БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыкпен бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) ағызу станциялары – елді мекен аудандарының су бұру жүйелерімен жабдықталмаған сұйық қалдықтарды су бұру жүйесіне қабылдауға және түсіруге арналған құрылыстар;
2) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы – елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;
3) жоспарлы-тұрақты санитариялық тазарту – қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;
4) жерді қалпына келтіру – белгілі мақсатта пайдалану үшін бүлінген жерлерді, оның ішінде бүлінген жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан іргелес жер учаскелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;
5) коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік етуінің нәтижесінде қалыптасқан тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;
6) қалдық сақтау қоймасы – радиоактивті, уытты және қалдықтар деп аталатын пайдалы қазбалардың басқа да төгілген қалдықтарын сақтауға немесе көмуге арналған арнайы құрылыстар мен жабдықтар кешені;
7) қалдықтарды есепке алу – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасы мен олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпарат жинау және ұсыну жүйесі;
8) қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою бойынша операциялар;
9) қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;
10) қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;
11) қалдықтарды көму – көмілген қалдықтардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті әсерін болдырмайтын, шектеусіз мерзім бойы оларды сақтау үшін белгіленген орындарда қалдықтарды жинау;
12) қалдықтарды қайта өңдеу – қалдықтардан шикізаттарды және (немесе) одан әрі тауарларды немесе басқа өнімдер өндірісінде (дайындауда) пайдаланылатын басқа материалдарды алуға, сондай-ақ олармен жұмыс істеуді жеңілдету, олардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған, сұрыптауды қоса алғандағы физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;
13) қалдықтардың қауіптілік сыныбы – бұл адамның денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қалдықтардың қауіптілік түрі мен дәрежесін айқындайтын олардың сандық сипаттамасы;
14) қалдықтар түрі – шығу тегіне, қасиеттеріне және қалдықтар сыныптамасының негізінде айқындалған жұмыс істеу технологияларына сәйкес жалпы белгілері бар қалдықтар жиынтығы;
15) қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығын консервациялау – қалдықтарды тасымалдау және оларды қалдықтарды сақтау орындарына орналастыру бойынша қызметті уақытша тоқтату. Бұл ретте қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығы мен қалдықтарды сақтау орындарының құрылыстарын қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмайтындай етіп оқшаулайды;
16) қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығын жою (көму) – қалдықтарды тасымалдау және оларды қалдықтарды сақтау орындарына орналастыру бойынша қызметті тоқтату. Бұл ретте қалдықтармен жұмыс істейтін шаруашылықтың барлық ғимараттары мен құрылыстарын жою, ал қалдықтарды сақтау орнын қоршаған ортаға қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмайтындай етіп оқшаулау қажет;
17) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
18) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар – қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыстар;
19) қауіпті химиялық заттар – адам денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей немесе ықтимал зиянды әсер етуі мүмкін заттарға ие болатын заттар;
20) медициналық қалдықтар (бұдан әрі – МҚ) – медициналық қызметтерді көрсету және медициналық емшаралар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар;
21) өндіріс қалдықтары (өндірістік қалдықтар) – өнімді өндіру, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындау процесінде пайда болған және өздерінің бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің қалдықтары;
22) өндірістік объект – адамның тіршілік ету ортасына және денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықты және технологияны пайдалана отырып жүзеге асырылатын өнімнің өндірісімен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;
23) радиоактивті қалдықтар – одан әрі пайдалану көзделмейтін, құрамындағы радионуклидтер алу деңгейінен асатын радиоактивті заттар, ядролық материалдар немесе радионуклидті көздер;
24) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі – СҚА) – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және елді мекендегі қойма объектілерін жақын жердегі селитебті аумақтан, ғимараттар мен тұрмыстық-азаматтық мақсаттағы құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
25) санитариялық тазарту – елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру мақсатындағы іс-шаралар жүйесі;
26) сұйық қалдықтар – сарқынды суларды қоспағанда, кез келген сұйық күйдегі қалдықтар;
27) сарқынды сулар – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
28) селитебті аумақ – тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі;
29) тұтыну қалдықтары – өнімдерді, бұйымдарды және өзге де заттарды тұтыну немесе пайдалану процесінде түзілген қалдықтар, сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан тауарлар (өнім);
30) уытты қалдықтар – қоршаған ортаға түскен жағдайда биоаккумуляциялау және (немесе) биотикалық жүйелерге уытты әсер ету нәтижесінде адам үшін қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін заттардан тұратын қалдықтар;
31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалауды іске асыратын мемлекеттік орган.";
27 және 28-тармақтақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Жұмыс істеп тұрған жылу электр орталықтарының (бұдан әрі – ЖЭО), жылу электр станцияларының (бұдан әрі – ЖЭС) күл-қоқыс үйінділерін/күл үйінділерін қоспағанда, оларды субъектінің өндірістік алаңының және елді мекен аумақтарының шегінен тыс орналастыру мүмкін болмаған кезде өнеркәсіптік қалдықтарды көму қауіптілік сыныптарына сәйкес субъектінің өндірістік алаңнан және елді мекеннің қоныстану аумағынан тыс жерде жүргізіледі.
28. Кәдеге жаратылмайтын қалдықтарды көму және жинақтау алаңдары елді мекеннің қоныстану аумағынан тыс жерлерде орналастырылады.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Қалдық сақтау қоймаларын сумен жабдықтау көздері болып табылатын жер бетіндегі судың жиегі созылған орындарда, халық шаруашылығында мәні бар ірі өзендер мен көлдердің ең жақын жиегіне (1000 м кем) тікелей жакын жерде орналастыруға жол берілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі