"Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 сәуірде № 38553 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12743 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 29) тармақшасына және 183-бабының 3-тармағына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 29) тармақшасына және 183-бабының 3-тармағына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

      2) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;

      3) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;

      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

      5) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

      6) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;

      7) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      8) жұмыскерлердiң өкiлдерi – жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтар және олардың бiрлестiктерi, ал олар болмаған кезде Еңбек кодексінің 20-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;

      9) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

      10) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

      11) өндірістік объектілер – өндірістік қызмет жүзеге асырылатын цехтар, учаскелер, жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелері;

      12) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;

      13) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – өндірістік объектілерде орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

      14) ұжымдық қорғаныш құралдары – екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының көрсеткіштерін, жарақат қауіпсіздігінің деңгейін айқындауды, жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын қамтитын еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтайтын тәртіппен бекітілетін санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіпте және көлемде жұмыс берушінің өкілімен айқындалатын жұмыс орындарында жүзеге асырылады.";

      15-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 154 бұйрыққа
  1-қосымша
  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Аккредиттеу белгісі үшін орын

      ______________________________________________________________

      (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі

      мамандандырылған ұйымның атауы)

      Қазақстан Республикасы, _______ қаласы, ________ көшесі, _________,

      индекс үй № телефон.:__________; e-mail:_________

      Аккредиттеу аттестаты № __________ __________ бастап ______ дейін

      Зиянды өндірістік факторларды өлшеу № _____ ХАТТАМАСЫ

      __ бет

      барлығы ___ бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: ________________

      2. Өлшеуді жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ________________

      3. Өлшеуді жүргізу күні: ________________________________________

      4. Үй-жайдың сипаттамасы:

      - ауданы: __________

      - ұжымдық қорғаныш жүйесі: ________________

      - жабдықтардың түрі және олардың саны: __________________________

      - кәсіптердің, лауазымдардың атауы: _____________________________

      5. Өлшеу құралдары:

Р/с

Атауы

Зауыт нөмірі

Тексеру күні









      6. Өнімге (объектіге) нормативтік құжат:

      7. Қоршаған ортаның жағдайлары: температура - ___0С, салыстырмалы ылғалдылық - ____%, атм. қысым – сынап бағанасының ____ миллиметрі

      8. Зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Кәсіптер, лауазымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

Өндірістік орта факторларының атауы, өлшем бірлігі

Өлшеу әдісіне нормативтік құжат

Рұқсат етілген шекті концентрация/ рұқсат етілген шекті деңгейі нормасы

Нақты деңгейі

Еңбек жағдайларының сыныптары

рұқсат етілген

зиянды

Қауіпті (экстремалды)

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4



























      Бағалауды жүргізген:

      __________________ ______________________________________________

      қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі:

      __________________ ______________________________________________

      қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Құжаттың соңы

      Өлшеу нәтижелері өлшеуден өткен объектілерге ғана таралады.

      Өлшеу хаттамасы сынақ зертханасының рұқсатынсыз ішінара қайта шығарылмайды

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 154 бұйрыққа
  2-қосымша
  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      __________________________________________________________________

      (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған

      ұйымның атауы)

      Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, ____________көшесі, _________,

      индекс үй №

      тел.: ________________; e-mail: _______________

      Аккредиттеу аттестаты № _________ ____________ бастап _____________ дейін

Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау
№ _____ ХАТТАМАСЫ
___бет
барлығы___бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы:

      _____________________________________________________

      2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске):

      _____________________________________________________

      3. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _____________________________________ _______________

      жынысы ____________

      4. Бағалауды жүргізу күні: ___________

      5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы:

      _____________________________________________________

      6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Кәсіптердің, лауазымдардың атауы

Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері

Нақты мәндері

Еңбек жағдайларының сыныптары

оңтайлы

рұқсат етілген

зиянды

1

2

3.1

3.2









      Бағалауды жүргізген: ______________ _______________________________

      қолы / тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: ___________ _______________________

      қолы / (тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 154 бұйрыққа
3-қосымша
  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

      ___________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)

      Қазақстан Республикасы, ______ қаласы, ______ көшесі, _______, тел.:_____;

      e-mail:_____

      индекс үй №

      Аккредиттеу аттестаты № ___________ __________ бастап ___________ дейін

Еңбек процесі қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек
жағдайларын бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ

      ___бет

      барлығы___бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _____________________________________

      2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _______________________________

      3. Бағалауды жүргізу күні: _________________________________________________

      4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Кәсіптердің, лауазымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Арнайы киім, арнайы аяқ киім мен жеке қорғаныш құралдарының тізбесі

ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау (қамтамасыз етілген/ қамтамасыз етілмеген)

Ескертпе

қолданыстағы нормаларға сәйкес
(атауы)

нақты берілгені
(иә/жоқ)

МЕМСТ, сертификаты

      Бағалауды жүргізген: __________ _______________________________

                        қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _________ ____________________

                        қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 154 бұйрыққа
  4-қосымша
  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
  4-қосымша
  нысан

      ___________________________________________________________________

      (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)

      Қазақстан Республикасы, ______ қаласы, _____ көшесі, ______, индекс үй №

      телефон.:____; e-mail:____

      Аккредиттеу аттестаты № __________ __________ бастап ___________ дейін

      Жарақат қауіпсіздігін бағалау

      № ____ ХАТТАМАСЫ

      __ бет

      __ бет

      барлығы ___ бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _____________________________________

      2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _______________________________

      3. Тегі,аты,әкесінің аты (ол болған жағдайда) ___________________________________

      4. Бағалауды жүргізу күні: ___________________________________________________

      5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы: ______________________________

      6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Кәсіптер, лауазымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

Жабдықтар, құрылғылар мен құрал-саймандардың, ұжымдық қорғаныш құралдарының атауы

Техникалық құжаттамасы (паспорт, сертификат және т.б.)

Бағалау нәтижелері (сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)

Сәйкес келмеу себептері

      Бағалауды жүргізген: ___________ ____________________________________

                              қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ________ ________________________

                        қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 154 бұйрыққа
5-қосымша
  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

      _____________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)

      Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, ____________ көшесі, _________,

      индекс үй №

      тел.:__________; e-mail:_________

      Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін

Жұмыскердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш
құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ

      ___бет

      барлығы___бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы:

      _________________________________________________

      2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске):

      _________________________________________________

      3. Тегі,аты,әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _________________________________________________

      4. Бағалауды жүргізу күні:

      _________________________________________________

      жынысы__________

      5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы:

      _________________________________________________

      6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Кәсіптердің, лауазымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Арнайы киім, арнайы аяқ киім мен жеке қорғаныш құралдарының тізбесі

ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау (қамтамасыз етілген/ қамтамасыз етілмеген)

Ескертпе

қолданыстағы нормаларға сәйкес
(атауы)

нақты берілгені
(иә/жоқ)

МЕМСТ, сертификаты









      Бағалауды жүргізген: __________ _____________________________________

                        қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _________ ___________________________

                              қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 154 бұйрыққа
  6-қосымша
  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
  6-қосымша

      ____________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)

      Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, __________ көшесі, _________,

      индекс үй №

      тел.: __________; e-mail: _________

      Аккредиттеу аттестаты № ___________ __________ бастап ____________ дейін

Бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп

      ___бет

      барлығы___бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _____________________________________

      2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ______________________________

      3. Жұмыс орнының коды ___, жұмыс орнының саны ___ оның ішінде: ерлер ___ әйелдер ___

      4. Бағалауды жүргізу күні: __________________________________________________

      5. Еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Фактор

Еңбек жағдайларының сыныптары

Рұқсат етілген

Зиянды, ауыр және қауыртты

Қауіпті (экстремалды)

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

Химиялық

Биологиялық

Басым фиброгенді әрекет ететін аэрозольдар

Шу

Вибрация

Иондаушы сәулелену

Иондаушы емес сәулелену

Жарықтандыру

Инфрадыбыс

Ультрадыбыс

Микроклимат

Жалпы вибрация

Жергілікті вибрация

Электростатикалық өріс

Тұрақты магнит өрісі

Өнеркәсіптік жиіліліктің электр өрістері (50 герц)

Өнеркәсіптік жиіліліктің магнит өрістері (50 герц)

Бейнедисплей терминалы мен дербес компьютермен құрылатын электромагниттік өріс

Радиожиілікті диапазонның электромагниттік сәулеленулері

Лазерлік сәулелену

Ультракүлгін сәулелену

Еңбектің ауырлығы:

ерлер

әйелдер

Еңбектің қауырттылығы

ерлер

әйелдер

Еңбек жағдайларын жалпы бағалау:

ерлер

әйелдер

      Бағалауды жүргізген: ________ ______________________________________

                        қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: _______ ____________________________

                        қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 154 бұйрығына
  7-қосымша
  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
  7-қосымша
  Әкімшілік деректер
жинауға арналған
нысан

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне ұсынылады

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлар бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): Т-07

      Кезеңділік: 5 жылда бір рет/ кезектен тыс аттестациялау.

      Есепті кезең: 20__ - 20__ жыл.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Мамандандырылған ұйымның өндірістік объектілерде аттестаттауды жүргізу.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен күнтізбелік он күн ішінде ұсыну.

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі

     



      Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде.

  Бекітемін
_________________________
Мамандандырылған ұйымның
басшысы
______ ____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
20___ жылғы _____ ________

      Жалпы мәліметтер

Аттестаттау жүргізілген күн

Аттестатталған жұмыс орындарының саны

Барлығы

Олардың ішінде белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтіндер

Белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді

Өндірістік орта факторларының зияндылығы және қауіптілігі көрсеткіштері бойынша

Беру нормасына сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі бойынша

Жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша

Еңбек процесінің ауырлығын бағалау

Еңбек процесінің қауырттылығын бағалау

Оқу және нұсқау құралдарымен қамтылуын бағалау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

      Мамандандырылған ұйымның мекенжайы __________________________________________

      Мамандандырылған ұйымның атауы _______________________________________________

      Аттестаттау жүргізген ұйымныңатауы ______________________________________________

      Аттестаттау жүргізген ұйымның мекенжайы ________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы ___________________________________________________

      Аттестаттау жүргізген лабораторияның басшысы ________________

                                                      қолы

      __________________

      тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда)

      Мөрдің орны

      Ескертпе: "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есеп" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме.

  Жинауға арналған әкімшілік
деректер өтеусіз негізде нысанға
қосымша
"Еңбек жағдайлары бойынша
өндірістік объектілерді
өткізілген аттестаттау
нәтижелері туралы есеп"

"Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есепке" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс: Т-07, кезеңділігі: 5 жылда бір рет/ кезектен тыс аттестаттау)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есепке" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2.Нысанды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар толтырады.

      3. Нысанға мамандандырылған ұйымның басшысы және аттестаттауды өткізген зертхана басшысы қол қояды.

      4. Нысанды өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар аттестаттау аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне ұсынады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      6. Нысанның 1-бағанында аттестаттауды өткізу күні көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында беру нормаларына сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін беру нормаларына сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      14. Нысанның 9-бағанында еңбек процесінің ауырлық көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      15. Нысанның 10-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін еңбек процесінің ауырлық көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      16. Нысанның 11-бағанында еңбек процесінің шиеленіс көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      17. Нысанның 12-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін еңбек процесінің шиеленіс көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      18. Нысанның 13-бағанында оқыту және нұсқама құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      19. Нысанның 14-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін оқыту және нұсқама құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

      20. Нысанның 15-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келетін аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.