"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 мамырда № 34373 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі";

      3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініші (әрі қарай – өтініш) немесе жергілікті атқарушы органның өтініші немесе көппәтерлі тұрғын үйге тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) өтініші ұсынылады";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кондоминиум объектісін тіркеу Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастрының ақпараттық жүйесіне жер учаскесін, бастапқы объектілерді және кондоминиум объектісін тіркеу үшін қажетті қайталама объектілердің сипаттамаларын, сондай-ақ құқық түрі, ортақ меншік нысаны (өзге де заттық құқық) туралы мәліметтерді енгізу және кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшерін автоматты түрде анықтауды сәйкестендіретін тиісті мәліметтер арқылы ұсынылған құжаттар негізінде меншік құқығын растаудан тұрады";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері дара (бөлек) меншіктегі пәтердің пайдалы алаңының немесе тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңының осы кондоминиум объектісіндегі барлық пәтердің пайдалы алаңдарының және барлық тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңдарының жиынтығына қатынасы арқылы анықталады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметті алу үшін кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің, тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесі немесе олардың уәкілетті өкілі немесе немесе көппәтерлі тұрғын үйге тапсырыс беруші (құрылыс салушы) бере алады;

      Ереженің 1, 2 және 4 қосымшалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2024 жылғы 13 мамырдағы
№ 411 Бұйрығына
қосымша
  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу ережесіне
№ 1 қосымша

________________________________________________________________________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы) Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы №_____________________________

ӨТІНІШ Өтініш берушілер: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (кондоминиум қатысушылары)

      Олардың атынан әрекет ететін: _____________________________________________

      (уәкілетті өкілдің атауы мен деректемелері)

      ________________________________________________________ тіркеуді сұраймын

      (мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі)

      Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер:

      Кондоминиум объектісінің мекенжайы: ______________________________________

      Жылжымайтын мүлік түрі: _________________________________________________

      Бөлек меншіктегі кейінгі объектілердің саны __________________________________

      Ғимараттың жалпы ауданы (бастапқы объект) _________________________________

      Бөлек меншіктегі барлық пәтерлер және тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының,

      қоймалардың пайдалы алаңы (кейінгі объектілер) ____________________ шаршы/м

      Ғимаратты пайдалану үшін жер учаскесінің жалпы алаңы (бастапқы объект) _____ га

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі __________________________________________

      Ауданы көрсетілген жалпы пайдалану орындарының қысқаша сипаттамасы

      _________________________________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (міз):

      1. Төлем туралы құжат: түрі _________ № ______ сомасы______ теңге

      2. Мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын құжаттар (жер учаскесін беру бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімі, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты)

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

                  (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      _____________/_________________/_________________________

      (күні) (өтініш берушінің қолы) (Өтініш берушінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған маманның (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)

      Өтініш беру күні: 20__ жылғы _______.

      Уақыты ______ сағ. ______ мин

      Өтінішті орындау / қарау / нәтижесі

      _______________________________________________________________________

      Тексерілді: күні 20__жылғы________________

      _______________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған тіркеуші маманның (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)

      Ескертпе: Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.

      _______________ _ 20__ жылғы "___"_______.

      (қолы)

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу ережесіне
№ 2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) www.egov.kz порталында: мемлекеттік көрсетілетін қызмет тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгені туралы растау келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай жағдайларда бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады:
3) сотқа берілген талап қою және өзге де өтініштер (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;
4) прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес заңның бұзылуы жойылғанға дейін;
5) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;
6) егер қажетті құжаттардың болмауы тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болмаса, өтініш берушінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажет құжаттарды ұсынуы үшін;
7) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тартуға негіз болмаса, мемлекеттік органдардан түсініктеме алу немесе осындай органдардан шығатын құжаттарда оның болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты қажетті ақпаратты талап ету үшін;
8) құқық белгілейтін құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі және өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықты жою үшін;
9) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы толық төленбеген кезде;
10) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені туралы немесе тұлғаның ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түспесе Электрондық тіркеу осы тармақтың 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатыла тұрмайды. Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды мемлекеттік тіркеуге қабылдаған сәттен бастап құжат берілген сәтке дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімі өткеннен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жүгінген кезде:
1. көрсетілетін қызметті берушіге: осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес үлестерді есептеу туралы қосымшасы бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарлама не Тізбенің 3 және 9-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап;
2) порталға: көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі. Оң нәтиже болған кезде хабарламаға осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес үлестердің есебі қоса беріледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік тіркеу үшін төлем "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Ақпарат және коммуникация министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17498 болып тіркелді) белгіленген тарифтерге сәйкес алынады және 2 147,3 теңгені құрайды (қосылған құн салығын есепке алмағандағы баға, теңге). Төлем сондай-ақ портал арқылы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда - дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) құжаттарды қабылдау және беру бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс уақыты, жексенбі және мереке күндері аяқталғаннан кейін жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы Ереже 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен немесе тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) жазбаша өтініш;
жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
егер кондоминиум объектісі тіркелген сәтке дейін жер учаскесіне құқық белгілеу және сәйкестендіру құжаты тіркелмеген болса, жер учаскесіне құқық белгілеу және сәйкестендіру құжаты; кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркегені үшін төленгенін растайтын құжат.
Жер учаскесіне сәйкестендіру сипаттамалары туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді құжаттарды қабылдау және беру қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен немесе тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан) ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының сканерленген көшірмесі бар жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың (жергілікті атқарушы органдардың шешімі) электрондық көшірмесі,; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, кондоминиум объектісін тіркеу үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады: Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; су шаруашылығы құрылысының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты; ортақ үлестік меншік құрамына кіретін гидромелиоративтік жүйе элементтерінің және басқа да мүліктің тізбесі бар гидромелиоративтік жүйенің сызбасы (арналар, су беруді реттеуге арналған құрылыстар, коллекторлық-дренаждық желілер, тік дренаж ұңғымалары, электр желілері, электр жабдығы, сорғылар, осы құрылыстардың бұру жолдарының астындағы жерлер); гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншіктегі (өзге құқықтағы) барлық жер учаскелеріне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі); көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі), сондай-ақ құжаттың түпнұсқасы не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжаттарды қабылдау кезінде жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы тиісті тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылады

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке құқық немесе құқық ауыртпалығының түрі және өзге де тіркеу объектілері не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілсе;
3) егер қажетті құжаттар мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде ұсынылмаса, өтініш беруші Мемлекеттік қызмет тізбесінің 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
4) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды тіркеуге ұсынған кезде;
5) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 31-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтар болған кезде;
6) заңды күшіне енген сот актісі негізінде;
7) егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар жойылмаса;
8) егер тіркеу объектісі мұндай құқыққа қатысты ауысу, өзгерту, тоқтату немесе ауыртпалықты белгілеу болып табылса, бұрын туындаған құқық ол туындаған сәтте қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген кезде;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органының жалдау құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеу үшін өтініш жасаған кезде;
10) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы порталдағы "жеке кабинетінен" ұсынылған мәліметтер сұратылатын адамның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен орындалады. Цифрлық құжаттар сервисі пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет.

  Кондоминиум объектісін
мемлекеттік тіркеу ережесіне
№ 4 қосымша

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама

"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ (КЕАҚ аумақтық филиалы)

НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО "ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ "ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН" (территориальный филиал НАО)

(күні)___________

(номері)

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мына мекенжайда тұратын: (мекенжай)

      Кондоминиум объектісіне қатысушылардың үлесін есептеу

      Мекенжай:_______________________________

      Көп пәтерлі тұрғын үйдің пайдалы алаңы ____________шаршы/м

      Пәтерлер/ тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындардың, қоймалардың пайдалы алаңы ________________ шаршы /м

      Жер учаскесінің жалпы алаңы (ортақ үлестік меншік құқығында)____________га

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі _______________________

      Көп пәтерлі тұрғын үйдің кадастрлық нөмірі _________________

Р/с № Көп пәтерлі тұрғын үйдегі (пәтер/тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орыны, қойма) кейінгі объектінің мекенжайы) Меншік иесінің Т.А.Ж. Пәтердің/тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орынның, қойманың жалпы ауданы Үлес
1 2 3 4 5










      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарлама

"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ (КЕАҚ аумақтық филиалы)

НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО "ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ "ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН" (территориальный филиал НАО)





(күні)___________

(номері)

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мына мекенжайда тұратын: (мекенжай)

Кондоминиум объектісін тіркеуден бас тарту туралы хабарлама

"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ (КЕАҚ аумақтық филиалы)

НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО "ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ "ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН" (территориальный филиал НАО)

(күні)___________

(номері)

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мына мекенжайда тұратын: (мекенжай)