Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 531 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 маусымдағы № 26 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 шілдеде № 10036 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 64 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 29.11.2023 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 28 тамыздағы № 531 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9424 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне, табыстарын есепке алмай, 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева