"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 сәуірде № 34225 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште немесе info@statdata.kz электрондық мекенжайына электронды көшірме түрінде өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және көрсетілетін қызметті берушінің атауларын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мерзімін, нысанын және нәтижесін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптарды қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өтінішті қарауға қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайы бойынша жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде статистикалық ақпаратты әзірлейді және "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу негізінде төлем шотын береді, ол көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны ұялы және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірі бойынша шақыру арқылы қосымша хабарланады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан төлемді күту мерзімі төлемге шот жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші ұсынған шотты төлеген күні төлемді растайтын құжатты (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы) көрсетілетін қызметті берушінің info@statdata.kz электрондық мекенжайына жіберу арқылы растайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші төлемді алғаннан кейін статистикалық ақпаратты өтінішке сәйкес қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті алушының нақты мекенжайына тіркелетін пошта жөнелтілімі немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына оның электрондық көшірмесін жіберу арқылы береді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының статистикалық ақпарат оның нақты мекенжайына жіберілген жағдайда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші хабардар етеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және роформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің төрағасы
Ж. Шаймарданов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  2024 жылғы 3 сәуірдегі
№ 1 бұйрығына
1-қосымша
"Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің
____________________________
толық атауы)
кімнен______________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
____________________________
әкесінің аты (болған жағдайда)
толық)

Жеке тұлғаларға арналған өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште нақты мекенжайға немесе қағаз

      жеткізгіштің электрондық көшірмесін электрондық мекенжайға (керегінің астын сызу)

      жолдау арқылы

      _________________________________________________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

      _________________________________________________________________________

      _____________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруді сұраймын.

      Қосымша ______ парақта.

      Жеке тұлғаның деректемелері:

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________

      Нақты мекенжайы ____________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Электрондық мекенжайы ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесімен және www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында қолжетімді ресми статистикалық ақпаратпен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

      Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетіні мен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

      20__жылғы "______" ____________

      _________________ қолы

Өтінішке қосымша

р/с №

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең













  2024 жылғы 3 сәуірдегі
№ 1 бұйрығына
2-қосымша
"Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің
____________________________
толық атауы)
кімнен______________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
____________________________
әкесінің аты (болған жағдайда)
толық)

Заңды тұлғалар үшін өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште нақты мекенжайға немесе қағаз

      жеткізгіштің электрондық көшірмесін электрондық мекенжайға (керегінің астын сызу)

      жолдау арқылы

      __________________________________________________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

      __________________________________________________________________________

      ________________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруді сұраймын.

      Қосымша: ______ парақта.

      Заңды тұлғаның деректемелері:

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      Заңды мекенжайы _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Нақты мекенжайы _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Электрондық мекенжайы _______________________________________________

      Басшы _______________________________________________________________

      (қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Орындаушы: _________________ Телефон: _________________ (Тегі, аты-жөні)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетінімен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

      20__жылғы "______" ____________

      _________________ басшының қолы

Өтінішке қосымша

р/с №

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең













  2024 жылғы 3 сәуірдегі
№ 1 бұйрығына
3-қосымша
"Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпарат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру жүзеге асырылады.
Өтініш қағаз жеткізгіште немесе электронды көшірме түрінде info@statdata.kz электрондық мекенжайына беріледі.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

9 (тоғыз) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны

Қағаз жүзінде.

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі

Статистикалық ақпаратты қағаз жеткізгіште немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына оның электрондық көшірмесін жіберу арқылы ұсыну;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бойынша ақылы түрде көрсетіледі. Төлем тәсілі – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем екінші деңгейлі банк арқылы төлемге берілген шотқа сәйкес жүргізіледі, көрсетілетін қызметті алушыдан төлем тапсырмасында төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін көрсету талап етіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш;
2) төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы).

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге бас тарту үшін негіздеме

Көрсетілетін қызметті беруші:
1) егер сұратылып отырған статистикалық ақпарат құпия болып табылған және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес респонденттің келісімі болмаған;
2) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабымен қарастырылған негіздемелер бойынша бас тарту үшін негіздер болған жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсеткені үшін ақы төлемеген;
4) статистикалық ақпарат жоқ және өңдеу процесінде алу мүмкін емес кезде;
5) егер cұрау салынатын статистикалық ақпарат ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде таратылуға жататын ресми статистикалық ақпарат болып табылса мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескерумен қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету орындарының мекенжайлары, сондай-ақ байланыс деректері көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мекенжайларды және байланыс деректерді 1446 абоненттік нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы да білуге болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы) көрсетілетін қызметті берушінің info@statdata.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.
Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес таратылуға жататын ресми статистикалық ақпараттың барлық жарияланымдары статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде www.stat.gov.kz интернет-ресурста "Статистика" бөлімінде қолжетімді.

  2024 жылғы 3 сәуірдегі
№ 1 бұйрығына
4-қосымша
"Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК) Сіздің 20____жылғы "___" _____ №____өтінішіңізді қарап, статистикалық ақпарат (пошта байланысының атауы, тіркілетін пошта жөнелтілімінің нөмері, күні) арқылы өтініште көрсетілген нақты мекенжайға жолданғанын хабарлайды.

      Директор ____________________