"Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 сәуірде № 35923 тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 10.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген Бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Күдікті операцияны айқындау белгілерінде 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

биржалардың, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлердің, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтарының операцияларды жүзеге асыруы кезінде

      ";

      Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларының 4-қосымшамен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің түрлерінің кодтары анықтамалығын мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

024

Өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер

025

Тауар биржаларының клирингтік орталықтары

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг
агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі