"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 наурызда № 34095 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) өткізу тәртібін белгілейді."

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ахуалдық орталық – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда орналасқан, қағаз және электрондық форматтағы ҰБТ өткізу процесін бақылау үшін коммуникация құралдарымен жабдықталған зал;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) электрондық сертификат – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған ҰБТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі - сертификат);";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ҰБТ қағаз немесе электрондық форматта Ұлттық тестілеу орталығымен ҰБТӨП базасында немесе базалық ЖЖОКБҰ-да немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдарда өткізіледі.

      ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау (қағаз және электрондық форматта) Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайты арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰБТ тест тапсырмаларының саны:

      1) Қазақстан тарихы бойынша – 20;

      2) математикалық сауаттылық бойынша – 10;

      3) оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша – 10;

      4) бірінші бейіндік пән бойынша – 40;

      5) екінші бейіндік пән бойынша – 40

      Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген.

      Көру аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ҰБТ пәндерінің тест тапсырмаларының нұсқалары схемасыз, кестесіз, суретсіз, картасыз қалыптастырылады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ақылы негізде ауысуға ниет білдірген тұлғалар үшін ҰБТ тест тапсырмаларының саны:

      1) бірінші бейіндік пән бойынша – 40;

      2) екінші бейіндік пән бойынша – 40.";

      10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Көру аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ҰБТ пәндерінің тест тапсырмаларының нұсқалары схемасыз, кестесіз, суретсіз, картасыз қалыптастырылады.";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. SAT - ЭсЭйТи (Scholastic Assessment Test), ACT – ЭйСиТи (American College Testing), IB - АйБи (International Baccalaureate), A Level (Э-Левел) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша халықаралық стандартталған тестілеудің нәтижелері мен шекті балдары бар пәндер бойынша ҰБТ тапсырудан босатылады және Үлгілік қағидаларға сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады және (немесе) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдана алады. SAT балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) SAT reasoning (ризонинг) және SAT subject (сабджект) сертификатары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырады.

      2) SAT reasoning сертификаттары болған жағдайда. Бұл ретте түсуші Қазақстан тарихы және екі бейіндік пән бойынша ҰБТ тапсырады.

      ACT балдары Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ауыстырылады.

      IB және A Level балдары Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ҰБТ тапсырған жағдайда ауыстырылады.

      SAT subject (сабджект), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) және и A Level (Э-Левел) сертификаттарының біреуі бар тұлғалар үшін бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда ҰБТ балдарына ауыстырылады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін және республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде қабылдау кезінде SAT, ACT, IB және A-Level халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар адамдарға балл Үлгілік қағидалардың 4-1-тармағына және 2-1-қосымшасына сәйкес (оқу сауаттылығы бойынша) есептеледі, бұл ретте SAT reasoning сертификатының балдары ғана ескеріледі.

      SAT, ACT, IB және A-Level, TOEFL ITP, TOEFL IBT, IELTS халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қағаз форматтағы ҰБТ үшін күнтізбелік жылғы 1 және 30 сәуір аралығында және электрондық форматтағы ҰБТ үшін күнтізбелік жылғы 28 сәуір және 14 мамыр аралығында ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына мәліметтер мен сертификаттардың көшірмелерін (SAT, ACT, IB, A-Level үшін) енгізуі қажет.

      ҰБТ–ға өтініштер қабылдау аяқталғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы күнтізбелік жылдың 12 маусымына дейін SAT, ACT, IB және A-Level халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар адамдардың тізімін және олардың сертификаттарының көшірмелерін қарастырады.

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары тексереді.

      Халықаралық стандартталған тест балдарын ҰБТ балдарына ауыстырғаны туралы шешімі шығарылғаннан кейін өтініш берушінің сертификаты Ұлттық тестілеу орталығының сайтында және түсушінің жеке кабинетінде (www.testcenter.kz) орналастырылады.

      14. ҰБТ бойынша ең жоғары балл – 140 балл.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобына түсетін тұлғалар үшін ҰБТ бойынша ең жоғары балл – 130 балл.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда ҰБТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін тестілеу әкімшілері, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатарынан байқаушылар жіберіледі.

      18. ҰБТ тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

      1) бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен бағаланады;

      бір немесе бірнеше дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады;

      2) бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (үш дұрыс жауаптан артық емес) және сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмаларында:

      бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты және бір дұрыс емес жауапты таңдағанда бір балмен;

      үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында тек бір дұрыс жауапты не екі және одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.

      Контекст негізіндегі тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асыралады:

      бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда бір балмен бағаланады;

      бір немесе бірнеше дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. ҰБТӨП-ке кіруге арналған есіктер бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте өткізу барысы, сонымен қатар тестілеуден кейінгі пайдаланылған кітапшалар сақталған бөлменің бейнебақылау жазбасы ҰБТ аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығының мұрағатына тапсырылады.

      ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады.

      ҰБТ-да Қағидалардың 32 және 51-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттарды пайдаланғандығы анықталған жағдайда Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны туралы акт жасайды және растайтын материалдарымен бірге ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Тестілеу барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны туралы акт және растайтын материалдар ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.

      Комиссияның шешімімен тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жыл бойына нәтижелері жойылады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде құрамы ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін ҰБТ ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі – мемлекеттік комиссиялар) құрылады.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын, ҰБТӨП пен базалық ЖЖОКБҰ-дағы апелляциялық комиссияның төрағасын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      ҰБТӨП пен базалық ЖЖОКБҰ-дағы апелляциялық комиссияның құрамын мемлекеттік комиссия төрағасы бекітеді.";

      74, 74-1 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар қабылдау онлайн режимде осы Қағидаларға 3-қосымшаға немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгіге сәйкес мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 14 желтоқсан мен 24 желтоқсан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі;

      2) күнтізбелік жылғы 15 ақпан мен 25 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі;

      3) күнтізбелік жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 2 (екі) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі;

      4) күнтізбелік жылғы 20 шілде мен 30 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі.

      Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде түсуші тестілеу күнін және уақытын, ҰБТӨП-ті таңдай алады.

      74-1. Электрондық форматтағы ҰБТ мынадай мерзімдерде өткізіледі:

      1) күнтізбелік жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі;

      2) күнтізбелік жылғы 1-31 наурыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі;

      3) күнтізбелік жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін (бұл ретте ҰБТ нәтижесі республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды);

      4) күнтізбелік жылғы 10-20 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік беріледі.

      Күнтізбелік жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсыратын тұлғалар үшін бейіндік пәндер комбинациясын өзгертуге жол берілмейді.

      75. ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде оқуға түсушілер ҰБТӨП-ке бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте оқуға түсушінің жеке басын көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы сәйкестендіру жүргізіледі және жеке басын растайтын құжаты және он алты жасқа толмағандарға орта білім беру ұйымын ағымдағы жылы аяқтайтыны туралы анықтамасы ұсынылады.

      Тестілеуге кіргізу кезінде қолды және рамалық типтегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ҰБТӨП-ке мынадай тыйым салынған заттарын: фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кірмеу үшін жүзеге асырылады.

      Сонымен қоса, келесі заттарды тестілеу ғимаратына кіргізуге тыйым салынады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, А0-А10 форматтағы қағаздар.

      Тестілеуге жіберу барысында металл іздегішпен тексеру жүргізу кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, тестілеу әкімшілері осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҰБТӨП-ке кіреберісте тестілеуге тыйым салынған зат табылғаны туралы және түсушіні ҰБТӨП-тен шығару туралы акт (электрондық формат)" жасайды және түсуші осы тестілеуге жіберілмейді.

      Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адамды анықтау актісін (электрондық форматта)" жасайды, оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.

      Ұлттық тестілеу орталығы түсушіні сайттағы жеке кабинеті арқылы тестілеуге жіберілмейтінін қосымша хабардар етеді.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Тестілеуді бастау үшін түсушіге:

      тестілеу жүйесіне кіру үшін компьютер экранындағы өрісте логині мен паролін көрсету немесе жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу (бұдан әрі – ЖСН) және компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өту;

      "ҰБТ тестілеу" интерфейсін ашу;

      тестілеу тапсыру тілін таңдау, бұл ретте тестілеу басталғаннан кейін тестілеуді тапсыру тілі өзгермейді;

      бейіндік пәндер комбинациясын таңдау және таңдау дұрыстығын растау;

      ҰБТ тапсыруға кірісу.

      Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді.

      ҰБТ өткізу пунктінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, Ұлттық тестілеу орталығының келісімен тестілеу әкімшісі мен аймақтық мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 32-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасай отырып, тестілеу процесін тоқтатады (күшін жояды) және басқа күнге ауыстырады.

      Тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт тестілеу әкімшісімен және аймақтық мемлекеттік комиссиямен бірлесіп жасалады.

      Тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауы болған жағдайда түсуші тестілеу әкімшісіне хабарлау қажет.

      Тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірлесіп (бар болған жағдайда) осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауын анықтау актісін жасайды.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге:

      аудиториядан (компьютерлік сыныптан) тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз 10 минуттан артық шығуға;

      Бұл ретте төтенше, форс-мажорлық жағдайларды және/немесе түсушілердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға;

      сөйлесуге, орын ауыстыруға;

      құжаттармен, кез келген тыйым салынған заттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;

      тестілеу материалдарын, құжаттарды және тест тапсырмаларымен жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парақты аудиториядан (компьютерлік сыныптан) алып шығуға, бүлдіруге;

      аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) Қағидалардың 75-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды алып кіруіне және/немесе қолдануына;

      тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;

      тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;

      тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;

      тестілеу жүйесіне араласу әрекетіне және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.

      Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 74-1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде ҰБТ тапсыратын тұлғаларға Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесі қосымша қағаз нұсқада беріледі.

      Түсуші аудиториядан шыққан жағдайда аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеріліп кіргізіледі.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін ҰБТ ұйымдастыру жөніндегі аймақтық мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі – аймақтық мемлекеттік комиссиялар) құрылады.

      Аймақтық мемлекеттік комиссияның төрағасы болып жоғары оқу орындарының басшылары немесе қалалық, аудандық білім бөлімдерінің (басқармаларының) басшылары тағайындалады.

      Аймақтық мемлекеттік комиссияның құрамына облыстар немесе республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері кіреді.

      Бұл ретте аймақтық мемлекеттік комиссия құрамына күнтізбелік жылы жақын туыстығы Кодекспен белгіленген ҰБТ тапсыратын адамдардың туыстары кірмейді.

      Аймақтық мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны бес адамды құрайды.

      Аймақтық мемлекеттік комиссия:

      1) тестілеуге кіргізу, сондай-ақ тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді;

      2) ҰБТ өткізу кезінде медициналық қызметкерлермен және психологпен жұмысты;

      3) көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді;

      4) тестілеу әкімшісімен бірлесіп электр қуаты ажыратылған немесе нәтижесінде тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасауды ұйымдастырады.

      Бұл ретте аймақтық мемлекеттік комиссия төрағасы мен мүшелері тестілеу өткізу барысына қатыса алмайды.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. ҰБТӨП-ке кіруге арналған есіктер бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте өткізу барысы, сонымен қатар тестілеуден кейінгі пайдаланылған кітапшалар сақталған бөлменің бейнебақылау жазбасы ҰБТ аяқталғаннан кейінгі күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығының мұрағатына тапсырылады.

      Электрондық форматтағы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылғы 31 қазанға дейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүргізеді.

      ҰБТ өткізу кезінде өтініш берушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны және (немесе) осы Қағидаларға 75 және 80-тармақтарда көрсетілген әрекеттері анықталған кезде Ұлттық тестілеу орталығы Аудиторияда тыйым салынған зат пайдаланған және тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережесін бұзған (электрондық формат) және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу немесе әрекеттер жасаған тестіленушіні анықтау осы Қағидаларға 35-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады. Тестілеу нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығының комиссия шешімі арқылы жою туралы және растайтын материалдарымен бірге ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның комиссия шешімімен тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жыл бойына нәтижелері жойылады.

      Тестілеу нәтижелері (ҰБТ балдары) және (немесе) білім беру грантын беру туралы куәлікті жойылғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы түсушілерге жеке кабинеті арқылы хабарлама жібереді.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      95-1-тармақпен толықтырылсын:

      "95-1. Түсушінің жеке кабинетінде Республикалық апелляциялық комиссия отырысының мерзімі көрсетіледі.

      Республикалық апелляциялық комиссия отырысы басталғанға дейін апелляция өтінішін жеке кабинетінде қайтарып алу жүзеге асырылады.

      Апелляция өтініші қайтарып алынғаннан кейін сертификат түсушінің жеке кабинетінде бір жұмыс күні ішінде қолжетімді болады.

      Апелляцияға өтініш берген түсушілер үшін Республикалық апелляциялық комиссияның шешімінен кейін қағаз түріндегі ҰБТ-да апелляцияға бергеннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, электронды форматтағы ҰБТ-да 30 (отыз) жұмыс күні ішінде cертификат қолжетімді болады.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Сертификат тестілеу аяқталғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді (апелляцияға өтініш берген түсушілерді есепке алмағанда).";

      99 және 100-тармақтар алып тасталсын.

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "101. ҰБТ нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналастырылады.

      Шетелдік ЖЖОКБҰ-ға тапсыруға ниет білдірген адамдар, өтініш негізінде ҰБТ балдары көрсетілген анықтама алады.";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Сертификат Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіндегі деректерді қамтиды.";

      Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1, 2, 3, 4, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 31, 32, 32-1, 32-2, 33, 34, 35, 35-1, 36-қосымшалардың оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 1-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 2-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 3-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 4-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 7-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 9-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 10-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 11-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 12-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 13-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 14-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 15-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 16-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 17-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 18-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 19-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 20-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 21-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 22-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 23-қосымша";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 24-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 25-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 26-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 27-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 29-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 31-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 32-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 32-1-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 32-2-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 33-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 34-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 35-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 35-1-қосымша.";

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 36-қосымша.";

      Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 1-қосымша қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 37-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 92 бұйрығына
1-қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді
өткізу және "Ұлттық бірыңғай
тестілеу тапсырғаны туралы
сертификат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламалары тобы

Бейіндік пәндер

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

В001

Педагогика және психология

Биология

География

В002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Биология

География

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Биология

География

В004

Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В005

Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В006

Музыка мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В007

Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В008

Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

Математика

Физика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

Физика

Математика

В011

Информатика мұғалімдерін даярлау

Математика

Информатика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

Химия

Биология

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

Биология

Химия

В014

География мұғалімдерін даярлау

География

Дүниежүзі тарихы

В015

Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Дүниежүзі тарихы

География

В016

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орыс тілі

Орыс әдебиеті

В018

Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В019

Әлеуметтік педагогтарды даярлау

Биология

География

В020

Арнайы педагогика

Биология

География

В120

Кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау (сала бойынша)

Физика

Математика

В021

Орындаушылық өнер

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В022

Музыкатану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В023

Режиссура, арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В024

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В025

Дирижирлеу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В026

Композиция

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В027

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В028

Хореография

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В029

Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В030

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В031

Сән, дизайн

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В032

Философия және этика

Дүниежүзі тарихы

География

В033

Дінтану және теология

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В034

Тарих

Дүниежүзі тарихы

География

В134

Археология және этнология

Дүниежүзі тарихы

География

В035

Түркітану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В135

Шығыстану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В036

Аударма ісі

Шетел тілі

Дүниежүзі тарихы

В037

Филология

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В038

Әлеуметтану

Математика

География

В039

Мәдениеттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В040

Саясаттану

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В140

Халықаралық қатынастар және дипломатия

Дүниежүзі тарихы

Шетел тілі

В041

Психология

Биология

География

В042

Журналистика және репортер ісі

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В043

Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қазақ/Орыс тілі

Қазақ/Орыс әдебиеті

В044

Менеджмент және басқару

Математика

География

В045

Аудит және салық салу

Математика

География

В145

Мемлекеттік аудит

Математика

География

В046

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Математика

География

В047

Маркетинг және жарнама

Математика

География

В048

Еңбек дағдылары

Математика

География

В049

Құқық

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Биология

Химия

В051

Қоршаған орта

Биология

География

В052

Жер туралы ғылым

Математика

География

В053

Химия

Химия

Биология

В054

Физика

Физика

Математика

В055

Математика және статистика

Математика

Физика

В056

Механика

Математика

Физика

В057

Ақпараттық технологиялар

Математика

Информатика

В058

Ақпараттық қауіпсіздік

Математика

Информатика

В158

Криптология

Математика

Информатика

В059

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Математика

Физика

В060

Химиялық инженерия және процестер

Химия

Физика

В061

Материалтану және технологиялар

Математика

Физика

В062

Электр техникасы және энергетика

Математика

Физика

В063

Электр техникасы және автоматтандыру

Математика

Физика

В064

Механика және металл өңдеу

Математика

Физика

В065

Көлік техникасы және технологиялар

Математика

Физика

В066

Теңіз көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В067

Әуе көлігі және технологиялары

Математика

Физика

В167

Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану **********

Математика

Физика

В068

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

Биология

Химия

В069

Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

Математика

Физика

В070

Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

Математика

Физика

В071

Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

Математика

Физика

В072

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Химия

Биология

В073

Сәулет

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В173

Гидромелиорация

Математика

Физика

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Математика

Физика

В126

Көлік құрылысы

Математика

Физика

В075

Кадастр және жерге орналастыру

Математика

География

В175

Сумен қамтамасыз ету және суды бұру

Математика

Физика

В076

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Математика

Физика

В176

Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару

Математика

Физика

В077

Өсімдік шаруашылығы

Биология

Химия

В078

Мал шаруашылығы

Биология

Химия

В079

Орман шаруашылығы

Биология

География

В080

Балық шаруашылығы

Биология

Химия

В081

Жерге орналастыру

Математика

Физика

В183

Агроинженерия

Математика

Физика

В082

Су ресурстары және суды пайдалану

Математика

Физика

В083

Ветеринария

Биология

Химия

В084

Мейіргер ісі

Биология

Химия

В085

Фармация

Биология

Химия

ВМ086

Медицина

Биология

Химия

ВМ087

Стоматология

Биология

Химия

ВМ088

Педиатрия

Биология

Химия

В089

Қоғамдық денсаулық сақтау

Биология

Химия

ВМ089

Медициналық-профилактикалық іс

Биология

Химия

В090

Әлеуметтік жұмыс

Биология

География

В098

Спорт

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В091

Туризм

География

Шетел тілі

В092

Тынығу

Шығармашылық емтихан

Шығармашылық емтихан

В093

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

География

Шетел тілі

В094

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Математика

Физика

В095

Көлік қызметтері

Математика

География

В096

Құқық қорғау қызметі

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

В097

Өрт қауіпсіздігі

Математика

Физика