"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 қыркүйекте № 36910 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 299 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21494 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайтын лицензиялық алым төленеді.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі