Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы "Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 18-107 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 наурыздағы № 35-197 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 31 наурызда № 288-19 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы "Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 18-107 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195151 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Талдықорған қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан