы №123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген "Цифрлық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес интеграцияланған нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы.";

      10, 11, 12 және 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде ведомство және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 2–қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды сипаттай отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ресімдейді және мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді және веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.

      Веб-порталды қоспағанда, ақпараттық жүйеде камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде ведомство және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектілеріне хабарлама ресімдейді және жібереді және цифрлық жүйеде тіркейді.

      11. Хабарлама мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, веб-портал және (немесе) цифрлық жүйелер арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 8:30-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жіберіледі.

      12. Хабарламаны мемлекеттік аудит объектісі, ол мемлекеттік аудит объектісіне тапсырылған (веб-портал және (немесе) цифрлық жүйелер арқылы алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындайды.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дербес жойған кезінде, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

      13. Хабарламада көрсетілген мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау элементтері және бұзушылықтарды жою тәсілдері осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

      Хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты (қажет болған кезде растайтын құжаттарды қоса бере отырып) мемлекеттік аудит объектісі хабарламаны жіберген ведомствоға және оның аумақтық бөлімшесіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал және (немесе) цифрлық жүйелер арқылы ұсынады.

      Хабарламаның орындалуын растауды ведомство және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектісінен хабарламаның орындалуы бойынша ақпарат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал және цифрлық жүйелер арқылы жүзеге асырады.";

      18 және 18-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Орындаушының және ведомство басшысы орынбасарының және/немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіндегі бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушысының жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтардың жоқ екені туралы белгісі веб-порталда және (немесе) цифрлық жүйесінде камералдық бақылаудың аяқталуы болып танылады.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға ведомство басшысының орынбасары және/немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бірінші басшысы немесе олардың (оның) міндетін атқарушы адам (адамдар) қол қояды.

      Хабарламаның орындалуын бақылауды ведомство басшысының орынбасары және/немесе ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның (олардың) міндетін атқарушы адам веб-порталда және (немесе) цифрлық жүйеде белгі қойып жүзеге асырады.

      18-1. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталын қоспағанда, ақпараттық жүйелер арқылы жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама цифрлық жүйелер арқылы жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды тіркеу журналында тіркелуі тиіс.";

      22, 23 және 23-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 21-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бөлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде әлеуетті өнім беруші шағым, мемлекеттік аудит объектісі – жалпыға қолжетімді цифрлық жүйелер арқылы6 оның ішінде осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы уәкілетті органның жанындағы Апелляциялық комиссияға (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) қарсылық береді не сотқа жүгінеді.

      23. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде мемлекеттік аудит объектісі веб-портал және (немесе) хабарлама келіп түскен цифрлық жүйелер арқылы Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссияға (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға қарсылық береді.

      Мемлекеттік аудит объектісі веб-портал және (немесе) хабарлама келіп түскен цифрлық жүйелер арқылы қарсылықтың дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      23-1. Уәкілетті орган ведомствосының хабарламасында көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда әлеуетті өнім беруші веб-портал және (немесе) цифрлық жүйелер арқылы Апелляциялық комиссияға шағым береді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия мынадай:

      1) мемлекеттік аудит объектісі шағымданатын барлық мәселелер қанағаттандырылған кезде – қарсылықты қанағаттандыру туралы;

      2) мемлекеттік аудит объектісі дауланатын мәселелерді ішінара қанағаттандырған кезде – қарсылықты ішінара қанағаттандыру туралы;

      3) мемлекеттік аудит объектісі даулап отырған барлық мәселелер Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қанағаттандырылмаған кезде – осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Қарсылықты қарау нәтижелері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарсылықты қарау нәтижелері бойынша қорытындымен (бұдан әрі – қорытынды) ресімделеді.

      Қорытынды тіркеледі және мемлекеттік аудит объектісіне веб-портал және (немесе) хабарлама келіп түскен цифрлық жүйе арқылы жіберіледі.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Камералдық бақылау нәтижелері веб-порталда және цифрлық жүйелерде орналастырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартында:

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мемлекеттік аудитор бухгалтерлік есептің қолданылатын цифрлық жүйесін зерделейді, қауіпсіздігі мен сенімділігін бағалайды, оны операцияларды көрсетуі мен есеп айырысуды жүзеге асыруының дұрыстығы тұрғысынан тестілейді.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Тұтас тексеру мынадай:

      бас жиынтық құны жоғары саны шамалы элементтерден тұратын болса. Бұл тәсіл айтарлықтай тәуекел болған және басқа құралдармен аудиторлық дәлелдемелер алу мүмкін болмаған кезде қолданылуы мүмкін.

      Цифрлық жүйелерді қолдану аудиторлық рәсімдердің қайталама әдістерін орындауға мүмкіндік берген, оның ішінде қайта есептеу немесе қайта орындау.

      бұрмалаудың елеулі тәуекелі болса және басқа құралдар жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді қамтамасыз етпеген жағдайларда жүргізіледі.";

      169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "169. Қызметкерлермен есептесу бойынша ішкі бақылау жүйесін түсіну ақпаратты жинаудың, жаңарту мен талдаудың үздіксіз процесі болып табылады және оған мынадай рәсімдердің көмегімен қол жеткізіледі:

      персонал санаттарын, аудит объектісі қолданатын еңбекке ақы төлеу жүйесін және нысандарын зерделеу;

      қызметкерлермен есептесу бойынша операцияларды есепке алу жөнінде қызметкерлерге жазбаша немесе ауызша сауалнама жүргізу, алынған ақпаратты тіркеу, өңдеу және қорытындылау;

      қызметкерлермен есептесу бойынша операцияларды есепке алуды қамтамасыз ететін мамандардың біліктілік деңгейін айқындау;

      қызметкерлермен есептесу бойынша есептер алгоритмінің нақтылығына және құжаттардың тиісінше ресімделуіне қарай бухгалтерлік есептің цифрлық жүйесін бағалау;

      алдыңғы тексерулердің материалдарын шолу;

      ішкі құжаттарды инспекциялау (лауазымдық нұсқаулықтар; жеке құрам бойынша бұйрықтар; қызметтік іссапарға бұйрықтар; қызметкерлермен және есеп беруге жауапты тұлғалармен есептесуге жүргізілген түгендеудің нәтижелері).

      Дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу шоттары бойынша сальдоны тексеру үшін іріктеудің көлемі жоспарлау сатысында орындалатын ішкі бақылау мен аудиторлық тәуекелдер жүйесін бағалау негізінде айқындалады.".

      3. "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 14)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесінің "Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі" кіші жүйесі (бұдан әрі – цифрлық жүйе) – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу саласындағы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органының міндеттерін автоматизациялауға арналған кіші жүйе.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жиналатын ақпарат мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін нормативтік құқықтық реттеу, оның ұйымдық құрылымы, мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері, олардың есептілік тетіктері және ішкі бақылаудың бар жүйелері, бар тәуекелдер және ішкі мемлекеттік аудит мақсаттары үшін қажет өзге мәселелер жөніндегі деректерді қамтиды.

      Ақпарат көздері:

      1) алдыңғы, оның ішінде басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тексерулерінің нәтижелері мен материалдары;

      2) бюджет процесіне қатысушылар есептерінің материалдары;

      3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйелерінің деректері;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесі отырыстарының материалдары;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және өзге атқарушы билік органдары отырыстарының материалдары;

      6) Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы билік органдарының өтініштері;

      7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өтініштері;

      8) бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары;

      9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      10) ақша қаражат қозғалысы туралы деректер;

      11) Қазақстан Республикасының сот органдарының электрондық сервисінен ақпарат;

      12) өзге көздер болуы мүмкін.";

      101-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101-1. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары мүдделеріне әсер еткен кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де тұлғаларды цифрлық жүйелер және/немесе электрондық пошта, сондай-ақ пошта байланысы арқылы жазбаша түрде анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етеді.

      Мүдделері аудиторлық іс-шаралармен қозғалған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар) анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өз ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісіне жібереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген тұлғалардың ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісі Заңның 37-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мерзім шегінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жібереді және ол мемлекеттік аудит объектісінің қарсылықтарымен бірге қаралады.

      Апелляциялық комиссияға қарсылық берген кезде мемлекеттік аудит объектісі кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың аудиторлық есепке және/немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке ескертулерін ескереді.";

      114 және 114-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында немесе аудиторлық қорытындыны ведомство және оның аумақтық бөлімшелері бекіткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит тобының жетекшісі және (немесе) аудиторлық іс-шараны өткізген мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит материалдарын ведомствоның цифрлық жүйесіне енгізеді.

      Ішкі мемлекеттік аудит материалдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12459 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорына енгізу үшін Жоғарғы аудиторлық палатаға ұсынылады.

      114-1. Қаржылық есептіліктің ішкі мемлекеттік аудит материалдары ішкі аудит қызметінің тартылған маманының нәтижелерін қоспағанда, ведомствоның цифрлық жүйесіне енгізіледі.";

      129 және 129-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. Аудиторлық іс-шараның барлық кезеңдерінде сапаны бақылауды ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге қатыспаған ведомствоның құрылымдық (аумақтық) бөлімшелерінің мемлекеттік аудиторлары жүзеге асырады.

      Дайындық кезеңінің сапасын бақылауды өткізу үшін арналған аудит материалдарының жобалары бекітілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ұсынылады.

      Мемлекеттік аудит объектісінің басшысына немесе оны алмастыратын адамға танысу үшін аудит материалдарының жобаларын негізгі кезеңнің сапасын бақылауды өткізу үшін тапсыру мерзімі мыналарды құрайды:

      1) аудит объектісіне аудиторлық есеп бергенге дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын;

      2) аудит объектісіне қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп бергенге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын жүргізіледі.

      3) аудит объектісіне уәкілетті орган ведомствосымен келісуге жататын аудиторлық есепті бергенге дейін 7 (жеті) жұмыс күні бұрын.

      Қорытынды кезеңнің сапасын бақылауды өткізу үшін арналған аудит материалдарының жобалары бекітілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын ұсынылады.

      Аудиторлық іс-шараның дайындық кезеңінде сапаны бақылау Аудит жоспарының, Аудит бағдарламасының, Аудиторлық тапсырманың, Нұсқаудың жобалары бойынша жүргізілген алдын ала зерделеудің сапасы нысанасына 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Дайындық кезеңі бойынша сапаны бақылауды жүргізу өлшемшарттары:

      аудиттің мақсатын, нысанасын және ауқымын анықтаудың дұрыстығы;

      Аудит бағдарламасының жобасында мемлекеттік аудит көрсеткіштерінің болуы және аудиторлық іс-шараның мақсаттарына, қамту ауқымына (аудит кезеңіне), аудит үшін қажетті ресурстарға (адами ресурстарға) қол жеткізу үшін аудитке жататын мәселелер тізбесін (мәселелерді нақтылау) айқындаудың дұрыстығы;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында аудитке жататын мәселелер тізбесін, қамту ауқымын (аудит кезеңі) айқындаудың дұрыстығы;

      аудиторлық тапсырманың болуы;

      қарсы тексеру жүргізу қажеттілігі;

      мемлекеттік аудит жүргізуге тартылатын сарапшыларды айқындау қажеттілігі және оларға нұсқау беру үшін жоспарланатын мемлекеттік аудиттің нақты мәселелері.

      Аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңінде сапаны бақылау аудиторлық есептің жобалары бойынша 5 (бес) жұмыс күні және қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есептің жобалары, оларға қоса берілген бұзушылықтар тізілімі бойынша аудит объектісіне жіберілгенге дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның ведомствосымен келісуге жататын ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің аудит материалдарының жобалары бойынша негізгі кезеңнің сапасын бақылау аудиторлық есептің және оларға қоса берілген бұзушылықтар тізілімінің жобалары бойынша оларды аудит объектісіне жібергенге дейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 5-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын негізгі кезеңнің сапа бақылауы қорытындыларының жобалары қаржы бұзушылықтары бөлігінде цифрлық жүйе арқылы келісуге жатады.

      Уәкілетті органның ведомствосы негізгі кезеңнің сапасын бақылауды келісу рәсімін осы Қағидалардың 129-1-тармағында көзделген тәртіппен айқындайды.

      Негізгі кезең бойынша сапаны бақылауды жүргізу өлшемшарттары:

      аудиторлық есеп жобасының немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептің, сондай-ақ қарсы тексеру актісінің осы Қағидаларда белгіленген құрылымдар мен нысандарға сәйкестігі;

      аудит бағдарламасы мәселелерінің дәйектілігі мен тізбесіне қатаң сәйкестікті, онда жазылған мәліметтердің анықтығын, объективтілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ аудит бағдарламасының әрбір сұрағына жауаптардың болуы;

      аудит бағдарламасында көзделмеген мәселелер бойынша аудитті жүзеге асыру;

      аудит жүргізу барысында Аудит жоспары мен бағдарламасына өзгерістер енгізудің негізділігі;

      көрсетілген бұзушылық фактілерінің объективтілігі және анықталған бұзушылықтарды көрсету және олардың біліктілігі кезінде заңнаманы қолданудың дұрыстығы;

      белгіленген бұзушылықтар бойынша қажетті дәлелдеу базасының болуы;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету;

      бақылау өлшемі (қарап тексеру) актілерінің болуы, қажет болған жағдайда оларды жасау, аудиторлық іс-шараның мақсатына қол жеткізуді бағалау;

      жеткілікті және тиісті дәлелдер келтіре отырып, пікір білдіруден бас тартудың негізділігі;

      оң немесе ескертпесі бар пікір білдіру үшін дәлелді негіздемелермен толық ашу.

      Аудиторлық іс-шараның қорытынды кезеңінде сапаны бақылау аудиторлық қорытындының, нұсқаманың жобасына, аудит объектісіне аудиторлық есептің уақтылы ұсынылуына оларға қол қойылғанға және бекітілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Қорытынды кезең бойынша сапаны бақылауды жүргізу өлшемшарттары:

      осы Қағидаларға сәйкес аудиторлық қорытындының, нұсқаманың жобасын (оның ішінде апелляциялық комиссияның шешімімен) жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;

      мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру үшін ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша ұсынымдардың аудиторлық қорытындысының жобасында болуы және негізділігі.

      Барлық кезеңдерде бірінші деңгейдегі сапаны бақылау мемлекеттік аудит объектісінің басшысы бекіткен және қол қойған аудит материалдарын беру/ұсыну кезінде жүзеге асырылмайды.

      Сапаны бақылау нәтижелері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сапаны бақылау қорытындысымен ресімделеді.

      129-1. Уәкілетті орган ведомствосы аудиторлық іс-шараның дайындық кезеңінде цифрлық жүйе арқылы аумақтық бөлімшелерді келісу рәсімін өткізу туралы хабардар етеді.

      Ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің негізгі кезеңінің сапасын бақылау қорытындыларының жобаларын уәкілетті органның ведомствосымен келісу рәсімі цифрлық жүйеде жүзеге асырылады.

      Ведомствоның аумақтық бөлімшелері аудит объектісіне аудиторлық есепті ұсынғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын цифрлық жүйеде аудиторлық есептің, бұзушылықтар тізілімінің жобаларын, олардың негізінде қорытындылар тұжырымдалған құжаттарды қоса бере отырып, аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңінің сапасын бақылау қорытындысының жобасын орналастырады.

      Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы жіберілген материалдардың уақыттылығы мен толықтығын қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы негізгі кезеңнің сапасын бақылау қорытындысының жобасын қарау нәтижелері бойынша ескертулерді ескере отырып, аудит материалдарының жобаларын Стандарттарына сәйкес келіседі немесе пысықтауды ұсынады.

      Аудит материалдарын уәкілетті органның ведомствосымен келісу рәсімінің нәтижелері бойынша аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңінің сапасын бақылау қорытындысының жобасын ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді.

      Ведомствоның құрылымдық бөлімшесі жүйелі негізде келісу нәтижелері бойынша берілген ұсынымдардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады.

      Ведомствоның аумақтық бөлімшесі осы Қағидалардың тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін цифрлық жүйеде негізгі кезеңнің сапасын бақылау қорытындысының жобасын орналастырған жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының келісу функционалы цифрлық жүйеде бұғатталады. Бұл ретте, аумақтық бөлімшенің басшысы уәкілетті органның ведомствосының келісімінсіз негізгі кезеңнің сапасын бақылау қорытындысын бекітеді.

      Уәкілетті органның ведомствосымен келісу үшін аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңінің сапасын бақылау қорытындысының жобасын орналастырудың мерзімдері мен толықтығын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік жауаптылықта болады.";

      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Сапаны бақылау нәтижелерін ведомство немесе оның аумақтық бөлімшелері ведомствоның цифрлық жүйесінде және бірыңғай мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау дерекқорында орналастырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5 және 6-қосымшалар осы Тізбеге 4 және 5 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы Тізбеге 6 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жиналатын ақпарат мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін нормативтік құқықтық реттеу, оның ұйымдық құрылымы, мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері, олардың есептілік тетіктері және ішкі бақылаудың бар жүйелері, бар тәуекелдер және ішкі мемлекеттік аудит мақсаттары үшін қажет өзге мәселелер жөніндегі деректерді қамтиды.

      Ақпарат көздері:

      1) алдыңғы, оның ішінде басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тексерулерінің нәтижелері мен материалдары;

      2) бюджет процесіне қатысушылар есептерінің материалдары;

      3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйелерінің деректері;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесі отырыстарының материалдары;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және өзге атқарушы билік органдары отырыстарының материалдары;

      6) Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы билік органдарының өтініштері;

      7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өтініштері;

      8) бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары;

      9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

      10) ақша қаражатының қозғалысы туралы деректер;

      11) Қазақстан Республикасы сот органдарының электрондық сервисінен ақпарат;

      12) өзге көздер болуы мүмкін.";

      72-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72-1. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есебін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде цифрлық жүйелер және/немесе электрондық пошта, сондай-ақ пошта байланысы арқылы мүдделері мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған қаржылық бұзушылықтары туралы хабардар етеді.

      Мүдделері аудиторлық іс-шаралармен қозғалған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өз ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісіне жібереді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген тұлғалардың ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісі Заңның 37-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мерзім шегінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жібереді және ол мемлекеттік аудит объектісінің қарсылықтарымен бірге қаралады.

      Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеске (бұдан әрі – Кеңес) қарсылық берген кезде мемлекеттік аудит объектісі кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың аудиторлық есепке берілген ескертулерін ескереді.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі немесе аудиторлық іс-шараны жүргізген мемлекеттік аудитор анықталған бұзушылықтарды жою туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның цифрлық жүйесіне мемлекеттік аудит материалдарын енгізеді.

      Мемлекеттік аудит материалдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 7-НҚ Нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12459 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу қағидаларында анықталған тәртіппен және мерзімде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда одан әрі орналастыру үшін уәкілетті органға беріледі.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Сапаны бақылау нәтижелерін ведомство немесе оның аумақтық бөлімшелері ведомствоның цифрлық жүйесінде және бірыңғай мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау дерекқорында орналастырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7 және 7-1-қосымшалар осы Тізбеге 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16677 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органмен, оның аумақтық бөлімшелерімен және орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының (бұдан әрі – ІАҚ) ішкі аудит қызметтерімен электрондық ішкі мемлекеттік аудит жүргізу тәртібін айқындайды.

      Электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты байланысты жою жолымен мемлекеттік аудит объектілеріне жүктемені төмендету, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне сәйкес аудит жүргізу мерзімдерін қысқарту және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жедел шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.

      Электрондық ішкі мемлекеттік аудит құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертiлуiн немесе тоқтатылуын көздейтiн электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған электрондық құжаттарды, сондай-ақ цифрлық технологияларды пайдалана отырып, азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауды қоса алғанда, осы құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерiн пайдаланған жағдайда ғана жүргізіледі.

      Сәйкестіктің электрондық ішкі мемлекеттік аудиті, тиімділік аудиті және қаржылық есептілік аудиті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Ішкі мемлекеттік аудит қағидалары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 113 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26715 болып тіркелген) бекітілген "Сәйкестік аудиті" деген ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 873 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17690 болып тіркелген) бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандартына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15209 болып тіркелген) бекітілген "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартына сәйкес жүргізіледі.";

      2-тармақта:

      10)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесінің "Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі" кіші жүйесі (бұдан әрі – Цифрлық жүйе) – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу саласындағы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органының міндеттерін автоматизациялауға арналған кіші жүйе;";

      14)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның цифрлық жүйесі – мемлекеттiк сатып алу веб-порталы;";

      19)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) электрондық ішкі мемлекеттік аудит – цифрлық технологияларды қолдану арқылы уәкілетті орган және ІАҚ қашықтан жүзеге асыратын мемлекеттік аудит;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит құжаттары "Электрондық ішкі мемлекеттік аудит ісі" ақпараттық жүйе модулінде қалыптастырылады, онда аудит бағдарламасы, аудиторлық нұсқау, аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырмасы, аудиторлық есебі, аудиторлық қорытындысы, нұсқамасы және цифрлық жүйемен көзделген аудиторлық іс-шаралар нәтижелерін іске асыру бойынша басқа да құжаттары қамтылған.";

      8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырмаға уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелері басшысының немесе оның орнындағы адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылғаннан кейін ол Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21964 болып тіркелген) бекітілген Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларында (бұдан әрі – Актiлердi тіркеу қағидалары) айқындалған тәртіппен тіркеу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

      Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырма құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгеннен кейін цифрлық технологияларды қолдану арқылы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.

      Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманы мемлекеттік аудит объектісінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға алған кезде және оны оқығанда, цифрлық жүйеде оны жеткізу туралы хабарлама қалыптастырылады.

      9. Аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырмаға орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе оның орнындағы адамның ЭЦҚ-сымен қол қойылғаннан кейін ақпараттық технологиялар арқылы жіберіледі.

      Аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырманы мемлекеттік аудит объектісінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам алған кезде және оны оқығанда, цифрлық жүйеде оны жеткізу туралы хабарлама қалыптастырылады.

      10. Электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудің негізгі кезеңінде мемлекеттік аудитор (-лар), мемлекеттік аудитордың ассистенті (-тері), қажет болған кезде тиісті бейіні бойынша тартылған сарапшылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның цифрлық жүйелерінде қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып, мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауы тұрғысынан аудиторлық рәсімдерді орындау жолымен ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асырады.

      Электрондық ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар және (немесе) кемшіліктер фактілері аудиторлық дәлелдерге және (немесе) өзге де құжаттар мен ақпараттарға негізделеді.

      Оның негізінде электрондық ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсынымдар қалыптастырылатын аудиторлық дәлелдер, объективтік, дұрыс және жеткілікті болып табылады.

      11. Электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудің қорытынды кезеңінде шешім қабылданады және электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің құжаттары цифрлық жүйесінің Электрондық ішкі мемлекеттік аудит ісі модулінде қалыптастырылады (аудиторлық есеп, аудиторлық қорытынды, нұсқама және аудиторлық іс-шаралар нәтижелерін іске асыру жөніндегі басқа да құжаттар).";

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік аудитор жүргізген тексеру қорытындысы бойынша цифрлық жүйеде аудиторлық есепті қалыптастырады және оған қол қояды.

      Цифрлық жүйеде мемлекеттік аудитор қол қойылған аудиторлық есеп цифрлық технологияларды қолдану арқылы, соның ішінде мемлекеттік сатып алу веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісінің бірінші басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға танысу және қол қою үшін:

      1) жүргізу мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайтын аудиторлық іс-шаралар бойынша – аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырмада көрсетілген аудиторлық іс-шара аяқталғанша кемінде 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) жүргізу мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен асатын аудиторлық іс-шаралар бойынша – аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырмада көрсетілген аудиторлық іс-шара аяқталғанша кемінде 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады.

      17. Мемлекеттік аудитор қол қойған аудиторлық есепті мемлекеттік аудит объектісінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға алған кезде цифрлық жүйеде оны жеткізу туралы хабарлама қалыптастырылады.

      18. Аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырмада көрсетілген аудиторлық іс-шараларды аяқтау күнінен кешіктірмей аудиторлық есепке мемлекеттік аудит объектісінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға ЭЦҚ қол қояды және цифрлық жүйеде автоматты түрде қайта бағытталады.

      Аудиторлық іс-шара нәтижелерімен келіспеген кезде аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырмада көрсетілген аудиторлық іс-шараларды аяқтау күнінен кешіктірмей аудиторлық есепке мемлекеттік аудит объектісінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қарсылықтары бар екені туралы ескертпемен және олар бойынша негіздемелерді көрсете отырып қол қояды.";

      20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит материалдарының сапасына бақылау жүргізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторлық іс-шараға жауапты тұлға электрондық ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша аудиторлық қорытындыны цифрлық жүйеде қалыптастырады;

      2) уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы аудиторлық қорытындыны ЭЦҚ бекітеді;

      3) бұзушылықтар және (немесе) кемшіліктер анықталған жағдайда, ішкі мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшілерінің мемлекеттік аудиторы мемлекеттік аудит объектілері орындауы үшін міндетті құжат болып табылатын, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқаманы цифрлық жүйеде қалыптастырады;

      4) уәкілетті органының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы нұсқамаға ЭЦҚ қол қойылады.

      Аудиторлық қорытындыға және нұсқамаға аудит объектісінің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың қаралмаған және сапа бақылауымен расталмаған қарсылықтары бар бұзушылық және (немесе) кемшілік фактілерін енгізуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік аудиторлар электрондық ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жасайтын құжаттарының сапа бақылауы Заңның 14-бабының 8) тармақшасымен сәйкес уәкілетті орган бекіткен Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      21. Ішкі аудит нәтижелері туралы есепке қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) аудиторлық іс-шараға жауапты тұлға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша ішкі аудиттің нәтижелері туралы есепті цифрлық жүйеде қалыптастырады және ЭЦҚ арқылы қол қояды;

      2) бұзушылықтар және (немесе) кемшіліктер анықталған жағдайда, ІАҚ мемлекеттік аудиторы цифрлық жүйеде анықталған бұзушылықтарды жоюға және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті құжат болып табылатын шешімді (бұдан әрі – шешім) қалыптастырады;

      3) орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі ЭЦҚ арқылы шешімге қол қояды.

      Ішкі аудит нәтижелері туралы есепке мемлекеттік аудит объектісінің қаралмаған қарсылықтарымен және сапа бақылауымен расталмаған анықталған бұзушылықтарды және (немесе) кемшіліктерді жоюға арналған шешімді енгізуге жол берілмейді.

      Электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша ІАҚ мемлекеттік аудиторлары жасайтын құжаттардың сапасын бақылау Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      22. Аудиторлық қорытынды мен нұсқама ақпараттық технологияларды қолдану арқылы, оның ішінде мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы аудиторлық қорытынды бекітілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит объектісінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға Аудиторлық қорытындыны және нұсқаманы алған және оларды оқыған кезде цифрлық жүйеде олардың жеткізілгені туралы хабарлама қалыптастырылады.

      23. Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп және шешім аудиторлық қорытынды бекітілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.

      24. Мемлекеттік аудит объектісі тиісті құжаттарда көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне цифрлық технологияларды қолдану арқылы, оның ішінде мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы және нұсқамалардың орындалуы туралы ақпарат жібереді.

      25. Мемлекеттік аудит объектісі, мемлекеттік органдар, ұйымдар және лауазымды тұлғалар тиісті құжаттарда көрсетілген мерзімдерде ІАҚ-ға цифрлық технологияларды қолдану арқылы, оның ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы және шешімнің орындалуы туралы ақпарат жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 5 және 6-қосымшалар осы Тізбеге 11 және 12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Сәйкестік аудиті" ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26715 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сәйкестік аудиті" ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартарында:

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Үздіксіз тексеру мынадай кезде жүргізіледі:

      қалдық жиынтық құны жоғары элементтердің аз санынан тұрады. Осы әдіс айтарлықтай тәуекел болған кезде және басқа құралдармен аудиторлық дәлелдемелерді алу мүмкін болмаған кезде қолданылады;

      цифрлық жүйені қолдану аудиторлық рәсімдердің қайталама әдістерін (қайта есептеу немесе қайта орындау) орындауға мүмкіндік береді;

      бұзушылықтың айтарлықтай тәуекелі бар және қаражат жеткілікті аудиторлық дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді.".

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
Тізбесіне 1-қосымша
Камералдық бақылау жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      20_______ жылғы "____" ____№_______

      (Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік аудит объектісінің атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы. Заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес Сізге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы осы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындау қажет. Қарсылықтарды қарау нәтижелері ескеріле отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылған кезде хабарлама орындалды деп танылады. Бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты (қажет болған кезде растайтын құжаттарды) камералдық бақылау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген 4-қосымшаға сәйкес хабарламаны жіберген уәкілетті органға веб-портал және (немесе) цифрлық жүйелер арқылы мемлекеттік аудит объектісі ұсынады. Осы Қағидалардың 23 және 23-1-тармағына сәйкес хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде мемлекеттік аудит объектісі қажет болған кезде ол веб-портал және (немесе) цифрлық жүйелер арқылы тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтежелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға қарсылық уәкілетті органға қарсылық жібереді. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес лауазымды адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады. Заңның 60-бабына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Анықталған бұзушылықтар сипатталған қосымша ___ парақта. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық ведомствосының басшысы

      _______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (Қолы)

      Мен, ___________________________________________________________

      (Лауазымы, уәкілетті органның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Заңының 30-бабына сәйкес камералдық бақылау жүргіздім

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (Бақылау нысанасы)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      негізінде (Өтініш беруші туралы мәліметтерді көрсете отырып,

      тәуекелдерді басқару жүйелері/шағымдар)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      арқылы

      (Цифрлық жүйенің атауы)

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша мынадай бұзушылық (-тар) анықталды:

Бұзушылық тармағының нөмірі

Тәуекел бейіні

Ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипатының сипаттамасы

Бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атаулары

1-тармақ




2-тармақ




...




      (Әрбір бұзушылық фактісі жеке тармақпен белгіленеді және тәуекел бейінін көрсете отырып, ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме жасап, бұзушылық сипатын сипаттай отырып, толассыз тәртіппен нөмірленеді. Бұзушылық сипаттамасында бұзушылықтарды растайтын құжаттардың деректемелері мен атауларына сілтеме жасалады.)

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде анықталған бұзушылықтар қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес жойылуға жатады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
2-қосымша
Камералдық бақылау жүргізу
қағидаларына 10-қосымша
Бюджетті атқару жөніндегі
уәкілетті органның, банктердің
немесе банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың атауы

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын қоспағанда, цифрлық жүйелер арқылы жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды тіркеу журналы

Лот нөмірі

Лот сомасы

Хабарландыру нөмірі

Бағыт

Хабарламаның №

Бұзушылықты жою тәсілі

Тәуекел профилі

Хабарламаның жасалған күні

Мемлекеттік аудит объектісінің атауы

Мемлекеттік аудит объектісінің ЖСН/БСН































      Кестенің жалғасы

Хабарламаның жіберілген күні

Хабарламаны орындаудың аяқталу мерзімі

Қарсылықтың жеткізілген күні

Қорытындының жеткізілген күні

Хабарламаның орындалу күні

Хабарламаны жасаған адамның ТАӘ

Хабарламаның орындалуы туралы анықтама

Хабарламаның жіберілген күні

Хабарламамен танысу күні

Хабарламамен танысқан адамның ТАӘ































      Аббревиатураларды таратып жазу:

      Т.А.Ә. – тегі аты әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
3-қосымша
Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жөніндегі
уәкілетті органның ішкі
мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері зерделейтін мәселелердің үлгі тізбесі

Сұрақтар

Ақпарат көздері

1

2

1. Сәйкестік аудиті (жалпы сұрақтар).

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі

Нормативтік құқықтық актілер, цифрлық және құқықтық жүйелер

Мемлекеттік аудит объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және мемлекеттік аудит объектісінің қызметін регламенттейтін өзге де құжаттар)

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін және ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісінің құрылымы

Құқық қорғау органдарының құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды алып қойғанын растайтын құжаттар

Алдыңғы мемлекеттік аудиттің (бақылаудың) және тексерулердің нәтижелері

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, құқық қорғау органдарының және басқа да бақылау мен қадағалау органдарының актілері, тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған шаралар

Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі аудит қызметінің қызметі

Ішкі аудит қызметінің ережесі, тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, ішкі аудит нәтижелері туралы есептер, ішкі аудит қызметтерінің қызметі туралы жиынтық ақпарат

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетті уақытылы және сапалы орындауы

Тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша тиісті есепті жылға арналған мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп (бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар ұсынатын ақпарат, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары)

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәсілдері, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер номенклатурасы, бюджеттен бөлінген қаражат шегінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдері

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жоспары (цифрлық жүйелер)

Мемлекеттік аудит объектісі туралы жинақталған ақпарат

Мемлекеттік аудиттің тексерілетін объектісінің цифрлық базалары, ресми статистикалық деректер, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да көздердің деректері

Мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының (болған кезде) әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (шағымдары))

2. Қаржылық есептілік аудиті

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі

Нормативтік құқықтық актілер (цифрлық және құқықтық жүйелер)

Құқық қорғау органдарының құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды алып қойғанын растайтын құжаттар

Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі аудит қызметінің қызметі

Ішкі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша қорытындылар, ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы есептер, қабылданған шаралар туралы ақпарат, ішкі аудит қызметтерінің қызметі туралы жиынтық ақпарат

Алдыңғы мемлекеттік аудиттің (бақылаудың) және тексерулердің нәтижелері

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, құқық қорғау органдарының және басқа да бақылау мен қадағалау органдарының актілері, тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған шаралар

Бухгалтерлік есеп және бюджеттік бағдарламаларды орындау бойынша есептер

Қаржылық есептілік (бухгалтерлік баланс, активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есеп, қаржыландыру көздері бойынша шоттардағы ақша қозғалысы туралы есеп; түсіндірме жазба, қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есеп) және басқалар

Мемлекеттік аудит объектісінің міндеттемелерді қабылдауының, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді жүргізудің, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасаудың уақтылылығы

Бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептері

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп

Есепті қаржы жылына арналған бюджетті бекіту, нақтылау, түзету

Бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджетті, бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған, төленбеген міндеттемелерді және (немесе) төленген міндеттемелерді көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептері, жүргізілген бюджеттік мониторинг және бюджеттік бағдарламалар нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды орындау бөлігінде жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп; тиісті кезеңге арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған экономикалық жағдай және негізгі бағыттардың іске асырылуы туралы талдамалық ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері теңгерімдерінің есеп айырысу баптары бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек

Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің, оның ішінде өткен жылдардың дебиторлық берешегі туралы есептер, мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есеп (бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың ай сайынғы ақпараты)

      Ескертпе:

      Бұл тізбе толық болып табылмайды. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу барысында қосымша құжаттар немесе ақпарат сұралады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
4-қосымша
Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жөніндегі
уәкілетті органның ішкі
мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына 5-қосымша
  Нысан

Аудиторлық іс-шараны (тексерулер) жүргізуге нұсқау (Тексеруді тағайындау туралы акт)

      20 __ жылғы "___" ________ №______

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының

      Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-бабына сәйкес

      _______________________________________________________________

      (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік аудит тобының жетекшісін көрсете отырып, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі, мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олармен келісім бойынша), сондай-ақ қажет болған жағдайда оған (-ларға) аудиторлық іс-шара (тексерулер) өткізу тапсырылған аудиторлық ұйымдар, сарапшылар) өткізу

      _______________________________________________________________

      (аудит объектісінің ұйымдық-құқықтық нысанын, толық атауын, оның орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) бойынша мәселе бойынша аудиторлық іс-шара (тексеру)

      _______________________________________________________________

      (аудиторлық іс-шараның (тексерудің) мәнін көрсету)

      Мемлекеттік аудиттің типі ________________________________________

      Тексеру түрі ____________________________________________________

      Аудиторлық іс-шарамен (тексерумен) қамтылатын кезең _______________

      Аудиторлық іс-шараларды (тексеру) өткізу мерзімдері: ___ бастап ___ бойынша

      Аудиторлық іс-шараны өткізуге жауапты тұлға:

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), атқарып отырған лауазымы)

      Аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізуге нұсқау құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында ол уәкілетті органда тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Негізі:

      _______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі; Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы; тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның цифрлық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; аудиторлық іс-шараны тағайындау үшін негіз болған құжаттың күні, нөмірі).

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі ведомствоның басшысы

      _______________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Алды

      ______________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі басшысының немесе оның міндетін атқарушының тегі,

      аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) 20__жылғы "_"______ (алған күнін көрсету)

      Ескертпе:

      *Нұсқаудың сыртқы жағында Заңның 37-бабына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
5-қосымша
Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жөніндегі
уәкілетті органның ішкі
мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына 6-қосымша
  Нысан
__________________
(күні, айы, жылы)
Мемлекеттік аудит
объектісінің басшысы
_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
(ол болған жағдайда)

Мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы бойынша талап

      1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 21 және 37-баптарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:

      1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының қызметкерлерін

      _____________ дейінгі мерзімде аудитті жүргізу үшін қажетті (мерзім осы талапты

      мемлекеттік аудит объектісі алған күннен бастап есептеледі) барлық сұратылған

      ақпаратпен:

      _______________________________________________________________

      (басшының немесе бас бухгалтердің қолы қойылған қажетті құжаттар мен

      ақпараттізбесі көрсетілсін) _________________________ қамтамасыз етуге;

      2) сұратқан деректердің уақтылығын, дәйектілігін, объективтілігін және толықтығын

      қамтамасыз етуге;

      3) егер Заңда не Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезеңінде ексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      4) цифрлық жүйелерге, оның ішінде ЭҚАБЖ-ға қол жетімділігін қамтамасыз етуге;

      5) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының мемлекеттік аудиторларының әрекетіне араласпауға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізуге кедергі жасамауға міндетті.

      2. Ішкі мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органының лауазымды тұлғаларына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды және өзге де мәлiметтердi, мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы ақпаратты беруден бас тарту, мемлекеттік аудит жүргiзуге жiберуден немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не анық емес ақпарат беру әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі /мемлекеттік аудитор

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Алдым _________________________________________________________

      (бастауымен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылған мемлекеттік аудит объектісі басшысының немесе лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      "____" _________20___ жыл (алған күнді көрсетіңіз)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
6-қосымша
  Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жөніндегі
уәкілетті органның ішкі
мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына 7-қосымша
  Нысан
_____________________
(жасалған орны)
____________20___жыл
(аудиторлық есептің күні)

№ _____ Аудиторлық есеп

      1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы: __________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы деректер,

      банктік және салық деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      2. Ішкі мемлекеттік аудит түрі:

      ______________________________________________________________

      3. Тексеру түрі: _______________________________ (бірлескен, қосарлас)

      4. Аудиторлық іс-шара жүргізуге нұсқау:

      ______________________________________________________________

      (нұсқаудың күні мен нөмірі, ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге нұсқауға қол қойған

      лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

      5. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді:

      ______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудитті жүргізген ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкерінің

      (қызметкерлерінің), мемлекеттік аудитті жүргізуге тартылған мемлекеттік органдар

      маманының (мамандарының), мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар қызметкерлері

      мен сарапшылардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

      6. Ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты, нысанасы:

      ______________________________________________________________

      (аудит бағдарламасына сәйкес келетін ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты мен

      нысанасы)

      7. Ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

      ______________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тексерілген кезеңі)

      8. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімі: ______бастап ________ дейін

      (мемлекеттік аудит объектісінде ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудің басталған және

      аяқталған күні)

      9. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары:

      ______________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі басшысының немесе мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде жұмыс істеген және құжаттарға қол қою құқығы болған мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      10. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің (бақылаудың) және тексерулердің нәтижелері туралы мәліметтер:

      ______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит органы жүргізетін мемлекеттік аудиттің нысанасына сәйкес келетін басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, құқық қорғау органдары және басқа да бақылау және қадағалау органдары бұрын қамтыған мәселелер бойынша ғана қысқаша мәліметтер, мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар);

      11. Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер (осы бөлімде мемлекеттік аудиттің мақсатына қол жеткізілгендігін растау үшін жеткілікті жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі):

      1. Аудит бағдарламасы сұрағының нөмірі мен атауы:

      аудит бағдарламасы сұрағына жауап _______________________________

      2. Аудит бағдарламасы сұрағының нөмірі мен атауы:

      аудит бағдарламасы сұрағына жауап _______________________________

      және аудит бағдарламасында көзделген сұрақтардың кезектілігіне сәйкес және тағы басқалары.

      12. Мемлекеттік аудит саласында немесе аудит объектісінің қызметінде анықталған нәтижелердің мемлекеттік аудит көрсеткіштеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізуді қамтиды.

