"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 237/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 мамырда № 36131 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. ""Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 143/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18950 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау мен қарау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Техникалық тапсырмада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысымен бекітілген Деректерді басқару жөніндегі талаптарға 1-қосымшаның 3-тармағына сәйкес жүйедегі деректер құрылымының сипаттамасы деректер шебері туралы мәліметтер көрсетіле отырып толтырылады.".

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев