БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-27) тармақшасына, 35-1 және 35-2-баптарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген.";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету – әуе кемелері арасындағы және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болғызбау, сондай-ақ әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында бақыланатын әуе кеңістігінде ұсынылатын қызмет көрсету;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) ұшу-ақпараттық қызмет көрсету – мақсаты ұшулардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін қолда бар байланыс құралдарын пайдалана отырып, консультациялар мен ақпарат беру болып табылатын қызмет көрсету.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Сертификаттық зерттеу - қарау нәтижелер бойынша комиссия Өтініш берушінің ұйымдастырушылық құрылымы, процестері мен құжаттамасының нақты жай-күйін, тұжырымдарын, ұсынымдарын және сертификат беру (беруден бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытындысын көрсете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада сертификаттық зерттеп - қарау актісін (бұдан әрі - акт) жасайды.
Актіге барлық комиссия мүшелері қол қояды және өтініш берушіге танысуға жіберіледі. Акт комиссияның барлық мүшелері актіге қол қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарламалы тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы не хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін электронды байланыс арналары арқылы электронды түрде не қолма-қол жіберіледі.
Өтініш берушіге зерттеп-қарау актісі жіберілген күннен бастап сертификаттау мерзімін өтініш беруші уәкілетті ұйымға қол қойылған актіні ұсынғанға дейін тоқтатылады.
Сертификаттық зерттеп - қарау актісінде сертификатты беру мүмкін еместігі туралы қорытынды көрсетілген жағдайда, уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеушіліктер тізбесін қосымша қоса береді.
Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер үш деңгейге: 1-денгей, 2- денгей және 3- денгей болып бөлінеді.
1 - деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2 - деңгейге уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3 - деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Сертификат иесі сертификатты алған күні оны қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама алғаны туралы уәкілетті ұйымға хабарлайды.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші атауының немесе оның ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі кезінде сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына және сертификаттау талаптарына толық сәйкес болған жағдайда, өтініш беруші уәкілетті ұйымға сертификатты ауыстыруға еркін нысанда өтініш береді.
Бұл ретте, сертификаттық зерттеп - қарауды талап етілмейді, ал жаңа сертификат үш жұмыс күні ішінде ақы төлеусіз беріледі.";
35-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерінде өзгерістер енгізілгенге дейін 20 жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті ұйымды осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістер туралы хабардар етеді.";
11-қосымшаның 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әуеайлақта ҰҚЖ және/немесе рульдік жол конфигурациясының физикалық өзгеруіне байланысты ӘҚҰ рәсімдері (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығымен бекітілген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген) 70-тармағына сәйкес әуеайлақтарды пайдаланушылармен бірлесіп жүзеге асырылатын);";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2025 жылғы 24 шілдедегі № 232 Бұйрыққа қосымша Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына 13-қосымша Нысан |
Ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі өзгерістер туралы хабарлама
Осы арқылы _______________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)
ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйесіндегі алдағы өзгеріс туралы хабарлайды.
Өзгеріс мыналарды білдіреді: __________________________________________
(алдағы өзгерістің қысқаша мазмұны)
_____________ ______________________________
(лауазымы, қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), күні)