"Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 мамырда № 34372 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну тәртібінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну қағидалары.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ұсыну тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Ата жолы" картасын ұсыну туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беруші (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильдік қосымша арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға береді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильді қосымша арқылы этникалық қазақты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның өтінішін кіріс хат-хабар ретінде тіркеу туралы хабардар етеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өтініш беруші қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қызметкері "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильді қосымша арқылы құжаттарды қабылдаған күні өтініш берушіні осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және өзге де ақпараттың, оның ішінде оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататыны туралы ақпараттың болуына тексеру үшін өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде "Қандас" ААЖ арқылы:

      1) ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне;

      2) тиісті өңірлердің ұлттық қауіпсіздік органдарына сұрау салулар жібереді.

      Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметкері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы әшкерелейтін мәліметтердің болуын өз бетінше тексереді.";

      мынадай мазмұндағы 9-2 тармақпен толықтырылсын:

      "9-2. Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері этникалық қазақтардың құжаттарын алған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және өзге де ақпараттың, оның ішінде оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататыны туралы ақпараттың болуы немесе болмауы туралы ақпарат жібереді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. ЖСН генерацияланғаннан кейін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Қандас" ААЖ-ға "Ата жолы" картасын ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және "Құтты мекен" АЖ арқылы өтініш берушіні өзінің шешімі туралы хабардар етеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінен ақпарат келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 11-тармағына сәйкес қабылданған шешім негізінде "Ата жолы" картасын "Құтты мекен" АЖ арқылы не өтініш беруші келгеннен кейін қолма-қол осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. "Ата жолы" картасының қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Ата жолы" картасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірілмей беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Шетелде тұратын этникалық
қазақтар үшін "Ата жолы"
картасын ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  Нысан"

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Шетелде тұратын этникалық
қазақтар үшін "Ата жолы"
картасын ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  Нысан"

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Шетелде тұратын этникалық
қазақтар үшін "Ата жолы"
картасын ұсыну қағидаларына
4-қосымша
  Нысан"

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Шетелде тұратын этникалық
қазақтар үшін "Ата жолы"
картасын ұсыну қағидаларына
5-қосымша
  Нысан"

      6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Шетелде тұратын этникалық
қазақтар үшін "Ата жолы"
картасын ұсыну қағидаларына
6-қосымша
  Нысан"

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

  2024 жылғы 15 мамырдағы
№ 150 бұйрығына
қосымша
  Шетелде тұратын
этникалық қазақтар үшін
"Ата жолы" картасын
ұсыну қағидалдарына
1-қосымша
  Нысан
  _________________________
_________________________
(өңірдің атауы)
_________________________
_________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
_________________________
_________________________
(мекенжайы бойынша тұратын)

"Ата жолы" картасын ұсыну өтініш

Т.А.Ә. (бар болса)


Туған күні


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


Байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)


      Келесі отбасы құрамы бар:

Т.А.Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Азаматтық

Ұлты

1

2

3

4

5

      Тарихи Отанда тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келуді жоспарлауыма байланысты маған "Ата жолы" картасын ұсынауды сұраймын.

      "Дербес деректер туралы" Заңның 8-бабына сәйкес "Ата жолы" картасын ұсыну бойынша қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1)___________________________________;

      2)___________________________________;

      3)___________________________________;

      4)__________________________________ ;

      ..)___________________________________

      Мен келтірген мәліметтердің дұрыс екенін куәландырамын. дұрыс емес мәліметтер "Ата жолы" картасын ұсынудан бас тартуға негіз бола алатыны туралы хабардар етілді.

      Мен осы міндеттемелерді орындамаған жағдайда қолданылатын шаралар туралы хабардармын.

      Шешімді алу тәсілі (электрондық пошта, "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильді қосымшасы).

      20__жылғы "__" ________________

      _____________________

      (өтініш берушінің қолы)