Құрманғазы ауданы әкімінің 2016 жылғы 01 қарашадағы № 42 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2024 жылғы 27 мамырдағы № 12 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 мамырда № 5193-06 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құрманғазы ауданы әкімінің 2016 жылғы 01 қарашадағы № 42 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3663 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жангалиев