"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 3 шiлдедегi № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 шiлдеде № 34704 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18470 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тарифтерді қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді, әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар:

      1) табиғи монополиялар салаларының тарифтік реттеудің шығындық, ынталандыру және индекстеу әдістерін қамтитын тарифті есептеудің тетігі;

      2) уақытша өтемдік тарифті бекіту тәртібін;

      3) тарифті оңайлатылған тәртіппен бекіту тәртібін;

      4) инвестициялық бағдарламаны және оның өзгерістерін бекіту тәртібін;

      5) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде тарифті белгілеу тәртібін;

      6) уақытша төмендету коэффициентін бекіту тәртібін;

      7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібін;

      8) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібін;

      9) тарифте есепке алынатын және есепке алынбайтын шығындар тізбесін, тарифте есепке алынатын шығындардың мөлшерін шектеу тәртібін;

      10) тарифті индекстеу тәртібін;

      11) табиғи монополия субъектісі пайдасының жол берілетін деңгейін анықтау тәртібін;

      12) тарифті саралау тәртібін;

      13) осы Қағидаларға 2, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес тариф, тарифтік смета, инвестициялық бағдарлама жобаларының, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептердің нысандарын айқындайды.";

      3-тармақта:

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері – табиғи монополия саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде табиғи монополия саласындағы концессия субъектісі көрсететін және белгілі тауарды тұтынушыға беру түрінде қызмет көрсету жағдайын қоса алғанда, уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттік реттеуге жататын қызмет;";

      мынадай мазмұндағы 58-1) және 58-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "58-1) уәкілетті орган – әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      58-2) уәкілетті органның ведомствосы – әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тариф уәкілетті органның ведомствосы экономикалық негізделген шығындар мен пайданы айқындау жолымен бес және одан көп жыл мерзімге, алғаш рет құрылған, жаңа реттелетін қызметті (жаңа реттелетін қызметтерді) көрсететін, егер қолданыстағы тариф объектілер және (немесе) учаскелер бойынша бөлек бекітілген болса, жаңа объектілерді және (немесе) учаскелерді сатып алған (салған) жағдайда табиғи монополия субъектісінен басқаларға бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-5, 5-6 және 5-7-тармақтармен толықтырылсын:

      "5-1. Уәкілетті органның ведомствосы тарифті бекіту үшін табиғи монополия субъектісі өтінімді "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.

      5-2. Уәкілетті органның ведомствосы ұзақ мерзімді кезеңге тариф бекітілген кезде өтінімді ұсынылған күнінен бастап 90 (тоқсан) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес тариф бекітілген кезде күнтізбелік 30 (отыз) күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      5-3. Тарифті көтермей бекітілген тарифтік сметаны өзгерту үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда тарифтерді көтермей бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінеді.

      5-4. Тарифті көтермей бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішке тарифті көтермей өзгерістерді ескере отырып, тарифтік сметаның жобасы және өзгерістер енгізу қажеттілігін негіздейтін және растайтын материалдар (шарттардың, орындалған жұмыстар/қабылдап алу-беру актілерінің, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелері, теңгерімдік және қалдық құнды, жұмыс істеу мерзімін, жылдық амортизацияны, есептемелерді көрсете отырып, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің объектілер бойынша тізбесі) қоса беріледі.

      Тарифті көтермей бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін есептемелерді және негіздейтін материалдарды табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындайды және уәкілетті органның ведомствосына береді.

      5-5. Уәкілетті органның ведомствосы ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде тарифті көтермей бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішті қарайды.

      5-6. Уәкілетті органның ведомствосы егер мұндай өзгеріс табиғи монополия субъектісінің тарифін көтеруге әкеп соқтырған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаны өзгертуден бас тартады.

      5-7. Уәкілетті органның ведомствосы инвестициялық бағдарламаға оның сомасын азайту жағына қарай өзгерістер енгізген кезде тарифтік сметаға және оны төмендету жағына өзгерістер енгізеді.";

      39, 40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Төртінші кезеңде тарифтің шығын бөлігі анықталады.

      Әуеайлақ қызметінің шығыстары қызметтің екі бағытының арасында – ұшу-қону жолақтарын ұстауға және әуе кемелеріне арналған тұрақтар алаңдарын ұстауға – тепе-тең бөлінеді.

      Әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарифтің шығын бөлігі осы қызметті көрсетуге арналған шығындарды қызметтің заттай көлеміне бөлу арқылы айқындалады.

      Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар – осы шығыстар сомасы:

      негізгі құрылымдық бөлімшелер – бөлінуге жататын шығыстарды қоспағанда, ұшу-қону жолағын күтіп-ұстау қызмет бағыты бойынша әуеайлақ қызметі, ұшу-қону жолағын жарықпен қамтамасыз ету қызмет бағыты бойынша ҰЭЖТҚ, АҚӨҚҚ, ӘДҚ;

      көрсетілген негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;

      осы көрсетілетін қызметке жатқызылған кезең шығыстары.

      Осы көрсетілетін қызметке арналған тарифтің шығынды бөлігі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге арналған шығындарды қызметтің нақты көлеміне бөлу арқылы анықталады.

      Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар – осы шығыстар сомасы:

      АҚҚ, ДҚ негізгі құрылымдық бөлімшелері табиғи монополия субъектімен қосымша авиациялық қызметтерін көрсету жағдайда, тексеру және қызметшілерді өткізумен қамтамасыз ету және өзге мекемелер көлік құралдарының, рұқсат беру аймағына кіру шектелген шығындарды қоспағанда;

      көрсетілген негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;

      осы көрсетілетін қызметке жатқызылған кезең шығыстары.

      Әуе кемесіне тұрақ орнын беру және қону әуеайлағында әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөнінде көрсетілетін қызметтер бойынша шығынды бөлігін анықтау:

      әуе кемелері үшін тұрақ орнын ұстау қызметінің бағыты бойынша қалыптасқан әуеайлақ қызметінің шығыстары екі көрсетілетін қызмет арасындағы бағыт бойынша – қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 6 жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 3 сағат бойы тұрақ орнын беру жөнінде және базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орын беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге осы көрсетілетін қызметтердің нақты көлеміне тепе-тең бөлінеді;

      көрсетілген негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;

      осы қызметтерге жатқызылатын кезең шығыстары.

      40. Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып тарифті уәкілетті органның ведомствосы реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерін және табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін ескере отырып, бес және одан көп жыл мерзімге бекітеді.

      41. Тарифтер тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып қызметтерге бекітілетін аэронавигация мен әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тізбесін уәкілетті органның ведомствосы бекітеді. Тарифтер тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып бекітілетін аэронавигация мен әуежайлар қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тізбесіне енгізу жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органның ведомствосына Тарифтік саясат жөніндегі кеңес енгізе алады.

      42. Табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына, уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын табиғи монополия субъектілері үшін тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып тарифтерді бекіту жағдайларын қоспағанда, бекітілген тарифтің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып тарифті бекітуге өтінім береді";

      45-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) инвестицияланған капиталды қайтаруды және инвестицияланған капитал кірістілігінің нормаларын, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну кезінде іске қосылған табиғи монополия субъектісі активтерінің теңгерім құнын және уәкілетті органның ведомствосы айқындаған әдіс бойынша есептелген пайда мөлшерлемесін ескере отырып пайданы айқындау;";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту негіздері Заңның 22-бабында айқындалған.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Табиғи монополия субъектісі жыл сайын есепті жылдан соң жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты қол жеткізілген кірістер, шығыстар, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы, табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді ұсынады.";

      72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Осы Қағидалардың 96-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қуаты аз табиғи монополия субъектілері үшін индекстеу әдісіне ауысу, Қағидалардың 107-тармағына сәйкес тариф бекітілген жағдайдан кейін жүзеге асырылады.

      73. Уақытша өтемдік тарифті бекіту негіздері:

      1) Заңға сәйкес бекітілген тарифтен асып кету;

      2) амортизациялық аударымдар қаражатын орынсыз пайдалану;

      3) мынадай жағдайларды қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның тарифте ескерілген іс-шараларын орындамау:

      инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бекітілген тарифтік сметада көзделген қаражатты толық алмауға әкеп соққан көлемдердің төмендеуі. Бұл ретте бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамаудың жалпы сомасынан көлемнің төмендеуіне мөлшерлес алынбаған кіріс сомасы алынып тасталады, негізсіз кірістің қалған сомасына уәкілетті органның ведомствосы уақытша өтемдік тарифті енгізеді;

      өткізілген конкурстық (тендерлік) рәсімдер нәтижелері бойынша қалыптасқан ақшаны үнемдеу;

      тиімді әдістер мен технологияларды енгізуге байланысты шығындарды үнемдеу;

      4) мынадай жағдайларды қоспағанда, бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерлердің 5 процентінен астам орындамау:

      неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергетикалық аудит қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге байланысты шығындарды үнемдеу;

      табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты шығындарды үнемдеу. Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаны орындамаудың жалпы сомасынан көлемдердің төмендеуіне мөлшерлес алынбаған табыс сомасы алынып тасталады, негізсіз кірістің қалған сомасына уәкілетті органның ведомствосы уақытша өтемдік тарифті енгізеді;

      жүргізілген конкурстық (тендерлік) рәсімдер нәтижелері бойынша қалыптасқан ақшаны үнемдеу.";

      мынадай мазмұндағы 73-1, 73-2, 73-3 және 73-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "73-1. Тарифтің қолданылуы кезеңінде табиғи монополия субъектісі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті органның ведомствосына "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынады.

      Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке қоса берілетін есептемелерді және негіздейтін материалдарды табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындайды.

      73-2. Тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке:

      1) орындалмау себептері түсіндіріле отырып, тарифтік сметаның орындалуы туралы түсіндірме жазба;

      2) "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы)" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 15384 болып тіркелген) нысан бойынша табиғи монополия субъектісінің пайдасы мен шығындары туралы есебі;

      3) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін, жөндеуге бағытталған шығындар сметаларының іске асырылуы туралы мәліметтер;

      4) тарифтік смета бойынша табиғи монополия субъектісінің нақты шығындарын растайтын материалдар (шарттардың, орындалған жұмыстар/қабылдау-тапсыру актілерінің, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелері, баланстық және қалдық құнын, қызмет мерзімін, жылдық амортизацияны көрсете отырып негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің объектілер бойынша тізбесі, есептеулер).

      5) көрсетілген үнемдеудің іс-жүзінде пайдаланылған және (немесе) көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерінің қысқарғанын растайтын материалдарды қоса бере отырып, шығындарды баптар бойынша үнемдеуді растайтын материалдар:

      конкурстық (тендерлік) комиссиялардың хаттамалары;

      тұтынушылармен ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемін салыстыру актілері, төлеуге берілген шот-фактуралар, көрсетілетін қызметтер көлемдерінің тізілімі.

      73-3. Табиғи монополия субъектісінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебіне талдауды уәкілетті органның ведомствосы келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде қаралады.

      Егер табиғи монополия субъектісінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болса, уәкілетті органның ведомствосы бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде сұратады.

      Бұл ретте бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы табиғи монополия субъектісінің есебіне талдау жасау мерзімі табиғи монополия субъектісін бұл туралы хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      73-4. Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 73-тармағында көзделген жағдайларда табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасының орындалуы туралы есебін қарау нәтижелері туралы қорытынды негізінде уақытша өтемдік тарифті енгізу туралы шешім қабылдайды.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына көрсетілген үнемдеудің нақты пайдаланылуын және (немесе) көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің қысқартылуын растайтын материалдарды қоса бере отырып, шығындардың сатыдан кейінгі үнемін растайтын материалдарды ұсынады:

      табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізуі туралы ақпарат;

      конкурстық (тендерлік) комиссиялардың хаттамалары;

      көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемін тұтынушылармен салыстыру актілері, төлемге ұсынылған шоттар.";

      78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Осы Қағидаларға 73-тармағында көрсетілген Заңның 26-бабы 2-тармағы 22) тармақшасының талаптарын ескере отырып, фактілерді растау үшін уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісінен оны ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, қажетті ақпаратты сұратады.

      Бұл ретте талдау жүргізу мерзімі қажетті ақпарат алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      79. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат оны уәкілетті органның ведомствосына беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды, бұл ретте мүдделі тұлғалар ақпаратты ұсыну кезінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің толық тізбесін көрсетеді не мүдделі тұлғаның коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы актісінің көшірмесін қоса береді.";

      82, 83, 84, 85 және 86-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешімі уәкілетті органның ведомствосының бұйрығымен ресімделеді. Қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмей орналастырылады.

      83. Уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектісі Заңға сәйкес тарифті бекітуге арналған өтініммен уәкілетті органның ведомствосына жүгіне алады.

      Бұл ретте жаңа тариф деңгейінің негіздемесіне қабылданған табыс табиғи монополия субъектісі өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушыларға өтеуін шегере отырып, шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған табыс сомасына азайтылады.

      Бұл ретте тарифтік сметада тарифтік сметаның және (немесе) инвестициялық бағдарламаның орындалмау сомасы жеке жолмен көрсетіледі.

      Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісінің жаңа тарифті бекітуге арналған өтінімін қараған кезде уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз табыс сомасын анықтаған кезде оны жаңа тарифтің деңгейін негіздеуге қабылданған табыстан алып тастайды.

      84. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін толық өтеген жағдайда, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына тұтынушыларға залалдарды өтеу фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып (квитанциялар, шот-ескертпелер, шот-фактуралар, атқарылған жұмыстардың актісі), уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін уақытша өтемдік тарифті жою туралы өтінішпен жүгіне алады.

      Уақытша өтемдік тарифтің күшін жою туралы өтінішті уәкілетті органның ведомствосы қарайды және қарау нәтижелері бойынша уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңін өзгерту туралы шешім қабылдайды не бас тарту себептерін көрсете отырып, өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде табиғи монополия субъектісін бас тарту туралы хабардар етеді.

      85. Осы Қағидалардың 73-тармағында көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы нақты көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемін және табиғи монополия субъектісі жол берген бұзушылықтар кезеңінде нақты алынған кірістерді айқындайды.

      86. Табиғи монополия субъектісі жол берген бұзушылықтар кезеңі:

      1) осы Қағидалардың 73-тармағының 1) тармақшасында – табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтен асатын құны бойынша төлем алған кезең;

      2) осы Қағидалардың 73-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда – уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаны бекіткен жыл болып табылады.";

      97 және 98-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Осы Қағидалардың 96-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына оны табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы хабарламасын алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.

      Өтінімге қоса беріледі:

      1) прейскурант түріндегі тариф пен тарифтік сметаның жобасы;

      2) жобалық қуат туралы деректер;

      3) таратып жазылуы қоса берілген кредиторлық және дебиторлық берешектің болуы немесе болмауы туралы деректер;

      4) тиісті салада (салада) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген персонал санының, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттілігінің есебі;

      5) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін көрсете отырып амортизациялық аударымдарды есептеу;

      6) негізгі өндірістік қорларды жұмыс жағдайында ұстау үшін қажетті шығындар сметасының жобасы;

      7) пайданың рұқсат етілген деңгейін есептеу;

      8) мемлекеттік мүлікті немесе мемлекеттік кәсіпорынды басқару жөніндегі органның басшылардың еңбегіне ақы төлеу қорын және лауазымдық жалақыларын белгілеу туралы шешімі (мемлекеттік кәсіпорындар не мемлекеттің қатысу үлесі басым кәсіпорындар үшін);

      9) мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті және табиғи монополия субъектісінің мүмкіндіктері шегінде белгілеген ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсету міндетін негізге ала отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары және (немесе) шарттар, тауарларды өндіру көлемінің есептері).

      98. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосы айқындаған тарифті индекстеу деңгейінен аспайтын шамаға тарифті өзгерту кезінде осы Қағидалардың 13-тарауына сәйкес тарифті индекстеу тәртібін басшылыққа алады.

      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосы айқындаған тарифті индекстеу деңгейінен асатын шамаға тарифті өзгерту кезінде уәкілетті органға электрондық нысанда өтінім береді.

      Өтінімге қоса беріледі:

      1) тарифтерді бекіту қажеттілігін ашатын және реттеліп көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша жылдар бөлінісінде тарифтер соңғы бекітілген сәттен бастап өткен кезең үшін қуаты аз табиғи монополия субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметін талдауды қамтитын түсіндірме жазба;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп;

      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің және тарифтік сметаның жобасы;

      4) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік;

      5) тиісті салада (салада) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген персонал, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттілігінің есептері);

      6) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалатын шығындардың жылдық сметаларының жобасы;

      7) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатын шығындардың жылдық сметалары;

      8) негізгі құралдарды пайдалану мерзімін көрсете отырып амортизациялық аударымдарды есептеу;

      9) қуаты аз табиғи монополия субъектісі желілерінің (жабдықтарының) жобалық қуаты және оны іс жүзінде пайдалану туралы деректер;

      10) реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарланған көлемін растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, шарттар);

      11) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасын растайтын құжаттар;

      12) негізгі құралдарды соңғы қайта бағалау нәтижелері туралы мәліметтер (бар болса);

      13) пайданы есептеу;

      14) өтінім беру алдындағы төрт тоқсан үшін және өткен күнтізбелік жыл үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің шығындары туралы және көлемі туралы нақты деректерді растайтын құжаттар.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Уәкілетті органның ведомствосы өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қоса беріліп отырған есептердің және осы Қағидалардың 97 және 98-тармағына сәйкестігін негіздейтін материалдардың толықтығын тексереді және осы Қағидалардың 101-тармағына сәйкес бас тарту себептерін көрсете отырып, табиғи монополия субъектісін өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе оны қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабардар етеді.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Уәкілетті органның ведомствосы тарифті оңайлатылған тәртіппен бекітуге арналған өтінімді ол ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      Тариф жобасын қарау мерзімі уәкілетті органның ведомствосына өтінім келіп түскен күннен бастап есептеледі.

      Қосымша ақпаратты уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісінен оны ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша түрде, бірақ кемінде 5 (бес) жұмыс күні сұратады.";

      104 және 105-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Уәкілетті органның ведомствосы тариф оңайлатылған тәртіппен бекітілгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы тарифтің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулардың өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын өзінің интернет-ресурсында орналастырады және мерзімді баспасөз басылымында жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.

      105. Тарифті бекіту туралы шешім уәкілетті органның ведомствосының бұйрығы түрінде ресімделеді және оны бекіту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірілмей табиғи монополия субъектісіне жіберіледі.

      Тарифті бекіту туралы шешіммен табиғи монополия субъектісі өтініммен ұсынған шығындардың, пайданың баптарын өзгерту мен нақтылаудың негіздемесі жіберіледі.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Оңайлатылған тәртіппен бекітілген тарифті көтерген жағдайда уәкілетті органның ведомствосы жаңа тарифтерді енгізумен бір мезгілде табиғи монополиялар субъектілерінің негізсіз алған кірісін өтеу туралы шешім қабылдайды.";

      111, 112, 113, 114 және 115-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Қуаты аз табиғи монополия субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейін тарифті көтермей бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда өтінішпен уәкілетті органның ведомствосына жүгінеді.

      112. Бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы ұсыныспен жүгінген кезде қуаты аз табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізуді негіздейтін өзгерістер мен материалдарды ескере отырып, тарифтік сметаның жобасын ұсынады.

      113. Уәкілетті органның ведомствосына ол ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде тарифті көтермей бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішті қарайды.

      Егер тарифті жоғарылатпай бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішті қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы оны қуаты аз табиғи монополия субъектісінен мерзімді белгілей отырып, жазбаша түрде, бірақ кемінде 5 (бес) жұмыс күні сұратады. Мұндай жағдайда қуаты аз табиғи монополия субъектісінің бекітілген тарифтік сметасын өзгерту туралы ұсынысты қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

      114. Уәкілетті органның ведомствосы, егер мұндай өзгеріс қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін арттыруға әкеп соққан жағдайда, тарифті көтермей, бекітілген тарифтік сметаны өзгертуден бас тартады.

      115. Қуаты аз табиғи монополия субъектісі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда осы Қағидалардың 116-тармағына сәйкес негіздейтін материалдармен 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы күнтізбелік жыл үшін бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынады.";

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Инвестициялық бағдарламаны бекіту үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.";

      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "125. Инвестициялық бағдарламаны бекіту үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына еркін нысанда өтінімді қоса бере отырып ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи монополия субъектісі жоспарланатын табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасы;

      2) іске асырылатын технологиялық және техникалық іс-шаралардың, оның ішінде технологиялық процесті басқарудың және коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің тізбесін көрсете отырып (бар болған кезде), табиғи монополия субъектісі жоспарлайтын инвестициялық бағдарламаның тиімділігін есептеуді көздейтін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының табиғи монополиялар субъектісі жоспарлайтын тиімділік көрсеткіштерін;

      3) сатып алынатын негізгі құралдардың құнын көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған инвестициялық шығындар, баға деңгейінің салыстырмалы талдауын қоса бере отырып, құрылыс-монтаж жұмыстары туралы ақпаратты, оның ішінде осындай жұмыстарды жүргізу қажеттілігін құжаттамалық техникалық растауды, жиынтық сметалық есептерді, әрбір объект бойынша жеке объектілік, жергілікті және ресурстық сметаларды, бизнес-жоспарды, прайс-парақтарды, шарттардың көшірмелерін, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы;

      4) егер табиғи монополия субъектісі табиғи монополия субъектісі жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қарыз қаражатын тартуды жоспарланбаған жағдайда, қаржыландырудың болжамды мөлшері мен алдын ала шарттарын, оның ішінде қарыз ресурстарын (қарыз қаражаты бойынша сыйақы, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, қарыз қаражатын қайтару мерзімдері мен шарттарын) немесе қарыз қаражатын пайдаланбаудың экономикалық орындылығын (оның ішінде шығындарды, нормативтік ысыраптарды одан әрі төмендету мүмкін еместігін растай отырып) растайтын құжаттарды;

      5) егер инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылған жағдайда, инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттарды;

      6) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің болжамды тарифі және тарифтік сметасын қоса бере отырып, табиғи монополия субъектісі жоспарлаған инвестициялық бағдарламаның оны іске асыру кезеңінде оның тарифтеріне әсер ету болжамы.";

      127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісі жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны ол ұсынылған кезден бастап 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.";

      130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139 және 140-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Уәкілетті органның ведомствосының инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тартуы тарифті бекітуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

      131. Табиғи монополия субъектісі жоспарланатын инвестициялық бағдарламаны қараған кезде уәкілетті органның ведомствосы оны іске асыру кезеңінде тарифтерге әсерін айқындау мақсатында тиімділікке экономикалық және қаржылық бағалау жүргізеді.

      132. Табиғи монополия субъектісі жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы:

      инвестициялық бағдарламаны бекітеді;

      немесе дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тарту туралы табиғи монополия субъектісін хабардар етеді.

      Инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешімнің жобасы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық бағдарламаны бекітуді көздейді.

      133. Заңның 21-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісі жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны оны бекітуге ұсыну кезеңінде, бекітілген инвестициялық бағдарламаны – оны іске асыру кезеңінде, Қағидаларда айқындалатын жағдайларда және тәртіппен өзгертеді.

      134. Инвестициялық бағдарлама уәкілетті органның ведомствосының бұйрығымен бекітіледі.

      136. Инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешімнің көшірмесін уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісіне шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жібереді.

      137. Табиғи монополия субъектісінің жоспарланған инвестициялық бағдарламасын өзгертуді осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып, уәкілетті органның ведомствосы жүргізеді.

      138. Егер табиғи монополия субъектісі ұсынған инвестициялық бағдарламаны қарау барысында уәкілетті органның ведомствосы оны өзгертуді жүргізген жағдайда, өзгерту туралы шешім қабылдау алдында келісу мақсатында тұтынушылардың, табиғи монополия субъектісінің, тарифтік саясат жөніндегі кеңестің қатысуымен кеңес өткізіледі, оның қорытындылары бойынша табиғи монополия субъектісі жоспарлайтын инвестициялық бағдарламаны өзгертудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы шешім қабылданады. Кеңес қорытындысы бойынша хаттама ресімделеді.

      139. Табиғи монополия субъектісі ағымдағы жылдың 1 (бірінші) қарашасына дейін тарифті көтермей бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен уәкілетті органның ведомствосына жүгінеді.

      Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырған жағдайда табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосы бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінеді.

      Осы тармақтың талаптары уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны өзгерту жөніндегі өтінішті пысықтауға қайтарған кезде табиғи монополия субъектісіне қолданылмайды.

      Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны пысықтайды және оны уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны өзгерту жөніндегі табиғи монополия субъектісінің өтінішін қайтарып алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына қайта қарауға жібереді.

      Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішін қарауды, оның ішінде табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы пысықталған өтінішін қайта қарауды уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 127-тармағында көзделген мерзімде жүзеге асырады.

      140. Табиғи монополия субъектісі, сондай-ақ, егер оның қызметін тексеру қорытындылары бойынша осындай өзгерістерді жүргізу қажеттігі туралы нұсқама енгізілген жағдайда, инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен уәкілетті органның ведомствосына жүгінеді.";

      142 және 143-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. Уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын өзгерту туралы өтінішті осы Қағидалардың 139-141-тармақтарында көзделген тәртіппен қарайды.

      143. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын өзіне байланысты емес себептер бойынша орындамаған жағдайда (шарттың басқа тарапының міндеттемелерін орындамауы, конкурсты (тендерді) еңсерілмейтін күш салдарынан өтпеді деп тану) инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау мерзімдері инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары іске асырылған жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) наурызына дейін инвестициялық бағдарламаны өзгерту жолымен келесі жылға ауыстырылады.

      Бұл жағдайда табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары іске асырылған жылдан кейінгі жылдың 15 (он бес) қаңтарынан кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органның ведомствосының атына осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайлардың басталғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы ұсыныс жібереді.

      Инвестициялық бағдарламаның осы іс-шараларының орындалу мерзімдерін қайта ауыстыруға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 143-1, 143-2 және 143-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "143-1. Тарифтің қолданылу кезеңінде табиғи монополия субъектісі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 143-2-тармағына сәйкес негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті "Монополист" базасы" веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.

      143-2. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепке мыналар қоса беріледі:

      1) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпарат;

      2) "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген) нысан бойынша пайда мен шығындар туралы есеп;

      3) инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшерлері туралы ақпарат;

      4) инвестициялық бағдарламаны орындаудың нақты көрсеткіштерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаналы көрсеткіштердің тізбесіне сәйкес инвестициялық бағдарламада бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпарат;

      5) қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламадағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіру;

      6) инвестициялық бағдарлама іс-шараларының нақты орындалғанын растайтын материалдар (шарттардың, атқарылған жұмыстар актілерінің, шот-фактуралардың көшірмелері, жүкқұжаттардың, баланстық және қалдық құнын, қызмет мерзімін, жылдық амортизациясын көрсете отырып, негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің объектілер бойынша тізбесі).

      143-3. Табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есебін қарауды уәкілетті органның ведомствосы ол түскен күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.

      Егер бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы мерзімді белгілей отырып, бірақ кемінде 5 (бес) жұмыс күнінен асырмай оны жазбаша түрде сұратады.

      Бұл ретте бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепке талдау жүргізу мерзімі, бұл туралы табиғи монополия субъектісін хабардар ете отырып, қажетті ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.";

      150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "150. Инвестицияланған капиталды орынсыз пайдалануға жол берілмейді.

      Инвестицияланған капиталды (меншікті және қарыз) тарифтің құрамында қайтару мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында, оның ішінде концессия шартында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің инвестициялық бағдарламасында көзделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылған және тиісті құжаттармен расталған капиталға ғана жүргізіледі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін, оның ішінде концессия объектісін пайдалану кезеңінде өз қаражатын қайта инвестициялаудың сомасы мен мерзімдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында, оның ішінде концессия шартында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің инвестициялық бағдарламасында айқындалады және нысаналы пайдаланудың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.

      Тарифте ескерілетін қарыз капиталын қайтарудың жылдық сомасы қарыз шартында белгіленген қарыз капиталын қайтару (өтеу) кестесінің негізінде айқындалады. Қарыз капиталын қайтару сомасын есептеу кезінде инвестициялық бағдарламаға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының талаптарына сәйкес қайта инвестициялау (негізгі құралдарды жаңарту және жөндеу) үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі алдағы кезеңде пайдаланбайтын амортизациялық қордың бос ақша қаражаты ескеріледі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде тарифте ескерілетін концессия субъектісінің инвестицияланған меншікті қаражатын қайтару мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының қолданылу мерзімі ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін, оның ішінде концессия объектісін пайдалану басталған кезден бастап біркелкі жыл сайынғы төлемдермен жүргізіледі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі өз қаражатын қайта инвестициялау кезінде өз қаражатын қайтаруды өз қаражатының қайта инвестицияланған сомасын ескере отырып жүзеге асырады.

      Жыл сайын реттеу кезеңі ішінде уәкілетті органның ведомствосымен пайдалануға енгізілген объектілер туралы нақты деректерді, бекітілген енгізу жоспарын және қайтарылмаған инвестицияланған капиталдың қалдықтарын түзетуді ескере отырып, реттеу кезеңінің кезекті есептік жылына белгіленетін инвестицияланған капиталды қайтару шамасына түзету жүргізеді.";

      155 және 156-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. Тарифтерді бекітуді уәкілетті органның ведомствосы мынадай жағдайларда жүргізеді:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің бастамасы бойынша;

      2) уәкілетті органның ведомствосының бастамасы бойынша.

      156. Жаңадан құрылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі не мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін көрсетуді жоспарлайтын концессия субъектісі уәкілетті органның ведомствосының оны табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидалардың 6-тарауына сәйкес тарифті оңайлатылған тәртіппен бекітуге өтінім береді.";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі тарифтер қолданысқа енгізілгенге дейін 90 (тоқсан) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына тарифті бекітуге арналған өтінімді электрондық нысанда ұсынады.";

      160, 161, 162 және 163-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Уәкілетті органның ведомствосының бастамасы бойынша тарифті бекіткен жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есептер мен ақпаратты жаңа тарифті бекіту үшін өтінім беру кезіндегі көлемде ұсынады.

      161. Өтінімге қоса берілетін есептер мен негіздеуші материалдар мынадай талаптарға сәйкес жасалады:

      1) тігіледі, нөмірленеді және оған мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің басшысы не оны алмастыратын тұлға не мемлекеттік-жекешелік әріптестік басшысының, оның ішінде концессия субъектісінің орынбасары қол қояды. Бұл талап өтінімді электрондық нысанда ұсынуға қолданылмайды;

      2) реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне жеке дайындалды.

      3) негіздеуші материалдар ретінде өтінім беру алдындағы төрт тоқсан үшін және өткен күнтізбелік жыл үшін шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі уәкілетті органның ведомствосының талабы бойынша өтінім қарауға қабылданғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына өтінім беру алдындағы төрт тоқсан үшін шығындар туралы нақтыланған нақты деректерді ұсынады;

      5) көлемдердің маусымдық ауытқуының тарифтерге әсерін болдырмау мақсатында негіздемеге бір жылға есептелген деректер қабылданады;

      6) тарифтердің жобаларын есептеу кезінде база үшін өтінім берудің алдындағы төрт тоқсан үшін немесе өткен күнтізбелік жыл үшін реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі қабылданады;

      7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі төмендеген кезде төмендеуді негіздейтін және растайтын материалдар ұсынылады;

      8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі жүзеге асыратын қызметтің әрбір түріне жеке-жеке дайындалған.

      162. Уәкілетті органның ведомствосының тарифтерді бекітуге арналған өтінімді алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және бас тарту себептерін келтіре отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісін, оның ішінде концессия субъектісін өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      163. Уәкілетті органның ведомствосының мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің тарифтерді бекітуге немесе өзгертуге арналған өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуды жазбаша негіздейді.";

      165, 166, 167 және 168-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі тарифтерінің жобасын уәкілетті органның ведомствосы күнтізбелік 90 (тоқсан) жұмыс күн ішінде, өтінім оңайлатылған тәртіппен қаралған жағдайда – Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға және осы Қағидаларға сәйкес экономикалық негізделген есептер ұсынылған жағдайда өтінім ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарайды.

      166. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтердің және тарифтік сметалардың жобасына сараптама жүргізеді:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі ұсынған негіздеуші құжаттар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде тарифтерді қалыптастыру тәртібі мен талаптарын реттейтін концессия шартының ережелерін ескере отырып, есептеулерді талдау, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері, оның ішінде қызметтің ұқсас түрімен айналысатын концессия субъектілері қызметінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде;

      2) осы үшін Тарифтік саясат жөніндегі кеңесті, мемлекеттік органдарды, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісін, оның ішінде жобаны ұсынған концессия субъектісін тарта отырып жүзеге асырылады.

      167. Уәкілетті органның ведомствосының Заңның 15-бабының 12) тармағына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінен, оның ішінде концессия субъектісінен қосымша ақпаратты сұратады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі талап етілетін ақпаратты уәкілетті органның ведомствосының белгілеген мерзімде ұсынбаған немесе оларды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосының тарифтерді қалыптастыру кезінде мәлімделген шығындарды ескермейді.

      168. Уәкілетті органның ведомствосының мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі ұсынатын тарифтердің жобасын жария тыңдауларды өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, өтінім оңайлатылған тәртіппен қаралған жағдайда – өтінім ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн бұрын талқылауға шығарады.";

      170 және 171-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "170. Уәкілетті органның ведомствосымен жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша оның қолданылу мерзімін көрсете отырып, тарифтерді бекіту туралы шешім қабылдайды. Тарифтің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессионердің бекітілген инвестициялық бағдарламаны және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын іске асыру мерзімінен аспайтын кезеңге белгіленеді.

      171. Уәкілетті органның ведомствосының мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы шешімі уәкілетті органның ведомствосының бұйрығымен ресімделеді және оны бекіту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісіне, оның ішінде концессия субъектісіне жібереді.

      Тарифті бекіту туралы шешіммен табиғи монополия субъектісі өтініммен ұсынған бекітілген инвестициялық бағдарламаның шығындар баптарын, пайдасын және іс-шараларын өзгерту мен нақтылаудың негіздемесі жіберіледі.";

      182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "182. Уақытша төмендету коэффициентін бекітуді уәкілетті органның ведомствосы тұтынушының өтінімі, әуежайдың және/немесе аэронавигациялық ұйымның бастамасы бойынша жүргізеді.";

      184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198 және 199-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "184. Уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуді уәкілетті органның ведомствосы әуе кемелерін пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигациялық ұйым (бұдан әрі – өтінім беруші) мынадай талаптарды сақтай отырып осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес материалдарды электрондық түрде ұсынған кезде жүргізеді:

      негіздеуші құжаттардың әрбір парағына бірінші басшы, ал қаржы құжаттарына – бас есепші қол қояды. Бұл ретте факсимильдік қол жарамсыз деп танылады. Бірінші басшы және бас есепші ұсынылатын ақпараттардың растығына қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жауапты;

      алдыңғы кезең ішіндегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша нақты деректер, сондай-ақ оларды бекітуді сұрап отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерін қолданудан күтілетін нәтижелер ұсынылады.

      185. Уәкілетті органның ведомствосы уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге өтінім түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде ұсынылған өтінімді қарауға қабылдау туралы не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы өтінім берушіні жазбаша түрде хабардар етеді. Әуе кемелерін пайдаланушының өтінімі қарауға алынған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы оның 1 (бір) данасын әуежайға және (немесе) аэронавигация ұйымына қорытынды шығарту үшін жібереді.

      186. Негіздеуші құжаттар ұсынылмаған немесе толық көлемде ұсынылмаған, ұсынылған материалдар осы Қағидалардың 184-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органның ведомствосы өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартады.

      187. Әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым өтінім берушіден өтінімді алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша төмендету коэффициентін бекітудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды ұсынады, онда уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылып отырған деңгейін бекіту орындылығының негіздемесі не оны бекіту орынсыздығының негіздемесі көрсетіледі.

      Қажет болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы тұтынушыдан, әуежайдан және (немесе) аэронавигациялық ұйымнан қосымша ақпарат сұратады. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі сұратылған ақпаратты алғанға дейін, бірақ 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

      Уақытша төмендету коэффициентін бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы дәлелді қорытынды шығарады, ол әуе кемелерін пайдаланушыға, әуежайға және (немесе) аэронавигациялық ұйымға жіберіледі.

      188. Уәкілетті органның ведомствосы әуе кемелерін пайдаланушы ұсынған негіздеуші құжаттардың сараптамасын ескере отырып, әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым ұсынған қорытындылардың негізінде өтінім қарауға қабылданған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күнінің ішінде шешім қабылдайды.

      189. Уәкілетті органның ведомствосы, әуежайдың, аэронавигациялық ұйымның, әуе кемелерін пайдаланушылардың өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен уақытша төмендету коэффициентін қолдану мәселелері бойынша кеңес өткізеді.

      190. Өткізілген сараптама қорытындысы бойынша уәкілетті органның ведомствосының уақытша төмендету коэффициентін бекіту туралы не оларды бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы шешім уәкілетті органның ведомствосының бұйрығымен рәсімделеді.

      Уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының бұйрығы әуе кемелерін пайдаланушыға, әуежайға және (немесе) аэронавигациялық ұйымға уақытша төмендету коэффициенті қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын жіберіледі.

      191. Әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым тоқсан сайын әуежайдың және аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту кезінде уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес материалдарды ұсынады.

      192. Әуежай және аэронавигациялық ұйым әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерін пайдаланушы арасында жасалған шарт (шартқа толықтыру) негізінде уәкілетті орган ведомствосының бұйрығымен бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін қолданады.

      Осы шарт (шартқа қосымша) бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданылу кезеңін және әуе кемесін пайдаланушының әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынудың мәлімделген көлемдерін орындамағаны үшін көрсетілген қызметтерді тұтынудың нақты орындалған көлеміне тарифтерді тиісті уақыт кезеңі үшін уақытша төмендету коэффициенттерін қолданбай қайта есептеу түріндегі жауапкершілігін көздейді.

      Әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерін пайдаланушы арасындағы шарт (шартқа қосымша) осы Қағидалардың 190-тармағында көрсетілген бұйрық күшіне енген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.

      193. Уақытша төмендету коэффициенттерінің қолданылуы белгіленген мерзім өткеннен кейін, сондай-ақ уәкілетті органның ведомствосы әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне жаңа тарифтерді бекіткен кезден бастап тоқтатылады.

      194. Уәкілетті органның ведомствосы бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерінің белгіленген мерзім өткенге дейін мынадай шарттардың бірі болған кезде күшін жояды:

      1) уақытша төмендету коэффициентін одан әрі қолданудың экономикалық тиімсіздігі;

      2) әуе кемелерін пайдаланушының әуежай немесе аэронавигациялық ұйым алдында мерзімі өткен кредиторлық берешегінің туындауы немесе өтеу кестесінің орындалмауы;

      3) осы Қағидалардың 179, 180-тармақтарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеуі;

      4) уәкілетті орган ведомствосының бұйрығында және осы Қағидалардың 192-тармағына сәйкес жасалған шартта (шартқа толықтыруда) көзделген талаптарды орындамау.

      195. Осы Қағидалардың 193-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайда әуежай мен аэронавигациялық ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы ақпаратты уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.

      196. Әуежай және аэронавигациялық ұйым өз бастамасы бойынша уәкілетті органның ведомствосына бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жою туралы ұсыныспен жүгіне алады, бұл ретте мұндай күшін жоюды негіздейтін құжаттарды ұсына алады.

      Осы Қағидалардың 179 және 180-тармақтарында көрсетілген талаптар орындамалған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жоюға бастамашылық жасайды. Бұл ретте уәкілетті органның ведомствосы әуежайдан және аэронавигация ұйымынан дәлелді жазбаша қорытындыны сұратады.

      Әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым сұрау салынған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес уақытша төмендету коэффициенттерін жоюдың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды береді.

      197. Уәкілетті органның ведомствосы материалдарды алғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) жұмыс күн ішінде уақытша төмендету коэффициенттерінің алып тастауға ұсынған негіздейтін құжаттарға, ұсынылған қорытындыға немесе қорытындыны ұсынбаған жағдайда бар болған негіздейтін құжаттарды есепке алып сараптама жүргізеді.

      Жүргізілген сараптаманың қорытындылары бойынша уәкілетті органның ведомствосы бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жою туралы шешім қабылдайды не әуежайға және аэронавигация ұйымға уақытша төмендету коэффициенттерін жою үшін негіздердің жоқтығы туралы дәлелді қорытынды жолдайды.

      198. Уәкілетті органның ведомствосы уақытша төмендету коэффициенттерінің алып тастау туралы бұйырықты әуе кемелерін пайдаланушыға, әуежайға және (немесе) аэронавигация ұйымына уәкілетті органның ведомствосының бұйрығы қолданысқа енгізгілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей жолдайды.

      199. Уақытша төмендету коэффициенттерін алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған кезде уәкілетті органның ведомствосы дәлелді қорытынды шығарады, ол осындай ұсыныс жасаған адамға жіберіледі.";

      201-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "201. Әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Ткі = Т1і / Ті мұндағы: (1)

      Ткі - әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша төмендету коэффициенті;

      Ті - әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифі;

      Т1і – әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметін тұтынудың мәлімделген көлемінің бірлігіне арналған тарифтің есептеу деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Т1і = (Ті х Vі +Т2і х дельта Vі)/(Vі + дельта Vі), мұндағы: (2)

      Vі – мәлімделгенге ұқсас алдыңғы жылдың кезеңінде әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметін әуе кемесін пайдаланушы тұтынған нақты көлем;

      дельта Vі – алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне қатысты мәлімделген кезеңде әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген өсімі;

      Т2і – әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген өсім бірлігіне арналған тарифтің есептік деңгейі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т2і = дельта Зі / дельта Vі + Пі, мұндағы: (3)

      Пі – әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметінің бірлігіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен бекітілген қолданыстағы тарифке салынған пайда;

      дельта Зі – әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің і-ң реттеліп көрсетілетін қызметін (тауарын, жұмысын) тұтыну көлемінің мәлімделген өсіміне арналған қосымша шартты-ауыспалы шығындар.";

      204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "204. Бөлек есепке алуды жүргізу уәкілетті органның ведомствосына мәліметтерді ұсына отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда өзге қызмет бойынша кірістер, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер туралы жеке ақпарат жинау мен қорыту жүйесін білдіреді.";

      207-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "207. Бірлесіп іске қосылған және жалпы активтерді бөлу базасы ретінде субъект қызмет көрсетуден алынған табысты не уәкілетті органның ведомствосының келісімі бойынша өзге де көрсеткіштерді қабылдайды. Іске қосылған активтерді бөлу базалары қаржы жылының қорытындылары бойынша жылына бір рет қайта қаралады";

      226-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "226. Табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін аэронавигация қызметтерін көрсетуден басқа қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыру кезінде табиғи монополия субъектілері осындай қызмет түрлеріне сәйкес келетін өндірістік процестер топтарын бөледі және қызмет түрлері бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының нормативтік құжаттамаларын басшылыққа ала отырып, олар бойынша бөлек есепке алуды жүзеге асырады.";

      229-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "229. Аэронавигациялық ұйымдар көрсететін шығындар мен іске қосылған активтерді бөлу процесі осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес кезеңдерден тұрады:

      Шығындарды бөлудің бірінші кезеңінде аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің жүргізілген шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер мен қызметтер көрсетуде пайдаланылатын ресурстар арасындағы тікелей және жанама байланыстарды айқындау жүргізіледі. Анықталған байланыстар негізінде аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тиісті ресурстары бойынша шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді топтастыру жүргізіледі. Ресурстарға жанама шығындар мен іске қосылған активтерді бөлу базаларын жанама бөлу кезінде пайдаланылатын ресурстардың негізгі түрлерінің тізбесі осы Қағидаларға 16-қосымшада келтірілген. Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер мен ресурстардың тікелей байланыстары болған кезде, жүзеге асырылған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің құнын осындай ресурстарға, жанама байланыстары болған жағдайда – өндірістік шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің құнын бөлу базасының негізінде тиісті ресурстарға жанама бөлу жүргізіледі.

      Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің екінші кезеңінде аэронавигациялық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері ресурстардың тікелей және жанама байланыстарын айқындайды. Анықталған байланыстар негізінде ресурстарда топтастырылған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді тиісті өндірістік процестерге жатқызу жүргізіледі. . Өндірістік процестердің және ресурстарға байланысты шығындар мен активтерді бөлу базаларын жанама бөлу кезінде пайдаланылатын өндірістік процестердің тізбесі осы Қағидаларға 17-қосымшада келтірілген. Ресурстар мен өндірістік процестер арасында тікелей байланыстар болған кезде, ресурстарда топтастырылған іске асырылған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің құнын тиісті өндірістік процестерге тікелей жатқызу жүргізіледі, жанама байланыстар болған кезде – өндірілген шығындар мен ресурстарда топтастырылған іске қосылған активтердің құнын бөлу базасы негізінде тиісті өндірістік процестерге жанама бөлу жүргізіледі.

      Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің үшінші кезеңінде тиісті негізгі өндірістік және басқару процестерімен аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қосалқы процестерінің тікелей және жанама байланыстары айқындалады. Анықталған байланыстар негізінде қосалқы процестермен байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді негізгі өндірістік және басқару процестерге тікелей жатқызу және жанама бөлу жүргізіледі. Қосалқы процестерге байланысты шығындар мен активтерді бөлудің негізгі базаларын жанама бөлу кезінде пайдаланылатын тізбе осы Қағидаларға 18-қосымшада келтірілген. Қосалқы процестердің негізгі өндірістік және басқару процестермен тікелей байланыстары болған кезде, қосалқы процестермен байланысты іске асырылған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің құнын тиісті негізгі өндірістік және басқару процестеріне, жанама байланыстары болған кезде – қосалқы процестермен байланысты жұмсалған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің құнын бөлу базасының негізінде тиісті негізгі өндірістік және басқарушылық процестерге тікелей жатқызу жүргізіледі.

      Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің төртінші кезеңінде аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі өндірістік процестерінің тиісті сыртқы қызметтермен және негізгі өндірістік процестермен байланысты шығындар мен іске қосылған активтерді тікелей жатқызу және жанама бөлу үшін ӨПТ элементтерімен тікелей және жанама байланыстары айқындалады. Негізгі өндірістік процестердің сыртқы қызметтердің белгілі бір түрін көрсетумен тікелей байланысы болған кезде, осындай процестерге байланысты шығындар мен іске қосылған активтер сыртқы қызметтердің тиісті түрлерінің құнына тікелей жатқызылады. Егер негізгі өндірістік процестер сыртқы қызметтердің бірнеше түрін көрсетумен тікелей байланысты болса (жанама байланыс), мұндай процестерге байланысты шығындар мен тартылған активтер бөлу базасын пайдалана отырып, сыртқы қызметтердің тиісті түрлерінің құнына жатады. Тікелей және жанама түрде ӨПТ элементтеріне ӨПТ элементтерін ұстау мен пайдалануды қамтамасыз ететін негізгі өндірістік процестерге байланысты шығындар мен іске қосылған активтер жатады. ӨПТ элементтерін күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ететін негізгі өндірістік процестердің ӨПТ-ның белгілі бір элементтерімен тікелей байланыстары болған кезде жүзеге асырылған шығындар мен осындай негізгі өндірістік процестермен байланысты іске қосылған активтердің құнын ӨПТ - ның тиісті элементтеріне тікелей жатқызу жүргізіледі, жанама байланыстар болған кезде-өндірілген шығындар мен осындай негізгі өндірістік процестермен байланысты іске қосылған активтердің құнын жанама бөлу бөлу базасы негізінде ӨПТ-ның тиісті элементтеріне процестермен. Негізгі өндірістік процестерге байланысты шығындар мен активтерді бөлу базаларын жанама бөлу кезінде пайдаланылатын ӨПТ қызметтері мен элементтеріне арналған тізбе осы Қағидаларға 19-қосымшада келтірілген.

      Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің бесінші кезеңінде басқару процестері ӨПТ элементтерінің басқару процестеріне (ӨПТ элементтерінің мазмұңы мен жұмысына байланысты басқару процестері) және басқа басқару процестеріне бөлінеді. ӨПТ элементтерінің басқару процестеріне байланысты шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер бөлу базаларын пайдалана отырып, ӨПТ-ның тиісті элементтеріне бөлінеді.

      Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің алтыншы кезеңінде ӨПТ элементтерінің сыртқы және ішкі қызметтер көрсетумен тікелей және жанама байланыстары айқындалады. ӨПТ элементтерінің сыртқы немесе ішкі қызметтердің белгілі бір түрлерімен тікелей байланыстары болған кезде жүзеге асырылған шығындар мен ӨПТ-ның осындай элементтері бойынша топтастырылған іске қосылған активтердің құнын сыртқы немесе ішкі қызметтердің тиісті түрлеріне тікелей жатқызу жүргізіледі. ӨПТ-ның элементтері бойынша топтастырылған, сыртқы немесе ішкі қызметтерге тікелей жатқызылмаған өзге де шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер бөлу базаларын пайдалана отырып, анықталған жанама байланыс негізінде тиісті сыртқы және ішкі қызметтердің құнына бөлінеді. ӨПТ-ның элементтері бойынша топтастырылған шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің негізгі базаларын жанама бөлу кезінде пайдаланылатын сыртқы және ішкі көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      Бөлудің жетінші кезеңінде уәкілетті органның ведомствосымен келісілген бөлу базаларын пайдалана отырып, өзге де басқару процестерінде байланысты шығындар мен активтерді тиісті сыртқы қызметтерге бөлу жүргізіледі.

      Шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің сегізінші кезеңінде сыртқы қызметтерді ұсынумен байланысты шығындар мен іске қосылған активтерді айқындау үшін көрсетілген ішкі қызметтерді ескере отырып, сыртқы қызметтерді ұсыну кезеңдері бойынша тиісті шығындар мен іске қосылған активтердің қосындысы жүргізіледі.

      Сыртқы қызметтерді ұсыну және ішкі қызметтерді сыртқы қызметтерге жатқызу кезеңдері бойынша шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді жинақтау және тәртібі осы Қағидаларға 21-қосымшада келтірілген.";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібі";

      252, 253, 254 және 255-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "252. Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін оны өзгертуге мыналар негіздер болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;

      3) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның өзгеруі;

      4) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы;

      5) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталмауы;

      6) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізбеу;

      7) бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының өзгеруі.

      253. Осы Қағидалардың 252-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, шығындардың тиісті бабы өзгереді.

      Осы Қағидалардың 252-тармағының 6) тармақшасына сәйкес тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген кезде бекітілген тарифтік сметадан тарифтерді қалыптастыру Қағидаларында айқындалған инвестициялық шығындар (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындар) алып тасталады.

      254. Тарифті өзгерту уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша – жылына екі реттен артық емес, табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша жылына бір реттен артық емес жүзеге асырылады.

      255. Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті өзгерту үшін оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, өтінім ұсынады.

      Уәкілетті орган ведомствосының тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:

      1) осы Қағидалардың 252-тармағының 1), 2), және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;

      2) осы Қағидалардың 252-тармағының 3) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімді.

      Уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есептер мен материалдарды ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 255-1-тармақпен толықтырылсын:

      "255-1. Тарифті өзгертуге арналған өтінімге:

      1) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтің қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту себептерін көрсете отырып, түсіндірме жазба;

      2) осы Қағидалардың 12-тарауына сәйкес тарифтік сметаның жобасы;

      3) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін оны өзгерту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі.";

      256, 257 және 258-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      " 256. Егер өтінімді қарау кезінде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы оны мерзімін белгілей отырып, жазбаша түрде, бірақ кемінде 5 (бес) жұмыс күнін сұратады. Бұл ретте өтінімді қарау бұл туралы табиғи монополия субъектісін хабардар ете отырып, қажетті ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      257. Осы Қағидалардың 252-тармағына сәйкес өзгертілген тарифті қолданысқа енгізу уәкілетті органның ведомствосы белгілеген күннен бастап жүзеге асырылады.

      258. Осы Қағидалардың 252-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда тариф бекітілетін кезде уәкілетті органның ведомствосының ол бекітілгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізеді.";

      мынадай мазмұндағы 259-1, 259-2, 259-3, 259-4, 259-5, 259-6 және 259-7-тармақтармен толықтырылсын:

      "259-1. Табиғи монополия субъектісінің ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің төмендеуі мынадай:

      табиғи монополия субъектісі ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы;

      уәкілетті органның ведомствосы бекіткен табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген нақты шығындардың қысқаруы;

      Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектілері жүзеге асыратын реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет түрлерінен елеулі кірістерді алу;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;

      инвестициялық бағдарламаның соманың азаю жағына қарай өзгеруі жағдайларында жүзеге асырылады.

      Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге төмендетілетін тарифтің мөлшерін табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажет шығындар құнынан төмен емес белгілейді және табиғи монополия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігін ескереді.

      259-2. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің төмендеуі:

      1) инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобаның орындалмауы;

      2) сапасын төмендету, сондай-ақ ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің санын шектеу;

      3) тұтынушылардың құқықтарына қысым жасау үшін негіз болып табылмайды.

      259-3. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендету туралы табиғи монополия субъектісінің шешімі тарифтің қолданылу мерзімі кемінде бір жыл белгілене отырып, табиғи монополия субъектісінің ішкі бұйрығымен бекітіледі.

      259-4. Табиғи монополия субъектісі тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдау кезінде мұндай шешім қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей қабылданған шешім және тарифтерді төмендету шарттары туралы уәкілетті органның ведомствосын хабардар етеді.

      259-5. Тарифті төмендету туралы шешіммен табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына тарифті төмендету мүмкіндігін растайтын есептеулер мен негіздеуші құжаттарды ұсынады.

      259-6. Табиғи монополия субъектісінің тарифтерді төмендету туралы шешімі уәкілетті органның ведомствосымен келісілген күннен кейінгі айдың 1-күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Уәкілетті орган ведомствосының табиғи монополия субъектісі тарифтерді төмендету туралы хабарламаған немесе уақтылы хабарламаған жағдайда, тарифтерді төмендету туралы шешім келесі күнтізбелік тоқсанның екінші айының бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      259-7. Табиғи монополия субъектісі тарифтерді төмендету туралы ақпаратты қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізеді.";

      265-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар табиғи монополия субъектісі персоналының нақты, бірақ нормативтік санынан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыдан аспайтын шығыстарды немесе табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және табиғи монополия субъектісі қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) берілетін бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес орташа айлық жалақысына сүйене отырып қамтиды.

      Бұл ретте персонал санының, шикізаттың, материалдардың, отын мен энергияның қажеттілігін есептеу тиісті салада (салада) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізіледі.";

      266-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар табиғи монополия субъектісі персоналының нақты саны, бірақ нормативтік санынан аспайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыға немесе табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және табиғи монополия субъектісі қызмет көрсететін өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) төлемақы, өтінім берудің алдындағы қалыптасқан бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес айқындалады.

      Персонал санын қысқарту нәтижесінде әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстарын нақты үнемдеген жағдайда, әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары тарифте бұрын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерде ескеріледі, ал үнемдеу сомасын субъекті әкімшілік персонал жалақысының деңгейін арттыруға жіберуі мүмкін.

      Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектілері басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік персоналдың басқа да қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары бойынша шығындарға енгізілетін субъектілердің әкімшілік персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстары штат кестесіне сәйкес табиғи монополия субъектісі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысының 15 (он бес) еседен аспайтын ең жоғарғы және ең төменгі деңгейінің арасындағы ара қатынасы негізінде шектеледі;";

      267-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "267. Уәкілетті органның ведомствосы қызметтің осындай немесе ұқсас түрімен айналысатын табиғи монополия субъектілерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығындарды салыстырмалы талдау негізінде, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің көлемі қысқарған жағдайда тарифтерге енгізілетін әкімшілік және (немесе) өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды төмендету немесе арттырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Негізгі құралдар және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары тікелей (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептеледі және тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.

      Уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша тариф пен тарифтік сметалар бекітілген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 261-тармағына сәйкес Тарифтердің өзгеруіне дейінгі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған шығыстар шегінде кезең шығыстарын тарифтерге қосады.

      Тарифті қалыптастыру кезінде уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділігі төмендеген (көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызмет бірлігінің өзіндік құнын ұлғайту, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі, кредиторлық және дебиторлық берешектің ұлғаюы) кезде кезең шығыстарының сомасын өзгертудің орындылығын айқындайды.

      Тарифті және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімді қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы Тарифтердің өзгеруіне дейінгі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған шығыстар шегінде кезең шығыстарын тарифтерге қосады.

      Субъектілер қызметінің тиімділігі төмендеген кезде (реттеліп көрсетілетін қызмет бірлігінің өзіндік құнының ұлғаюы, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуі, кредиторлық және дебиторлық берешектің ұлғаюы) уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескермегенде шығындардың өзгеруін қарайды.";

      272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280 және 281-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "272. Уәкілетті органның ведомствосы тарифті есептеу кезінде белгіленген тәртіппен пайданың жол берілетін деңгейін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының шамасына пайда мөлшерлемесінің көбейтіндісі ретінде анықтайды. Тарифке енгізілетін пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражатты және амортизациялық аударымдарды ескере отырып шектеледі.

      273. Амортизациялық аударымдарды ұлғайтуды уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісі негізгі құралдарды қайта бағалау және (немесе) оларды қайта жаңарту (жаңғырту) кезең-кезеңімен жүргізгеннен кейін тарифтің шығыс бөлігіне енгізеді.

      274. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуын есептеудің тура (біркелкі) әдісін қолдану уәкілетті органның ведомствосымен келісуді талап етпейді.

      275. Амортизацияны қолдану және есептеу амортизацияны есептеудің өзге әдістерімен уәкілетті органның ведомствосымен келісіледі.

      276. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде тартылған активтерден амортизациялық аударымдар реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуда, инвестициялық бағдарламаларды іске асыруда және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруда пайдаланылатын тіркелген активтерге капитал салумен байланысты мақсаттарға жіберіледі.

      277. Индекстеу әдісін қолдана отырып тарифті жыл сайын қуаты аз табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифті уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын деңгейден жоғары емес индекстеу жолымен белгілейді.

      Уақытша өтемдік тариф бекітілген жағдайда қуаты аз табиғи монополия субъектісі тарифті оның қолданылу кезеңі өткеннен кейін уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын индекстеу деңгейінен аспайтын деңгейге көтереді.

      Бұл ретте, қуаты аз табиғи монополия субъектісі өзгерткен реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф, тарифтік смета тиісінше реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф және тарифтік смета болып табылады.

      278. Қуаты аз табиғи монополия субъектісі тариф өзгергенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жария тыңдаулар өткізеді.

      Жария тыңдауларды өткізу күні мен орны туралы ақпаратты қуаты аз табиғи монополия субъектісі өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ол болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосына оның интернет-ресурсында не тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру үшін олар өткізгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын ұсынады.

      279. Тарифті индекстеу туралы шешім тарифтік сметаны қоса бере отырып және тарифтердің өзгеру себептерін көрсете отырып, уәкілетті органның ведомствосы айқындаған тарифті индекстеу деңгейінен аспайтын шамаға тарифтерді өзгерту туралы қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің ішкі бұйрығымен ресімделеді.

      280. Қуаты аз табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосын тарифтің өзгергені туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептері бар ақпаратты бере отырып, хабардар етеді.

      281. Қуаты аз табиғи монополия субъектісі өзгертілген тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей бұл туралы тұтынушыларды өзінің интернет-ресурсында бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептері бар ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді, ол болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосына оның интернет-ресурсында не тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында орналастыру үшін ұсынады.";

      13-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Уәкілетті орган ведомствосының тарифті индекстеу деңгейін айқындау тәртібі";

      285-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "285. Тарифті индекстеу деңгейін уәкілетті органның ведомствосы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму параметрлерін ескере отырып, күнтізбелік жыл басталғанға дейін екі айдан кешіктірмей жыл сайын айқындайды.";

      302-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "302. Аэронавигация саласына тән тәуекелдерді бағалауды, тәуекелдердің қорытынды деңгейін және тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін сыйлықақы мөлшерін айқындауды уәкілетті органның ведомствосы табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізуді ескере отырып, табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация қызметтеріне тарифтерді есептеуге тән тәуекелдердің жиынтық деңгейін айқындау алгоритміне, аэронавигация қызметтеріне тарифтерді есептеу үшін тән тәуекелдерді бағалау алгоритміне сәйкес табиғи монополиялар саласына жатқызылған табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізуді, осы Қағидалардың 30-қосымшада келтірілген табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізуді ескере отырып, табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация қызметтеріне тарифтерді есептеу үшін тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін шығындар мен қолданысқа енгізілген активтер мен сыйлықақылар диапазондарының тізбесі бекітілсін.";

      307-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "307. Индекстеу әдісін қоспағанда, осы Қағидаларға сәйкес табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдістерін ескере отырып, әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар саласындағы тарифтерді есептеу тетігіне сәйкес есептелген әуежайлар қызметтеріне арналған тариф тұрақты және тұрақсыз рейстерді жүзеге асыратын тұтынушылар топтары үшін сараланады және оны уәкілетті органның ведомствосының әрбір топ үшін жеке бекітеді.

      Әуежайлар қызметтеріне сараланған тарифтер формулалар бойынша айқындалады:

      1) тұрақты рейстерді орындайтын тұтынушылар үшін (Ттұрақты):

      Ттұрақты = Тқолд. тұрақты * k,

      мұндағы:

      Тқолд. тұрақты – тұрақты рейстер үшін әуежайлардың қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған қолданыстағы тариф;

      k – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тариф белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалған, тұрақты рейстерге арналған әуежайлардың қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтің өзгеру коэффициенті;

      2) тұрақсыз рейстерді орындайтын тұтынушылар үшін (Ттұрақсыз):

      Ттұрақсыз = (Т * V – Ттұрақты * Vтұрақты)/Vтұрақсыз,

      мұндағы:

      Т – осы Қағидаларға сәйкес табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдістерін ескере отырып, әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар саласындағы тарифтерді есептеу тетігіне сәйкес айқындалған әуежайлар қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тариф;

      V – реттелетін қызметтің жоспарланған жылдық көлемі;

      Ттұрақты – тұрақты рейстерге арналған әуежайлардың қызметтері саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тариф;

      Vтұрақты – тұрақты рейстер бойынша реттелетін қызметтің жоспарланған жылдық көлемі;

      Vтұрақсыз – тұрақсыз рейстер бойынша реттелетін қызметтің жоспарланған жылдық көлемі.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      13 және 14-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 3 шілдедегі
№ 229 Бұйрыққа
1-қосымша
  Тарифтерді қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Табиғи монополия субъектісінің _____ жылға инвестициялық бағдарламаны орындау туралы ақпараты ______________________________________________________________________________ субъектінің атауы, қызмет түрі

р/с №

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпарат

Пайда мен шығындар туралы есеп *

Инвестициялық бағдарламаның сомасы

Реттеліп көрсетілетін қызметтердің атауы

Іс-шаралар атауы

Өлшем бірлігі

Заттай көрсеткіштердегі саны

Инвестициялық бағдарлама шеңберінде қызмет көрсету кезеңі

жоспар

факт

ауытқу

ауытқу себептері

жоспар

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













* - пайда мен шығын туралы есеп "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес ұсынады;
** - ақпарат, оның ішінде саланың ерекшелігін ескере отырып, өзге де көрсеткіштер
бойынша толтырылады (егер бекітілген инвестициялық бағдарламада (жобада көзделген болса));
** - осы ақпарат инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі растайтын құжаттарды (тиісті шарттардың, келісімшарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер, орындалған жұмыстар мен шығындар құны туралы анықтама, шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдау-актілері, ішкі жүкқұжаттар, реттелетін нарық субъектілерінің пайдалануға беру және балансқа қабылдау туралы ішкі бұйрықтары) қоса бере отырып ұсынылады.

Инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшері туралы ақпарат, мың теңге

Инвестициялық бағдарламаны орындаудың нақты көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламада бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпарат **

Қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламада көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіру

Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруды бағалау

меншікті қаражат

Қарыз қаражаты

Бюджеттік қаражат

Өндірістік көрсеткіштерді жақсарту, %, бекітілген инвестициялық бағдарламаға байланысты іске асыру жылдары бойынша

Негізгі қорлардың (активтердің) тозуының (физикалық) төмендеуі, %, бекітілген инвестициялық бағдарламаға байланысты іске асыру жылдары бойынша

Бекітілген инвестициялық бағдарламаға байланысты іске асыру жылдары бойынша шығындарды төмендету, %

Бекітілген инвестициялық бағдарламаға байланысты іске асыру жылдары бойынша апаттылықты төмендету

Амортизация

Пайда

өткен жылдың фактісі

ағымдағы жылдың фактісі

өткен жылдың фактісі

ағымдағы жылдың фактісі

жоспар

факт

өткен жылдың фактісі

ағымдағы жылдың фактісі

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26















* - пайда мен шығын туралы есеп "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес ұсынады);
** - ақпарат, оның ішінде саланың ерекшелігін ескере отырып, өзге де көрсеткіштер
бойынша толтырылады (егер бекітілген инвестициялық бағдарламада (жобада көзделген болса));
**- осы ақпарат инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі растайтын құжаттарды (тиісті шарттардың, келісімшарттардың көшірмелері, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер, орындалған жұмыстар мен шығындар құны туралы анықтама, шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдау-актілері, ішкі жүкқұжаттар, реттелетін нарық субъектілерінің пайдалануға беру және балансқа қабылдау туралы ішкі бұйрықтары) қоса бере отырып ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 3 шілдедегі
№ 229 Бұйрыққа
2-қосымша
  Тарифтерді қалыптастыру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп

      Есепті кезең 20 ___ ж.

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынатындар: табиғи монополия субъектілері

      Нысан қайда ұсынылады: Азаматтық авиация комитеті

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын жылдың 1 мамырынан кешіктірмей.

Көрсеткіштердің атауы*

Өлшем бірлігі

Бекітілген тарифтік сметада көзделген

Тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштері

% ауытқу

Ауытқудың себептері

1

2

3

4

5

6

Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде

мың теңге





Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде






Шикізат және материалдар






Сатып алынатын бұйымдар






Жанар-жағармай материалдары






Отын






Энергия






Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде






Өндірістік персоналдың жалақысы






Әлеуметтік салық






МӘМС






Амортизация






Жөндеу, барлығы, оның ішінде






Ағымдағы жөңдеу






Өзге шығындар (таратып жазу)






Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде






Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде:






Әкімшілік персоналдың жалақысы






Әлеуметтік салық






МӘМС






Салықтар






Өзге шығыстар (таратып жазу)






Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар






Қызметтер ұсынуға арналған барлық шығындар






Кіріс (АРБ*ПМ)






Қолданысқа тартылған активтердің реттелетін базасы (АРБ)






Барлық кіріс






Көрсетілетін қызметтердің көлемі

заттай көрсеткіштерде





Тариф

теңге/көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған





      Ескертпе:

      * – шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін

      АРБ – тартылған активтердің реттелетін базасы (теңге);

      ПМ – пайда мөлшерлемесі (%);

      МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.

      Ұйымның атауы ______________________

      Мекенжайы __________________________

      Телефоны __________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы ______________________________

      Орындаушының тегі және телефоны ______________________________

      Басшысы ____________________________

      (тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Күні 20____ жылғы "____" ______________

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер

      1-баған – уәкілетті органның ведомствосы реттеліп көрсетілетін қызметтер бөлінісінде бекітетін тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы, кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті органның ведомствосы бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;

      2-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      3-баған – бекітілген тарифтік сметада көзделген кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдері және табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;

      4-баған – тарифтік сметаның кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдері туралы нақты қалыптасқан көрсеткіштер және тарифтік сметаны орындау туралы есепті ұсыну кезеңінде табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;

      5-баған – тарифтік сметаның бекітілген көрсеткіштеріне тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;

      6-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің ауытқу себептерінің толық сипаттамасы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 3 шілдедегі
№ 229 Бұйрыққа
3-қосымша
  Тарифтерді қалыптастыру
қағидаларына
13-қосымша
  Нысан

Әуежайлар көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу үлгісі

1-тарау. Шартты деректер

      Әуе кемелерін пайдаланушы: "ABC" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Әуежай қызметінің түрі: әуе кемелерінің ұшып-қонуы.

      Әуе кемелерінің ұшып-қонуы қызметіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен бекітілген тариф: әуе кемелерінің барынша жоғары ұшу массасы 1 тоннаға 1 650 теңге.

      Әуежай қызметінің бірлігіне арналған қолданыстағы тарифке салынған пайда: 165 теңге.

      Мәлімделген кезеңде әуежай қызметін тұтынудың мәлімделген көлемі: 13 000 тонна.

      Мәлімделгенге ұқсас алдыңғы жылдағы кезеңде әуежай қызметін тұтынудың нақты көлемі: 10 000 тонна.

      Мәлімделген кезеңде әуежай қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген өсімі: 3000 тонна.

      Мәлімделген кезеңде әуежай қызметін тұтыну көлемінің жоспарланып отырған өсіміне арналған қосымша шығындар: 2 475 000 теңге.

2-тарау. Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу

      1. Әуежай қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген өсімінің бірлігіне арналған тарифтің есептік деңгейі осы Қағидалардың 201-тармағының мынадай (3) формуласы бойынша айқындалады:

      Т2 = 2 475 000 теңге/3 000 тонна + 165 теңге = 990 теңге

      2. Әуежай қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген бірлігіне арналған тарифтің есептік деңгейі осы Қағидалардың 201-тармағының мынадай (2) формуласы бойынша айқындалады:

      Т1 = (1 650 теңге * 10 000 тонна + 990 теңге * 3000 тонна)/(10 000 тонна + 3 000 тонна) = 1 497,69 теңге.

      3. Әуежай қызметіне арналған тарифтерге уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі осы Қағидалардың 201-тармағының мынадай (1) формуласы бойынша айқындалады:

      Тк = 1 497,69 теңге/1 650 теңге = 0,91.

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 3 шілдедегі
№ 229 Бұйрыққа
4-қосымша
  Тарифтерді қалыптастыру
қағидаларына
14-қосымша
  нысан

Аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерге уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу үлгісі

1-тарау. Шартты деректер

      Әуе кемелерін пайдаланушы: "ABC" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Табиғи монополиялар саласына жататын аэронавигация қызметінің түрі: Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.

      Аэронавигация қызметіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен бекітілген тариф: 700 теңге – әуе кемелерінің барынша жоғары ұшу массасы кезіңде 5 000 кг дейін.

      Аэронавигация қызметінің бірлігіне қолданыстағы тарифке салынған пайда: 60 теңге.

      Мәлімделген кезеңде аэронавигация қызметін тұтынудың мәлімделген көлемі: 12 000 ұшақ-шақырым.

      Мәлімделгенге ұқсас алдыңғы жылдың кезеңіне аэронавигация қызметін тұтынудың нақты көлемі: 10 000 ұшақ-шақырым.

      Мәлімделген кезеңде аэронавигация қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген өсімі: 2 000 ұшақ-шақырым.

      Мәлімделген кезеңде аэронавигация қызметін тұтыну көлемінің жоспарланған өсіміне арналған қосымша шығындар: 250 000 теңге.

2-тарау. Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу

      1. Аэронавигация қызметін тұтыну көлемінің мәлімделген өсім бірлігіне арналған тарифтің есептік деңгейі осы Қағидалардың 201-тармағының мынадай (3) формуласы бойынша айқындалады:

      Т2 = 250 000 теңге/2 000 ұшақ-шақырым + 60 теңге = 185 теңге

      2. Аэронавигациялық қызмет көрсету көлемін 2 000 км ұлғайту кезінде аэронавигация қызметін тұтынудың мәлімделген көлемінің бірлігіне арналған тарифтің есептік деңгейі осы Қағидалардың 201-тармағының мынадай (2) формуласы бойынша айқындалады:

      Т1 = (700 теңге х 10 000 ұшақ-шақырым + 185 теңге х 2 000 ұшақ-шақырым)/(10 000 ұшақ-шақырым + 2 000 ұшақ-шақырым) = 614,17 теңге

      3. Уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі осы Қағидалардың 201-тармағының мынадай (1) формуласы бойынша айқындалады:

      Тк = 614,17 теңге/700 теңге = 0,88.