БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған білім беру ұйымдары:
1) білім беру деңгейі бойынша:
бастауыш мектеп;
негізгі орта мектеп;
жалпы орта білім беретін мектеп;
2) оқыту бейіні бойынша:
гимназия;
лицей;
бейіндік мектеп (жоғары мектеп);
3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:
шағын жинақты мектеп;
тірек мектеп (ресурстық орталық);
түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;
кешкі мектеп;
девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;
ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы;
аурухана жанындағы мектеп;
арнайы мектеп;
4) халықаралық:
халықаралық мектеп;
5) интернаттық ұйымдар:
мектеп-интернат;
әскери мектеп-интернат;
жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;
тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;
санаториялық мектеп-интернат;
арнайы мектеп-интернат;
6) біріктірілген:
"мектеп-бөбекжай" кешені;
"мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені;
"бастауыш мектеп-бөбекжай-балабақша";
арнайы "мектеп-балабақша";
арнайы кешен "балабақша-мектеп-интернат";
мектеп-гимназия;
мектеп-лицей;
қосымша білім беретін мектеп-орталығы;
мектеп-интернат-колледж;
арнайы кешен "мектеп-интернат-колледж";
оқу-сауықтыру орталығы (кешен);
оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);
оқу-тәрбие орталығы (кешен);
оқу орталығы;
дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы;
қыздар мектеп-гимназиясы;
7) мамандандырылған білім беру ұйымдары:
мамандандырылған мектеп;
мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);
мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп - гимназия);
мамандандырылған мектеп-интернат;
мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;
мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;
мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;
мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж);
мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі);
мамандандырылған әскери мектеп - интернат;
"Білім-инновация" лицей-интернаты;
мамандандырылған мектеп-кешен;
мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;
мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі.";
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Арнайы білім беру ұйымдары:
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;
оңалту орталығы;
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті;
аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы;
логопедтік пункті.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Е. Оспан |