"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 24 қарашадағы № 151 Бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Экономикалық дағдарыс жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 82 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5546 болып тіркелген).
2. "Түпнұсқа дәрілік заттың атауын бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5883 болып тіркелген).
3. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 112 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 16672 болып тіркелген).