Қостанай Қостанай "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) "Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27893 болып тіркелген);
2) "Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 "Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 103 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10439-10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |
Келісілді
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Қостанай облысының
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
Келісілді
"Қазақстан Республикасы Су
ресурстары және ирригация
министрлігі Су шаруашылығы
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі