Темір ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 1 "Темір ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 қаңтарда № 8486 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ШЕШТІМ:

      1. Темір ауданы әкімінің "Темір ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2014 жылғы 3 ақпандағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген), келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 382 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 382 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шұбарқұдық кенті, Юрий Гагарин көшесі, құрылыс 22, "Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Кереев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шұбарқұдық кентінің Юрий Гагарин, Вокзал алаңы, Желтоқсан, Кірпіш көшелерінің шекараларында".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев
      Келісілді:
Темір аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
А. Мустафин