БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 қосымшаның 10 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Шарт ________жылға, бірақ АЭА және ИА құру және _________ жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жасалды.
Бұл ретте АЭА қатысушысымен қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі Заңның 51-бабында белгіленген санаттарға байланысты болады.".
5 қосымшаның 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Шарттың мерзімі осы арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеуі мүмкін мерзімнен аспайды.
Бұл ретте қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі Заңның 51-бабында белгіленген санаттарға байланысты болады.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі