Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 қыркүйекте № 35070 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Тізбенің 3-тармағының мынадай:

      2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін үшінші, жетінші, оныншы, он екінші, он төртінші, жиырма екінші, жиырма алтыншы, отыз үшінші, отыз бесінші, қырық және қырық үшінші;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген елу жетінші, сексенінші, жүз үшінші, жүз жиырма тоғызыншы, жүз елу төртінші, жүз сексен бірінші, екі жүз бесінші, екі жүз отыз бірінші, екі жүз елу екінші және екі жүз жетпіс бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 619 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.10.2025 № 629 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18603 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалдық қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесінде:

      реттік нөмір 289-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

289

Мұнай газдары және өзге газ тәрізді көмірсутектер:
– сұйытылған;
– – пропан;
– – – тазартылуы 99%-дан кем емес;
– – – – отын ретінде пайдалануға арналған

2711121100

2024 жылғы
1 желтоқсан

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 290, 291, 292, 293, 294, 295, 296, 297 және 298-жолмен толықтырылсын:

      "

290

Мұнай газдары және өзге газ тәрізді көмірсутектер:
– сұйытылған;
– – пропан;
– – – өзгелер;
– – – – өзге мақсаттар үшін;
– – – – – тазартылуы 90%-дан артық, бірақ 99%-дан кем емес

2711129400

2024 жылғы
1 желтоқсан

291

Мұнай газдары және өзге газ тәрізді көмірсутектер:
– сұйытылған;
– – пропан;
– – – тазартылуы 99%-дан еме емес пропан;
– – – – қайта өңдеудің ерекше процестері үшін

2711129100

2024 жылғы
1 желтоқсан

292

Мұнай газдары және өзге газ тәрізді көмірсутектер:
– сұйытылған;
– – пропан;
– – – тазартылуы 99%-дан еме емес пропан;
– – – – 2711 12 910 0 кіші субпозицияда көрсетілгеннен басқа, процестердегі химиялық өзгерістер үшін

2711129300

2024 жылғы
1 желтоқсан

293

Мұнай газдары және өзге газ тәрізді көмірсутектер:
– сұйытылған;
– – пропан;
– – – өзгелер;
– – – – өзге мақсаттар үшін;
– – – – – тазартылуы 90%-дан артық, бірақ 99%-дан кем емес

2711129400

2024 жылғы
1 желтоқсан

294

Мұнай газдары және өзге газ тәрізді көмірсутектер:
– сұйытылған;
– – пропан;
– – – өзгелер;
– – – – өзге мақсаттар үшін;
– – – – – өзгелер

2711129700

2024 жылғы
1 желтоқсан

295

Мұнай газдары және өзге газ тәрізді көмірсутектер:
– сұйытылған;
– – бутандар;
– – – қайта өңдеудің ерекше процестері үшін

2711131000

2024 жылғы
1 желтоқсан

296

Мұнай газдары және өзге газ тәрізді көмірсутектер:
– сұйытылған;
– – бутандар;
– – – 2711 13 100 0 кіші субпозицияда көрсетілгеннен басқа, процестердегі химиялық өзгерістер үшін

2711133000

2024 жылғы
1 желтоқсан

297

Мұнай газдары және өзге газ тәрізді көмірсутектер:
– сұйытылған;
– – бутандар;
– – – өзге мақсаттар үшін;
– – – – тазартылуы 90%-дан артық, бірақ 95%-дан кем емес

2711139100

2024 жылғы
1 желтоқсан

298

Мұнай газдары және өзге газ тәрізді көмірсутектер:
– сұйытылған;
– – бутандар;
– – – өзге мақсаттар үшін;
– – – – өзгелер

2711139700

2024 жылғы
1 желтоқсан

      ".

      3. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.10.2025 № 657 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.10.2025 № 629 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.10.2025 № 629 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.10.2025 № 657 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.10.2025 № 657 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.