"Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 12 шiлдедегі № 244 бұйрығына және "Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 10 шілдедегі № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 шілдеде № 34724 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына озонды бұзатын заттар мен олардың құрамындағы өнімдерді әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23580 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына озонды бұзатын заттар мен олардың құрамындағы өнімдерді әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Процестердің нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің талаптарында (бұдан әрі – Талаптар) жазылған.";

      11-1-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "11-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті, сондай-ақ Талаптардың 8-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Орындаушы тіркеу сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, орындаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жолдайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қарастыру қорытындылары бойынша орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосышаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсатты қалыптастырады және келісу мен қол қоюға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсатты порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін талаптардың 9-тармағында көрсетілген негіздерді анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күн бұрын көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында не осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында береді.";

      21-1-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "21-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат әділет органдарында тиісті нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 258 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді";

      11-1-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "11-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Процестердің нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінде (бұдан әрі – Талаптар) жазылған";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Талаптардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсатты порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Талаптардың 9-тармағында көрсетілген негіздерді анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күн бұрын көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсатты порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында береді.";

      21-1-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "21-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат әділет органдарында тиісті нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
Н. Шарбиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 157 бұйрығына
1-қосымша
  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
1-қосымша

"Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің талаптары

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті беруші өтінішді тіркеген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

Мемлкеттік қызмет көрсету нәтижесі

озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz порталында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде:
1) "Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 12 шiлдедегі № 244 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 шiлдеде № 23580 болып тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат алуға өтініш;
2) делдалдық қызмет көрсету туралы (егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал әрекет етсе) шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі;
3) әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификатының және (немесе) жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі;
4) адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдерді әкелуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушының жүктерді сақтандырудың қолданыстағы сақтандыру полисінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы (егер қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін қондырғының болуын растау;
6) кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау;
7) озон қабатын бұзатын заттарды шикізат ретінде пайдалану үшін әкелген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын көрсетілетін қызметті алушы хатының электрондық көшірмесі не озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
8) озонды бұзатын заттарды бір рет және (немесе) бірнеше рет пайдалану ыдысында әкелінетінін растайтын мәліметтердің көшірмелері.
2. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге рұқсат алуға өтініш;
2) делдалдық қызмет көрсету туралы (егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал әрекет етсе) шарттың (келісімшарттың) электр ондық көшірмесі;
3) әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификатының және (немесе) жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі;
4) адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдерді әкетуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушының жүктерді сақтандырудың қолданыстағы сақтандыру полисінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкетілген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы (егер қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін қондырғының болуын растау;
6) кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкетілген жағдайда озон қабатын бұзатын за ттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйым мен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау;
7) озон қабатын бұзатын заттарды шикізат ретінде пайдалану үшін әкеткен жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын көрсетілетін қызметті алушы хатының электрондық көшірмесі не озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
8) егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында озон қабатын бұзатын заттардың бір рет пайдалану ыдысында әкетуге тыйым салу белгіленген жағдайда озон қабатын бұзатын заттардың бірнеше рет пайдалану ыдысында тасымалданатынын растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің сенімсіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірілген қызмет түрлерімен (озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді әкелумен және әкетумен) айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) озонды бұзатын заттарды әкелуге – "2020-2025 жылдар кезеңінде озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 109 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20671 тіркелген) бекітілген озонды бұзатын заттарды тұтынудың есепті деңгейіне Қазақстан Республикасында жеткен жағдайда;
5) озонды бұзатын заттарды Одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге – көрсетілетін қызметті берушінің тиісті мемлекеттің құзыретті органынан осы мемлекетке озонды бұзатын заттарды әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді тоқтату қажеттілігі туралы ақпарат алуы.

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 157 бұйрығына
2-қосымша
  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнiмдердi Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат берге өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ бастап КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Рұқсаттың түрі / ӘКЕЛУ

4. Келісімшарт №

5. Көрсетілетін қызметті алушы

6. Жөнелтуші

7. Жөнелту елі

8. Шығарылған ел

9. Саны

10. Өлшем бірлігі

11. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаты

12. Қосымша ақпарат

13. Рұқсатты беру үшін негіз

14. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңба
Күні

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 157 бұйрығына
3-қосымша
  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнiмдердi Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беруге өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ бастап КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Рұқсаттың түрі / Шығару

4. Келісімшарт №

5. Көрсетілетін қызметті алушы

6. Сатып алушы

7. Алушы елі

8. Шығарылған ел

9. Саны

10. Өлшем бірлігі

11. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаты

12. Қосымша ақпарат

13. Рұқсатты беру үшін негіз

14. Көрсетілетін қызметі алушының уәкілетті адамы Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңба
Күні

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 157 бұйрығына
4-қосымша
  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
4-қосымша
  Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі не заңды
тұлғаның толық
атауы ____________________

Дәлелді бас тарту

      Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруге өтінішті қараудан бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 157 бұйрығына
5-қосымша
  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
5-қосымша
  Жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не заңды
тұлғаның толық атауы
________________________

Дәлелді бас тарту

      Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруден бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 157 бұйрығына
6-қосымша
  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
6-қосымша
  Жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не
заңды тұлғаның толық атауы
________________________

Дәлелді бас тарту

      Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруден бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 157 бұйрығына
7-қосымша
  Озонды бұзатын заттарды
пайдалана отырып, жұмыстар
жүргізуге, құрамында озонды
бұзатын заттары бар
жабдықтарды жөндеуге,
монтаждауға, оларға қызмет
көрсетуге, озонды бұзатын
заттарды тасымалдауға,
сақтауға, рекуперациялауға,
қалпына келтіруге, кәдеге
жаратуға рұқсаттар беру
қағидаларына
1-қосымша

"Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің талаптары

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған)

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) "Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 258 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шiлдеде № 23706 болып тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат алуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша штатында тиісті жоғарғы немесе техникалық және кәсіптік білімі немесе кәсіптік даярлығы және мамандық бойынша 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар кем дегенде бір жауапты орындакшысының болуын растайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған мәліметтер нысаны.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің сенімсіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметпен немесе жеке қызмет түрлермен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушы үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
6) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 157 бұйрығына
8-қосымша
  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
3-қосымша
  Жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не
заңды тұлғаның толық атауы
____________________

Дәлелді бас тарту

      Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруге өтінішті қараудан бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 157 бұйрығына
9-қосымша
  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
5-қосымша
  Жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не
заңды тұлғаның толық атауы
________________________

Дәлелді бас тарту

      Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруден бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]