"Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 шілдеде № 34721 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:

      2-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Астана-жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы:

      1) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      2) машиналар мен жабдықтар өндірісі;

      3) тұрмыстық электр аспаптарын өндіру;

      4) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;

      5) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      6) металлургия өнеркәсібі;

      7) электр жабдықтарын, оның ішінде электр жарықтандыру жабдықтарын өндіру;

      8) жарықтандыру аспаптарына арналған шыны компоненттерін өндіру;

      9) тамақ өнімдерін өндіру;

      10) ағаш массасы мен целлюлоза, қағаз және картон өндіру;

      11) жиһаз өндірісі;

      12) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді өндіру;

      13) теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі;

      14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын өндіру;

      15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі;

      16) электрондық бөлшектерді өндіру;

      17) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      18) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік кешендерін салу және пайдалануға беру;

      19) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, кітапханалар, оқушылар сарайлары, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

      20) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

      21) басқа санаттарға кірмеген өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру;

      22) былғарыдан жасалған киім өндірісі;

      23) арнайы киім өндірісі;

      24) өзге де сыртқы киім өндірісі;

      25) іш киім өндірісі;

      26) киім мен аксессуарлардың өзге де түрлерін өндіру;

      27) өзге де тоқылған және тоқылған бұйымдар өндірісі;

      28) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес зергерлік фабриканы салу және пайдалануға беру;

      29) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіру жөніндегі зергерлік қызмет;

      30) құлыптар, ілмектер және топсалар өндірісі;

      31) медициналық құралдарды, аппараттар мен жабдықтарды өндіру;

      32) әскери жауынгерлік көлік құралдарын өндіру;

      33) инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттама шегінде.";

      2-қосымшаның 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы:

      1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      2) тамақ өнімдерін өндіру;

      3) былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;

      4) тоқыма бұйымдарын өндіру;

      5) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      6) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      7) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;

      8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі;

      9) көрмелерді, мұражайды, қойма және әкімшілік ғимараттарды ұйымдастыру үшін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ғимараттар салу;

      10) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      11) теңіз балық шаруашылығы;

      12) тұщы су балық шаруашылығы;

      13) шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру;

      14) электрондық элементтерді өндіру.";

      2-қосымшаның 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. "TURAN" арнайы экономикалық аймағы:

      1) туристерді орналастыру орындарын, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру мынадай шарттар сақталған кезде: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты емес; салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады;

      2) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

      3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, кітапханалар, оқушылар сарайлары, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

      4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өндіріс және қайта өңдеу объектілерін салу және пайдалануға беру;

      5) құрылыс материалдарын өндіру;

      6) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      7) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;

      8) Түркістан қаласының халықаралық әуежайын, оның ішінде әуеайлақты, аэровокзалды және ұшу-қону жолақтарын салу және пайдалануға беру және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өзге де;

      9) әуежайлардың қызметі;

      10) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;

      11) қонақүйлермен және тұру үшін ұқсас орындармен қызметтер көрсету;

      12) меншікті немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;

      13) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;

      14) объектілерге кешенді қызмет көрсету;

      15) аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет;

      16) жиһаз және интерьер заттарын жөндеу;

      17) тамақпен және сусындармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсыну;

      18) электрондық және оптикалық жабдықтарды жөндеу;

      19) басқа топтамаларға енгізілмеген Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа түрлері.

      11-тармақтың 14), 15), 16), 17), 18), 19) тармақшалардың қолданылуы мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектілеріне қатысты ғана қолданылады;

      20) химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру;

      21) тамақ өнімдерін өндіру;

      22) машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату;

      23) сусындар өндіру;

      24) басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру;

      25) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру;

      26) резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру;

      27) электр жабдықтарын өндіру;

      28) қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;

      29) компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру;

      30) полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту;

      31) киім өндіру;

      32) жиһаз өндіру;

      33) жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру;

      34) тоқыма бұйымдарын өндіру;

      35) былғары және оған жататын өнімдерді өндіру.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі