"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 және "Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 197 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 96-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 сәуірде № 38477 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34309 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің салалық көтермелеу жүйесінде:

      12, 13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Министрліктің кадр қызметі "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесінің (бұдан әрі – ҰБДҚ ЦЖ) "Марапат" модулі арқылы білім беруді басқару органдары мен білім беру ұйымдарын тиісті мерекеге, күнге дейін күнтізбелік 70 күннен кешіктірмей ұсыныстарды қабылдау мерзімдері, көтермелеу квотасы (бұдан әрі – квота) туралы хабардар етеді.

      13. Білім беру саласының ұйымдары (меншік нысанына қарамастан) педагогтерді, білім беру саласының қызметкерлерін, сондай-ақ білім беру саласын дамытуға үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу үшін тиісті мерекеге, күнге дейін күнтізбелік 50 күннен кешіктірмей "Марапат" модулі арқылы (ҰБДҚ ЦЖ қолжетімді болған жағдайда) қалалардың/аудандардың білім беруді басқару органдарына:

      1) ұсыныс;

      2) осы Көтермелеу жүйесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі награда парағын жолдайды.

      14. Қалалардың/аудандардың білім беруді басқару органдары осы Көтермелеу жүйесіне 10-қосымшада көзделген көрсеткіштерге сәйкес білім беру деңгейлері бойынша (меншік нысанына қарамастан) ең жоғары балл жинаған педагогтердің тізімдерін, сондай-ақ білім беру саласы қызметкерлерінің, білім беру саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалардың тізімдерін қалыптастырады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарына тиісті мерекеге, күнге дейін күнтізбелік 40 күннен кешіктірмей "Марапат" модулі арқылы (ҰБДҚ ЦЖ қолжетімді болған жағдайда) квотаға сәйкес:

      1) ұсыныс;

      2) осы Көтермелеу жүйесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі награда парағын жолдайды.

      15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдары осы Көтермелеу жүйесіне 10-қосымшада көзделген көрсеткіштерге сәйкес білім беру деңгейлері бойынша (меншік нысанына қарамастан) ең жоғары балл жинаған педагогтердің тізімдерін, сондай-ақ білім беру саласы қызметкерлерінің, білім беру саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалардың тізімдерін квотаға сәйкес "Марапат" модулі арқылы (ҰБДҚ ЦЖ қолжетімді болған жағдайда) тиісті мерекеге, күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей қалыптастырады және Министрлікке:

      1) ұсыныс;

      2) осы Көтермелеу жүйесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі награда парағын енгізеді.

      16. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Министрліктің қарамағындағы ұйымдар мен мекемелердің, Министрліктің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің -аумақтық органдардың басшылары өздерінің жетекшілік ететін жұмыс бағыты бойынша педагогтердің, білім беру саласы қызметкерлерінің, білім беру саласын дамытуға үлес қосқан тұлғалардың тізімдерін қалыптастырады және тиісті мерекеге, күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей "Марапат" модулі (ҰБДҚ ЦЖ қолжетімді болған жағдайда) арқылы кадр қызметіне:

      1) ұсыныс;

      2) осы Көтермелеу жүйесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі награда парағын енгізеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. ҰБДҚ ЦЖ-да техникалық ақау немесе ҰБДҚ ЦЖ қолжетімсіз болған жағдайда, білім беру саласындағы органдар мен ұйымдар осы Көтермелеу жүйесінің 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көрсетілген құжаттарды электрондық құжатайналым арқылы жолдайды.".

      2. "Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36769 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары қызметінің тиімділігі рейтингін жүргізу әдістемесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Рейтинг осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Ұстаз" педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы цифрлық объектісі (бұдан әрі – Платформа) арқылы және (немесе) қағаз тасымалдағышта аяқталған оқу жылының қорытындысы бойынша қалыптастырылады.";

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Рейтинг педагогтердің "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесінен алынған деректері және Платформада әртүрлі дерекқорлардағы құжаттарды (мәліметтерді) жинау және өңдеу арқылы қалыптастырылған материалдары негізінде өткізіледі.".

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Персоналды дамыту және басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ж. Сулейменова