Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 395 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 қарашада № 9101-16 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Риддер қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 369 "Риддер қаласының аумағында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-174 болып тіркелген);

      2) Риддер қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1192 "Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 369 "Риддер қаласының аумағында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31556 болып тіркелген).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Рахметкалиев