ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, олардың қолданысын ұзарту және "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 440-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23412 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аттестаттау үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
5. Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамнан тұратын тақ санды құрайды. Комиссия құрамына көрсетілетін қызметті берушінің, тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілетті ұйымның өкілдері және тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор енгізіледі.
Комиссия төрағасы уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарынан не бірінші басшының немесе оның орынбасарының міндетін атқарушы адамнан төмен емес лауазымды адамды уәкілетті органның бірінші басшысы бір жыл мерзімге тағайындайды және қайта тағайындайды.
Комиссияның қызметін ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органның қызметкерлері арасынан комиссия хатшысын тағайындайды. Комиссия хатшысы комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыстың хаттамасын ресімдейді. Комиссия құрамы мен комиссия хатшысы көрсетілетін қызметті берушінің шешімімен ресімделеді.
6. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаттын алу үшін сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мына құжаттарды жолдайды:
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшамен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысуын растайтын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі номенклатурасының он түрлі тауар позициясы бойынша тауарлардың шығу тегі сараптамасы бойынша тағылымдамадан өткені туралы он есептің электрондық көшірмелері. Тағылымдамадан өту туралы есептерге Сауда қызметін реттеу туралы заңның 7-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерінің көшірмелері (бұдан әрі – сараптама актілері) қоса беріледі.
7. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзарту үшін, аттестаттарынан айырылған сарапшы-аудиторларды және мерзімі тоқтатылған немесе өткен сарапшы-аудиторларды қоспағанда, аттестат мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күнде көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзартуға беретін жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Кодекстің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
сараптама актілерінің көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың қызметі туралы есептің электрондық көшірмесі.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 6-қосымшада баяндалған.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Аттестат беру, аттестаттың қолданысын ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап үшін комиссия шешімі негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі аттестаттау өткізілген күні беріледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Сауда қызметін реттеу туралы Заңның 18-5-бабында, осы Қағидаларда белгіленген талаптарға, сондай-ақ осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген тауарлардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен қайта жүгіне алады.";
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
Есеп мәтінінде:
1) тағылымдамадан өту күні (күндері), тағылымдама өткен ұйымның атауы және мекенжайы;
2) қағидалар мен рәсімдерді анықтайтын қандай құжаттарға сәйкес жұмыстар жүргізілгені;
3) сараптама актісін беру туралы шешім қабылданған құжаттарды көрсете отырып, тауардың шығу тегіне сараптама жүргізу тәртібі көрсетіледі.";
5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
№ | Рұқсат беру талаптары | Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар тізімі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Мынадай мамандықтардың бірі бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы: техникалық ғылымдар мен технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биологиялық және сабақтас ғылымдар, физикалық ғылымдар), инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, егер білімі сәйкес келмесе, өтінім берілген аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы. | Осы Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны (бұдан әрі – Мәліметтер нысаны). | |
2 | Жалпы жұмыс өтілі кемінде екі жыл, оның ішінде техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биологиялық және сабақтас ғылымдар, физика ғылымдары), инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандығы бойынша немесе тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілетті тұлға ретінде тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілетті ұйымда бір жыл және сараптама ұйымының маманы ретінде бір жыл немесе сараптама ұйымында маман ретінде кемінде екі жыл. | Мәліметтер нысаны, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі. | |
3 | Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың тізіліміне енгізілген ұйымда мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) курстарынан өту. Сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау курстарын өту ұзақтығы кемінде 80 академиялық сағатты құрайды. | Мәліметтер нысаны. | Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл. |
4 | Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және осы бағытта кемінде үш жыл жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда практикалық даярлаудан (тағылымдамадан) өту. |
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және "Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшамен бекітілген нысан бойынша жеке тұлғаның тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысуын растайтын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі номенклатурасының он түрлі тауар позициясы бойынша тауарлардың шығу тегі сараптамасы бойынша тағылымдамадан өткені туралы он есептің электрондық көшірмелері. | Тауар шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізуде тағылымдамадан өтуді сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға даярлау (қайта даярлау) курстары аяқталғаннан кейін жүзеге асырады. |
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп
Тегі
____________________________________________________________
Аты
___________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
___________________________________________________________
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының
немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты
"_____" ______ 20___ жылы берілген № ____________________.
20___ ж. "____" ________ бастап 20__ ж. "___" __________ дейінгі есептік кезең.
Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар туралы
мәліметтер
___________________________________________________________
Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар нәтижесі_______________________
(негізгі жұмыс орны)
_____________________________________________________________
(аттестаттың қолданысын тоқтата тұру, аттестаттан айыру туралы мәліметтер)
_____________________________________________________________
(сарапшы-аудитордың тегі және аты-жөні) (қолы, күні)
_____________________________________________________________
(ұйым басшысының тегі және аты-жөні) (қолы, күні)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Жұмыстарды жүргізу кезеңі | Есепті кезеңде орындалған жұмыстар туралы мәліметтер | Есепті кезеңде орындалған жұмыстардың нәтижесі |
Ескертпе:
1) есепті кезеңде орындалған жұмыстардың нәтижелерінде аттестатты ұзартуға беретін сарапшы-аудитор қол қойған тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің нөмірі мен берілген күні көрсетіледі;
2) есепті кезеңнің әрбір жылы үшін мәлімделген аттестаттау бағытында кемінде екі орындалған жұмыс туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл ретте, соңғы жылға аттестаттаудың мәлімделген бағытында кемінде бес орындалған жұмыс туралы мәліметтер көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, олардың қолданысын ұзарту |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Өтініш тіркеген сәттен бастап − 6 (алты) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 84-бабына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – мерекелер туралы Заң) 5-бабына сәйкес электрондық құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Аттестат алу үшін: осы Бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны; осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
10 | Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "Жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 (7172) 70-19-98. арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-25, 75-05-75. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында: www. beta. egov. kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |