"Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 472 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 қаңтарда № 37890 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 472 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларында:

      8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік құқықтық актілерін қазақ және орыс тілдерінде қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік органдар электрондық түрде Эталондық бақылау банкке жібереді және нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, Заңның 35-бабында көрсетілген.";

      9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары Эталондық бақылау банкіне олар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап бір күн ішінде автоматты түрде қазақ және орыс тілдерінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖКАЖ) арқылы жіберіледі.

      ЖКАЖ-қа қолжетімділік болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен, Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші мемлекеттік органдар мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Эталондық бақылау банкке жібереді.";

      10 және 11-тармақтардағы "ЗҚАИ" аббревиатурасы "эталондық бақылау банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Келіп түскен нормативтік құқықтық акт Эталондық бақылау банкінде тіркеледі.";

      13, 14 және 15-тармақтардағы "ЗҚАИ" аббревиатурасы "Эталондық бақылау банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылған не оның қолданылуы белгiлі бiр мерзiмге тоқтатыла тұрған кезде Мемлекеттiк тiзiлiмге тиiстi жазбалар және Эталондық бақылау банкіне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актінің электрондық мәтініне тиiстi нормативтiк құқықтық актіге сiлтеме жасай отырып, оның күшi жойылды деп тану не қолданылуын тоқтата тұру туралы белгi жасалады.";

      Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған көрсетілген бұйрықпен бекітілген мәліметтерді енгізу жөніндегі нұсқаулықта:

      2 тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Эталондық бақылау банкін қалыптастыру"

      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер хронологиялық тәртіппен нормативтік құқықтық актіні жинауды және тіркеуді қамтитын есепке алуға және жүйелеуге жатады.";

      8 тармақ алынып тасталсын;

      11-тармақтағы "ЗҚАИ" аббревиатурасы "эталондық бақылау банкі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 қосымшаның 1 тармағының жиырма төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-деректемеде-тасығыштың түрі; мәндерді қабылдайтын тасығыштың түрі көрсетіледі: = 1 (электрондық құжаттың түпнұсқасы).";

      1-қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын;

      1-қосымшаның 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) файл тіркемелерінің ретін сәйкестендіру:";

      1-қосымшаның 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) тіркемелері бар файлды тіркеу кезекпен, әр тілде жүзеге асырылады.";

      1 қосымшаның 3 тармағы алынып тасталсын;

      Нұсқаулыққа 2 және 3-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік басқармасы Конституциялық заңнама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е. Сарсембаев