"Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 қыркүйекте № 35146 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-жаттығу процесі, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдары үшін үлгілік штаттарында:

      "Басқарушы персонал" деген бөлімінде:

      реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Аға жаттықтырушы (немесе аға жаттықтырушы-оқытушы)

олимпиада резервін даярлау орталықтарын (бұдан әрі – ОРДО), олимпиадалық даярлау орталықтарын (бұдан әрі – ОДО), дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығын (бұдан әрі – СДО) қоспағанда, спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын ұйымдарда (бұдан әрі – ұйым) әрбір дамытып жатқан спорт түріне 1 бірлік

ОРДО, ОДО дамытып жатқан спорт түрлерінің әрбір жас санаты бойынша (жасөспірімдер, юниорлар және жастар жасындағы) 1 бірлік

СДО дамытып жатқан спорт түрлерінің әрбір жас санаты бойынша (жасөспірімдер, юниорлар, жастар және ересектер жасындағы) 1 бірлік

      ";

      "Негізгі персонал" деген бөлімінде:

      реттік нөмірі 6-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Дәрігер

БЖСМ, БЖДДК 1 бірлік

СДО 6 бірліктен артық емес

3 бірліктен артық емес (БЖСМ, БЖДДК, СДО қоспағанда, барлық ұйымдар үшін)

      ";

      реттік нөмірі 8-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Медициналық бике/аға (мамандандырылған) (массаж бойынша)

ОДО, СДО және ОРДО басқа спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 1 бірлік

ОДО, СДО және ОРДО спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 2 бірліктен артық емес

      ";

      реттік нөмірі 12-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12.

Әдіскер

ОДО, СДО және ОРДО басқа спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 1 бірлік

ОДО, СДО және ОРДО спорт түрі бойынша әр бөлімшеге 2 бірліктен артық емес

      ";

      "Әкімшілік персонал" деген бөлімінде:

      реттік нөмірлері 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15.

Заңгер

ОДО және СДО басқа 1 бірлік

ОДО және СДО 2 бірліктен артық емес

16.

Аудармашы

ОДО және СДО басқа 1 бірлік

ОДО және СДО 2 бірліктен артық емес

      ";

      "Спортшылардың дайындығы бейініне сәйкес келетін лауазымдардың қосымша штаттық бірліктері" деген бөлімінде:

      "мүгедектер арасындағы спортты дамытып жатқан ұйымдар үшін" кіші бөлімінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүгедектігі бар адамдар арасындағы спортты дамытып жатқан ұйымдар үшін".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов