Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34650 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 39 бұйрығына
қосымша

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қоюды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына (бұдан әрі – бірыңғай санитариялық талаптар) сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және кері қайтарып алу, осындай жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың бұзылушылығын жою тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) өнімді (тауарды) алып қою – мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын ішкі сауда объектісінде техникалық регламенттердің және (немесе) бірыңғай санитариялық талаптардың талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарларды) өткізуден алып қоюға бағытталған жедел ден қою шарасы;

      2) өнімді (тауарды) кері қайтарып алу – ішкі сауда субъектісінің, тауар өндірушінің контрагенттерге өткізілген техникалық регламенттердің және (немесе) бірыңғай санитариялық талаптардың талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарларды) кері қайтаруына бағытталған жедел ден қою шарасы және оның одан әрі өткізілуіне жол бермеу;

      3) контрагент – кейіннен сатуға өз қажеттіліктері үшін тұтынумен байланысты емес өнімді сатып алуды жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға;

      4) ішкі сауда субъектісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі сауданы жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) ішкі сауда объектілері – сауда объектілері және қоғамдық тамақтану объектілері;

      6) ішкі сауда – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі;

      7) лауазымды адам – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.

      3. Осы Қағидалар "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21710 болып тіркелген) сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын сатылатын өнімге (тауарға) қолданылады.

2-тарау. Техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) алып қою тәртібі

      4. Мемлекеттік бақылау барысында немесе нәтижелері бойынша өнімнің (тауардың) техникалық регламенттердің және (немесе) тексеру парағында көрсетілген талаптардың тізбесінде көзделген талаптарға сәйкес келмеуінің (бұдан әрі – сәйкес келмейтін өнім) анықталуы өнімді (тауарларды) алып қою үшін негіз болып табылады.

      5. Өнімді (тауарды) алып қою мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын ішкі сауда объектісінің шегіндегі сәйкес келмейтін өнімнің нақты партиясына, көлеміне, бірлігіне қатысты қолданылады.

      6. Өнімді (тауарды) алып қою үшін негіздер анықталған кезде лауазымды адам сәйкес келмейтін өнімді өткізуден алып қою түрінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны дереу ресімдейді және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісіне (оны өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ішкі сауда субъектісінің басшысына (ол уәкілеттік берген тұлғаға) тапсырады.

      7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыда оларды қолдану үшін негіз ретінде өнімнің (тауардың), өндірушінің атауын, сондай-ақ партияның нөмірін және дайындалған күнін (қаптамада немесе тауарға ілеспе құжаттарда және (немесе) тауар-көлік жүкқұжатында болған кезде) көрсете отырып, алып қоюға жататын (алынуға жататын) өнімнің (тауардың) тізбесі көрсетіледі.

      8. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алған сәттен бастап ішкі сауда субъектісі (оны өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ішкі сауда субъектісінің басшысына (ол уәкілеттік берген тұлғаға) лауазымды адамның қатысуымен осы қаулыда көрсетілген сәйкес келмейтін өнімді дереу сәйкестендіреді және алып қояды.

      Ішкі сауда объектісінің қойма үй-жайларында сәйкес келмейтін өнімді сәйкестендіруді және алып қоюды лауазымды адамның шешімі бойынша ішкі сауда субъектісі (ішкі сауда объектісінде өнімді (тауарды) өткізуді жүзеге асыратын тұлға немесе ішкі сауда субъектісінің басшысы (ол уәкілеттік берген тұлға) лауазымды адамның қатысуынсыз жүзеге асыруына жол беріледі.

      9. Ішкі сауда субъектісі (оны өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ішкі сауда субъектісінің басшысына (ол уәкілеттік берген тұлғаға) лауазымды адамның қатысуымен алынатын өнімнің (тауардың) тізімін оның (оның) атауын, өндірушісін, санын (бірлік данамен, масса килограммен, көлем литрмен), құнын, сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтерді, сондай-ақ партияның нөмірін және дайындалған күнін (қаптамада немесе тауарға ілеспе құжаттарда және (немесе) тауар-көлік жүкқұжатында болған кезде) көрсете отырып жасайды.

      Алынған өнімнің (алынған тауардың) тізімі екі данада жасалады және оған ішкі сауда субъектісі (ішкі сауда объектісінде өнімді (тауарды) өткізуді жүзеге асыратын тұлға немесе ішкі сауда субъектісінің басшысы (ол уәкілеттік берген тұлға) және лауазымды адам тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетіле отырып қол қояды. Алынған өнім (алынған тауар) тізімінің бір данасы лауазымды адамға сәйкес келмейтін өнімді алып қою аяқталғаннан кейін беріледі.

      10. Лауазымды адамның шешімі бойынша ішкі сауда объектісінің қойма үй-жайларында сәйкес келмейтін өнімді алып қою кезінде лауазымды адамның қатысуынсыз жеке тізім жасалады, оған ішкі сауда объектісінде өнімді (тауарды) өткізуді жүзеге асыратын тұлға немесе ішкі сауда субъектісі (оны өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ішкі сауда субъектісінің басшысына (ол уәкілеттік берген тұлғаға) қол қояды және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны орындау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органына жіберіледі.

      11. Алып қоюға жататын өнім (тауар) "Сатылмайды" деген жазумен буып-түйіледі және жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын бұзушылықтар нақты жойылғанға дейін өндіруші белгілеген сақтау шарттары сақтала отырып, жеке үй-жайда (мүмкіндік болған кезде) немесе жеке бөлінген жерде сақталады.

      12. Жедел ден қою шарасын қолдану үшін негіз болып табылатын бұзушылықтарды жоюға байланысты емес алынған өнімді (алынған тауарды) сатуға және (немесе) оны пайдалануға (иеліктен шығаруға, беруге, айырбастауға, физикалық қасиеттерін және өзге де сипаттамаларын өзгертуге) жол берілмейді. Алынған өнімнің (алынған тауардың) сақталуын өзіне қатысты жедел ден қою шаралары қолданылған ішкі сауда субъектісі (өнімді (тауарды) ішкі сауда объектісіне өткізуді жүзеге асыратын тұлға немесе ішкі сауда субъектісінің басшысы (ол уәкілеттік берген тұлға) қамтамасыз етеді.

3-тарау. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) кері қайтарып алу тәртібі және (немесе) бірыңғай санитарлық талаптар

      13. Контрагенттерге мынадай шарттар бойынша сәйкес емес деп танылған өнімді өткізу фактісін мемлекеттік бақылау барысында немесе нәтижелері бойынша белгілеу өнімді (тауарларды) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады:

      техникалық регламенттермен және (немесе) бірынғай санитариялық талаптармен белгіленген радиологиялық, токсикологиялық, химиялық және (немесе) микробиологиялық нормативтердің артуы;

      сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың болмауы;

      жарамдылық мерзімдері белгіленген өнімді таңбалаудың және (немесе) таңбалаудағы мәліметтердің, тамақ өнімдерінің құрамындағы аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін немесе аурулардың жекелеген түрлері кезінде қарсы көрсетілімдері бар компоненттерді көрсетудің, балалардың белсенділігі мен назарына теріс әсер етуі мүмкін (болуы мүмкін) фенилаланин көзінің, бояғыштың (бояғыштардың) құрамы туралы ескертетін жазбаның болмауы;

      14. Сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шарасы мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын ішкі сауда объектісі контрагенттерге өткізген сәйкес келмейтін өнімнің нақты партиясына, көлеміне, бірлігіне қатысты қолданылады.

      15. Сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу үшін негіздер белгіленген кезде лауазымды адам сәйкес келмейтін өнімді өткізуден кері қайтарып алу түрінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны дереу ресімдейді және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісіне (оны өткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ішкі сауда субъектісінің басшысына (ол уәкілеттік берген тұлғаға) тапсырады.

      16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыда оларды қолдану үшін негіз ретінде өнімнің (тауардың), өндірушінің атауын, сондай-ақ партияның нөмірін және дайындалған күнін (қаптамада немесе тауарға ілеспе құжаттарда және (немесе) тауар-көлік жүкқұжатында болған кезде) көрсете отырып, кері қайтарып алуға жататын (жататын) өнімнің (тауардың) тізбесі көрсетіледі.

      17. Ішкі сауда субъектісі (оны өткізуді жүзеге асыратын тұлға немесе ішкі сауда субъектісінің басшысы (ол уәкілеттік берген тұлға) немесе тауар өндіруші анықталған бұзушылықтарға байланысты:

      1) сәйкес келмейтін өнімді өткізуден кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тауарға ілеспе құжаттарға және (немесе) тауар-көлік жүкқұжатына сәйкес контрагенттерге сәйкес келмейтін өнімнің нақты партиясын, сатылған санын сәйкестендіруді және контрагенттерге кері қайтарып алу шарттары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты (нақты партия, осындай өнімнің саны, кері қайтарып алу мерзімі, мұндай өнімді қабылдау пункттерінің орналасқан жері, жауапты тұлғалар, өздерінің байланыс деректері, оны кері қайтару шарттары) көрсете отырып, жазбаша өтініш арқылы сәйкес келмейтін өнімді хабарлауды;

      2) өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері туралы актілерде, тергеп-тексеруде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда, анықталған талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде:

      егер лауазымды адам сәйкессіздіктің жойылатынын анықтаса, тауарларды (өнімдерді) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес таңбалауды;

      сәйкес келмейтін өнімді өнім берушіге және (немесе) өндірушіге кері қайтаруды;

      сәйкес келмейтін өнімді кәдеге жаратуды (қайта өңдеуді) немесе жоюды жүзеге асырады.

      18. Контрагент ішкі сауда субъектісінің немесе тауар өндірушінің жазбаша өтінішінде көрсетілген мерзімдерде сәйкес келмейтін өнімді толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етеді не сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу түрінде жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың бұзылуын дербес жою туралы ақпарат береді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар орындалмаған кезде ішкі сауда субъектісі немесе тауар өндіруші бұл туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтық бөлімшесін (бұдан әрі – бақылау және қадағалау органы) хабардар етеді және ішкі сауда субъектісіне немесе тауар өндірушіге шаралар қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын орындамаған контрагенттің атына лауазымды тұлға анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным және сәйкес келмейтін өнімді алу түріндегі жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулы жібереді.

      19. Ішкі сауда субъектісі немесе тауар өндіруші ерікті түрде кері қайтарып алуды "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырады.

      Ішкі сауда субъектісі немесе тауар өндіруші сәйкес келмейтін өнімді өз еркімен кері қайтарып алған кезде лауазымды адамдар оларға қатысты шаралар қолданбайды.