БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 351 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10255 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бұйырамын бекіту туралы:
49-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жүргізілетін тау-кен қазбалары уақтылы бекітіледі және пайдаланудың барлық мерзімі 1-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін жағдайда ұсталады. Қазбалардың нақты көлденең қимасы 6-қосымшаның талаптарын бұзбай, олар қажетті ауа шығыстарын өткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.";
92-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"I санаттағы қорғалмаған шығарындылар қауіпті қабаттарда және аса шығарындылар қауіпті қабаттарда жұмыстар жүргізу кезінде жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін тазарту және дайындық кенжарларының алдында көмір массивін алдын ала өңдеуге арналған көмір мен газдың кенеттен шығарылуын болдырмаудың өңірлік тәсілдерін қолдану міндетті";
130-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Негізгі көлік қазбаларына қазба учаскесі мен оқпан маңындағы аула немесе көлбеу оқпандар кезінде жер беті арасында көмірді (Тау массасын) тасымалдауға арналған қазбалар жатады";
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Б. Сыздыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Экономика
Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
Министрлігі