"Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 26-7 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3849 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы | М. Шайдаев |