      13. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудегі кедергілер:

      ______________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкерлерінің ішкі мемлекеттік аудит жүргізуіне кедергі келтіру фактілері туралы мәліметтер көрсетіледі (кедергі жасау нысаны көрсетілсін: қажетті құжаттарды, материалдарды және өзге де мәліметтерді және мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы ақпаратты беруден бас тарту, мемлекеттік аудит жүргізуге рұқсат беруден бас тарту немесе оны жүзеге асыруға өзге де кедергі жасау, анық емес ақпарат беру. Ішкі мемлекеттік аудит органының қызметкері Ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге кедергі келтіруден көрінген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған кезде аудиторлық есепте оның нөмірі мен күні көрсетіледі)

      14. Ішкі мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

      ______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған шаралар туралы мәліметтер (айыппұлдарды, өсімпұлдарды қосымша есептеу, бюджетке негізсіз және (немесе) мақсатсыз пайдаланылған қаражатты өтеу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауы, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарына қабылданған тәртіптік жазалау шаралары және басқалар) көрсетіледі.)

      15. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етеді.

      Аудиторлық есеп екі (үш) данада жасалды (қажетінің астын сызыңыз).

      Қосымша: ______ парақта: (мемлекеттік аудит объектісінде тікелей жиналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, басқа да дұрыс көздерден алынған құжаттарды тізбектеңіз)

      Мемлекеттік аудит тобы/мемлекеттік аудитор:

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      _______________________________________________________________

      Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Аудиторлық есепті танысуға алған күні: 20___жылғы "____" __________.

      _______________________________________________________________

      (Мемлекеттік аудит объектісі басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      Қарсылықтардың бар екені туралы белгі:

      Аудиторлық іс-шара нәтижелерімен келіспеген кезде аудиторлық есептің соңғы парағындағы мемлекеттік аудит объектісінің басшысы қарсылықтардың бар екені туралы жазба жасайды.

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме:

      Аудиторлық есептің жоғары бөлігінде оның жасалған орны (елдің мекеннің атауы, аудиторлық есептің күні (жұмыс уақытында, жұмыс күні Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудін аяқталған күні), аудиторлық есептің нөмірі көрсетіледі.

      Қажет болған кезде аудиторлық есепте тексерілетін мәселелер бойынша ақпарат жалпылама түрде көрсетіледі, егжей-тегжейлі ақпарат аудиторлық есепке қосымшаларда жазылады.

      Жүргізілетін ішкі мемлекеттік аудиттің түріне, мақсатына және нысанасына байланысты ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын қызметкерлер аудиторлық есепке қосымшалар ретінде ресімделетін талдамалы кестелерді жасайды.

      Аудиторлық есепте көрсетілген қосымшаларға сілтеме жасалады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
7-қосымша
  Ішкі аудит қызметтерінің ішкі
мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында ішкі аудит қызметтері зерделейтін мәселелердің болжамды тізбесі

Мәселелер

Ақпарат көздері

1

2

1. Сәйкестік аудиті (жалпы мәселелер)

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі

Нормативтік құқықтық актілер, цифрлық және құқықтық жүйелер

Аудит объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және аудит объектісінің қызметін реттейтін өзге де құжаттар)

Аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісінің құрылымы

Құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды құқық қорғау органдарының алып қоюын растайтын құжаттар

Алдыңғы мемлекеттік аудит (бақылау) және тексеріс нәтижелері

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, құқық қорғау органдарының және басқа да бақылау және қадағалау органдарының актілері, мемлекеттік аудит объектісін тексеру қорытындылары бойынша қабылдаған шаралар

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті уақтылы және сапалы атқаруы

Бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бойынша тиісті есеп жылына арналған мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеп (бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын ақпарат, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары)

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәсілдері, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер номенклатурасы, бюджеттен бөлінген қаражат шегінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдері

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, нақтыланған мемлекеттік сатып алу жоспары (цифрлық жүйелер)

Мемлекеттік аудит объектісі туралы жинақталған ақпарат

Тексерілетін мемлекеттік аудит объектісінің цифрлық базасы, ресми статистикалық деректер, бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да көздердің деректері

Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты (болған кезде) өтініштері (шағымдары)

2. Тиімділік аудиті (жалпы мәселелер)

Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі

Нормативтік құқықтық актілер (цифрлық және құқықтық жүйелер)

Аудит объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және аудит объектісінің қызметін реттейтін өзге де құжаттар) (цифрлық және құқықтық жүйе)

Құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды құқық қорғау органдарының алып қоюын растайтын құжаттар

Алдыңғы мемлекеттік аудит (бақылау) және тексеріс нәтижелері

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, құқық қорғау органдарының және басқа да бақылау және қадағалау органдарының актілері, мемлекеттік аудит объектісін тексеру қорытындылары бойынша қабылдаған шаралар

Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің нәтижелері мен проблемалары

Мемлекеттік аудит объектісі дайындаған ішкі есептілік, талдамалы жазбалар мен шолулар

Ақпараттың ішкі көздері (ресми статистикалық деректер, бағдарлама нысанасына, бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты проблемалармен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының материалдары). Мемлекеттік аудиттің тексерілетін объектісінің цифрлық базасы

Облыстарды, республикалық маңызы бар қаладарды, астананы дамыту жоспарларын қаржылық қамтамасыз ету

бюджет шығыстарымен өзара байланыстыра отырып, мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары

Негізгі іс-қимылдарды жүзеге асыру және бағдарламаны іске асыру шарттарын орындау/орындамау

Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиісті жылдары іске асыруы туралы есеп

Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту жоспарларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп

Қаржыландыру жоспарын орындау туралы есеп және бағалау нысанасына сәйкес басқа да қаржы құжаттары

Бюджеттік инвестициялық жобалар

Қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілетін бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруы туралы есеп

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Мемлекеттік аудит объектісінің жылдық мемлекеттік сатып алу жоспары

Басым бюджеттік инвестициялар тізбесі

Жобаны іске асыру кезеңін, мердігер ұйымдарды, сметалық және шарттық құнын, құрылыс объектілерін енгізуді, цифрлық жүйені тәжірибелі және өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді көрсете отырып, бюджеттік инвестициялар бойынша ақпарат

Инвестициялық жобаларды қоса алғанда басым бюджеттік инвестициялар тізбесі

      Ескертпе:

      Осы тізбе толық болып табылмайды. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында қосымша құжаттар немесе ақпарат сұратылуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
8-қосымша
  Ішкі аудит қызметтерінің ішкі
мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына 6-қосымша
  Нысан
________________
(күні, айы, жылы)
Мемлекеттік аудит
объектісінің басшысы
____________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

Мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы бойынша талап

      1. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 21 және 37-баптарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:

      1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының қызметкерлерін

      _______________ дейінгі мерзімде аудитті жүргізу үшін қажетті (күні көрсетілсін) барлық сұратылған ақпаратпен:

      _______________________________________________________________

      (басшының немесе бас бухгалтердің қолы қойылған қажетті құжаттар мен ақпараттізбесі көрсетілсін)

      _____________________________________________ қамтамасыз етуге;

      2) сұратқан деректердің уақтылығын, дәйектілігін, объективтілігін және толықтығын қамтамасыз етуге;

      3) егер Заңда не Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      4) цифрлық жүйелерге, оның ішінде ЭҚАБЖ-ға қол жетімділігін қамтамасыз етуге;

      5) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының мемлекеттік аудиторларының әрекетіне араласпауға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізуге кедергі жасамауға міндетті.

      2. Ішкі мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органының лауазымды тұлғаларына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды және өзге де мәлiметтердi, мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы ақпаратты беруден бас тарту, мемлекеттік аудит жүргiзуге жiберуден немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не анық емес ақпарат беру әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

      Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі /мемлекеттік аудитор

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Алдым _________________________________________________________

      (бастауымен аудиторлық іс-шара жүзеге асырылған мемлекеттік аудит объектісі басшысының немесе лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20__ жыл "____"___________

      (алған күнді көрсетіңіз)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
9-қосымша
  Ішкі аудит қызметтерінің ішкі
  мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына 7-қосымша

№____ сәйкестік аудиті бойынша аудиторлық есеп

  ______________________
(жасалған орны)
20 __ жылғы "___" _____
(аудиторлық есептің күні)

      1. Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің атауы:

      _______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы деректер, банктік және салық деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      2. Аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырма:

      _______________________________________________________________

      (тапсырма күні мен нөмірі, ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырмаға қол қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

      3. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізген:

      _______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жүргізген ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкерінің (қызметкерлерінің), мемлекеттік орган маманының (мамандарының), ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған қызметкердің (қызметкерлердің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      4. Ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты, нысанасы:

      _______________________________________________________________

      (аудит бағдарламасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты мен нысанасы)

      5. Ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тексерілген кезеңі

      6. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімі: __________бастап ________ дейін (мемлекеттік аудит объектісінде ішкі мемлекеттік аудит жүргізудің басталған және аяқталған күні)

      7. Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғалары:

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі басшысының немесе мемлекеттік аудит объектісі лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде жұмыс істеген және құжаттарға қол қою құқығы бар мемлекеттік аудит объектісі лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      8. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің (бақылаудың) және тексерістің нәтижелері туралы мәліметтер:

      ______________________________________________________________

      (тек ішкі мемлекеттік аудит органы жүргізген мемлекеттік аудит нысанасымен сәйкес келетін бұрын басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, құқық қорғау органдары және басқа бақылау және қадағалау органдары қамтыған мәселелер бойынша қысқаша мәліметтер, мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар)

      9. Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер (бұл бөлімде мемлекеттік аудит мақсатына қол жеткізілгендігін растау үшін жеткілікті жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі):

      1. Аудит бағдарламасы сұрағының нөмірі мен атауы:

      Аудит бағдарламасының сұрағына жауап ___________________________.

      2. Аудит бағдарламасы сұрағының нөмірі мен атауы:

      Аудит бағдарламасының сұрағына жауап ___________________________

      және аудит бағдарламасында көзделген сұрақтардың кезектілігіне сәйкес тағы сол сияқты

      10. Аудит мемлекеттік аудит саласында немесе аудит объектісінің қызметінде анықталған нәтижелердің мемлекеттік аудит көрсеткіштеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізуді қамтиды.

      11. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудегі кедергілер:

      _______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкерлерінің ішкі мемлекеттік аудит жүргізуіне кедергі жасау фактілері туралы мәліметтер көрсетіледі (кедергі жасау түрін көрсетіңіз: қажетті құжаттарды, материалдар мен өзге де мәліметтерді, және мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы ақпаратты беруден бас тарту, мемлекеттік аудит жүргізу үшін рұқсат беруден бас тарту немесе оны жүзеге асыруға өзгеше кедергі жасау, дұрыс емес ақпарат беру.

      Ішкі мемлекеттік аудит органының қызметкері ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге кедергі жасауда көрінген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған жағдайда аудиторлық есепте оның нөмірі мен күні көрсетіледі.

      12. Ішкі мемлекеттік аудит барысында қолданылған шаралар:

      _______________________________________________________________

      (Ішкі мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша мемлекеттік аудит объектісі қолданған шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі (айыппұлдарды, өсімпұлдарды қоса есептеу, негізсіз және (немесе) мақсатсыз пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауы, ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары және басқалар).

      13. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етеді.

      Аудиторлық есеп екі (үш) данада жасалды (қажетінің астын сызыңыз).

      Қосымша: ______ парақта: (Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, тікелей ішкі мемлекеттік аудит объектісінде жинақталған, сондай-ақ басқа да дәйекті көздерден алынған құжаттар көрсетілсін)

      Ішкі мемлекеттік аудит тобы/мемлекеттік аудитор:

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      ______________________________________________________________

      Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Аудиторлық есепті танысуға алған күн:

      20__ жыл "____"___________

      _______________________________________________________________

      (Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Қарсылықтардың бар екені туралы белгі:

      Аудиторлық іс-шара нәтижелерімен келіспеген кезде аудиторлық есептің соңғы бетіне мемлекеттік аудит объектісінің басшысы қарсылықтардың бар екені туралы жазба жасайды.

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме:

      Аудиторлық есептің жоғары бөлігінде оның жасалған орны (елдің мекеннің атауы, аудиторлық есептің күні (жұмыс уақытында, жұмыс күні Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудін аяқталған күні), аудиторлық есептің нөмірі көрсетіледі.

      Қажет болған кезде аудиторлық есепте тексерілетін мәселелер бойынша ақпарат жалпылама түрде көрсетіледі, егжей-тегжейлі ақпарат аудиторлық есепке қосымшаларда жазылады.

      Жүргізілетін ішкі мемлекеттік аудиттің түріне, мақсатына және нысанасына байланысты ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын қызметкерлер аудиторлық есепке қосымшалар ретінде ресімделетін талдамалы кестелерді жасайды.

      Аудиторлық есете көрсетілген қосымшаларға сілтеме жасалады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
10-қосымша
  Ішкі аудит қызметтерінің ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына
  7-1-қосымша
  Нысан

№____ тиімділік аудиті бойынша аудиторлық есеп

      ________ (жасалған орны) 20 ___ жылғы "___" _____ (аудиторлық есептің күні)

      1. Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің атауы:

      ______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы

      деректер, банктік және салық деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      2. Аудиторлық іс-шараны жүргізуге тапсырма:

      ______________________________________________________________

      (тапсырма күні мен нөмірі, ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырмаға қол қойған

      лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

      3. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізген:

      _______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жүргізген ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкерінің

      (қызметкерлерінің), мемлекеттік орган маманының (мамандарының), ішкі мемлекеттік

      аудит жүргізуге тартылған қызметкердің (қызметкерлердің) тегі, аты, әкесінің аты (ол

      болған жағдайда)

      4. Ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты, нысанасы:

      _______________________________________________________________

      (аудит бағдарламасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты мен нысанасы)

      5. Ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тексерілген кезеңі

      6. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімі: __________бастап ________ дейін

      (мемлекеттік аудит объектісінде ішкі мемлекеттік аудит жүргізудің басталған және

      аяқталған күні)

      7. Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғалары:

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі басшысының немесе мемлекеттік аудит объектісі

      лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), сондай-ақ ішкі

      мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде жұмыс істеген және құжаттарға қол қою

      құқығы бар мемлекеттік аудит объектісі лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда)

      8. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің (бақылаудың) және тексерістің нәтижелері туралы

      мәліметтер:

      _______________________________________________________________

      (тек ішкі мемлекеттік аудит органы жүргізген мемлекеттік аудит нысанасымен сәйкес келетін бұрын басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, құқық қорғау органдары және басқа бақылау және қадағалау органдары қамтыған мәселелер бойынша қысқаша мәліметтер, мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар)

      9. Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер* (бұл бөлімде мемлекеттік аудит мақсатына қол жеткізілгендігін растау үшін жеткілікті жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі):

      1. Аудит бағдарламасы сұрағының нөмірі мен атауы:

      Аудит бағдарламасының сұрағына жауап __________________________.

      2. Аудит бағдарламасы сұрағының нөмірі мен атауы:

      Аудит бағдарламасының сұрағына жауап ___________________________

      және аудит бағдарламасында көзделген сұрақтардың кезектілігіне сәйкес тағы сол сияқты

      10. Аудит мемлекеттік аудит саласында немесе аудит объектісінің қызметінде анықталған нәтижелердің мемлекеттік аудит көрсеткіштеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізуді қамтиды.

      11. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудегі кедергілер:

      _______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкерлерінің ішкі мемлекеттік аудит жүргізуіне кедергі жасау фактілері туралы мәліметтер көрсетіледі (кедергі жасау түрін көрсетіңіз: қажетті құжаттарды, материалдар мен өзге де мәліметтерді, және мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы ақпаратты беруден бас тарту, мемлекеттік аудит жүргізу үшін рұқсат беруден бас тарту немесе оны жүзеге асыруға өзгеше кедергі жасау, дұрыс емес ақпарат беру.

      Ішкі мемлекеттік аудит органының қызметкері ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге кедергі жасауда көрінген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған жағдайда аудиторлық есепте оның нөмірі мен күні көрсетіледі.

      12. Ішкі мемлекеттік аудит барысында қолданылған шаралар:

      _______________________________________________________________

      (Ішкі мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша мемлекеттік аудит объектісі қолданған шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі (айыппұлдарды, өсімпұлдарды қоса есептеу, негізсіз және (немесе) мақсатсыз пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауы, ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары және басқалар).

      13. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етеді.

      Аудиторлық есеп екі (үш) данада жасалды (қажетінің астын сызыңыз).

      Қосымша: ______ парақта: (Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, тікелей ішкі мемлекеттік аудит объектісінде жинақталған, сондай-ақ басқа да дәйекті көздерден алынған құжаттар көрсетілсін)

      Ішкі мемлекеттік аудит тобы/мемлекеттік аудитор:

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      ______________________________________________________________

      Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Аудиторлық есепті танысуға алған күн:

      20__ жыл "____"___________

      _______________________________________________________________

      (Ішкі мемлекеттік аудит объектісінің басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Қарсылықтардың бар екені туралы белгі:

      Аудиторлық іс-шара нәтижелерімен келіспеген кезде аудиторлық есептің соңғы бетіне мемлекеттік аудит объектісінің басшысы қарсылықтардың бар екені туралы жазба жасайды.

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме:

      Аудиторлық есептің жоғары бөлігінде оның жасалған орны (елдің мекеннің атауы, аудиторлық есептің күні (жұмыс уақытында, жұмыс күні Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудін аяқталған күні), аудиторлық есептің нөмірі көрсетіледі.

      Қажет болған кезде аудиторлық есепте тексерілетін мәселелер бойынша ақпарат жалпылама түрде көрсетіледі, егжей-тегжейлі ақпарат аудиторлық есепке қосымшаларда жазылады.

      Жүргізілетін ішкі мемлекеттік аудиттің түріне, мақсатына және нысанасына байланысты ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын қызметкерлер аудиторлық есепке қосымшалар ретінде ресімделетін талдамалы кестелерді жасайды.

      Аудиторлық есете көрсетілген қосымшаларға сілтеме жасалады.

      *Оларға сәйкес аудит объектісіне баға берілетін мемлекеттік аудит көрсеткіштерінің толық атауы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
11-қосымша
  Электрондық ішкі мемлекеттік
аудит қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізуге тапсырма (Тексеруді тағайындау туралы акті)

      20 __ жылғы "___" ________ № ____

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң)

      _________________________________________________________

      (аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізу тапсырылған мемлекеттік аудит тобының басшысын көрсете отырып, ішкі мемлекеттік аудит органыдарының қызметкері (-лері) нің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі)

      ________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік аудит объектісінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты-жөні көрсетіледі)

      _________________________________________________________

      (аудиторлық іс-шараның (тексерудің) мақсаты/мәні көрсетіледі)

      _________________________________________________________

      мәселелері бойынша аудиторлық іс-шара (тексеру) жүргізу тапсырылады.

      *Мемлекеттік аудиттің түрі _______________________________________

      Аудиторлық іс-шарамен (тексерумен) қамтылатын кезең ______________

      Аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізу мерзімі: ____ бастап _______ дейін.

      Аудиторлық іс-шараға жауапты тұлға:

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

      Аудиторлық іс-шара (тексеру) жүргізуге тапсырма құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Негіздеме:

      _______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі; Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы; тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып,бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның цифрлық жүйелерінің деректеріне мониторинг нәтижелері; жеке және заңды тұлғаның өтініштері; аудиторлық іс-шара тағайындау үшін негіз болған құжаттың нөмірі).

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның/оның аумақтық

      бөлімшелерінің басшысы ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      *Үстеме тексеру жүргізу кезінде көрсетілмейді.

      Ескерпе: Заңының 37-бабына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтыры мен түсініктемелері аудиторлық іс-шараны жүргізу тапсырмасының сыртқы жағында көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
12-қосымша
  Электрондық ішкі мемлекеттік
аудит қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

№ __ аудиторлық есеп*

  _______________________
(жасалған орны)
20 __ жылғы "___"
_______________________
(аудиторлық есептің күні)**

      1. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы: ___________________________

      2. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит түрі: ________________________

      3. Электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге тапсырма: _________

      4. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді: ___________________

      5. Электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты, мәні: _____________

      6. Электрондық ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: ___________

      7. Электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімі: ___ бастап ___ дейін.

      8. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғалары:

      __________________________________________________________

      9. Жүргізілген электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер:

      1) Аудит бағдарламасы сұрағының нөмірі мен атауы: _________________

      Аудит бағдарламасы сұрағына жауап _______________________________

      2) Аудит бағдарламасы сұрағының нөмірі мен атауы: _________________

      Аудит бағдарламасында қарастырылған сұрақтардың реттілігіне сәйкес

      аудит бағдарламасының сұрағына жауап ______________________________

      10. Мемлекеттік аудит саласында немесе аудит объектісінің қызметінде анықталған

      нәтижелердің мемлекеттік аудит көрсеткіштеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалау.

      11. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудегі кедергілер:

      12. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит барысында қолданылған шаралар:

      ______________________________________________________________

      Мемлекеттік аудитор (-лар) _______________________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Тартылған сарапшылар (тартылған кезде) ___________________________

      (лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

      Таныстым _____________________________________________________

      (Мемлекеттік аудит объектісінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы

      тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), танысқан күні)

      13. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етеді.

      Ескертпе:

      1. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит объектісінің атауы (аудит объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тіркеу туралы деректертер, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі).

      2. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит түрі (сәйкестік аудиті).

      3. Электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге тапсырма (ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге арналған тапсырманың күні мен нөмірі).

      4. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мемлекеттік аудитор (-лар) дың, мемлекеттік аудитордың асситенті (-тері), тиісті бейіні бойынша тартылған сарапшылар).

      5. Электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты (мәні) (электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу тапсырмасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты (мәні)).

      6. Электрондық ішкі мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең (мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тексерілген кезеңі).

      7. Электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімі (электрондық ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудің басталған және аяқталған күні).

      8. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғалары (келісімімен электрондық ішкі мемлекеттік аудит жүзеге асырылған мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)).

      9. Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер.

      Аудиторлық есептің осы бөлімінде ол арқылы электрондық ішкі мемлекеттік аудит жүргізілген мемлекеттік органның цифрлық жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік аудит мақсатына қол жеткізілгенін растау үшін жеткілікті жүргізілген электрондық ішкі мемлкеттік аудит нәтижелері көрсетіледі.

      Қажет болған кезде аудиторлық есепте тексерілетін мәселелер бойынша ақпарат жалпылама түрде көрсетіледі, егжей-тегжейлі ақпарат аудиторлық есепке қосымшаларда жазылады.

      Аудит мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, әрбір бұзушылық фактісі кезек тәртібімен нөмірленеді және ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылықтардың сипаттамасы мен түрі сипатталған жеке тармақпен тіркеледі және тиісті бұзушылықтардың дәлелдемесі болатын құжаттардың деректемелері мен атаулары көрсетіледі.

      Егер аудит бағдарламасының мәселесі бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталмаса, аудиторлық есепте "Бағдарлама мәселесі (атауы) тексерілді. Бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталмады." деген жазба жасалады және оның негізінде осы қорытындылар қалыптастырылған ішкі мемлекеттік аудитке ұшыраған құжаттардың деректемелері көрсетіледі.

      Аудиторлық есепке тиісті аудиторлық дәлелдермен және (немесе) өзге де құжаттармен және ақпаратпен расталмаған фактілер, қорытындылар енгізуге жол берілмейді.

      10. Мемлекеттік аудит саласында немесе аудит объектісінің қызметінде анықталған нәтижелердің мемлекеттік аудит көрсеткіштеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалау.

      11. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудегі кедергілер:

      ______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит органы қызметкерлерінің ішкі мемлекеттік аудит жүргізуіне кедергі жасау фактілері туралы мәліметтер көрсетіледі (кедергі жасау түрін көрсетіңіз: қажетті құжаттарды, материалдар мен өзге де мәліметтерді, және мемлекеттік аудит объектісінің қызметі туралы ақпаратты беруден бас тарту, мемлекеттік аудит жүргізу үшін рұқсат беруден бас тарту немесе оны жүзеге асыруға өзгеше кедергі жасау, дұрыс емес ақпарат беру.

      Ішкі мемлекеттік аудит органының қызметкері ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге кедергі жасауда көрінген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасаған жағдайда аудиторлық есепте оның нөмірі мен күні көрсетіледі.

      12. Электрондық мемлекеттік ішкі аудит барысында қабылданған шаралар (бюджетке өтеуді қамтамасыз ету арқылы аудит объектісі қабылдаған шараларды көрсету, жұмыстарды орындау жолымен қалпына келтіру, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың айқындалған сомасын есепке алу және (немесе) азайту бойынша көрсетіледі).

      13. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етеді.

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме:

      *ІАҚ аудиторлық іс-шарасының нәтижелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген)Ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларына сәйкес 7-қосымшаға сәйкес сәйкестік аудиті бойынша аудиторлық есеппен немесе 7-1-қосымшаға сәйкес тиімділік аудиті бойынша аудиторлық есеппен ресімделеді.

      **Аудиторлық есептің жоғары бөлігінде оның жасалған орны (елдің мекеннің атауы, аудиторлық есептің күні (жұмыс уақытында, жұмыс күні Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізудін аяқталған күні), аудиторлық есептің нөмірі көрсетіледі.