"Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 тамызда № 34915 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінде:

      7 бөлімде:

      реттік нөмірі 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Бір қозғалтқышты ұшақтар

25

2.

Салмағы 5 700 кг аспайтын ұшақтар

36

      ";

      8 бөлімде:

      реттік нөмірі 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Бір қозғалтқышты ұшақтар

5

2.

Салмағы 5 700 кг аспайтын ұшақтар

13

      ";

      16 бөлімде:

      2-тармақтың реттік нөмірі 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

1)

100 адамнан және одан жоғары

2 273 751

      ";

      3-тармақтың реттік нөмірі 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Бір қозғалтқышты ұшақтар

50

2)

Салмағы 5 700 кг аспайтын ұшақтар

71

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев