"Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 34278 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларында:

      16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларына, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003болып тіркелген) сәйкестігі (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары);";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісін даярлау туралы куәлікті (жүргізушінің қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) қоса бере отырып "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдау арқылы көрсетіледі.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы болған және ол жарамды болған жағдайда, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді тексереді және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберілетін Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Портал арқылы келіп түскен ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өту кезеңділігінің жарамсыздығы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарау туралы еркін нысандағы дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.";

      1, 6 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 19 сәуірдегі
№ 144 Бұйрыққа
1-қосымша
  Автомобиль көлігімен
қауіпті жүктерді тасымалдау
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

МИНИСТЕРСТВО ТРАНСПОРТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КОМИТЕТ АВТОМОБИЛЬНОГО ТРАНСПОРТА И ТРАНСПОРТНОГО КОНТРОЛЯ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК МИНИСТІРЛІГІ
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

MINISTRY OF TRANSPORT OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ROAD TRANSPORT AND TRANSPORT CONTROL COMMITTEE

СПЕЦИАЛЬНОЕ РАЗРЕШЕНИЕ НА ПЕРЕВОЗКУ ОПАСНОГО ГРУЗА КЛАССОВ 1, 6 И 7



 

SPECIAL PERMIT ON IMPLEMENTATION OF AUTOMOBILE TRANSPORTATION OF HAZARDOUS GOODS OF CLASSES 1, 6 AND 7


1, 6 ЖӘНЕ 7-СЫНЫПТЫ ҚАУIПТI ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ РҰҚСАТ


      № _____________

Тасымалдаушының атауы
Наименование перевозчика
Carrier name


Тасымалдаушының орналасқан жері және телефоны
Местонахождение и телефон перевозчика
Site and phone number of carrier


Тасымалданатын қауіпті жүктің класы, БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасы
Класс, номер ООН, наименование и описание перевозимого опасного груза
Class, number of UN, the name and description of transported hazardous goods


Көлік құралының түрі, маркасы
Тип, марка транспортного средства
Type, vehiele brand


Автомобильдің мемлекеттік тіркеу белгісі
Государственный регистрационный знак автомобиля
State registration number of the car


Тіркеменің (жартылай тіркеменің) мемлекеттік тіркеу белгісі
Государственный регистрационный знак прицепа (полуприцепа)
State registration number of the trailer (semi-trailer)


Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімі
Срок действия специального разрешения
Expiration date of special permit

_____ бастап _____ дейін
с ______ по _____
from _____ till ______

______ тасымалға жарамды
действителен на ____ поездку
valid on __________ trip

Тасымалдау маршруты
Маршрут перевозки
Transportation route


Жүк жөнелтушінің мекенжайы және телефоны
Адрес и телефон грузоотправителя
Address and phone of the consignor


Жүк алушының мекенжайы және телефоны
Адрес и телефон грузополучателя
Address and phone of the consignee


Тасымалдау маршрутының аралық пункттерінің мекенжайы және авариялық қызметтің телефондары
Адрес промежуточных пунктов маршрута перевозки и телефоны аварийной службы
Address of intermediate points of a route of transportation and phones of emergency service


Тұрақтар және отын құю орны
Место стоянок и заправок топливом
Place of parking and fuelling


Арнайы рұқсатты қолданудың ерекше шарттары
Особые условия действия специального разрешения
Special conditions of action of Special permit


Қадағалау бақылау органдарының лауазымды адамдарының белгілері
Отметки должностных лиц надзорных контрольных органов
Marks of officials of supervising control authorities


Шектеулер
Ограничения
Restrictions


Уәкілетті органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және берілген күні
Фамилия, имя, отчество (при его наличии) должностного лица уполномоченного органа и дата выдачи
First name, middle initial, last name of the official of authorized body stamp and date of issue




  Бұйрыққа
2-қосымша
  Автомобиль көлігімен қауіпті
жүктерді тасымалдау
қағидаларына
6-қосымша

"1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы
"1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Портал.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Екі жұмыс күн.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат немесе осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының өтініші кезінде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – www. gov. kz/ mem leke t/ ent itie s/ tra nspo rt? lang=kz, Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті бөлімі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушінің дайындығы туралы куәлік;

9

Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және ондағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Автомобиль көлігімен
қауіпті жүктерді
тасымалдау қағидаларына
8-қосымша

"Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Екі жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік не бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде беру.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың сақталуын бір ай ішінде қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz/ mem leke t/ ent itie s/ tra nspo rt? lang=ru интернет-ресурсында, Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті бөлімі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімінде;
Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналасқан;

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен мәліметтері

Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке басын куәландыратын, жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көлік құралын тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінен диагностикалық карта туралы мәліметтерді алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.