"Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 желтоқсанда № 37626 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін (бұдан әрі – ҮКД) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау өлшемшарттарына сәйкес персоналды басқару қызметі және денсаулық сақтау ұйымның басшысы немесе жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға растайды.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Денсаулық сақтау" саласының СБШ сәйкес "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша білімі бар денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлеріне біліктілік деңгейін беру немесе растау "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелері негізінде өту мерзімдерін сақтай отырып және біліктілік деңгейлерінің бірізділік қағидатын ұстана отырып жүзеге асырылады.

      Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлері, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру", "Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру", "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру", "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымның қорытындысы болған кезде "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес тәртіппен берілген деңгейі ескеріле отырып мамандық/мамандану бойынша маман сертификатын алады немесе растайды.

      6. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің соңғы 5 жылдағы ҮКД нәтижелерін денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға растайды.

      7. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің ҮКД нәтижелерін растау өлшемшарттарына сәйкес келетін ҮКД нәтижелерін куәландыратын құжаттары болған кезде растайтын құжаттарды негізгі жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне ұсынады.

      Жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің ҮКД нәтижелерін растау өлшемшарттарына сәйкес келетін ҮКД нәтижелерін куәландыратын құжаттары болған кезде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымына денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің ҮКД нәтижелерін растауды ұсынады.

      Шет тілінде берілген құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырған аудармасымен ұсынылады.

      8. ҮКД нәтижесінің әрбір өлшемшарты үшін персоналды басқару қызметі және денсаулық сақтау ұйымның басшысы немесе жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға СБ есептейді.";

      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) персоналды басқару қызметі және денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға куәландырған ҮКД-ның расталған нәтижелері қажет.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерінің үздіксіз
кәсіптік даму нәтижелерін
растау, біліктілік деңгейін беру
және растау қағидаларына
1-қосымша";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 167 Бұйрыққа қосымша
Денсаулық сақтау жүйесі
қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби
даму нәтижелерін растау,
біліктілік деңгейін беру және
растау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________

      2. Мәлімделген мамандық ______________________________________

      3. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерінің жалпы еңбек өтілі (жыл, ай, күн)_______

      4. Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн)__________

      5. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны _________________________________

      6. Атқаратын лауазымы _________________________________________

      7. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі (мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау сәтінде)

Қабылданған күні

Босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрық нөмірі

Бұйрықтың шыққан күні













      8. Салалық біліктілік шеңберінің деңгейі ___________________________

      9. Біліктілік санаты (бар болса)____________________________________

      10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (бар болса)_________________

      11. ҮКД нәтижелері _____________________________________________

Өлшемшарттардың атауы

Сынақ бірліктеріндегі нәтиже

1-тарау. Қосымша білім

1



2-тарау. Формалды емес білім

2



3



4



5



3-тарау. Қосымша құзыреттер

6



7



8



9



10



11



12



13



14



15



16



17



18



19



20



21




ҮКД нәтижелерінің жиыны:


      Персоналды басқару қызметінің басшысы

      (бар болса толтырылады)

      __________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________(қолы) берілген күні

      Денсаулық сақтау ұйымының басшысы/ жеке медициналық практикамен және

      фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға

      _____________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________(қолы) берілген күні