"Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 маусымда № 34521 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларында:

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Өтінім сараптама ұйымының кеңсесі, сараптама ұйымының сайты немесе Портал арқылы беріледі. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесі, тауар шығарылған жердің атауы Заңның 29-бабында белгіленген.

      Тауардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде айқындалатын оның сапасының, беделінің және (немесе) өзге де сипаттамаларының сипаттамасын растайтын құжатты немесе құжаттарды Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар береді.

      Географиялық нұсқаманы, тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) географиялық нұсқаманы тіркеуге, тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге өтінім осы Қағидалардың 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша ұсынылады. Қағаз тасығыштағы өтінім екі данада беріледі.";

      4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

  "Тауар белгілеріне, қызмет
көрсету белгілеріне,
географиялық нұсқамаларға
және тауар шығарылған
жерлердің атауларына арналған
өтінімдерге сараптама
жүргізу қағидаларына
4-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев