"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 маусымда № 34488 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген Ережеге 130 және 131-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 11 маусымдағы
№ 353 бұйрыққа
1-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы
және оған кассалық қызмет
көрсету Ережесіне
130-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады;

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/;

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Жергілікті атқарушы орган борышының жай-күйі туралы есеп;

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): МБЕ-3;

      Кезеңділік: тоқсан сайын;

      Есепті кезең: 20 ___ жыл ___ тоқсан;

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда).

Жергілікті атқарушы орган борышының жай-күйі туралы есеп

Қарыздың /кредиттің нөмірі және қол қойылған күні

Жобаның атауы

Қарыз/кредит валютасы

Қарыздың /кредиттің қол қойылған сомасы

Бастапқы есеп беру кезеңіндегі негізгі борыштың қалдығы

Игерілген қарыз/кредит қаражаты (түсті)

есепті кезеңнің басына

1

2

3

4

5

6

7

I бөлім. Республикалық бюджеттен берілген кредиттер

1) әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспары шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға арналған;

1.







2) үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде;







3) қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы кезінде.







Бөлім бойынша жиыны:




II бөлім. Жергілікті атқарушы органдар бұрын тартқан кредиттер

1) әкімнің кепілдігімен;







2) басқа көздерден.







Бөлім бойынша жиыны:




III бөлім. Ішкі мемлекеттік қарыз алу

1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы







Бөлім бойынша жиыны:




IV бөлім. Сыртқы мемлекеттік қарыз алу

1) қарыз шарты;







2) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;







Бөлім бойынша жиыны:





БАРЛЫҒЫ





      кестенің жалғасы

Игерілген (түскен) қарыз/кредит қаражаты

Негізгі борышты өтеу

Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша негізгі борыштың қалдығы

Есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша төлемдердің басынан бастап барлығы

есепті кезеңде

есепті кезеңде

тиесілі төлемдер

жүргізілген төлемдер

күні

сомасы

күні

сомасы

8

9

10

11

12

13

14









Атауы _____________________________________________

Мекенжайы ___________________________

Телефоны __________________________________________


Электрондық пошта мекенжайы _______________________


Орындаушы
___________________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 
______________________________________

қолы, телефон

Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 
______________________________________

қолы

 
Мөрдің орны


"Жергілікті атқарушы орган борышының жай-күйі туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (кезеңділік – тоқсан сайын)

      Әдіснамалық түсіндірмелер:

      Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) жасалады.

      Есеп:

      бөлімнің символы мен атауын көрсете отырып, әр бөлім бойынша бөлек;

      қарыз/кредит валютасындағы барлық сандық бағандар бойынша "Барлығы" деген қорытынды жолды қарыз/кредит валютасында және "Бөлімі бойынша жиыны" деген қорытынды жолды теңгеде көрсете отырып, қарыз/кредит валютасында қарыз/кредит шартына сәйкес әрбір қарыз/кредит бойынша бөліністе бөлек толтырылады.

      Көрсеткіштерді теңгеде келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша жүргізіледі.

      1-бағанда реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі және кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуге тиіс;

      2-бағанда қарыздың/кредиттің нөмірі мен қол қойылған күні көрсетіледі;

      3-бағанда қол қойылған қарыз/кредит шартына сәйкес қарыз/кредит жобасының атауы не мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылған жағдайда қарыз алу мақсаты көрсетіледі;

      4-бағанда тартылған қарыз/кредит валютасы көрсетіледі;

      5-бағанда қол қойылған қосымша келісімдерді ескере отырып, қол қойылған қарыз/кредит сомасы көрсетіледі;

      6-бағанда есепті кезеңнің басындағы негізгі борыштың қалдығы көрсетіледі;

      7-бағанда есепті кезеңнің басында қарыз/кредит қаражатының қанша игерілгені көрсетіледі;

      8 және 9-бағандарда игерілген күні мен игеру сомасына бөлініп, есепті кезеңде қарыз/кредит қаражатының барлығы қанша игерілгені көрсетіледі, қарыз/кредит қаражаты қайтарылған не қарыз/кредит бойынша міндеттемелер берілген жағдайда сома "-" белгісімен көрсетіледі;

      10-бағанда қарыз/кредит шартының қолданысы басталғаннан бастап және есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша негізгі борышты өтеу бойынша қанша төлем жүргізілгені көрсетіледі;

      11-бағанда есепті кезеңде негізгі борышты өтеу бойынша тиесілі төлемдер көрсетіледі (төлемдер кестесіне сәйкес);

      12 және 13-бағандарда есепті кезеңде негізгі борышты өтеу бойынша нақты жүргізілген төлемдер күні мен сомасына бөле отырып көрсетіледі;

      14-бағанда есепті кезеңнің соңындағы негізгі борыштың қалдығы көрсетіледі.

      Арифметикалық-логикалық бақылау:

      6-баған = алдыңғы кезеңнің 14-бағаны;

      7-баған = алдыңғы кезеңнің 7 + 9-бағандары;

      10-баған = алдыңғы кезеңнің 10 + 13-бағандары;

      14-баған = 6-баған + 9-баған – 13-баған.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 11 маусымдағы
№ 353 бұйрыққа
2-қосымша
  Бюджеттің атқарылуы
және оған кассалық қызмет
көрсету Ережесіне
131-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады;

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/;

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету туралы есеп;

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): БҚКЕ-3;

      Кезеңділік: тоқсан сайын;

      Есепті кезең: 20 ___ жыл ___ тоқсан;

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

      Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда).

Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету туралы есеп

Қарызға/кредитке қол қойылған күні және нөмірі

Жобаның атауы

Қарыз/кредит валютасы

Қарыздың /кредиттің қол қойылған сомасы

Сыйақы төлемдері

Есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша төлемдердің басынан бастап барлығы

есепті кезеңде

тиесілі төлемдер

жүргізілген төлемдер

күні

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

I Бөлім. Республикалық бюджеттен берілген кредиттер

1) әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспары шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға;

1.









2) үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде;









3) қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы кезінде.









Бөлім бойынша жиыны:






II Бөлім. Жергілікті атқарушы орган бұрын тартқан кредиттер

1) әкімнің кепілдігімен;









2) басқа көздерден.









Бөлім бойынша жиыны:






III Бөлім. Ішкі мемлекеттік қарыз алу

1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы









Бөлім бойынша жиыны:






IV бөлім. Сыртқы мемлекеттік қарыз алу

1) қарыз шарты;









2) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы.









Бөлім бойынша жиыны:






БАРЛЫҒЫ






      кестенің жалғасы

Ілеспе төлемдер төленді

есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша төлемдердің басынан бастап барлығы

есепті кезеңде

тиесілі төлем

жүргізілді

күні

сомасы

10

11

12

13





      кестенің жалғасы

Мерзімі өтіп кеткен төлемдер

есепті кезең басында

есепті кезең соңында

негізгі борыш бойынша

сыйақы бойынша

ілеспе төлемдер

негізгі борыш бойынша

сыйақы бойынша

ілеспе төлемдер

14

15

16

17

18

19








Атауы ___________________________________________

Мекенжайы _____________________

Телефоны ________________________________________


Электрондық пошта мекенжайы _____________________


Орындаушы
________________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 

_______________________________

қолы, телефон

Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

________________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 

_______________________________

қолы

Мөрдің орны


"Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (кезеңділігі – тоқсан сайын)

      Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      Ілеспе төлемдер – аванстық төлемдер, комиссиондық төлемдер, айыппұлдар, сақтандыру жарналары және кредит беру шарттарынан туындайтын өзге төлемдер.

      Әдіснамалық түсіндірмелер:

      Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) жасалады.

      Есеп:

      бөлімнің символы мен атауын көрсете отырып, әр бөлім бойынша бөлек;

      қарыз/кредит валютасындағы барлық сандық бағандар бойынша "Барлығы" деген қорытынды жолды қарыз/кредит валютасында және "Бөлімі бойынша жиыны" деген қорытынды жолды теңгеде көрсете отырып, қарыз/кредит валютасында қарыз/кредит шартына сәйкес әрбір қарыз/кредит бойынша бөліністе бөлек толтырылады.

      Көрсеткіштерді теңгеде келтіру есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша жүргізіледі.

      1-бағанда реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі және кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуге тиіс;

      2-бағанда қарыздың/кредиттің нөмірі мен қол қойылған күні көрсетіледі;

      3-бағанда қол қойылған қарыз/кредит шартына сәйкес қарыз/кредит жобасының атауы не мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылған жағдайда қарыз алу мақсаты көрсетіледі;

      4-бағанда тартылған қарыз/кредит валютасы көрсетіледі;

      5-бағанда қол қойылған қосымша келісімдерді ескере отырып, қол қойылған қарыз/кредит сомасы көрсетіледі;

      6-бағанда төлемдер басталғаннан бастап және есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша төленген сыйақы төлемдері бойынша ақпарат көрсетіледі;

      7-бағанда шарттың талаптарына сәйкес есепті кезеңде төлеуге тиесілі сыйақы төлемдері бойынша ақпарат көрсетіледі;

      8 және 9-бағандарда есепті кезеңде төлемнің күні мен сомасына бөле отырып, сыйақы төлемдерінің барлығы қанша жүргізілгені көрсетіледі;

      10-бағанда есепті төлемдер басталғаннан бастап есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша ілеспе төлемдердің барлығы қанша төленгені көрсетіледі;

      11-бағанда шарттың талаптарына сәйкес есепті кезеңде тиесілі ілеспе төлемдер сомасы көрсетіледі;

      12 және 13-бағандарда күні мен сомасына бөле отырып, есепті кезеңде нақты жүргізілген ілеспе төлемдер көрсетіледі;

      14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандарда қарызды/кредитті өтеу және оған қызмет көрсету бойынша мерзімі өткен төлемдер көрсетіледі.

      Арифметикалық-логикалық бақылау:

      6-баған = алдыңғы кезеңнің 6 + 9-бағандары;

      10-баған = алдыңғы кезеңнің 10 + 13-бағандары.