Орал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 4-3 "Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 5-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қыркүйекте № 7249-07 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 4-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6934 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1-тармақтың бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.";

      6-тармақ үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.".

      2. "Орал қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Орал қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының төрағасы Е. Калиев