"Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 267-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 41 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 27 маусымда № 34604 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген техникалық реттеу саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. Техникалық реттеу саласындағы жедел ден қою шаралары";

      мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2 және 16-3-тармақтармен толтырылсын:

      "16-1. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың тізбесі осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес тексеру парақтарында, осы бірлескен бұйрықпен бекітілген келтірілген.

      16-2. Осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін техникалық реттеу субъектілеріне, сондай-ақ техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына ие жеке және заңды тұлғаларға қатысты техникалық реттеу саласындағы тексеру парағында көрсетілген тармақтарын 17, 27, 29, 32, 33, 34, 50, 51, 54, 57, 73, 76, 103, 105, 140, 163, 164, 172, 181, 182, 187, 192, 197, 202, 234, 235, 238, 243, 245, 247, 253, 254, 259, 285, 289, 290, 292, 293, 295, 303, 304, 333, 346, 364, 380, 396, 397, 458, 464, 487, 500, 560, 566, 572, 582, 602, 606, 637, 640, 662 және 663 бұзу негіз болып табылатын отыз күнтізбелік күн мерзімге тыйым салу түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану.

      16-3. Осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін техникалық реттеу субъектілеріне, сондай-ақ техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына ие жеке және заңды тұлғаларға қатысты техникалық реттеу саласындағы тексеру парағында көрсетілген тармақтарын 24, 77, 93, 96, 155, 166, 168, 186, 190, 210, 225, 233, 242, 244, 255, 294, 293, 309, 342, 361, 372, 373, 382, 389, 429, 467, 486, 492, 558, 562, 579, 581, 615, 659, 666 и 680 бұзу негіз болып табылатын алып қою түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану.";

      көрсетілген Өлшемшарттағы 5-қосымшада:

      реттік нөмірлері 602, 603, 604, 605 және 606-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

602

Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа шығару кезінде құрылыс материалдары мен бұйымдары сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен бірге жүретін талаптарды сақтау

өрескел

603

Сатылатын құрылыс материалдары мен бұйымдары (оның ішінде импортталатын):
1) қауіпсіз, сақтау немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген (бар болса), ыдысы және қорабы бүлінбеген (нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес), пайдалану құжаттамасының толық жиынтығымен болады. Егер дайындаушыдан, тұтынушыдан немесе мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарынан нақты материалдар мен бұйымдардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат алынған болса, өткізілмейді (сатылмайды);
2) зиян келтірудің ықтимал тәуекелдерін бағалау және олардың тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін тұтынушы үшін ілеспе құжаттамамен (пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сапа паспорты, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация, техникалық немесе нормативтік құжаттама) қамтамасыз етіледі;
3) оларды сату кезіндегі іс-қимылы тәртібі туралы, кейіннен тексеру мақсатында тұтынушылардың шағымдарын тіркеу туралы сатушыларға арналған ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

өрескел

604

Сәйкестік белгісі сертификатталатын өнімнің әрбір бірлігіне қойылатын талаптарды сақтау.
Қапталмаған құрылыс материалдары мен бұйымдарының сәйкестік белгісімен таңбалау оларға тікелей жазылады, сондай-ақ қоса беріліп отырған пайдалану құжаттарында келтіріледі.
Буып түйілген құрылыс материалдары мен бұйымдарының сәйкестік белгісімен таңбалау қаптамаға салынады

өрескел

605

Құрылыс материалдары мен бұйымдарында мынадай мазмұндағы болатын таңбалау талаптарды сақтау:
құрылыс материалдарының атауы;
тұтынушылық қасиеттері;
тауарлардың жарамдылық мерзімі;
пайдалану ережелері;
өнімді дайындаушы және (немесе) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға және (немесе) импорттаушы туралы ақпарат (компаниялардың атауы немесе ЖК ТАӘ, олардың заңды мекенжайлары);
Қазақстан Республикасының немесе ЕАЭО заңнамасы шеңберінде тауарларға рұқсат құжаттары (сертификаттар / декларациялар) алынғанын куәландыратын өтініш белгісі (қажет болған жағдайда)

елеулі

606

Құрылыс материалдары мен бұйымдарының ілеспе құжаттамасы мен таңбалануының мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуі туралы талапты сақтау

өрескел

  ";

      реттік нөмірлері 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613 және 614-жолдар алып тасталсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 5-қосымшада:

      реттік нөмірлері 601, 602, 603, 604 және 605-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

601

Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа шығару кезінде құрылыс материалдары мен бұйымдары сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен бірге жүретін талаптарды сақтау



602

Сатылатын құрылыс материалдары мен бұйымдары (оның ішінде импортталатын):
1) қауіпсіз, сақтау немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген (бар болса), ыдысы және қорабы бүлінбеген (нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес), пайдалану құжаттамасының толық жиынтығымен болады. Егер дайындаушыдан, тұтынушыдан немесе мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарынан нақты материалдар мен бұйымдардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат алынған болса, өткізілмейді (сатылмайды);
2) зиян келтірудің ықтимал тәуекелдерін бағалау және олардың тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауы үшін тұтынушы үшін ілеспе құжаттамамен (пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сапа паспорты, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация, техникалық немесе нормативтік құжаттама) қамтамасыз етіледі;
3) оларды сату кезіндегі іс-қимылы тәртібі туралы, кейіннен тексеру мақсатында тұтынушылардың шағымдарын тіркеу туралы сатушыларға арналған ақпаратпен қамтамасыз етіледі.



603

Сәйкестік белгісімен сертификатталатын өнімнің әрбір бірлігіне қойылатын талаптарды сақтау.
Қапталмаған құрылыс материалдары мен бұйымдарының сәйкестік белгісімен таңбалау оларға тікелей жазылады, сондай-ақ қоса беріліп отырған пайдалану құжаттарында келтіріледі.
Буып түйілген құрылыс материалдары мен бұйымдарының сәйкестік белгісімен таңбалау қаптамаға салынады.



604

Құрылыс материалдары мен бұйымдарында мынадай мазмұндағы болатын таңбалау талаптарды сақтау:
құрылыс материалдарының атауы;
тұтынушылық қасиеттері;
тауарлардың жарамдылық мерзімі;
пайдалану ережелері;
өнімді дайындаушы және (немесе) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға және (немесе) импорттаушы туралы ақпарат (компаниялардың атауы немесе ЖК ТАӘ, олардың заңды мекенжайлары);
Қазақстан Республикасының немесе ЕАЭО заңнамасы шеңберінде тауарларға рұқсат құжаттары (сертификаттар / декларациялар) алынғанын куәландыратын өтініш белгісі (қажет болған жағдайда)



605

Құрылыс материалдары мен бұйымдарының ілеспе құжаттамасы мен таңбалануының мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілуі туралы талапты сақтау



  ";

      реттік нөмірлері 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612 және 613-жолдар алып тасталсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықтағы 7-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
__________Б. Омарбеков
      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
__________А. Бижанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратураның

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      комитеті