"Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 563-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 қазанда № 37155 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;";

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын беруге немесе білдіруге құқылы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күннің ішінде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын беруге немесе білдіруге құқылы.";

      "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет- басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 563-НҚ бұйрығына
1-қосымша
"Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын
шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке қою,
куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
(шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін органның толық атауы)
____________________________
(шетелдік теле-, радиоарнаны
есепке қою туралы куәлікті
беретін орган басшысының
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Өтініш

      Сізден шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюды (қайта есепке қоюды жүзеге

      асыруды) сұраймын.

      ________________________________________________________________

      (қайта есепке қоюды жүзеге асырған жағдайда, себебі көрсетіледі)

      Теле-, радиоарнаның меншік иесінің атауы

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері/орналасқан жері,

      ұйымдық-құқықтық нысаны, телефоны, электрондық мекенжайы)

      Теле-, радиобағдарламалардың тілі (тілдері) ________________________________

      Теле-, радиоарнаның хабар тарату торы _________________________

      (кейінгі айға)

      Теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты ____________________

      Теле-, радиоарнаның бас редакторы/редакторы ______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда))

      Теле-, радиокомпанияның заңды мекенжайы ________________________

      (индексі, қала, аудан, көше, үй, телефоны, электрондық мекенжайы)

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау туралы

      ____________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1._________________________

      2._________________________

      __________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді жинауға, өңдеуге мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      (қолы)

      Мөрдің орны "__" ______20 ___ жыл (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 563-НҚ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін
атқарушының
2024 жылғы 17 қазандағы
№ 488-НҚ бұйрығына
3-қосымша

"Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      4. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Портал).

      5. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

      6. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, интернет-басылымдардың тізілімінде атаудың бірдей болу-болмауын тексереді, сондай-ақ ұсынылған түбіртекті деректемелерді толтыру дұрыстығы тұрғысынан тексереді, қорытындысы бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәлік береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді түрде бас тартады.

      10. Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың меншік иесі ауысқан не оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың атауы, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығару мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке қойылуға тиіс.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қайта есепке қоюға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнына құжаттарды қарайды, есепке қойылған мерзімді басылымдардың, интернет-басылымдардың тізілімінде бірдей атаудың болуын тексереді, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда, меншік иесінің ауысуын/меншік құқығының берілуін растайтын құжаттардың деректерін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын беруге немесе білдіруге құқылы.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қайта есепке қою туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адам, масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге болады.

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет- басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  ____________________________
  (мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет- басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу туралы
куәлікті беретін органның толық
атауы)
  ___________________________
  (Мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет- басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу туралы
куәлікті беретін орган
басшысының тегі, аты және
әкесінің аты (бар болған
жағдайда)

Өтініш

      Сізден _____________________________

      (мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың атауы, түрі) мерзімді

      баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қоюды сұраймын.

      Меншік иесі _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      атауы және ұйымдық- құқықтық нысаны)

      Шетелдік қатысу (шетелдік қатысу пайызын көрсету) _____________________

      БСН/ЖСН ____________ Меншік иесінің мекенжайы_____________________

      (тұрғылықты жері/орналасқан жері, байланыс деректері)

      Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның атауы

      _______________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың материалдары мен

      хабарларының тілі (тілдері)

      _______________________________________________________

      Болжамды шығару мерзімділігі___________________________

      Негізгі тақырыптық бағыты____________________________________

      Таралалу аумағы ____________________________________________

      Редакцияның мекенжайы ___________________________________

      Бас редактордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және азаматтығы

      _______________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес

      деректерді жинауға, өңдеуге мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Мөр орны (бар болған жағдайда)______ (қолы) 20_ жылғы "___"_____

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет- басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  ____________________________
  (мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет -басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу туралы
куәлікті беретін органның толық
атауы)
  ____________________________
(Мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет-
  басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу туралы
куәлікті беретін орган
басшысының тегі, аты және
әкесінің аты (бар болған
жағдайда))

Өтініш

      Сізден ______________________________________өзгеруіне байланысты

      _____________________________________________________________

      (мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың атауы, түрі)

      ________________________________________________ мерзімді баспасөз

      басылымын, интернет-басылымын қайта есепке алуды жүргізуді сұраймын.

      Меншік иесі_________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы және ұйымдық-құқықтық

      нысаны)

      Шетелдік қатысу (шетелдік қатысу пайызын көрсету)________________

      БСН/ЖСН____________________________________________________

      Меншік иесінің мекенжайы______________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның атауы

      _____________________________________________________________

      Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдар материалдары мен

      хабарламаларының тілі ______ Болжамды шығару мерзімділігі _____________

      Негізгі тақырыптық бағыты________________ Таралу аумағы ______________

      Редакцияның мекенжайы____________________________________

      Бас редактордың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) және

      азаматтығы___________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес

      деректерді жинауға, өңдеуге мәліметтерді пайдалануға келісемін. Мөр орны (бар

      болған жағдайда) ______ (қолы) 20_ жылғы "___"_____

  "Мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет- басылымдарды есепке қою
немесе қайта есепке алу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымша

"Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру Портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 553-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымының мөлшерлемелері:
1) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды есепке қою туралы куәлік беру үшін: балаларға арналған және ғылыми тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын екі айлық есептік көрсеткішті; өзге де тақырыптағы мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды құратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін – алым төленген күні қолданыста болатын бес айлық есептік көрсеткішті;
Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды қайта есепке қою тегін жүзеге асырылады. Ақы төлеу қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұмаға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www.mam.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет- басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес) ұсынады;
2) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды қайта есепке алу үшін (меншік иесінің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдар атауының, негізгі тақырыптық бағыттылығы мен шығару мерзімділігінің, сондай-ақ тарату аумағының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес); Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды есепке қойғаны туралы куәлікті беруі;
2) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтініштің мазмұны "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
3) мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою үшін алымның төленбеуі;
4) меншік иесінің ауысуына орай мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды қайта есепке алу туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына интернет-басылымдарды меншік құқықтарын басқа адамға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
5) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымдары, интернет- басылымдарды есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымдарының, интернет-басылымдардың мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымдарының, интернет-басылымдардың меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш берген жағдайда;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
8) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәлеметтердің) дұрыс еместігін анықтағанда.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mam.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.