"Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34866 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында:

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде тәрбиленушілерге инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.

      Мектепке дейінгі ұйымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Білім беру ұйымдарында ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері ескеріле отырып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту:

      1) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша жалпы сыныпта (үш баладан артық емес);

      2) және (немесе) арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша даму бұзылыстарының түрлері негізіндегі арнайы сыныптарда қарастырылған.

      Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін мамандықтардың жекелеген біліктіліктерінен басқа).

      ТжКБ ұйымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес білім алушылар, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.";

      54-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "54. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) санитариялық қағидаларының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген) санитариялық қағидаларының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының нормаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сақтай отырып білім алушылардың жатақханаларда, жалға берілетін хостелдерде және қонақүйлерде қауіпсіз тұруы үшін жағдай жасайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу нысанында жүзеге асырылады.

      ОБК ұйымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес білім алушылар, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.";

      48-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "48. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) санитариялық қағидаларының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген) санитариялық қағидаларының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының нормаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сақтай отырып білім алушылардың жатақханаларда, жалға берілетін хостелдерде және қонақүйлерде қауіпсіз тұруы үшін жағдай жасайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі үлгілік қағидаларында:

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Бір жастағы және әртүрлі жастағы балалар, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында қызығушылықтары бойынша бірлестіктерге, клубқа, студияға, ансамбльге, топқа, театрға, спорт секцияларына, зертханаларға, шеберханаларға, орталықтарға және өзге де бірлестіктерге біріктіріледі.

      Ұйым ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен тұрғылықты жері бойынша жеке жұмыс жүргізеді.

      Ұйым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелді) Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларына сәйкес білім алушылар, оның ішінде ерекше білім беретін адамдарға (балаларға) психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Н. Жумадильдаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі