"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 158 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 42 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 26 маусымда № 34595 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына (Нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12777 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру және кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";

      1-тармақтың 1)тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру және кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну бөлігінде білім беру жүйесін бағалау және тәуекелдерді басқару өлшемшарттары;";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну бөлігінде білім беру жүйесінің тексеру парағы бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бөлігінде білім беру жүйесін бағалау және тәуекелдерді басқару өлшемшарттарына:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру және кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну бөлігінде білім беру жүйесін бағалау және тәуекелдерді басқару өлшемшарттары";

      8-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұза отырып жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің және кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жоғары тәуекел дәрежесіне жатады;";

      12-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) алдыңғы тексерулердің нәтижелері;";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) осы Өлшемшарттарға 6-1-қосымшаға сәйкес кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну. ";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) осы Өлшемшарттарға 10-қосымшаға сәйкес кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсынатын білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламалары.".

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Тексеру парақтары осы бірлескен бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес білім беру жүйесінің субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне:

      "Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін" кіші бөлімде:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1.

Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы.

Алдыңғы тексерулердің нәтижелері

100%

0

1

 
0%

100%

2.

Ғимараттарда (оқу ғимараттарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар жасау (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу).

Алдыңғы тексерулердің нәтижелері

100%

0

1

 
0%

100%

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3 қосымшаға сәйкес 10 қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бірлескен бұйрықтың бірінші тармағының он төртінші, он бесінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Б.Омарбеков
     
      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
Е.Оспан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 42 мен
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 158 бұйрығына
қосымша
  Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес бiлiм беру жүйесiн кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну бөлігінде кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсынатын білім беру ұйымдарына қатысты тексеру парағы

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы _________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы _______________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келеді

1

2

3

4

1.

Жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.



2.

Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы.
Педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің үлесі педагогтердің жалпы санының кемінде 50%.
Педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі кемінде 25 %.
Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі № 338 бұйрық талаптарына сәйкес болуы.
Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес болуы.



3.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған оқулықтардың нормалары мен тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы.
Болжамды білім алушылар контингентіне арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес бір оқушыға арналған оқулықтар жиынтығының болуы.



4.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясының болуы.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес штаттық медицина қызметкерлерінің болуы.



5.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның айқындаған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде білім алушыларға ғимараттарда (оқу корпустарында) арналған тамақтандыру объектісінің болуы.



6.

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның айқындаған санитариялық ережелерге және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган бекіткен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу.
Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жабық жүзу бассейндерінің/ванналарының/ жағажайларының, балалардың ойын және спорт алаңдарының болуы,
сондай-ақ штатта мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына сәйкес жүзу бойынша ЕДШ спорттық нұсқаушысының болуы.



7.

Компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен, оқу пәндік кабинеттермен, зертханалармен (білім беру-сауықтыру ұйымдары үшін физика, химия, биология пәндері бойынша ұсынылатын оқу-зертханалық жабдықтардың болуы жеткілікті), спорт залдарымен жабдықталуы; edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы; жабдықтар мен жиһаздардың болуы; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес ауыз су режимін ұйымдастыру; ғимаратта денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға сәйкес келетін санитариялық тораптардың (унитаздардың, қол жуатын раковиналардың) болуы; 400 оқушыға дейін интернеттің ең аз жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с, оған қосымша бір ауысымдағы контингент санын ескере отырып, әрбір 20 оқушыға 1 Мбит/с.
Білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың және күзет қызметі субъектілерінің, дабыл түймесінің, өткізу режимінің болуы.



8.

Тиісті бейіні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде 1 рет 36 сағаттан кем емес көлемінде қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейін және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру - 3 жылда кемінде 1 рет.



9.

Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар ҰБДҚ және әкімшілік деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келетін білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы.



10.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес балалар үшін тұру жағдайларының болуы.



11.

Балаларды тасымалдауға арналған автокөліктің және балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушінің автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидалардың талаптарына сәйкес болуы.



      Лауазымды адам (адамдар)

      ______________________________________________________

      лауазымы қолы

      _____________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      ______________________________________________________

      лауазымы қолы

      _____________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша

Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсынатын білім беру ұйымдарының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарын бұзу дәрежесі

Өлшемшарттар

Бұзушылықтың дәрежесі

1.

Жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

өрескел

2.

Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы.
Педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің үлесі педагогтердің жалпы санының кемінде 50%.
Педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі кемінде 25 %.
Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі № 338 бұйрық талаптарына сәйкес болуы.
Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес болуы.

өрескел

3.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған оқулықтардың нормалары мен тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы.
Болжамды білім алушылар контингентіне арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес бір оқушыға арналған оқулықтар жиынтығының болуы.

болмашы

4.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясының болуы.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес штаттық медицина қызметкерлерінің болуы.

елеулі

5.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның айқындаған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде білім алушыларға ғимараттарда (оқу корпустарында) арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

елеулі

6.

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның айқындаған санитариялық ережелерге және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган бекіткен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу.
Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жабық жүзу бассейндерінің/ванналарының/ жағажайларының, балалардың ойын және спорт алаңдарының болуы,
сондай-ақ штатта мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына сәйкес жүзу бойынша ЕДШ спорттық нұсқаушысының болуы.

елеулі

7.

Компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен, оқу пәндік кабинеттермен, зертханалармен (білім беру-сауықтыру ұйымдары үшін физика, химия, биология пәндері бойынша ұсынылатын оқу-зертханалық жабдықтардың болуы жеткілікті), спорт залдарымен жабдықталуы; edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы; жабдықтар мен жиһаздардың болуы; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес ауыз су режимін ұйымдастыру; ғимаратта денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға сәйкес келетін санитариялық тораптардың (унитаздардың, қол жуатын раковиналардың) болуы; 400 оқушыға дейін интернеттің ең аз жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с, оған қосымша бір ауысымдағы контингент санын ескере отырып, әрбір 20 оқушыға 1 Мбит/с.
Білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың және күзет қызметі субъектілерінің, дабыл түймесінің, өткізу режимінің болуы.

елеулі

8.

Тиісті бейіні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде 1 рет 36 сағаттан кем емес көлемінде қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейін және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру - 3 жылда кемінде 1 рет.

өрескел

9.

Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар ҰБДҚ және әкімшілік деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келетін білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы.

өрескел

10.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитариялық қағидаларға сәйкес балалар үшін тұру жағдайларының болуы.

өрескел

11.

Балаларды тасымалдауға арналған автокөліктің және балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушінің автомобиль көлiгi саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидалардың талаптарына сәйкес болуы.

елеулі

  Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша

Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсынатын білім беру ұйымдарына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес білім беру жүйесінің субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

1

2

3

4

5

6


Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1.

Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы.

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде ҰББД ақпараттық жүйесі арқылы

100%

0

1

0%

100%

2.

Пәндік кабинеттің (физика, химия, биология, информатика), интерактивті тақталардың және оқу шеберханаларының (негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін) болмауы.

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде ҰББД ақпараттық жүйесі арқылы

100%

0

1

0%

100%

3.

Лицензиатты қайта тіркеу, оның атауын немесе заңды мекенжайын өзгерту фактісі

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде ҰББД ақпараттық жүйесі арқылы

100%

0

1

0%

100%

4.

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес лицензиат-заңды тұлғаны қайта құру фактісі

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде ҰББД ақпараттық жүйесі арқылы

100%

0

1

0%

100%