"Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 1 қазандағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қазанда № 37051 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында:

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Ұшу және ұшып келудегі шекаралық бақылау

Жолаушының рәсімнен өтуінің қарапайымдылығы және жылдамдығы

Шекара қызметімен келісілген ұшу/қону кезінде жолаушылардың рәсімдерді өту уақытын реттейтін әуежайда стандарттың болуы.
Бақылаудан өтуге дейін жолаушылар үшін рәсімдерді өту талаптары туралы қолжетімді ақпараттың болуы.
Паспорттық бақылауда келісілген шекара қызметінің жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығының болуы және орындалуын бақылау.
Жылына бір миллионнан астам жолаушы ағыны бар әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің болуы. Автоматтандырылған жүйемен жарақтандыру сенімгерлік басқаруға не жеке меншікке берілген әуежайды пайдаланушыға жүктеледі.

Шекаралық бақылау қызметі персоналының ізеттілігі және әдептілігі

Жолаушылар ағыны және аймақтың өткізу қабілетін жедел ұлғайту мүмкіндігіне қарай шекаралық бақылау қызметі персоналының тәуліктік жұмыс кестесінің болуы және әуежаймен келісуі.
Персоналдың сыртқы келбетіне және орындалуын бақылауға қойылатын
қызмет талаптары стандартының болуы

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми түрде жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің интернет-ресурсында ресми орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
Ж. Тайжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі